Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасының өсімдіктер мен жануарлар биоалуантүрлілігі

Читайте также:
  1. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  2. Азақстан 2020 жылы 1 страница
  3. Азақстан 2020 жылы 2 страница
  4. Азақстан 2020 жылы 3 страница
  5. Азақстан 2020 жылы 4 страница
  6. Азақстан жер қорларының экологиялық жағдайы
  7. Азақстан көп конфессионал ретінде

Еліміз флора мен фаунаға өте бай. Өсімдіктің 6000 түрі бар, шамамен 5000 саңырауқұлақтар, 485 қыналар, 2000-нан астам балдырлар, шамамен 500 мүктектілер тіркелген. Неғұрлым толық түгендеуге саңырауқұлақтардың түрлерң мен жоғары өсімдік түрлері ұшыраған. Өсімдіктер ішінде 14 % жергілікті болып табылады. Олардың ішінде көне түрлері аз емес. Өсімдіктердің жоғарғы және төменгі түрлерінің 404 түрі енгізілген. Басқа елде өспейтін сексеуіл, тұрангы, құм қарағаны өседі.

ҚР Қызыл кітабы «Омыртқалы жануарлар» деген атпен 1978 жылы шығып, оған сирек және құру қаупі бар жануауарлардың 87 түрі енгізілген. 1981жылы осы кітаптың екінші бөлімі «Өсімдіктер» деген атпен шықты (60 түрі енгізілген). Қызыл кітаптың ақырғы басылымдары 1996 жылы (125 түр омыртқалалар) және 2006 жылы (жануарлардың 96 түрі) шықты.

Республиканың негізгі ландшафттық реңін дала мен шөл құрайды. Тоғай өте аз. Орман массивтері негізінен Алтайда, Жоңғар Алатауында және Тянь-Шаньның шығысында орналасқан. Сексеуіл ормандары және бұталарды қоса алғанда, Қазақстанның ормандылығы 4,6 % (11,5 млн га), оларсыз - 1,2 % (5,75 млн га) құрайды. Қылқан жапырақты ормандар 1,8 млн га жерді алып жатыр. Қазақстан ормандары негізінен шаруашылық емес, топырақ және су қорғайтын қызмет атқарады.

Ормандардың биологиялық әртүрлілігіне қауіп төндіретін факторларға өрт, өздігінен жаппай кесу, мал жаю жатады. Соңғы 10 жылда Шығыс Қазақстанда жолақты қарағайлы орман алаңы 0,16 млн. гектарға немесе 20%-ке кеміді. Негізінен өсімдіктер әлемі органикалық зат түзетін биосфераның бірден-бір құрауышы. Өсімдіктер әлемінің күйіне биосферадағы тепе-теңдік, жануарлар әлемінің күйі, халық шаруашылығы өндірістерінің өнімділігі, адамдардың денсаулығы тәуелді. Оның ішінде орманның маңызы бағалаусыз. Ормандар жер бетіндегі ең ірі экожүйелер, онда ғаламшардың органикалық затының көптеген бөлігі жинақталған. Ормандар атмосфералық ауадағы химиялық ластаушыларды тотықтырушы қызметін атқарады. Ғалымдар орман ауасында адам денсаулығына оң әсерін тигізетін 300-ден артық әртүрлі ароматты қосылыстар, эфир майларын анықтаған. Орман, әсіресе қылқанжапырақты, фитонцидтер бөледі. Бір сөзбен айтқанда биосферадағы тепе-теңдікті жақсартып, тұрғындардың денсаулығын жақсарту үшін елімізде орман алқаптарын көбейту керек.

Қазақстанның жануарлар әлемі омыртқалы жануарлардың 835 түрімен және омыртқасыздардың 100 мыңға жуық түрлерімн берілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 408 қаулысымен сүт қоректілердің 40 түрі, құстардың 57 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 10 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, су жануарларының 19 түрі – сирек кездесетін және жойылу қаупі төнген жануарлардың тізбесі бекітілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 маусымдағы № 573 қаулысымен Қызыл кітапқа енгізу үшін омыртқасыз жануарлар 96 түрі бекітілген. Қазірдің өзінде сирек кездесетін, жойылып кету қаупі бар, эндемиктік түрлер туралы мәліметтер әлі толық емес. Ақбөкен, Қазақстан тау қойы, тоғай бұғысы, мысық тектестер, жалман, қылқұйрық бұлдырық, қаршыға тәрізділер, сұр кесел, Жетісу бақатісі, бекірелер, Арал және Түркістан қаяздары, Балқаш алабұғасы сияқты саны қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түрлердің тіршілік ортасы, қоныс аударатын және көбейетін бірқатар маңызды жерлері толық қамтылмаған. Бұл мәселе эндемиктік және қалдық өсімдік түрлерінің өсетін жерлеріне де қатысты.

Ауаны, суды және топырақты қарқынды ластау, жануарлар мен өсiмдiктер әлемiнiң азуы, табиғи ресурстардың азаюы экожүйелердiң құлдырауына, шөлдеуге және биологиялық және ландшафттық түрлiлiгiнiң жоғалуына, халықтың ауру және өлiм-жiтiмiнiң өсуiне әкелiп соқты. Мұндай өзгерiстердiң салдары халықтың өмiр сүру сапасының төмендеуi және республиканың дамуының тұрақсыздығы болып табылады.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 484 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)