Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Судың негізгі ластаушылары және көздері

Читайте также:
  1. Q]3:1:Әкімшілік іс жүргізудің прокурордың негізгі міндеті
  2. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  3. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  4. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  5. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  6. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  7. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология

Суды 400 түрлі зат ластауы мүмкін. Егер судағы санитарлық-токсикологиялық, жалпысанитарлық немесе органолептикалық көрсеткіштер шектеулі межеден асып кетсе, онда ол су ластанған болып есептеледі. Ластаушылар химиялық, биологиялық және физикалық болып бөлінеді. Оның ішінде жиі кездесетіні химиялық және бактериологиялық.

Химиялық ластану – органикалық (фенолдар, пестицидтер), бейорганикалық (тұздар,сілтілер, қышқылдар), улы (мышьяк, сынап қосылыстары) және уытсыз.

Биологиялық ластану – суда патогендік бактериялардың, вирустардың, саңырауқұлақтардың болуы.

Механикалық қоспалар да суды ластайды. Технологиялық сулармен, ыстық аумақтармен араласып кетуі судың жылулық ластануына әкеліп соғады.

Қазақстан Республиканың аумағын негiзiнен далалар, жартылай шөлдер және шөлейттер құрайды. Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл секiлдi бiрегей iшкi құрлықтық теңiздер мен көлдер бар. Антропогендiк жүктемелер нәтижесiнде Қазақстанның iс жүзiнде барлық аумағында табиғи ортаның елдiң болашақ экономикалық және әлеуметтiк дамуын қамтамасыз ету қабiлеттiлiгi бұзылған.

Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң экстенсивтi дамуы жер азуы мен ландшафттың азаюы түрiнде iз қалдырған, елдiң аумағының 60% артығы қатаң шөлдеуге ұшыраған, бұл топырақ құнарлығының төмендеуiне және мал шаруашылығы мен өсiмдiк шаруашылығының өнiмдiлiгiнiң азаюына әкелiп соғады. Бiр ұрпақтық көзiнше Арал теңiзiнiң көлемi екi есеге жуық азайған. Балқаш көлiн де ұқсас тағдыр күтедi. Республиканың су қажеттiлiгi бiр жылға 100 км3 кезiнде iс жүзiндегi қамтамасыз ету 34,6 км3 құрайды. Жан басына шаққанда сумен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан ТМД елдерiнiң арасында соңғы орында.

Жыл сайын республиканың сыртқы су қоймаларына 200 млн. м3 артық ластанған сарқынды сулар төгiледi. Көлемдерi бiрнешеден жүздеген текше километрге дейiн ластанған жер асты суларының 3 мыңнан артық көзi айқындалған. Өңдеу және энергетикалық кешендердiң көптеген кәсiпорындарында жетiлмеген технологияларының, негiзгi өндiрiстiк қорларының табиғи тозуы бұл зиянды қалдықтардың санының артуына ықпал етедi. Бүгiнгi таңда мұнай өнеркәсiбiндегi өндiрiс қалдықтарының мәселесi өзекті болып тұр.

Тау-металлургия кешенi кәсiпорындарының қызметi нәтижесiнде Қазақстан аумағында жыл сайынғы 1 млрд. т. жуық түсiмiмен 20 млрд.т. артық өнеркәсiптiк қалдықтар жиналды, соның iшiнде 230 млн. т. радиоактивтi. Өндiрiлетiн кеннiң жалпы көлемiнiң 95% қалдыққа түседi, өте улы және сақтау үшiн бейiмделмеген орындарда орналасқан. Соңғы төрт жыл iшiнде олардың жыл сайынғы пайда болуы 2002 жыл 92-ден 150150 млн. тоннаға дейiн, немесе 1,6 есеге өскен. Олар Қарағанды - 29,4%, Шығыс Қазақстан - 25,7%, Қостанай - 17% және Павлодар - 14,6% облыстарында басым шоғырланған. Ауыр металдармен және мұнай өнiмдерiмен Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының жерлерi ластанған. Осында тасталған және көмiлген бұрғылау шөгiндiсiн, мазут сiңген және төмен радиоактивтi сулардың көлемдерiне, жойылған жерлердiң алаңдарына баға беру өте қиын.

Ақтау және Каспий теңiзiне экологиялық апат қаупi төнуде. Өнеркәсiптiк алып Каспий жағалауындағы тау-металлургия комбинатының (КТМК) зауыттары ағынды суларды Ақтау қаласынан бiрнеше ғана километрде орналасқан қазаншұңқырға тастаған, онда Қошқар ата жасанды көлi пайда болды. Бұл зауыттар негiзiнде уранды байытумен айналысқан. Маңғышлақ атом энергокомбинаты (МАЭК) Ақтау үшiн су бөлiгiн алатын Құйылыс техникалық су кең орнының жер асты суларын ластау қауiпi төндi.

Грунт суларын улы және радиоактивтi заттармен ластаудан басқа, Қошқар ата қоймасына байланысты тағы бiр мәселе бар. Қазiргi кезде көл кеуiп бара жатыр, өйткенi бұрынғы ПГМК зауыттары тоқтап тұр. Көлдiң кепкен жағалауында улы шаң пайда болады, оны жел айналаға жаяды.
Тау-кен өнеркәсiбiнен кейiн, өндiрiс қалдықтарының көлемдерi бойынша металлургия өнеркәсiбi және энергетика екiншi орын алады. 1,5 млрд. тоннадан артық қалдықтар тек Павлодар облысының Екiбастұз ГРЭС қазба қалдықтарының қоймасында жиналған. Согриндiк ГРЭС қазба қалдықтарының қоймасы Ертiс өзенiне түсетiн қауiпi бар.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 133 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)