Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сканер классификациясы 5 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

234) С:\ BIBLIOTEKA >md KNIGA2 - BIBLIOTEKA каталогінің ішіне KNIGA2 каталогін құру

235) С:\ BIBLIOTEKA > cd KNIGA1 –BIBLIOTEKA каталогінан KNIGA1 каталогіна көшу

236) С:\ BIBLIOTEKA \ KNIGA1>md RAZDEL – KNIGA1 каталогінің ішіне RAZDEL каталогін құру

237) С:\ BIBLIOTEKA \ KNIGA1>cd.. - KNIGA1 каталогінан BIBLIOTEKA каталогіна көшу

238) С:\ BIBLIOTEKA>tree – BIBLIOTEKA каталогінің бұтақ тәріздес құрылымын көру

239) С:\ BIBLIOTEKA >time – ағымдағы уақытты көру және өзгерту

240) С:\ BIBLIOTEKA >date – ағымдағы күнді, айды, жылды көру және өзгерту

Мұнда,

BIBLIOTEKA, KNIGA1, KNIGA2, RAZDEL – каталогтар;

ZAMETKA1, ZAMETKA2, OPISANIE – файлы.

 

ТАПСЫРМА

73.С каталогінда УЧЕБА каталогін құру;

74.УЧЕБА каталогінда СТУДЕНТ мәтіндік файлын құру, «Учиться, учиться и учиться!» мәтінін теру;

75.СТУДЕНТ файлын БАКАЛАВР файлына көшіру;

76.БАКАЛАВР файлындағы мәтінді көру;

77.УЧЕБА каталогінің мазмұнын көру;

78.СТУДЕНТ файлын жою;

79.БАКАЛАВР файлының атын МАГИСТР деп ауыстыру;

80.УЧЕБА каталогінің мазмұнын көру;

 

ТАПСЫРМА

73.УЧЕБА каталогін ашу;

74.Уақытты 12:00 деп ауыстыру;

75.Күн, ай, жыл мерзімін 04.12.2005 деп ауыстыру;

76.УЧЕБА каталогінда ВЫБОРЫ мәтіндік файлын құру, төмендегі мәтінді теру:

«4 декабря 2005 года были проведены выбора президента Республики Казахстан. Народ избрал Назарбаева Нурсултана Абишевича.»

77.ВЫБОРЫ файлының атын НАРОД –қа ауыстыру;

78.НАРОД файлындағы мәтінді көру;

79.Ағымдағы дұрыс уақытты орнату;

80.Ағымдағы дұрыс күн, ай, жылды орнату.

 

Бақылау сұрақтары

8.Операциялық жүйе дегеніміз не?

9.Файл дегеніміз не?

10.Файлдың атын қалай ауыстырамыз

11.Файлды қалай көшіреміз?

12.Файлда жазылған мәтінді қайтіп көреміз?

13.Файлды қайтіп жоямыз?

 

 


Лабораториялық жұмыс №2.

Тақырыбы: MS DOS операциялық жүйесі

Жұмыстың мақсаты:

·Студенттерді MS DOS операциялық жүйесінде жұмыс істеуге үйрету;

·Студенттерді файлдар мен және каталогтар мен жұмыс істеуге дағдыландыру.

ТАПСЫРМА

1. С каталогінің ішінде CTРАНА каталогін құру;

236.СТРАНА каталогіна өту;

237.СТРАНА каталогінда КАЗАХСТАН каталогін құру;

238.КАЗАХСТАН каталогіна өту;

239.КАЗАХСТАН каталогінің ішіне ВКО каталогін құру;

240.КАЗАХСТАН каталогінің ішіне ЮКО каталогін құру;

241.КАЗАХСТАН каталогінің ішіне ЗКО каталогін құру;

242.КАЗАХСТАН каталогінің ішіне ЦКО каталогін құру;

243.ВКО каталогіна өту;

244.ВКО каталогінің ішіне СЕМЕЙ каталогін құру;

245.ВКО каталогінің ішіне УСКАМАН каталогін құру;

246.КАЗАХСТАН каталогіна өту;

247.Оның ішінен ЮКО каталогіна өту;

248.ЮКО каталогінің ішіне ШЫМКЕНТ каталогін құру;

249.ЮКО каталогінің ішіне ТАРАЗ аталогін құру;

250.ЮКО каталогінің ішіне ТУРКЕСТАН каталогін құру;

