Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско әдісі бойынша терең сырғымалы пальпация

Читайте также:
  1. G2 критерийі бойынша бірнеше дисперсиялардың біртектілігін бағалау.
  2. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  3. Ағынды гидрографын канондық жіктеу әдісімен моделдеу
  4. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  5. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  6. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  7. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі

Іштің пальпациясы

Іштің пальпациясы – құрсақ ағзаларын зерттеудің нақты мәлімет беретін физикалық тәсіл. Пальпацияның 2 түрі бар:

1) Іштің беткейлік бағдарламалық пальпациясы;

2) В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско әдісі бойынша терең сырғымалы пальпация.

Пальпациялау ережелері

1) Науқас шалқасынан аяқтарын созып және қолдарын денесінің жанына қойып жатады (4.57 сурет).

2) Науқастың басы төмен орналасуы керек, себебі бастың жоғары орналасуы құрсақ бұлшық еттерінің керіліп пальпация жүргізуге кедергі келтіруіне әкеледі.

3) Науқас аузын ашып терең тыныс алуы керек, құрсақ бұлшық еттері тынысқа қатысуы керек, ол алдыңғы құрсақ бұлшық еттерінің босаңсуына себеп болады.

4) Дәрігер науқастың оң жағына орналасуы керек.

5) Дәрігердің қолдары жылы болуы керек, себебі салқын қолды науқас денесіне тигізгенде алдыңғы құрсақ бұлшық еттері рефлекторлы түрде жиырылады.

 

Іштің беткейлік бағдарламалық пальпациясы

 

Іштің беткейлік бағдарламалық пальпациясы арқылы келесі мәліметтерді білуге болады:

1) құрсақ бұлшық еттерінің жергілікті немесе жалпы керілуін және алдыңғы құрсақ қабырғасының кернеуі жоғарылаған аймақтарын;

2) алдыңғы құрсақ қабырғасындағы жергілікті немесе жалпы ауыру сезімдері бар аймақтарын;

3) іштің тік бұлшық еттерінің ажыраған аймақтарын, вентральді сызық пен кіндік сақинасының жарықтарын;

4) құрсақ ағзалары мөлшерінің ұлғайуын, беткей орналасқан ісіктерді және т.б.

Дәрігер оң қолының алақанын науқастың ішіне қойып 2, 3, 4 және 5 саусақтарының ұштарымен ішті жеңіл басады, бұл алдыңғы құрсақ қабырғасының кернеуін сезуге мүмкіндік береді (4.58 сурет).

Жоғарыда суреттелген тәсілмен пальпация сол мықын аймағынан басталады (4.59 сурет). Сосын қолды оң мықын аймағына орналастырып пальпацияны қайталау барысында алдыңғы құрсақ бұлшық еттерінің керілу дәрежесін салыстырмалы түрде анықтау керек. Әрі қарай қолды жоғары қарай жылжытып (3-4см) құрсақтың сол және оң жақтарының симметриялы аймақтарында пальпация жүргізіледі. Сонымен алдыңғы құрсақтың барлық жерін, эпигастр аймағымен, сол және оң қабырға астын қоса пальпацияланады.

Сосын іштің тік бұлшық еттерінің ажырау дәрежесі мен вентральді сызық пен кіндік сақинасының жарықтары анықталады. Ол үшін жартылай бүгілген оң қол саусақтарын вентральді сызық бойымен семсер тәрізді өсіндінің астыңғы тұсына орналастырып науқастың басын көтеруін сұрау керек (4.60 сурет).

В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско әдісі бойынша терең сырғымалы пальпация

В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско әдісі бойынша терең сырғымалы пальпация арқылы құрсақ ағзаларының мөлшері, ауыруы және басқа қасиеттері туралы мәліметтер алуға болады. Терең сырғымалы пальпация әдстемесін жүргізуде міндетті түрде пальпациялаудың негізгі төрт кезеңін орындау керек.

Оларды сигма тәрізді ішекті терең пальпациялау мысалында көрсетеміз (4.67 сурет).

пальпациялаудың 1 кезеңі – дәрігердің қолын орналастыруы (4.67а сурет). Оң қолдың басын пальпацияланатын ағзаның топографиясына сәйкес құрсаққа орналастырады.

 

Есіңде сақта:

Пальпациялайтын алақан пальпацияланатын ағзаның ұзын өсіне перпендикуляр орналасуы керек. Сол кезде 2-5 саусақ ұшымен жүргізілген сызық осы өске параллель болады.

 

пальпациялаудың 2 кезеңі – терілік қатпар түзу (4.67 б сурет). Науқас тынысты алғанда жеңіл бүгілген саусақтармен теріде қатпар түзу керек. Терілік қатпар түзу бағыты саусақ ұшы ішектің үстімен сырғылатын (пальпация) жаққа қарама қарсы бағытта түзіледі.

 

Есіңде сақта:

Сигма тәрізді ішекті, соқыр ішекті, тоқ ішектің жоғарылаған және төмендеген бөліктерін пальпациялағанда терілік қатпар кіндікке қарай жиналады, ал көлденең ішекті және асқазанның үлкен иінін пальпациялағанда жоғары қарай жиырылады.

 

пальпациялаудың 3 кезеңі – қолдың ішке терең енуі (4.69 в сурет). Науқас тынысты шығарғанда құрсақ бұлшық еттері босаңсиды сол кезде саусақ ұштарын мүмкіндігінше құрсаққа терең енгізу керек, тіпті мүмкін болса құрсақтың артқы қабырғасына дейін жеткізуге болады.

пальпациялаудың 4 кезеңі (4.67 г сурет) – ағзаның үстімен сырғу (пальпациялау). Тыныс шығару соңында оң қол саусақ ұштарымен ағзаны құрсақтың артқы қабырғасына тақай басып сипалау керек. Осы кезде тактильді сезім арқылы пальпациялаған ағзаның ерекшеліктері туралы мәлімет білуге болады.

 

Есіңде сақта:

Сигма тәрізді ішекті, соқыр ішекті, тоқ ішектің жоғарылаған және төмендеген бөліктерін пальпациялағанда саусақ ұштарын кіндікке қарай сырғыту керек, ал көлденең ішекті және асқазанның үлкен иінін пальпациялағанда төмен қарай сырғиды.

 

68 суретте сигма тәрізді ішек пальпациясында дәрігердің қолын орналастырудың екі түрі көрсетілген. Екі жағдайда да тері кіндікке қарай жиырылады (пальпацияның 2 кезеңі), ал сырғу сыртқа қарай бағытталады. (пальпацияның 4 кезеңі).

Тағы пальпациялауды 4 саусақпен емес тек бөбек саусақтың ульнарлы қырымен жүргізуге де болады, ол ыңғайлырақ келеді. Бірақ бұл кезде де сигма тәрізді ішекті пальпациялаудың барлық төрт кезеңін орындау керек.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 164 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)