Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Конфуций философиясы

Читайте также:
  1. Ежелгі Шығыс философиясы 1 страница
  2. Ежелгі Шығыс философиясы 2 страница
  3. Ежелгі Шығыс философиясы 3 страница
  4. Ежелгі Шығыс философиясы 4 страница
  5. Ежелгі Шығыс философиясы 5 страница
  6. Ежелгі Шығыс философиясы 6 страница
  7. Конфуций мектебі

Эссе

Тақырыбы: Конфуций ұлы гуманист

Орындаған: Амантай Әдемі

Факультет: “Экономика және бизнес”

Тобы: МІ және МБ 14-11

Қабылдаған :Бижанова Меруерт

Алматы 2015 жыл

B Ai0AFAAGAAgAAAAhAIoVP5gMAQAAFQIAABMAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAFtDb250ZW50X1R5cGVz XS54bWxQSwECLQAUAAYACAAAACEAOP0h/9YAAACUAQAACwAAAAAAAAAAAAAAAAA9AQAAX3JlbHMv LnJlbHNQSwECLQAUAAYACAAAACEAdZgTmcIDAACTBwAADgAAAAAAAAAAAAAAAAA8AgAAZHJzL2Uy b0RvYy54bWxQSwECLQAUAAYACAAAACEAWGCzG7oAAAAiAQAAGQAAAAAAAAAAAAAAAAAqBgAAZHJz L19yZWxzL2Uyb0RvYy54bWwucmVsc1BLAQItABQABgAIAAAAIQA3RIaD3gAAAAUBAAAPAAAAAAAA AAAAAAAAABsHAABkcnMvZG93bnJldi54bWxQSwECLQAKAAAAAAAAACEAxwlcjZYUAACWFAAAFQAA AAAAAAAAAAAAAAAmCAAAZHJzL21lZGlhL2ltYWdlMS5qcGVnUEsFBgAAAAAGAAYAfQEAAO8cAAAA AA== ">

Конфуций, Кун-цзы, яғни ұстаз,"Ұстаз Күн" деп атаған. Құң-фу-цзы (б.з.б. 551, Цзоу, Лу патшалығы (қазіргі Қытайдың Шандунь провинциясындағы Цюйфу қаласы – 479 ж.ш., сонда) – Ежелгі Қытай ойшылы, философ, тарихшы, мемлекет қайраткері, Қытайдың мемлекеттік діні – конфуцийшілдіктің негізін салушы. Кедейленген ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Өмірінің көп бөлігін Лу патшалығында өткізген. Б.з.б. 11 – 3 ғасырларда болған осы көне мемлекет ежелгі дәуірдегі қытай тарихы мен мәдениетінің дамуында елеулі рөл атқарғанмен, 6 – 5 ғасырлардан бастап құлдырау кезеңін бастан кеше бастаған-ды. Сондай шақта өз отанында өмір сүрген Конфуций өзіне дейін өркен жайған философиялық ой маржандарын оқып-тоқып өсті. Жас шағында төменгі буындағы шенеунік қызметін атқарып жүрді. Сосын жеке мектеп ашып, 22 жасында бала оқыта бастады. Кофуцийдің он мыңга жуык шәкірттері бар және жиырма шактысы ертелі-кеш жанында болган деген деректер бар. Қытайдағы тұңғыш жекеменшік оқу орнының негізін қалаушы атанды.Ең атақты мұғалім ретінде даңқы шықты. Халық оны сүйіспеншілікпен Құң ұстаз деп атады. Конфуцийдің мектебінде төрт пән – ақлақ (мораль), тіл, саясат және әдебиет оқытылды. Конфуций 50 жасында Лу патшалығының жоғары дәрежелі мемлекеттік қызметшісі болып істеді. Сол шақта саяси қызметін бастады. Алайда, қаскөйлік интригалдар салдарынан лауазымды жұмысынан кетуге мәжбүр болады. Содан 13 жыл бойы Ежелгі Қытайдың Лу патшалығынан басқа мемлекеттерін аралайды. Бірақ еш жерде өз идеяларын қолданысқа енгізе алмайды да, ақыры 484 ж. еліне қайтып оралады. Содан өмірінің соңына дейін ұстаздықпен және көне даналық кітаптарды жинап, өңдеп, таратумен шұғылданған. Конфуций өзіне арнайы бөлінген орынға жерленген. Оның қасына ұрпағы, жақын шәкірттері мен ізбасарлары қойылған. Тұрғын үйі ғибадатханаға айналдырылып, Конфуций рухына тағзым етушілер зиярат жасайтын орын ретінде әйгілі болған. Конфуций ілімі ол қайтыс болғаннан кейін б.з.б. 136 ж. мемлекеттік идеологияға айналған шақта ол “он мың ұрпақтың ұстазы” деп жарияланды. Мемлекет Конфуцийді 1503 ж. қасиеттілер, әулиелер қатарына қосты. Конфуций есімі Қытайда 1911 ж. болған ұлттық-буржуазиялық революцияға дейін ресми түрде ардақталған.

