Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

З балаңыздың иммунитетін күшейтуге, жиі салқын тиюден, аллергия мен поллиноздан құтылдыруға қалай жәрдемдесуге болады?

Читайте также:
  1. Бір елдің валютасын басқа елдің валютасымен айырбастау қалай аталады?
  2. Олыңнан соның бәрі қалай келді?!
  3. Пісіп жетілген аналық жыныс безінің кесіндісінде, қай даму сатысының жыныс клеткадан көруге болады?

ГАЛОТЕРАПИЯ

Балаларын бала бақшаға жақында тапсырған ата-аналардан «Бір апта бала бақшаға барамыз, сосын екі апта ауырамыз!», «Емделген сияқты едік, жөтел әлі де мазалауда» секілді шағымдарын жиі естисіз бе? Кейде күздің аяғында және көктемнің басында оқушылардың қаншалықты енжар да солғын, шаршаған түрлерін байқайсыз. Жыл маусымдары арасындағы жиі тұмауратудан құтылуға бола ма? Баланы мектептің ауыртпалығына қалай әзірлеу керек? Оқу басталғандағы стрессті қалай барынша азайтуға болады?

Осы сұрақтардың бәріне галотерапия жауап беруге көмектеседі. Галотерапия (грек тілінде ‘hals’ - тұз) – адамның көрсеткіштер жағынан жер асты тұзды үңгірлерінің шарт-жағдайымен ұқсас жасанды микроклиматта болуына негізделген емдік және профилактикалық әдіс.

Галотерапия емдеу шаралары арнайы жабдықталған жоғары технологиялық бөлмелерде – басқарылмалы галокешендерде жүргізіледі. Сеанс кезінде галокамера құрғақ натрий хлоридінің аэрозолімен (қайнатылған ас тұзы) толтырылады. Болашақ ана дем алған «шипалы» ауа өкпеге еніп, бронхтердің сусіңгіш функциясын жақсартады, тыныс жолдары шырышының қабынуын азайтады.

Басқарылмалы галокешендер Ресей, Израиль, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Қытай, Польша, Біріккен Араб эмираттары және Қазақстанның жетекші медициналық орталықтарында, ғылыми-зерттеу һәм емдеу-сауықтандыру орындарында сәтті қолданылуда. Галотерапия бірнеше жыл бойы Ресейде мектепке дейінгі және оқу орындарындағы тәрбиеленушілердің ОРВИ кешенді алдын-ала емдеу тәсілдерінің бірі ретінде қолданылады. Бұл әдіс тыныстау органдарының ауруын екі есе төмендетеді.

Егер Сіздің балаңызда:

Сізге галотерапия емдеу курсынан өту керек.

Егер балаңызда төмендегідей аурулар пайда болған жағдайда, оған галотерапия жарамайды:

Галотерапия – жиі ауыратын балаларда тыныс органдарының өткір аурулары қайталану қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін қуатты профилактикалық әдіс.90% жағдайда галотерапиялық емдеу курстары балаларды жарты жылға дейін ОРВИ мен тұмаудан қорғайды, оларға ауруды оңай өткізуге және денсаулықты бұрынғы қалпына жылдам қалпына келтіруге жәрдемдеседі.Зерттеулердің көрсетуінше, күз бен көктем кезеңдерінде тұзды үңгірде аптасына екі рет ем алу тиімді иммуналық жүйені ынталандырып, балаларда тыныс органдары ауруларының шығу мүмкіндігін анағұрлым төмендетеді.

Ата-аналар өз баласын аман-сау, ақжарқын, күш-қуатты болуын армандайды. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау – денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Емделудің ең жақсы түрі - профилактика. Егер балаларыңыздың иммунитетін күшейткіңіз келсе, егер оларды суық тию және тұмау жиі қинаған жағдайда, біз Сіздерге қалай жәрдемдесуді білеміз. ҚР Президенті Н.Назарбаев 2011 ж. 28 қаңтарда халыққа арналған өз Жолдауында «Біз профилактикаға және бастапқы медициналық-санитарлық жәрдемнің сапасын көтеруге шындап кірісуіміз керек. Сауатты ұйымдастырылған профилактикалық жұмыстар арқылы ауруларды бастапқы сатыда алдын-алуға болады. Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулығын қадағалаудың ұлттық бағдарламалар кешенін енгізу қажет. Бірінші кезекте балалар, жас өспірімдер, балиғат жастағы әйелдер» деп көрсетуіне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мақұлдауы және бекітуімен осы заманғы «Аэромед» галокешенінде галотерапия әдісі енгізілді.

«ТҰЗ» тұзды үңгірі» -балаңыздың денсаулығын күшейтудің кепілдігі. Галокамерадаауру жұқтыратын бактериялардан еркін дәріленіп тазартылған гипоаллергендік әуе кеңістігі құрылған. Оның қабырғалары, едені және төбесі тұзбен қапталған, тыныш әуен ойналады, жарықпен емдеу де жүргізілуде. Медициналық орталықта жоғары мамандандырылған дәрігерлер, ақжарқын да ізгі персонал жұмыс істейді. Сәби емделушілер үшін ойыншықтар мен сурет салу бұйымдары әзірленген, сондықтан олар емдеу сеансының уақытын жақсы әрі пайдамен өткізеді. Салынған суреттер күн сайын медициналық орталығымыздың шағын галереясында қойылады (Суреттердің фотосуреті немесе сканы керек). Балаларға ілескен келушілердің қызметіне еркінсуге және күнделікті мәселелерді ұмытуға және өз денсаулығына кішкене уақыт бөлуге мүмкіндік беретін қолайлы шезлонгтар ұсынылған.

 


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 311 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)