Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сканер классификациясы 6 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

8. Қосымша бумасында Сурет деген нүктелік сурет файлын құрыңыз. Ол үшін жанама менюден Құру→Нүктелік сурет (Создать → Точечный рисунок) командасын орындаңыз.

9. Пернетақтадан файлдың атын теріп (Сурет), <Enter> батырмасын басыңыз.

10. Сурет файлын ашып, оның бостығына көңіл аударыңыз, шаршының суретін салыңыз, оның ішіне үшбұрыш, шаршының сыртын шеңбермен қоршаңыз.

11. Файлдағы өзгерісті Файл → Сақтау (Файл → Сохранить) командасы арқылы сақтап қойыңыз.

Тапсырма.

1. Жұмыс үстеліндегі Топ бумасын жойыңыз. Ол үшін Топ бумасын белгілеп алып, жанама менюден Жою командасын орындаңыз. Ашылған сұхбат терезесінде жою әрекетіңізді растаңыз.

2. Жойылған объектіні қалпына келтіріңіз. Ол үшін Себет (Корзина) бумасын ашыңыз, қажетті объектіні белгілеп алып, жанама менюден Қалпына келтіру (Восстановите) командасын орындаңыз.

3. Жұмыс үстеліндегі Топ бумасын жойыңыз. Ол үшін Топ бумасын белгілеп алып, Delete + Shift, батырмаларын қатар басыңыз. Қалпына келтіруге әрекеттеніңіз. Қалпына келтіруге бола ма, болмаса не себептен?

Тапсырма.

1. Менің компьютерім (Мой компьютер) жүйелік бумасын ашыңыз. Ол үшін Менің компьютерім бумасының шартбелгісіне тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шертіңіз, немесе жанама менюден Ашу (Открыть) командасын таңдаңыз.

2. Терезені қарап шығызңыз және ондағы Тақырып жолы, Меню, Айналым жолақтарын(Строка заголовка, Меню, Полосы прокрутки) табыңыз.

3. Құрал саймандар тақтасын алып тастап, қайта шығарыңыз Меню→Түр→Құрал саймандар тақтасы (Меню→Вид→Панель инструментов). Курсормен әрбір батырманы нұсқап, қызметін анықтаңыз.

3-сурет. Жүйенің қасиеттері терезесі.

 

4. Менің компьютерім (Мой компьютер) бумасының жарлығын ерекшелеңіз. Жанама менюді шақырып Қасиеті (Свойства) пунктін таңдаңыз. Қасиеттер: Жүйе (Свойств: Система) терезесі пайда болады.

5. Жалпы (Общее) ішкі бетіндегі өз компьютеріңіз жайлы мәліметті түгел оқып шығызыз, жазып алыңыз.

6. Құрылым (Устройства) ішкі бетіне өтіңіз. Компьютеріңізге қандай құрылғылардың жалғанғанын қарап шығыңыз.

7. Қасиеттер (Свойства) терезесін жабыңыз.

Тапсырма.

1. Жұмыс үстелінің бос аймағында тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

2. Жанама менюден Қасиеттер: Экран (Свойства Экран) командаларын орындап, Жұмыс үстелі (Рабочий стол) ішкі бетіне өтіңіз.

3. Фондық сурет (Фоновый рисунок) тізімінің ішінен өзіңізге ұнаған суретті таңдап <ОК> батырмасына басыңыз.

4. 1-3 пунктерді қайталап орындап, Фон ішкі бетіндегі Орналастыру (Расположить) ішкі астарлы беттегі Созу, Ортаға туралау, замостить (Растянуть, По центру и Рядом) командаларының айырмашылықтарын анықтаңыз.

Тапсырма.

1. Тапсырма тақтасын (Панель задач) тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасына басыңыз.

2. Тышқан көрсеткішін Бағдарламалар (Программы) жолына нұсқап компьютеріңізде қандай бағдарламалар бар екенін оқып шығыңыз. Ішкі менюі бар командаларға назар аударыңыз.

3. Анықтама (Справка) жолын таңдаңыз.

