Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экологиялық валентілік. Шелфорттың төзімділік заңы. Ю.Либихтың минимум ережесі.

Читайте также:
  1. Xаралық экологиялық ұйымдар
  2. Азақстан жер қорларының экологиялық жағдайы
  3. Атмосфераның ғаламдық экологиялық мәселелері.
  4. Главнейшая задача неевропейских стран состоит в том, чтобы свести к минимуму вредное воздействие европейской политики на мировую экономику.
  5. детали сведены к минимуму, тщательно продуманы и осмыслены жесты, позы, наклоны голов.
  6. Довести минимальный размер оплаты труда до величины прожиточного минимума трудоспособного населения в срок до 2017 года;
  7. Доплата до минимума

Түрлердің мекен ету ортасы факторларының қандай да бір ауытқу диапазонына бейімделуге қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды. Мекен ету ортасында тірі ағзаға әсер ететін экологиялық факторлардың көптүрлілігіне қарамай, олардың ағзаға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың жауап ретінде беретін реакциялары бойынша бірқатар жалпы заңдылықтарды көрсетуге болады. Тірі ағзаларға экологиялық фактордың әсерінің қолайлы немесе қолайсыз болуы, ең алдымен оның әсер ету күшіне байланысты. Фактордың жетіспеуі немесе шектен тыс көп болуы ағзалардың тіршілігіне қолайсыз әсер етеді.

Оптимум және пессимум заңы -ағзаның өніп-өсуі, тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық фактордың интенсивтілігін оптимум аймағы, ал тіршілікке қолайсыз шегі пессимум аймағы деп атайды.

Әр түрдің өкілдері оптимум шамасына және экологиялық валенттілігіне қарай ерекшеленеді. Мысалы: тундрадағы қарсақ ауа температурасының шамамен 800С (+300С-дан -550С-ға дейін) ауытқуына шыдай алса, ал жылы су шаяндары судың температурасының 60С-дан (+230С-дан +290С) жоғары ауытқуын көтере алмайды. Фактордың бір әсер ету шамасы бір түр үшін оптималды, екіншісі үшін зиянды, ал үшіншісі үшін төзімділік шегінен тыс болуы мүмкін.

Экологиялық валенттілігі төмен түрлерді стенобионтты (грек тілінен аударғанда stenos-тар), ал төзімділігі жоғары түрлер – эврибионтты (грек тілінен аударғанда eyros-кең) деп атайды. Стенобионттылық пен эврибионттылық ағзада өзінің тіршілігін сақтауға пайда болатын әр түрлі бейімделу типтерін сипаттайды. Мысалы, температураға қатысты эври және стенотермді ағзалар; тұздардың концентрациясына байланысты эври және стеногалилі; жарыққа – эври және стенофотты, тамақ түріне байланысты эври және стенофагты ағзаларды бөліп көрсетуге болады. Эврибионттылық түрдің кең таралуына жағдай жасайды. Көптеген қарапайымдылар, саңырауқұлақтар эврибионттарға жатады да олар барлық мекен ету орталарында таралған. Стенобионттылық таралу ареалын шектейді.

1840 жылы Ю.Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатындығын дәлелдеді. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін анықтауда қоректік заттарға деген сұранысын зерттеуге бағытталған тәжірибелер жүргізді. Ю. Либих бидайдың өнімділігі оған көп мөлшерде қажет (СО2, Н2О және т.б.) жеткілікті мөлшерде бар қоректік заттарға емес, оған аз мөлшерде қажет және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы, бор) заттарға тәуелді екенін анықтайды.

Либихтің шектеуші факторлар (минимум) заңы -экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.

Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері де (максимум) шектеуші әсер ете алады. Миниммумен қатар максимумның де шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В.Шелфорд болды.

Шелфодтың толеранттық заңы -Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады,ал олардың арасындағы ауытқуы диапазоны толеранттылық шамасын (латын тілінен аударған tolerantia-шыдау, төзім) яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.

Төзімділік заңы -ағзаның өркендеп өсуінің тежеуші факторы болып ең аз немесе ең көп түрде әсер еткен экологиялық фактор болуы мүмкін, бұл екеуінің арақашықтығы организмнің осы әсерге төзімділігінің шамасын айтады.

Салыстырмалы түрде тұрақты жағдайда ұзақ уақыт тіршілік еткен түрлер өзінің экологиялық серпімділігін жоғалтып, қоршаған ортаға стеобионттылық қалыптасады. Ал, орта факторларының айтарлықтай ауытқымалы жағдайында тіршілік еткен ағзалардың экологиялық серпімділігі жоғары болады да олар эврибионтты болады.

Тірі ағзалардың жеке дамуында, олардың қоршаған орта факторларының өзгеруіне сезімталдығы жоғары болатын кезеңдері белгілі. Мұндай кезеңдерді қауіпті кезеңдер деп атайды. Бұл кезеңдер көбіне көбею кезеңдеріне және онтогенездің бастапқы кезеңіне сай келеді. Бұл кезде қоршаған ортаның көптеген факторлары шектеуші болып табылады. Ересек крабтар мен көптеген теңіз жануарлары тұздылығы төмен немесе тұщы суда да тіршілік ете алады, ал олардың дернәсілдері үшін міндетті түрде тек өте тұзды су қажет.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 588 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)