Конфуций философиясы

Ертедегі Қытайда үш түрлі дін болған дейді тарихшылар. Олар: 1) үнділерден келген буддизм, 2) Қытай жерінде туындаған – даосизм, 3) конфуциандық. Бірақ, конфуциандықтың негізін таза дінге жатқызу қиын. Сондай-ақ, оны біз, әрине, кәдімгі философия дейміз. Десек те, бұл ілімде философияның нағыз күрделі мәселелеріне жататын космология, онтология, гносеология, метафизика проблемалары қарастырылмайды. Негізгі қарастырылған мәселелер мыналар. Біріншісі: адамгершілік, «жэнь». Бұл философия, өйткені оның мәні адамға ықыласпен қарау, рахымшылық жасау, былайша айтқанда гуманизм. Екіншісі: «Өзіңе ұнамағанды басқаға жасама», деген қанатты сөз. Осы жағынан ол философияға жатады. Бұл ілімнің негізін салған – нақты адам. Ол б.з.д. VI-V ғ.ғ. өмір сүрген Конфуций (551-479).Кезінде оны Күн-цзи, яғни ұстаз, «ұстаз Күн» деп атаған. Тірі кезінде өте жоғары, үлкен беделге ие болған. Оның тікелей шәкірттері он мыңға жеткен деген дерек тер бар. Солардың 20 шақтысы оның қасынан шықпай, онымен ертелі-кеш бірге болған деседі. Конфуций ілімі ел арасында мол тарағандығынан оны, әрине дін деп те атаған. Ол да себепсіз емес, шындық. Конфуций айтқан өсиеттер Қытай жазуымен бар болғаны 75 қатарға сыйған, ал түсіндірмелері арқылы олар 1546-ға жеткен. Оның айтқан өсиеттері «Луньюй» деп аталады. Мәнісі – нақыл сөздер. Олардың бәрі бір мезгілде айтылған ойлар емес, әр уақытта, түрлі жағдайларға байланысты дүниеге келген пікірлер. Көбінесе ол нақтылы сұрауға жауап болып келеді. Кейін ғұлама дүние салған соң, шәкірттері сол ойларды жинақтап, кітап етіп шығарған.

«Шу цзин» –«Құжат кітабы» алғаш Конфуций жазған, кейіннен әр түрлі ойшылдар оны бірнеше рет өңдеді.

Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия және номиналистер мектебі.Олардың арасындағы бастысы – Конфуций мектебі болды деуге болады, оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап, XX ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады.Көне Қытай философиясынын негізгі ұғымдарыАдамды сүю (жэнь) – Конфуций философиясының маңызды катего-риясы. Ең әуелі әке мен ұлдың, билеуші мен шенеуніктердің, дос адам-дардың, аға-інінің арасындағы қарым-қатынастарды бейнелейді, сонан соң ғана жалпы адамдар арасындағы сүйіспеншілікті білдіреді.Алтын орта (чжун юн) – Конфуций философиясының басты ұғым-дарының бірі. Бұл жетілген мораль үлгісі, адам еш нәрседе де шектен шығып кетпеуі керек дегенді білдіреді. Мысалы, тым қызба немесе тым жай болған дұрыс емес, орташа күйді сақтауға ұмтылу керек. Конфуций бұл ұғымды ағашты мысалға ала отырып түсіндіреді. Оның жоғарғы жағында орналасқан жапырақтарға жаңбыр мен күннің әсері тез жетеді, төмендегі жапырақтарға да аса ыңғайлы емес. Ең дұрысы, ортада орналасқан жапырақ болу. Алтын ортаға жету қиын, бірақ оған жеткен адам мәнді өмір сүреді.

Конфуций – Кун-Фу-цзы («Кун Үстаз») – біздің дәуірімізге дейінгі 551-479 жылдары өмір сүрген, көне Қытай философиясының ең көрнекті өкілі, «қызмет етушілер философиясы» деген атауға ие болган философиялық мектептің – Конфуцийшілдіктің негізін қалаушы. Бұл мектеп алғашында жу – «ғалым-интеллектуалдар мектебінің ілімі» деп аталды. Өзінің философиялық мектебін Конфуций өмірлік тәжірибе жинақтап, адамға қажетті алты өнерді – салттарды білу, музыканы түсіну, садақ ата білу, күйме арба айдау, жаза және санай білу істерін меңгерген, әбден кемелденген жасында құрды деп есептеледі. Өзінің қоғамдағы рөлін Конфуций әте қарапайым бағалап, өзін жаңа ілімді жасаушы емес, көне данышпандардың (шэн) «Шу цзин» және «Ши цзин» кітаптарындағы даналығын халыққа жеткізуші ғанамын деп түсінген.

(Чжун юн) – Конфуций философиясының басты ұғым-дарының бірі. Бұл жетілген мораль үлгісі, адам еш нәрседе де шектен шығып кетпеуі керек дегенді білдіреді. Мысалы, тым қызба немесе тым жай болған дұрыс емес, орташа күйді сақтауға ұмтылу керек. Конфуций бұл ұғымды ағашты мысалға ала отырып түсіндіреді. Оның жоғарғы жағында орналасқан жапырақтарға жаңбыр мен күннің әсері тез жетеді, төмендегі жапырақтарға да аса ыңғайлы емес. Ең дұрысы, ортада орналасқан жапырақ болу. Алтын ортаға жету қиын, бірақ оған жеткен адам мәнді өмір сүреді.Асыл адам, бекзат адам (цзюнь-цзы) – адамгершілігі жоғары, жан-жақты жетілген, «алтын ортаға» жеткен, ізеттілік, шыншылдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші адам. Конфуциийдің пікірінше, мүндай қасиеттерге мемлекетті билеуші, басқарушы адам ие. «Асыл адамдар» көбейген сайын қоғам да жақсара түседі, мемлекетті басқару да жеңілдейді. «Асыл адамдардың» үлгісі зорлық арқылы бағындырудан әлдеқайда бағалы, себебі халықта үрей, қорқыныш емес. ез басшыларына деген сенім пайда болады. Бұл ұғымға қарсы ұғым – «темен адам» ұғымы.Дао – дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, Қытай фило-софиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао – универсалдық заңдылық: Көктің өзі дао заңдарына ба-ғынады, яғни, адам Жер мен Көк заңдары арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат-міндеті – даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру.Ди – ағаны сыйлау.Инь және Ян – этимологиялық мағынасы «төбенің немесе өзен жа-ғасының көлеңкесі мен күнгейі» дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарасты-рылады. Олар бір-біріне қарама-қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкелді, Инь – дүниенің раци-ональдік, «әйелдік» бастауы, Ян – бейсаналық, «ер адамдық» бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да, қоғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжы-рымдалады.Ли – ритуал, салт, этикет.Сяо – ата-ананы құрметтеу.


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 561 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)