4. Мазмұны (Содержание) ішкі бетіне өтіңіз.

5. Ұсынылған тақырыптардың ішінен Windows –та жұмыс істеу негіздері (Основы работы в Windows) тарауын таңдаңыз.

6. Бағдарлама нұсқауларына сүйене отырып жұмыс істеңіз.

7. Анықтама (Справка) терезесін жабыңыз.

Тапсырма.

1. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесінде немесе Негізгі менюде (Главное меню) Баптау®Басқару тақтасы) (Настройка® Панель управления) командаларын орындаңыз.

2. Тышқан тетігі (Мышь) шартбелгісін ерекшелеңіз.

3. Программаны іске қосып, Тышқан батырмалары (Кнопки мыши) ішкі бетіне өтіңіз.

4. Егер сізге сол қолыңызбен жұмыс істеген ыңғайлы болса, Батырма қызметін ауыстыру (Обменять назначение кнопок) ауыстырып қосқышының тұсына қанат белгі қойып, Қолдану (Применить) командасын орындаңыз.

5. Нұсқаушылар (Указатели) ішкі бетіне өтіңіз. Келтірілген тізімді мұқият қарап шығыңыз.

6. Орын ауыстыру (Перемещение) ішкі бетіне өтіңіз. Егер тышқан бағыттауышы жылдамырақ жылжысын десеңіз Нұсқауғыштың орын ауыстыру жылдамдығы (Скорости перемещения указателя) белгісін оңға қарай жылжытыңыз.

7. Басқару тақтасы (Панель управления) және Тышқан (Мышь) терезелерін жабыңыз.

 

Тапсырма.

1. Басқару тақтасы (Панели управления) терезесінде Пернетақта (Клавиатура) жарлығын таңдап, оны ашып, танысып шығыңыз.

4-сурет. Тілдер және мәтінді енгізу қызметтері.

 

2. Есеп тақтасындағы клавиатура индикаторының жанама менюін ашып одан Параметрлері (Параметры) бөлігін таңдап ашыңыз. Сонда Тілдер және мәтін енгізу қызметтері (Языки и службы текстового ввода) сұхбат терезесі ашылады. Параметрлер (Параметры) ішкі бетіне өтіңіз. Компьютеріңізде үнсіз келісім бойынша қандай тіл қолданылатын анықтаңыз.

3. Пернетақтаның параметрлері (Параметры клавиатуры) астарлы бетін ашып, қандай батырмалардың сәйкестігімен тіл режимі ауыстырылатын қараңыз. Әдетте <сол жақтағы Alt +Shift> батырмалары болады. <Ctrl+Shift> батырмаларына ауыстырыңыз. Бұл мәтінмен жұмыс істегенде әрбір тілді ауыстыру қажеттігі болғанда тышқанмен ауыстырғанға қарағанда өте ыңғайлы.

4. Қолдану (Применить) басыңыз.

5. Тілдер және мәтін енгізу қызметтері (Языки и службы текстового ввода) сұхбат терезесінің Тілдер тақтасы (Языковая панель) астарлы бетіне өтіңіз. Сонда ашылған Тілдер тақтасының параметрлері (Параметры языковой панели) сұхбат терезесінде Тілдер тақтасын жұмыс үстеліне шығару (Отображать языковую панель на рабочем столе) өрісінде қанатбелгі жоқ болса, оны қойып ОК батырмасына басыңыз.

6. Жұмыс үстеліне (Рабочий стол) оралыңыз.

Тапсырма.

1. Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесін ашыңыз. Тақырып жолын оқыңыз.

2. Мәзір қатарынан Сервис ®Бума қасиеттері®Жалпы (Сервис®Свойства папки®Общие) командаларын орындаңыз. Бумаларды тек бір орында ашу (Открыть папки в одном и том же месте) өрісі тұсына белгі орнатыңыз.

3. ОК батырмасына басыңыз.

4. Щелкните два раза ярлык диска С: дискісінің жарлығына екі рет шертіңіз. Тақырып жолын оқыңыз.

