Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кедейшілік және табыстың әділетсіз бөлінуі.

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  5. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  6. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология
  7. Ант және қант құрамдас шикізаттар

Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы.

Дүниежүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары:

· еңбек ақыны қамтамасыз ету;

· кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту;

· еңбекке жарамды халықтың санын арттыру;

· табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму;

· білім беру жүйесін жетілдіру;

· отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.

Тұтынудың құрылымын өзгерту Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.

Жоғары дамыған елдерде экономикалық дамуды ромб пішінімен көрсетуге болады, онда мемлекеттің бар тұрғыны орта топтың (75%) есебінен құралады, кедейлер тек 10% құрайды. ТМД елдерінде даму пирамида пішінімен бейнеленеді, мұнда тұрғындарының басым көпшілігін кедейлер құрайды – 70%, орта топ – 20%, аухаттылар – 10%. Қазір планетамыздың орташа тұрғыны XX ғасырдың басындағы тұрғыннан 4,5 есе бай. Соған қарамастан жер тұрғындарының әл-аухаты барлық жерде бірдей емес. Бір миллиарды молшылықта тұрса, бір миллиарды жоқшылықта. Байлықтарын доллармен есептегенде, қазіргі кезде 157 миллиардер, екі миллион миллионер бар, ал 1,1 млрд адамның табысы бір АҚШ долл. жетпейді. Әлемдегі теңсіздікті 20 пайыз ең кедей тұрғындар табысын салыстырып көруге болады. 20 пайыз кедей және 20 пайыз бай адамдар табыстарының айырмашылығы 1960 жылы 30 есе, 1980 жылы 45 есе, 1990 жылы 59 есе болған.

Энергетикалық, ресурстық дағдарыс проблемалары.

a) Энергиялық потенциялдың бір жақтылығы.

Қазір қоғамның транспорт, электр және жылу энергия көзінің 90% мұнай, газ және көмірдің үлесінде. Оларды жаппай ашу мен пайдалану нәтижесіңде қорының сарқылуы мен қоршаған ортаны ластау мәселесі өте өзекті болып отыр. Ғарыштық және климаттық сарқылмайтын энергия көздерін пайдалану әлі де болашақ еншісінде қалып келеді.

b) Әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі.

Ғаламшар тұрғындарының көбейуінен ауылшаруашылығы өндіріс көлемін ұлғайту тұрғындардың басым бөлігінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отыр. «Азық-түлік апат аймақтары» Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріне қатты байқалуда. Қазіргі таңда Әлемдегі 7 млрд халықтың 925 млн аштықта өмір кешіп жатыр. «Үшінші әлем» тұрғындарының ¼ бөлігі тамаққа тоймайды. Әлемдік тұрғындардың 20 % құрайтын өнеркәсіптік елдер әлемдегі өндірілетін азық-түліктің 60 пайызын тұтынады.

Азық-түлік тұтынудың сапалық көрсеткіштерін де ұмытпаған жөн. Ол көрсеткіш әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің, ұлттық дәстүрлердің, табиғаттық-климаттық жағдайлардың және т.б. нышаны болып келеді. Тамақ өндірісін арттіру және алушыны қызықтыру мақсатымен түрлі химялық және биосинтетикалық қоспалар қосылуда. Бұндай қоспалар елімізде шығарылатын кондитер өнімдеріне, сүт өнімдеріне, балалардың тағамына да қосылатын болды. Осыдан барып аллергия, жүрек-қан тамыры ауруларына тікелей алып келетін адамдардың салмағының артуы сияқты аурулар жайылып барады.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 201 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)