251.КАЗАХСТАН каталогіне қайтып оралу;

252.ЗКО каталогіна өту;

253.ЗКО каталогінің ішіне АТЫРАУ каталогін құру;

254.ЮКО каталогінің ішіне АКТАУ каталогін құру;

255.КАЗАХСТАН каталогіне қайтып оралу;

256.СТРАНА каталогіна өту;

257.Экранды тазалау;

258.Экранға СТРАНА каталогінің бұтақ тәріздес құрылымын шығару;

 

259.КАЗАХСТАН каталогіне қайтып оралу;

260.ЦКО каталогін жою;

261.Сілтеуішті /Проводник/ ашып, каталогтің сондағы және MS DOS-тағы құрылымының бейнеленуін салыстыру.

 

 

СӨЖ-ТАПСЫРМАСЫ

Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика институтының құрылымының бір бөлігін бейнелейтін бұтақ тәріздес каталогтар құру. Келесі сүретте жобасы ұсынылған.

 

Бақылау сұрақтары

1.Каталог және ішкі каталог дегендеріміз не?

2.Жаңа каталог, ішкі каталог қайтіп құрылады?

3.Каталогтің мазмұнын көру командасы?

4.Бір каталогтан екінші каталогқа көшу командасы?

5.Каталогті жою командасы?

6.Жаңа уақыт енгізу командасы?

7.Күн, ай, жыл мерзімін көрсету, жөндеу командасы?

 

 

Компьютерлік вирустар және архивтеу программары(вирусқа қарсы программалар, архиваторлар. (4 сағат зертханалық жұмыс, 1 сағат СӨОЖ)

Жұмыстың мақсаты: Ақпаратты сығу. Архиватормен жұмыс істеудің негізгі әдістері мен дағдысын, Kaspersky Anti-Virus, NOD 32 антивирустық программасымен жұмыс жасап үйрену. -дискіні дефрагментациялау;

-файлдарды архивтеу және қалпына келтіру іс-әрекеттерін орындап үйрену.

Антивирустық сканер Kaspersky Anti-Virus Scanner-компьютерлік вирустарды тексеруге және олармен күресуге арналған программа.Программаны іске қосу тәсілдері:

- Windows-тың негізгі менюінен;

- Kaspersky AV Control Centre;

- команда жолынан

Программаны ең жылдам іске қосу тәсілі- Windows-тың негізгі менюінен немесе Іске қосу-Программалар - Kaspersky Anti-Virus және Kaspersky Anti-Virus Scanner арқылы іске қосыңыз.Осыдан кейін экранда 1- суретте көрсетілгендей программаның терезесі ашылады.

Программаны іске қосудың басқа тәсілі- арнайы мақсат жасау үшін, яғни белгілі бір уақытта және айқын күйге келтіру үшін Kaspersky AV Control Centre -ден қосылады.

 

 

1- сурет.

Командалық жолмен Kaspersky Anti-Virus Scanner -ді іске қосу үшін, бас менюдегі Орындау (Выполнить) командасын орындағаннан кейін, ашылған диалогтық терезе avp 32.exe модулінің орындалуына толық жол ашуға мүмкіндік береді.

Вирустарды іздеу және өшіру

Сканерлеу облыстарын таңдау

Объектілер ішкі (астарлы) беті сканерлеу облыстарын таңдау үшін қызмет етеді және объектілерді сканерлеуге арналған.

Мысалы, сіздер А дискісін сканерлеу үшін таңдадыңыздар, бірақ сіздер D, C, бумаларының тексерілгенін қаламайсыздар.Бұл жағдайда C,D, B дискілерінің индикатор қанат белгісін алып тастай аласыздар.Одан кейін Сканерлеу- Сканерлеуді бастау командаларын орындап немесе меню қатарынан Сканерлеу батырмасын басу керек.

 

 

 

2-сурет. Kaspersky Anti-Virus Scanner программасының терезесі

Вирус табылған жағдайдағы әрекет- зақымдалған немесе күдікті объектілер табылған кезде олармен орындалатын іс-әрекеттер:

Тек қана нәтиже(Только отчет) - вирус табылған объект және сол вирус жөніндегі мәліметтер, яғни жұмыстың нәтижелік есебін береді.