5. Windows бумасы жарлығына екі рет шертіңіз. Тақырып жолын оқыңыз.

6. Негізгі меню (Главное меню) бумасының жарлығына екі рет шертіңіз. Терезенің тақырып жолын оқыңыз. Терезе мазмұнын қарап шығыңыз.

7. Бағдарламалар (Программы) бумасының жарлығына екі шертіңіз. Терезенің тақырып жолын оқыңыз. Терезе мазмұнын қарап шығыңыз.

8. Терезені оң жақ жоғарғы бұрышқа ауыстырыңыз.

9. Терезенің өлшемін, ол экранның оң жағын алып тұратындай етіп өзгертіңіз.

10. Бастау (Пуск) батырмасы арқылы бас менюді ашып, Бағдарламалар (Программы) жолына өтіңіз.

11. Бастау (Пуск) батырмасы менюін ашық тұрған терезе мазмұнымен салыстырыңыз.

12. Терезені жабыңыз.

13. Бастау (Пуск) батырмасының жанама менюін ашыңыз.

14. Ашу (Открыть) командасын таңдаңыз. Сонда өзіңіз бұған дейін жауып қойған Негізгі меню (Главное меню) терезі пайда болады.

15. Терезені жабыңыз.

Өзіндік жұмыс тапсырмалары

1. Жұмыс үстелінде Менің жеке құжаттарым деген атпен бума құрыңыз.

2. Менің жеке құжаттарым бумасын ашыңыз.

3. Менің жеке құжаттарым бумасының терезесін экранның сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырыңыз.

4. Менің жеке құжаттарым бума терезесін бір мезгілде көлденеңінен және тігінен созыңыз.

5.Терезені экран бетін толық алып тұратындай етіп ашыңыз.

6. Ағымдық бумада Тәжірибелік және Менің тәжірибелерім деген атпен екі бума құрыңыз.

7. Тәжірибелік бумасында Microsoft Word программасының Алгоритм деген атпен құжат құрыңыз. Ол құжатқа бума, құжат және жарлықтарды құру алгоритмін жазыңыз.

8. Менің тәжірибелерім бумасында Нүктелік сурет (Точечный рисунок) құжатын құрып, Сызба деген атпен сақтаңыз. Онда компьютердің құрылымын сызба түрінде бейнелеңіз.

9. Тәжірибелік бумасында WordPad (мәтіндік редактор) стандартты қосымшасының WordPad.exe объектісіне жарлық құрыңыз.

10. Менің тәжірибелерім бумасында Paint (графикалық редакторы) стандартты қосымшасының paint.exe объектісіне жарлық құрыңыз.

11. Менің жеке құжаттарым бумасының терезесін қалыпты өлшемге дейін қалпына келтіріңіз.

12. Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау кезінде құрылған бумалар мен құжаттарды қалпына келтіру мүмкіндігі болмайтындай етіп жойыңыз.

Студенттің өзіндік жеке жұмыстарының тақырыптары

1. Операциялық жүйелер, түрлері, қызметі.

2. Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері.

3. Жарлықтар мен шартбелгілердің қызметтері.

4. Бумалар мен файлдар.

5. Жұмыс үстелі.

Бақылау сұрақтары.

1. Жұмыс үстелі (Рабочего поля) ұғымына түсінік беріңіз.

2. Есеп тақтасы (Панель задач) қайда орналасқан. Оның қызметі.

3. Іске қосу (Пуск) батырмасының қызметі.

4. Тышқан құрылғысымен басқарудың негізгі әдіс-тәсілдерін айтыңыз.

5. Windows-тің негізгі элементтеріне анықтама беріңіз: объект, шартбелгі (значок объекта), бума (папка), құжат (документ), файл, жарлық (ярлык).

6. Каталог пен буманың, файл мен құжаттың арасында айырмашылық бар ма, болса қандай?

7. Бір объектінің бірнеше жарлығын жұмыс үстелінің әр жеріне орналастыруға бола ма?

