Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Популяциялар саны мен популяция санының динамикасы.

Читайте также:
  1. Автоволновые процессы в современных и вымерших популяциях организмов.
  2. Естественный отбор в популяциях. Его формы и эффективность.

Берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың жалпы саны. Ол еш уақытта тұрақты болмайды және ол көбею (өнімділік) мен өнімнің интенсивтілігінің қатынасына байланысты. Көбею процессінде популяцияның өсуі жүреді де, өлім оның санының кемуіне әкеледі.

Популяцияның саны негізінен бір-біріне қарама-қарсы екі құбылыспен анықталады – туу және өлім. Популяцияның жалпы саны маусымдық, көпжылдық периодты емес (мысалы,зиянкестердің санының шектен тыс күрт артуы) өзгерсітерге ұшырап отырады. Популяция санының осындай өзгерістері оның санының динамикасы болып табылады. Популяция санының ауытқуының төмендегі шартты себептерін атап көрсетуге болады:

1. Азық мөлшерінің жеткілікті болуы популяция санының артуына әкеледі, бірақ өсудің максималды шамасында азық шектеуші фактор болады. Азық қорының жетіспеуі популяция санының кемуіне әкеледі;

2. Популяция санының артуы мен кемуі мекен ету ортасы үшіе бірнеше популяциялардың бәсекелесу процесінде байқалуы мүмкін;

3. Жыртқышпен, жемтік паразитпен иесі арасындағы күрделі өзара қатынастар популяция санының ауытқуының бір себебі бола алады;

4. Абиотикалық факторлар (температура, ылғалдылық, ортаның химиялық құрамы және т.б.) популяциялар санына көп әсер етеді және олардың ауытқуларын туғызады.

Популяция тығыздығының білгілі бір оптимумы болады. Осы оптиумнан ауытқу пайда болғанда оны реттеудің популяция ішілік механизмдері іске қосылады. Популяция тығыздығының өсуі көптеген бунақденелердің дараларының мөлшерінің кішіреюімен, өнімділігінің төмендеуімен, дернәсілдері мен қуыршақтардың өлімінің артуымен, даму жылдамдығының өзгеруі, жыныстық қатынасының өзгеруіне әкеледі де, популяцияның белсенді бөлігін кемітеді.

Туылу – көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған жаңа даралар саны. Тірі ағзаларға көбеюге деген мүмкіндік берілген. Бакиериялар әрбәр 20 минут сайын бөлінеді. мұндай жылдамдықпен қөбейгенде бір жасуша 36 сағатта бүкіл планета бетін жауып шығатын ұрпақ бере алады.Бір бақ-бақ өсімдігінің барлық тұқымдыры өнетін болса 10 жылда өзінің ұрпақтарымен бүкіл дүние жүзін алып кетер еді.

Өлім – белгілі бір кезеңде өлген даралардың саны. Өлімнің үш типін көрсетуге болады.(7-сурет).I барлық жастағы өлімді сипаттайды (гидра); II даралардың дамуының ең ерте кезеңде өлімнің жоғары болуымен (айқұлақ); III ересек (қарт) даралардың өлімінің жоғары болумен сипатталады (адам).

Популяцияның өсімі -туылу мен өлімнің арсындағы айырма; өсім оң немесе теріс болуы мүмкін.

Өсу жылдамдығы – уақыт бірлігіндегі орташа өсім. Егер R0 арқылы берілген түрдің бір дарасының өміріндегі беретін ұрпақтарының орташа санын белгілесек (таза көбею жылдамдығы), онда:

R0 >1 - популяция өседі (ұсақ жануарларға тән);

R0 =1 - популяция саны тұрақты;

R0 <1 - кеміп бара жатқан популяция.

Динамикалық тепе-теңдікгі – П опуляция санының белгелі бір орташа шама шекарасында ауытқуы. Гомеостаз терминін 1929 жылы ғылымға енгізген У.Кеннон. Ең алдымен әрбір жеке дара, содан соң ғана популяция гомеостатикалық жүйе болып табылады. Популяция санын реттеудің маңызды механизміне стресс-реакциялар жатады.

Қандай да бір факторлардың қолайсыз әсеріне жауап ретінде ағзада екі типті реакция пайда болуы мүмкін: арнайы зақымдаушы агенттің табиғатына байланысты (мысалы,салқын температура әсер еткенде жылу өндірудің артуы) және жалпы реакция, ағзаның өзгерген жағдайларға бейімделуі.

3.3.4 Популяциялардың жыныстық және жастық құрылымы.

Жыныстық құрылым популяциядағы жыныстардың қатынастарын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің негізінен жыныстық көбеюі басым түрлер үшін маңызы зор. Аталықтар мен аналықтардың жасы және жыныстық жетілу жағдайлары популйция санын ұстап тұруға әсер етеді. Аталықтар мен аналықтардың қоректенуі, өмір ырғағы және мінез-құлқы әр түрлі болуы мүмкін. Популяциялардың жастық құрылымы тек жасы мен әр түрлі топтардың қатынасын ғана емес, бұл қатынастың жыл маусымдарындағы биогеоценоздардың ауысуы кезіндегі өзгерісін, популяцияның жасаруын жылдамдығын, жастық топтардың қоршаған ортамен өзара әсерін көрсетеді:

1 )жаңадан туылған;

2)жас-өсіп келе жатқан даралар, жыныстық жетілмеген;

3)жартылай ересек - жыныстық жетілуге жақын;

4)ересек – жынысытқ жетілген жануарлар, көбейетін немесе физиологиялық жағынан көбеюге қабілетті жануарлар;

5)қартайған –көбеюге қабілеті жоқ даралар.

Әдетте популяцияда барлық жастық топтар болады. Олар біртіндеп өтіп отырады және үнемі жаңарып отыруы популяцияның оптималды санын ұстап тұруды қамтамасыз етеді. Кей жағдайда бұл қатынас бұзылуы да мүмкін: қандай да бір жастық топтың санының кемуі популяцияның деграциясына немесе керісінше, шектен тыс артуына әкеліп соқтыруы мүмкін.Жастық топтардың сандық қатынасы популяция күйінің және оның биогеоценоздың болашағының көрсеткіші болып табылады.

И.И.Шмальгаузен (1884-1963) барлық биологиялық жүйелер белгілі бір дәрежеде өздігінен ретелуге, яғни гомеостазға қабілетті (грек тілінен аударғанда homoios – ұқсас, сол, stasis – қозғалыссыз, тұрақты) болады деді.

Гомеостаз – тірі жүйелердің, соның ішінде популяциялардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында тұрақты динамикалық тепе-теңдікті ұстап тұруға қабілеті.

Популяция құрамындағы организмдер өздері өмір сүрген орта жағдайларға бейімделген қасиеті адаптация деп аталады. Адаптациялық қасиеттердің тұқым қуалаушылығына байланысты дарақтардың тірі қалуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл жаңа популяциялардың пайда болуына, алуан түрліліктің қалыптасуына алып келеді, осылайша эволюция жалғасып отырады, мұнда түр сапалық көрсеткіш болып табылады. Сапалық көрсеткіштер көптеген сандық көрсеткіштердің мәселесін шешеді. Сандық көрсеткіштердің екі түрі болады: статикалық және динамикалық.

Статикалық көрсеткіштеріне олардың саны, тығыздығы, құрылымының көрсеткіштері жатады.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 548 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)