Емдеу(Лечить) - барлық зақымдалған объектілерді алдын-ала сауалсыз емдеуге тырысады.Зақымдалған объектіні емдеу нәтижесінде объектідегі вирус өшіріліп, объектінің өзі түпнұсқасына сәйкес қалыпқа келтіріледі.

Тапсырма.

1. Компьютерге NOD 32 программасы орнатылғанына көзіңізді

жеткізіңіз.

2. Үнсіз келісім бойынша орнатылған параметрлерді анықтаңыз.

3. Өзіңіз қолданып жүрген дискетті программаның үнсіз келісімімен орнатылған параметрлері бойынша вирусқа тексеріңіз. Тексеру нәтижесін талдаңыз.

4. Windows папкасын вирусқа тексеріңіз және тексеру нәтижелері туралы түсінік беріңіздер.

Тапсырма.

1. Қоржынды тексеріңізде, оны тазалаңыз.

2.Дефрагментациялау Defrag программасын іске қосыңыз. Тағайындалған параметрлерді анықтаңызда, екі дискетті бірінен кейін бірін дефрагментациялаңыз.

3. D: қатты дискіні дефрагментациялаңыз. Одан кейін қатты дискінің Қасиеттер командасы арқылы бос орынның бар екендігіне көз жеткізіңіз.

Тапсырма.

ScanDisk программасын іске қосу, сұхбаттық терезеде қажетті параметрлерді орнату (қажетті автоматты жөндеу қосқышын альп тастау, дискіні тексерудің стандартты әдісін таңдау) және Қосымша терезесінен жөндеу пунктерінтаңдай отырып, үнемі сіз қолданып жүрген дискетаны тексеру.

1. Тексеру нәтижелерін мұқият қарап, оларды талдау.

Тапсырма.

Компьютердің ScanDisk программасының С: қатты дискісін Толық режімінде тексеру және тексеру нәтижесін талдау. Тексеруден бұрын Қателерді автоматты жөндеу пунктіндегі қосқышты орнату. Диск тексергеннен соң, түбір каталогты арап шығып, ондағы қалпына келтірілген файл дар бар ма, жоқ па, анықтау. Егер ондай файл дар бар болса, онда оның ішіндегілерін арап шығып, оларды жою.

Тапсырма.

Defrag дефрагментациялау программасын жүктеу және сұхбаттау терезедегі барлық параметрлер орнатылуын тексере отырып, сіз үнемі қолданып жүрген екі дискетаны тексеру.

Тапсырма.

1. D: қатты дискісіне дефрагментация жүргізіңіз. Әрі қарай Дискі қасиеттері командасы бойынша дискіде бос орын (жалпы көлемнің 10 % кіші емес көлемде) бар екеніне көз жеткізіңіз. Егер осы көлемдегі бос орын жоқ болса, онда ескірген мәліметтерді жоя отырып немесе мәліметтер бөлігін басқа дискілерге орналастыра отырып, дискіден орын босатыңыз.

2. Backup программасы сіздің компьютеріңізде бар екенін тексеріңіз, егер жоқ болса орнатыңыз.

Тапсырма.

Backup программасын іске қосып, Архивтеу қосымшасына кіріңіз. Графикалық редакторда орындалған бірнеше файл-суреттерді және WordPad редакторының мәтіндік файлдарын архивке кіргізіп, архивтік файлды дискетаға жазыңыз. Архивтелген және дискетаға жазылған файлды қатты дискіден жойыңыз. Дискетада архивтік файлдардан өшірілген ақпаратты қалпына келтіріңіз.

 

Тапсырма.

3,5(А:) дискетасын вирусқа тексеріңіз.

Windows ортасында дискімен жұмыс істеу программалары

Дискіні тазалау

Дискіні тазалау бағдарламасы керексіз файлдарды табуға және оларды жоюға, қатты дискідегі орынды азат етуге мүмкіндік береді.Қатты дискіде бос орын жетпегенде,оның терезесі экранда көрінеді.

Бағдарламаны іске қосу үшін, Іске қосу-Бағдарламалар - Стандарттылар - Қызмет пункті- Дискіні тазалау командасын таңдаңыздар.Экранда керексіз файлдарды жоятын, дискіні таңдау терезесі пайда болады.