8. Менің компьютерім (Мой компьютер) жарлығының қызметі. Себет (Корзина) жарлығының қызметі.

9. Объектіні қалай іске қосуға немесе ашуға болады? Қосымшаларды іске қосу тәсілдерін атап шығыңыз.

10. Белгіленген объектінің жанама менюін ашуға болады. Бума құру алгоритмін келтіріңіз.

11. Объектіні жылдам іздеу алгоритмін айтыңыз.

12. Жарлық құру алгоритмін айтыңыз.

13. Объектіні қалай өшіруге болады?

14. Сілтеуіш (Проводник) программасының қызметі?

15. Ағымдық бума мазмұны Сілтеуіш терезесінің қай панелінде келтіріледі?

16. Сілтеуіш (Проводник) программасының көмегімен ағымдық буманы ауыстыру алгоритмін келтіріңіз.

17. Сілтеуіш (Проводник) программасында файлдардың орнын ауыстыру, көшірмесін алу әрекеттерінің алгоритмін келтіріңіз.

18. Менің компьютерім (Мой компьютер) бумасының қызметі?

19. Жүйелік шартбелгі дегеніміз не? Жұмыс үстелінде қандай жүйелік шартбелгілер орналасқан?

20. Менің компьютерім (Мой компьютер) жүйелік терезесінде ағымдық буманы ауыстыру алгоритмін айтыңыз.

Зертханалық жұмыс №7.

Тақырып:Windows XP жүйесінің стандартты программалары. Блокнот және WordPad

программалары (4 сағат зертханалық жұмыс, 1-сағ СӨЖЖ)

 

Жұмыстың мақсаты: Қарапайым мәтін редакторларымен жұмыс жасауды үйрену.

Блокнот.

Блокнот-қысқа мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге өте ыңғайлы программа. Windows XP жүйесі Блокнот программасының көмегімен автоматты түрде бірнеше тіркеумен сақталған мәтіндік файлдарды оқи алады.

Блокнот программасының аты ағылшынша Notepad және ол Notepad.exe файлында сақталады. Оны іске қосу үшін кез келген мәтіндік файлдың шартбелгісіне тышқанды екі рет шерту жеткілікті. Бұл кезде Блокнот программасы іске қосылады да, белгіленген файл автоматты түрде ашылады. Бірақ, Блокнот файлдардың көмегімен көлемі өте үлкен болған жағдайда оны аша алмайды, мұндай жағдайда автоматты түрде WordPad қуатты қолданбалы программасы іске қосылады.

Блокнот программасының көмегімен жаңа файл құру үшін, оны меню арқылы іске қосу қажет. Ол үшін Бас менюді ашып, Программалар-Стандарттар-Блокнот жолын таңдаймыз.

 

1-сурет. Блокнот программасының терезесі

Бұл программада құжаттарды жазуға, сақтап қоюға, баспаға шығаруға, яғни оны мәтіндік редактор ретінде қолдануға болады.

 

Блокнотты күнделік ретінде қолдану.

Блокнот программасы күнделік толтыру мақсатында қолдануға болады. Ол үшін келген мәтіндік файлды ашамыз да, бірінші жолына.LOG (міндетті түрде нүктеден кейін, бас әріптермен) командасын теріп жазған соң, файлды сақтап қоямыз. Енді осы файлды қосымша ақпараттармен толтыру үшін оның шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы Блокноттың көмегімен ашсақ, файл соңында ағымдағы уақыттың автоматты түрде жазылып қалғанын көруге болады. Файлды әрбір ашып жұмыс істегеннен кейін, оның соңына ағымдағы уақыт жазылып отырады. Блокнот программасында жұмыс істеп отырып, Ғ5 пернесін басу арқылы кез келген уақытта ағымдағы уақытты да жазу мүмкіндігі бар.

 

WordPad мәтіндік редакторы

WordPad мәтіндік редакторының Блокнот программасына қарағанда мүмкіндіктері кеңірек, ол құжаттарды құру, толықтыру және қарау т.б. мақсаттар үшін қолданылады.

