Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оғам басқармасы

Читайте также:
  1. Абай қазақ қоғамының жағдайын қалай сипаттайды?
  2. Оғам қызметінің мақсаты, мәні және түрлері
  3. Оғамның ақпаратты ашуы. Қоғам құжаттары
  4. Оғамның акциялары және басқа да бағалы қағаздары
  5. Оғамның Директорлар Кеңесі

 

148. Ағымдағы қызметті басқаруды Қоғам Басқармасы – алқалық атқарушы орган жүзеге асырады. Қоғам Басқармасын Басқарма төрағасы – Ректор басқарады.

149. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және осы Жарғымен Қоғамның басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселе бойынша шешім қабылдауға құқығы бар, онымен қоса:

1) заңнамада және осы Жарғыда көзделген тәртіппен Қоғам атынан мәмілелер жасайды;

2) қызметкерлердің жалпы санын, құрылымын әзірлейді және бекіту үшін Директорлар кеңесіне ұсынады;

3) Директорлар Кеңесі бекіткен Қоғамның құрылымы мен штат санын есепке ала отырып, Қоғамның штат кестесін бекітеді;

4) Қоғам қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;

5) Қоғамның қаржы – шаруашылық қызметінің жоспарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес түзету енгізеді;

6) Қоғамның Сатып алу жоспарын және Сатып алу жоспарына енгізілетін өзгерістерді бекітеді;

7) Қоғамның барлық қызметкерлері орындауға міндетті шешімдер шығарады және нұсқаулар көрсетеді;

8) Директорлар Кеңесі бекітетін құжаттар қатарына жатпайтын және Қоғамның қызметін ұйымдастыру мақсатында қабылданатын құжаттарды бекітеді;

9) Директорлар кеңесіне Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын бекіту үшін ұсынады және олардың орындалуы туралы есеп береді;

10) Қоғамның ішкі қызметінің өндірістік мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды;

11) Қоғам Басқармасы қызметіне қатысты құжаттарды әзірлейді;

12) Қоғамның қызметін қамтамасыз ету мақсатында Жалғыз акционердің және Директорлар Кеңесінің ерекше құзыретіне жатқызылмаған басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

150. Басқарма Жалғыз акционердің және Директорлар Кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.

151. Қоғамның Директорлар Кеңесі Қоғам Басқармасының құрылуын, оның құзыретін және құзыретін мерзімінен бұрын тоқтатуды Жалғыз акционердің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

152. Басқарма мүшелері Қоғам қызметкерлері қатарынан болады.

153. Қоғамның Басқарма төрағасы – Ректор Басқарма мүшелерінің міндеттерін еңбек шартыменен және қызметтік нұсқаулықпен анықталған қызметтік функциясын есепке ала отырып анықтайды.

154. Басқарма мүшесі Директорлар Кеңесінің рұқсаты болған жағдайда ғана, басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.

155. Басқарма мүшелері өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындауы және Қоғам мен Жалғыз акционердің мүдделерін көрсететін тәсілдерді қолдануы тиіс.

156. Басқарма мүшелері залалдың алдын алу үшін, Басқарма отырысын шақыруға бастамашылық ету, Басқарма төрағасын –Қоғам ректорын ақпараттандыру жолымен немесе басқа да қолжетімді тәсілмен Қоғам қызметін оңтайландыру үшін қажетті шараларды қолдануға міндетті.

157. Басқарма мүшелері Басқарма төрағасы –Қоғам Ректорын өздері жетекшілік ететін мәселелер ахуалынан хабардар етеді.

158. Басқарма мүшелері Қоғам туралы өздеріне мәлім кез-келген құпия мәліметті, оның ішінде коммерциялық және өндірістік құпияларды өздерінің өкілеттік мерзімі аяқталған кезеңнен бастап үш жылға дейін сақтауға міндетті.

159. Басқарма мүшелері өздерінің өкілеттігін орындау кезінде:

1) Директорлар Кеңесі шешімімен оған рұқсат берген жағдайды қоспағанда, басқа заңды тұлғалардың қызметіне қатысуға;

2) Басқарманың шешім қабылдауына ықпал еткені үшін жанама немесе тікелей түрде сыйақы алуға құқығы жоқ.

160. Егер екінші тараптың атынан Қоғам болған немесе болуға ниет танытқан мәмілені жасауға Басқарма мүшесінің жеке қаржылық мүддесі болған жағдайда, сондай-ақ қолданыстағы не болмаса ұйғарылған мәміледегі мүдделердің бір-бірімен келіспеушілігі болатын жағдайда, ол өзінің мүддесін мәміле жасау шешімін қабылдау алдында хабарлауы тиіс.

161. Басқарма мүшесінің өзге функциялары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен, сондай-ақ Қоғаммен жасалынған еңбек шартыменен анықталады. Қоғам атынан Басқарма төрағасы-Қоғам Ректорымен жасалынатын еңбек келісімшарты Директорлар Кеңесінің төрағасымен жасалынады. Басқа Басқарма мүшелерімен жасалатын еңбек шарты Басқарма төрағасы- Қоғам ректорымен жасалады.

