Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гипофиз бөліктері

Читайте также:
  1. Гипофиз, гормоны гипофиза
  2. Гормоны гипофиза

Гипофиз гормондары. Гормондардың әсер ету механизмі.

Жоспар:

I Кіріспе

Гипофиз гормондары. Қызметі.

II Негізгі бөлім

Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар.

Гипофиз бөліктері

Ішкі сөлініс бездерінің гормондары

Гормондардың әсер ету жолдары мен механизмі

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

Гипофиз (гр. «һурорһуsіs» - өсінді) - салмағы 0,5-0,6 г, алдыңғы, ортанғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы - аденогипофиз, ортаңғысы — меланогипофиз, артқы бөлігі — нейрогипофиз деп аталады. Пішіні үрмебұршақ тәрізді. Құрылысы және қызметі жағынан бұлар әртүрлі, сондықтан олардың әрқайсысын бөлек без деуге де болар еді. Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше «hormon»-қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.

Қызметі:

1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;

2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;

3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;

4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;

5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;

6) қандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.

 

Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар.

Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.

Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байқалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» - аяк-қол сүйектері, «mega» - үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.

Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.

Ергежейлілік (гр. «nanos» - тым аласа бойлылық) - гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).

Гипофиздің зақымдалуы — организмде әртүрлі аурулардың, мысалы, акромегалия мен гигантизмнің өрбуіне ықпалын тигізеді.

Гипофиз барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Ол төрт бөліктен — туберальдық, алдыңғы, аршық (ортаңгы) және нервті (артқы), — құралған. Туберальдық, алдыңғы және аралық бөліктерді біріктіріп аденогипофиз деп атайды. Ал, нервті бөлік, гипофиз шанағы, сұр төмпешіктің ортаңғы денесі нейрогипофизді құрайды. Құстарда, киттерде, дельфиндерде, пілдерде аралық бөлік болмайды.

 

Гипофиз бөліктері

Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гормон бөледі оларға мыналар жатады.

Соматотроптық, немесе өсу гормоны (СТГ) — организмнің барлық торшаларында белоктың синтезін күшейтіп, РНК мөлшерін көбейтеді, кемірсулар мен липидтер алмасуын жандандырады, организмнің өсіп дамуын реттеп, сүйектің жетілуін жақсартады, кальций мен фосфор алмасуын реттейді. Бұл гормон жетіспесе организмнің өсіп-дамуы тоқтап, ергежейлік байқалады, ал ол көп бөлінсе — өсу процесі шапшаңдап, алыптық (гигантизм) қалыптасады

Адренокортикотроптық гормон (АКТГ) - бүйрек үсті безінің шоғырлы және торлы аймақтарына әсер етіп, глюкокортикоидтардың түзілуін күшейтеді. АКТГ бүйрек түтікшелерінде натрийдің, хлордың, судың кері сіңірілуін арттырып, организмде май мен амин қышқылдарының биосинтезін жаңдандырады, қандағы қанттың деңгейін жоғарылатады.

Тиреотроптық гормон (ТТГ) — қалқанша бездің қызметін жандандырады, фолликула ішінде жинақталған тиреоглобулиннің ыдырауын шапшандатады, қанға тироксин мен трийодтирониннің бөлінуін күшейтеді, қалқанша безде йодтың жинақталуын жақсартады.

Гонадотроптық гормондар (ГТГ) — жыныс бездерінің өсіп-дамуына жағымды әсер етіп, олардың қызметін реттейді, жыныс гормондарының секрециясын күшейтеді. Гонадотроптық гормондар фолликуланы жандандырушы (ФЖГ), лютеиндеуші (ЛГ) және лютеотроптық (ЛТГ, пролан) болып үш топқа бөлінеді. Бұл гормоңдар аналық организміңде де, аталық организмінде де синтезделінеді, бірақ аналық организмдер лютеиндеуші гормондарды көбірек бөледі.

Фолликуланы жандандырушы гормон (ФЖГ) - аналық бездің дамуын, қызметін реттейді. Оның әсерімен фолликулалар дамып, фолликулалық сұйық түзіледі, түйіршікті (гранулезді) торшалар көбейіп, олардан аналық гормондар (эстрогевдер) бөлінеді. Аталық организмде ФЖГ аталық жыныс торшаларының көбеюін (сперматогенезді) жандандырады.

Лютеиндеуші гормон (ЛГ) жетілген фолликулалардың жарылуын -овуляцияны, жыныс торшаларының аналық безден бөлінуін реттейді, овудяция жүрген фолликулада уақытша ішкі секрециялық қызмет атқаратын құрылым — сары денешік, түзіледі. Аталық организмде ЛГ жыныс гормондарының түзілуін күшейтеді.

Лютеотроптық гормон (ЛТГ) сары денеден прогестерон гормонының бөлінуін күшейтіп, желіндеу және сүттену процестерін реттейді.

Пролактин (ПРЛ) — сүт безінің (желіннің) қызметін реттейді, сүт қантының (лактоза) және сүт белогының (казеиноген) түзілуін жандандырады, жүктілік (төл көтеру) кезінде сары дене қызметін сүйемелдейді, денедегі су мен тұздар балансын реттеуге қатысады. Бұл гормон кептер балапанын асырайтын кезде олардың жемсауының қабырғасында ерекше сүт бездерінің өсіп-дамуын, құсық сүттің бөлінуін реттейді.

Әдеби деректерге сәйкес гипофиз қалқанша серік бездің, ұйқы безінің қызметін реттеуге де қатысады.

Гипофиздің аралық бөлігі көп қабатты эпителийден құралған жіңішке табакша іспеттес құрылым. Ол интермедин немесе мелано-форлык, гормон бөледі, пигменттер алмасуын реттейді. Кейбір деректерге сәйкес интермедин көздің фоторецегщиялық торшалары — таяқшалар мен сауытшалар, қызметін жандандырып, көздің жарық күшіне бейімделгіштігін жақсартады.

Гипофиздің артқы бөлігі, немесе нейрогипофиз, түрленген нейроглия торшаларынан — питуициттерден, құралады. Қазіргі деректерге сәйкес нейрогипофизден бөлінетін гормондар гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық ядроларында түзіледі де, липопротеидтік секрет түйіршікгері түрінде гипоталамус-гипофиз жолы арқылы гипофиздің артқы бөлігіне өтеді. Нейрогипофиз тек нейро-секреттер қоймасы ғана емес, олардың белсенді күйге айналуын қамтамасыз ететін құрылым болып табылады. Нейрогипофизде жинал-ған нейросекреттер окситоцин және вазопрессин гормондары түріңде бөлінеді.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1165 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)