WordPad программасы компьютер жадының көлеміне және бір уақытта ашық тұрған программас санына қарамай кез келген көлемді файлдармен жұмыс істей алады.

WordPad редакторын іске қосу үшін өңдеуге қажетті құжаттың шартбелгісіне тышқанды екі рет шертеміз немесе бас менюді ашып Програмаммалар-Стандарттар-Мәтіндік редактор WordPad жолын таңдаймыз.

 

Тақырып қатары
Меню қатары
Стандартты Саймандар тақтасы
Қалып-күй қатары
Жұмыс алаңы
Стандартты Пішімдеу тақтасы

 
 
2-сурет. WordPad программасының терезесі

 


Қолданылатын қаріп түрін енгізу

Қаріп түрін (мөлшері және түрі) өзгертуге қажетті мәтін фрагментін ерекшелеп аламыз. Меню қатарынан Формат-Қаріп бөлімін таңдаймыз. Ашылған сұхбат терезеде жұмыс істеп отырған компьютерге орнатылған қаріптің ішінен басқа түрін таңдау, сондай-ақ басқа параметрлерін–түсін, өлшемін, сызылымын (жартылай қарайтылған, қисайтылған (курсив), асты сызылған) көрсету мүмкіндігі бар.

 

Файл және Түзету менюлері

Файл менюі Құру (Создать). Менюдің бұл командасы жаңа құжат құру үшін қолданылады. WordPad редакторында Құру командасын орындағанда, жаңа терезеде жаңа құжат құрылады. Ашу (Открыть). Бұл команда алдын ала дайындалған құжаттарды ашу мүмкіндігін береді. Команда орындалған соң, экранда қажетті құжаттың сақталған орнын және файлдың атын көрсетуге тиісті сұхбат терезесі пайда болады. Сақтау. Құжатты ағымдағы версиямен және бұрын сақтаулы тұрған атымен дискіге жазады.  

 

... деп сақтау (Сохранить как) командасын орындағаннан кейін қажетті буманы және жаңа файлдың атын өзгертуге мүмкіндік беретін сұхбат терезесі ашылады. Көрсетілген атпен бұрын басқа құжат сақталынған болса, сол файлды жаңа файлға өзгерту қажеттігін растау туралы қосымша сұралынады. Бұрынғы файлдың үстінен, яғни сол атпен немесе жаңа атпен жазу әрекетін өз қалауымызша орындаймыз.

Баспаға жіберу (Печать) командасы құжатты қағазға басу мақсатында принтерге жіберу үшін қолданылады.

Құжаттар тізімі Менюдің төменгі бөлігінді соңғы кездерде өңдеген, төрттен көп емес құжаттардың сақталған орны және аты толық жазылып тұрады.

Шығу(Выход) Программамен жұмысты аяқтау үшін қолданылады.

Түзету менюі.

 

Болдырмау. Бұл команда соңғы орындалған әрекет әсерін болдырмайды. Яғни, кез келген орындалған соңғы команданы немесе пернелер тақтасынан енгізілген соңғы символды жояды. Қиып алу және көшіру. Бұл екі команда құжат фрагменттерін басқа орынға немесе басқа құжатқа енгізу мақсатында қолданылады. Енгізу(Вставить). командасы Буферге алынған ақпаратты мәтін ішіне енгізу үшін қолданылады. Түзету менюінің Табу (Найти), Ары қарай табу (Найти далее) және Ауыстыру(Заменить) командалары барлық мәтіндік редакторларда кездеседі. Олар керекті символдарды не сөз тіркесін іздеп тауып, басқа символға ауыстыру қызметін атқарады..  

 

Студенттің өзіндік жеке жұмыс тапсырмалары:

1. Блокнот программасын іске қосыңыз. Қазақ әріптерімен мәтін жаза алмайтын болсаңыз, ағылшын тіліндегі мына мақалаларды теріп жазыңыз да Студент деген атпен файл ретінде сақтап қойыңыз.

a) Poverty is no sin (Кедей болу-күнә емес)

b) As you sow, you shall mow (Не ексең, соны аларсың)

c) Lost time is never found again (Өткен уақыт қайта оралмайды)

2. Ағылшынша жазылған мақалалардың тұсына қазақшасын теріп жазыңыз. Қаріптің мөлшерін үлкейтіп, жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп өзгертіңіз.