Керекті дискіні таңдағаннан кейін, ОК батырмасын шерткенде 1- суретте көрсетілген терезе пайда болады. Бағдарламаны іске қосудың басқа тәсілі- Менің компьютерім немесе Сілтеуіш терезелерін ашып, контекстік менюден керексіз дискінің Қасиет командасын таңдау қажет. Жалпы (Общие) қосымшасы нан Дискіні тазалау батырмасын шерту керек.

Дискіні тазалау қосымшасында файлдардың аттары және Интернеттен толтырылған уақытша файлдар бейнеленген болады. Өшіру (Удалить) тізіміндегі файлдардың суреттелуі Суреттеу(Описание) рамкасындағы суреттеумен тура келеді.

 

 

1-сурет. Дискіні тазалау сұхбат терезесі

Егер сіздер тізімнен Қоржынды (Корзина) ерекшелеп, Файлдарды қарау (Просмотреть файлы) батырмасын

бассаңыз, онда қоржында қандай файлдар орналастырылғанына көз жеткізесіз.

Қосымша (Дополнительно) қосымшасын ашып,Windows пен бағдарламалардың қолданылмайтын компоненттерін өшіру арқылы дискіде бос орын азат етуге болады.

Дискіні дефрагментациялау

Бұл программаны іске қосу үшін: Бас меню: Программалар-Стандарттар-Қызмет ету программалары - Дискіні дефрагментациялау ( Defrag) қатарларын таңдаймыз.2- суретте көрсетілгендей экранда Дискіні дефрагментациялау сұхбат терезесі пайда болады.

 

 

2-сурет. Дискіні дефрагментациялау терезесі

 

Терезенің жоғарғы бөлігінен керекті дискіні таңдау және Дефрагментациялау бсатырмасын басу керек. Ал төменгі бөлгінен талдау нәтижелері және дефрагментациялауды көрнекті бейнелеп көрсетіледі. Дискінің дефрагментациялауды

орындамас бұрын, Талдау (Анализ) батырасын басу арқылы осы операцияға қаншалықты уақыт керектігін білуге болады. Дефрагментациялау әрекетінің ұзақтығы бірнеше факторларға, мысалы дискінің көлеміне, оның жүктелу дәрежесіне тәуелді.

Backup программасы

Архивтеу дегеніміз – алдын ала сығу жолымен файлдардың көшірмесін дискіде немесе дискетте (магнитті таспада) сақтау. Мәліметтерді архивтеу үшін «Мәліметтерді архивтеу» программасы қолданылады. Бұл программа ақпараттың резервті көшірмесін құру және бұрын көшіріліп қойылған ақпараттарды қалпына келтіру мақсатында да қолданылады. Программаны іске қосу үшін Бас менюде: ПрограммаларСтандартты – Қызмет программалары (Служебные программы) – Backup қатарын таңдаймыз. Экранда төмендегі 3-суретте көрсетілген терезе пайда болады.

3-сурет Архивтеу терезесі

Тапсырма

1. Қоржынды тексеріңізде, оны тазалаңыз.

2. Дефрагментациялау Defrag программасын іске қосыңыз. Тағайындалған параметрлерді анықтаңызда, екі дискетті бірінен кейін бірін дефрагментациялаңыз.

3. D: қатты дискіні дефрагментациялаңыз. Одан кейін қатты дискінің Қасиеттер командасы арқылы бос орынның бар екендігіне көз жеткізіңіз.

Студенттің өзіндік оқытушымен жұмысының тапсырмалары

1. Архивтеу программасын іске қосыңыз. Графикалық редакторда салынған сурет және WordPad программасында құрылған файлдардың көшірмесін дискетке жазыңыз.

2. Көшірмесін алған файлдардың дискіден өшіріңіз.

3. Өшірілген файлдарды дискеттен қайта қалпына келтіріңіз.

4. Менің құжаттарым бумасындағы бірнеше мәтіндік файлдың көшірмесін Архив-бума көшірмесінен өшірілген

5. С дискісіндегі Архив-бума көшірмесінен өшірілген файлдарды өз орнына қалпына келтіріңіз.

Бақылау сұрақтары:

1. Компьютерлік вирустар деген не?

2. Компьютерлік вирустарды қандай белгілеріне қарай топтарға жіктеуге болады?

3. Желілік вирустарға түсініктеме беріңіз.

4. Резидентті, резидентті емес вирустардың айырмашылықтары неде?

5. AVP антивирус программасның қандай мүмкіндіктері,ерекшеліктері бар?

6.Дискіні тазалау қалай жүргізіледі?