3. Үш мақалды үш түрлі түске өзгертіңіз.

4. Осы мақалалардың соңына Блокноттың мүмкіндігін пайдаланып, күн-ай мерзімі мен уақытты жазып қойыңыз.

5. WordPad редакторында төмендегі өлең шумақтарын теріп жазып, Файл деген атпен сақтап қойыңыз:

Өмір деген шешуі жоқ мың сұрақ,

Сол мың сұрақ жүйкемді жүр шымшылап.

Мың сұраққа жауап таба алмадым,

Бұл өмірде көп болғаны-ау тылысым-ақ.

6. WordPad редакторында жаңа файл құрыңыз. Апта ішіндегі күн аттарын маркерленген тізім ретінде жазыңыз. Әр күн атын әртүрлі түспен, әртүрлі көлемге өзгертіңіз. Апта деген атпен Менің құжаттарым бумасына сақтап қойыңыз.

7. WordPad редакторын іске қосыңыз да, Файл деген атпен сақталған құжатты ашыңыз. Осы файлдың соңына Апта файылындағы мәтіннің көшірмесін орналастырыңыз.

8. Құжаттағы Неге деген сөзді тауып, оны қашан деген сөзге өзгертіңіз де қайтадан қалпына келтіріңіз.

9. Маркерленген тізімді алып тастаңыз. Файлдың атын өзгертіп Апта 1 деген атпен сақтаңыз.

10. Апта 1 файлының соңына Студент файылындағы мақалалардың көшірмесін орналастырыңыз.

11. Менің құжаттарым бумасына Топ (мамандықтарынызды) деген атпен жаңа бума құрыңыз. Осы бумаға WordPad-та жазылған файлдарыңызды, Блокнотта жазылған файлдарыңызды сақтап қойыңыз.

Бақылау сұрақтары

  1. Блокнот программасы қалай іске қосылады? Қандай мүмкіндіктері бар?
  2. WordPad редакторы қалай іске қосылады? WordPad редакторының Блокнот программасынан қандай айырмашылығы бар?
  3. WordPad программасының меню қатарындағы командаларын сипаттаңыз.
  4. Мәтінді туралау әрекеті қалай іске асырылады?
  5. Маркерленген тізім қалай құрылады?
  6. Символдарды табу және Ауыстыру режимі қалай жұмыс істейді?
  7. Файлдың аты қалай өзгертіледі?
  8. Бір файлдағы құжаттың көшірмесін екінші файлға орналастыруға бола ма?

 

Paint кескiндiк (графикалық) редакторы. Калькулятор программасы.

 

Сабақтың мақсаты: Әртүрлі суреттер, геометриялық фигуралар салу, ішін бояу, бүрку, салынған суреттермен жұмыс істеу тәрізді амалдарды орындауға үйрету.

Қарапайым және инженерлік калькуляторларда есептер шығарып үйрену.

Paint программасы түрлi-түстi графикалық кескiндердi құруға, қарауға (просмотр) және өңдеуге (редактирование) арналған. Ол шағын мәтiндердi жазумен сканерден түсiрiп алған кескiндердi өңдеуге (редактирование)мүмкiндiк бередi.

Paint кеңейтiлген BMP–лi файлды жасайды және оқиды. Жасалған суреттердi басқа құжаттарға енгiзуге болады.

Кескiндiк (графикалық) редакторды iске қосу

Iске қосу батырмасында шертiп, Басменюден келесi пункттердi таңдап алу: Программалар – Стандартты – Paint кескiндiк редакторы.

құжат атынан тұратын тақырып қатары  
меню қатары  
Саймандар тақтасы
Сурет салуға арналған аймақ
Негізгі және фондық түстер политрасы


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 217 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.032 сек.)