7.Дефрагментациялау программасы қалай іске қосылады? Бұл программа не үшін қажет?

8.Дефрагментация жасағаннан кейін қандай өзгерістер болады? Ол компьютердің жұмыс істеуіне ықпал ете ме?

9. Архивтеу деген не? Ол не үшін қажет? Windows жүйесінде архивтеу үшін қандай программа қолданылады?

10. Архивтеу программасы қалай іске қосылады?

 


Зертханалық жұмыс №6.

Тақырып: Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері. (2 сағат зертханалық жұмыс, 1 сағат СӨОЖ)

Жұмыстың мақсаты: Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілерімен танысу және олармен жұмыс жасап үйрену.

Операциялық жүйе дегеніміз компьютер мен оны тұтынушы арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын, компьютерге жалғанған барлық құрылғылардың және компьютерде орындалып жатқан программалардың жұмысын басқаратын программа.

Windows операциялық жүйесінің негізгі объектілері: бума, файл, терезе, шартбелгі, жарлық, Сілтеуіш программасы т.б.

Тышқан тетігінің екі немесе үш батырмасы болады. Оның сол жақ батырмасы – негізгі, оң жақ батырмасы – қосымша, ал ортаңғысы – программалау батырмасы болып саналады.

Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шерткенде Бас меню (Главное меню) ашылады.

Жанама немесе динамикалық (контексті) менюді шақыру үшін – тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз.

Қандай да бір объектіге (бума, тапсырмалар тақтасы, шартбелгі т.б.) тышқан курсорын орналастырып, оң батырмасын шертсек, дәл осы жағдайда сол объектімен амал жасауға болатын командалардан тұратын тізім яғни жанама меню ашылады.

Бума – файлдарды жүйеге келтіру үшін және оларды мағынасына қарай топтастырып, жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін қолданылады.

Файл дегеніміз – белгілі бір атпен дискіге жазылып сақталынып қойған мәліметтер жиыны яғни құжат.

Терезе - Windows операциялық жүйесінің негізгі элементі. Терезелер екі топқа бөлінеді: стандартты терезелер және сұқбат терезелер.

Жұмыс үстелі негізгі, бас терезе болып табылалды. Жұмыс үстелінің элементтері: Менің компьютерім (Мой компьютер), Қоржын (Корзина), Желілік орта (Сетевое окружение) т.б. шартбелгілер

1-сурет. Жұмыс үстелі терезесі.

 

Менің компьютерім шартбелгісінің көмегімен компьютер туралы толық мағлұмат алуға болады.

Қоржында өшірілген файлдар уақытша сақталады.

Желілік орта шартбелгісі желімен байланысқан компьютерлерге қатынас жасау мүмкіндігін береді.

Әрбір программаның, объектінің шартбелгісі (значок, пиктограмма) болады. Шартбелгідегі суретіне қарап оларды ажыратамыз. Әр шарт белгінің өзіндік атқаратын қызметі болады.

Жиі қолданылатын программаны, файлды немесе буманы қысқа жолмен, жылдам іске қосу үшін құрылатын сілтемені – жарлық деп атаймыз.

Жұмыс үстелінің төменгі жағындағы көлденең жолақ – Тапсырмалар тақтасы (Панель задач) деп аталады. Оның сол жақ шетінде программаларды жылдам іске қосуға, файлдарды іздеуге, анықтама алуға мүмкіндік беретін «Іске қосу» (Пуск) батырмасы, ал оң жақ шетінде уақыт маркері, пернетақтаның индикаторы, вирусқа қарсы программаның шартбелгісі т.б. орналасқан.

Экрандағы кез келген элементтердi белгiлеп алу үшiн:

Бip элементтi белгiлеу - тышқан курсорын сол элемент белгiсiне алып барып, бiр рет басу керек;

Қатар тұрған бiрнеше элементтi белгiлеу:

Shift пернесiн басып, тьшқан курсорын сол элементтердiң aлғашқысына және соңғысына алып барып, тышқанды бiр рет шырт еткiзсе болғаны;

Қатар орналаспаған бiрнеше элементтi белгiлеу:

Ctrl пернесiн басулы күйде ұстaп тұрып, тышқан курсорын сол элементтердiң әрқайсысына тышқанды алып барып шертіп белгілейміз.

Жарлық жасау үшiн:

1) Жарлықты тасымал әдiсiмен жасау:

Жарлық жасалынатын элемент (файл, программа) тұpғaн буманы ашамыз;

Оң жақ батырманы басулы күйде ұстап тұрып, сол элементтi жарлық тұруға тиiс бумаға тасымалдаймыз (көбiнесе жұмыc үстелiне);

Оң жақ батырманы басқанда шығатын динамикалық менюден Құру(Жарлық (Создать(Ярлык) командасын таңдап аламыз.

2) Жарлықты сол элемент тұрған орында жасап алып, басқа орынға тасымалдау:

Жарлық жасалынатын элемент (файл, программа) тұрған буманы ашамыз;

Тышқан курсорымен сол элементтi нұсқап тұрып, оң жақ батырманы басып, динамикалық менюден Создать ярлык командасын таңдап аламыз. Сонда жарлық пайда болады;

Ендi жарлықты ол тұpyғa тиiс бумаға тасымалдаймыз (көбiнесе жұмыc үстелiне).

3) Жарлықты кез келген орында жасау:

Kepeктi буманы ашамыз (Мой компьютер не Проводник программаларында);

Оң жақ батырманы басып, Құру(Жарлық (Создать(Ярлык) командасын таңдаймыз.

Диалог терезесiнен ОБЗОР командасын таңдаймыз, экранға С: дискiсiнiң бумалары шығады;

Бумаларды аша отырып керектi *.ЕХЕ файлды (жарлық нұсқайтын файл) тауып таңдап аламыз;

ОТКРЫТЬ командасын таңдаймыз;

ДАЛЕЕ командасын таңдаймыз;

ГОТОВО командасын таңдаймыз, жарлық дайын болады.

Жұмыс үстелінде жаңа бума құру үшін:

Жұмыс үстелiнің жанама менюiн шығарып, одан Создать (Папку командасын таңдaп алу;

Пайда болған жаңа бумаға қажеттi атты (Студент, Оқытушы, Айман, Арман т.с.с.) енгiзу;

Enter пернесiн басу керек.

 

Тапсырма.

1. Жұмыс үстелінде орналасқан шартбелгілермен танысып, қарап шығыңыз.

3. Жұмыс үстеліндегі шартбелгілерді қалауыңызша орналастырыңыз. Ол үшін тышқан көрсеткішімен шартбелгіні нұсқап және оның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып қажетті бағытқа қарай тасымалдау керек.

2-сурет. Жұмыс үстелінің жанама мәзірі.

4. Кері әрекетті яғни, шартбелгілерді жұмыс үстелінің сол жағына қарай автоматты түрде жинаңыз. Жұмыс үстелінің жанама менюін шақырып Шартбелгілерді реттеу → Автоматты түрде (Упорядочить значки→ Автоматически) командасын орындаңыз.

5. Есеп тақтасын (Панель задач) шығыңыз. Бастау (Пуск) батырмасы арқылы Негізгі менюді ашып қараңыз. Есеп тақтасын Жұмыс үстелінің оң жағына тігінен орналастырып, қайта орнына әкеліңіз.

Тапсырма.

1. Жұмыс үстелінің бос жерінде жанама менюді шақырып Құру→ Бума (Создать → Папку) командасын орындаңыз.

2. Құрылған жаңа бумаға Топ деген ат беріңіз, яғни пернетақтадан енгізіп, <Enter> батырмасын басыңыз.

3. Құрылған буманы ашыңыз.

4. Ағымдық бумада тағы екі бума құрыңыз, оларға Жұмыс үстелі және Қосымша деген ат беріңіз.

5. Жұмыс үстелі бумасында Microsoft Word программасының құжатын құрып, оған Жауап деген ат беріңіз. Ол үшін бума терезінің бос жерінде жанама менюді шақырып, Құру→Microsoft Word құжатын (Создать→Документ Microsoft Word) командасын орындаңыз. Пернетақтадан құжаттың (файлдың) атын теріп, мысалы Жауап, <Enter> батырмасына басыңыз.

6. Жауап құжатын ашып, өз жұмыс істеп отырған компьютердің Жұмыс үстелінің элементтерінің аттарын жазып шығыңыз.

7. Құжатты сақтаңыз, ол үшін Файл →Сақтау (Файл→Сохранить) командасын орындаңыз.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 338 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.034 сек.)