162. Басқарма кемінде 3 (үш) адамнан құрылады. Басқарма айына кемінде бір рет шақырылады.

163. Басқарма кем дегенде айына бір рет жиналады.

164. Басқарма Қоғам Басқармасының кез-келген мүшесінің талабы бойынша шақырылуы мүмкін.

165. Басқарма шешімі отырысқа қатысып отырған көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыс беру нәтижесі тең түскен жағдайда, Басқарма төрағасының даусы шешуші болып саналады.

166. Басқарма мүшесі отырысқа қатыспаған жағдайда, күн тәртібіндегі мәселе бойынша өзінің пікірін жазбаша түрде баяндауға құқығы бар. Басқарма мүшелеріне жазбаша пікір Басқарма отырысын өткізуге күнтізбелік 1 (бір) күн қалған мерзімнен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

167. Басқарма төрағасы-Қоғам Ректоры:

1) Басқарманы басқарады;

2) Жалғыз акционер мен Директорлар Кеңесінің шешімдерін орындауды ұйымдастырады;

3) үшінші тұлғалармен қатынаста Қоғамның атынан сенімхатсыз жұмыс жасайды;

4) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында және осы Жарғыда белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қоғам қызметкерлерін қызметке қабылдау, басқа қызметке ауыстыру және қызметтен босатуды жүзеге асырады және оларға мадақтау және тәртіптік жаза қолдану шараларын қолданады;

5) өзі болмаған жағдайда өзінің міндеттемесін Басқарма мүшесінің біреуіне жүктейді;

6) Басқарма мүшелерінің міндеттерін, сондай-ақ олардың өкілеттік аясын және жауапкершілігін бөледі;

7) Қоғамның жұмыс режимін орнатады;

8) Қоғам Басқармасы анықтаған тәртіппен ішкі нормативтік құжаттарды бекітеді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қоғамның Директорлар Кеңесі алдында есеп береді;

10) Қоғамның ағымдағы және келешектегі жоспарлары мен бағдарламаларын орындауды қамтамасыз етеді;

11) Қоғамның банк шотын және басқа да шоттарын ашады;

12) өз құзыреті шегінде бұйрықтар, өкімдер шығарады;

13) Басқарма отырысын шақырады және қажетті материалдарды қарауға ұсынады;

14) Қоғамның техникалық, ақпараттық – коммуникациялық және құқықтық саясатын, активтерді басқару және корпоративтік даму саясатын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

15) Қоғам қызметкерлерін қызметке қабылдау, басқа қызметке ауыстыру және қызметтен босатуды жүзеге асырады және Қоғамның атынан Басқарма мүшелерімен, ішкі аудит қызметі қызметкерлерімен және корпоративтік хатшымен еңбек келісімшарттарын жасасады, оларға мадақтау және тәртіптік жаза қолдану шараларын қолданады, еңбегіне ақы төлеу және басқа да марапаттау мәселелерін шешу Қоғамның Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне берілген қызметкерлерден басқа Қоғам қызметкерлеріне сыйлықақы беру және жалақы төлеу мәселелерін қолданыстағы заңнамаға және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес шешеді;

16) жемқорлықпен күрес бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және бұл жұмысқа дербес жауапты болады;

17) Жалғыз акционердің, Директорлар Кеңесінің және Қоғам Басқармасының ерекше құзыретіне жатпайтын қажетті міндеттерді орындау үшін Қоғамның ағымдағы қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

Қоғамның Басқарма төрағасы –Қоғам Ректорының шешімі бойынша Қоғам Басқармасының мүшелеріне белгіленген тәртіппен өзінің қандай да бір өкілеттігі берілуі мүмкін.

168. Басқарманың қызметін Директорлар Кеңесі бақылайды. Басқарма есептерді әзірлейді және Директорлар Кеңесінің қарауына ұсынады. Есептерде мына мәселелер сипатталады:

1) Қоғам қызметінің келешектегі кезеңге арналған қаржы – шаруашылық жоспары;

2) Қоғамның болжамды саясаты мен болашақта басқарудың негізін қалаушы мәселелер (егер мәселені өзгерту есепті ұсынуды кідіріссіз қажет етпесе жылына бір реттен кем емес);

3) Қоғамдағы жағдай;

4) Қоғамның табыстылығы мен өтімділігі үшін аса маңызды қызмет (осы жұмыстың басталуына дейін уақтылы ұсыну, себебі Директорлар Кеңесі ол туралы пікір мен қорытынды жасауы немесе рұқсат етуі тиіс).

169. Басқарма төрағасы-Қоғам Ректоры Директорлар Кеңесінде Қоғам атынан өкілдік етеді. Ол заңға, Жарғыға немесе Директорлар Кеңесінің тиісті шешіміне сәйкес әрекет етеді, Директорлар Кеңесін Қоғамдағы жағдайы туралы хабардар етеді.

170. Басқарма төрағасы-Қоғам Ректоры Қоғам үшін аса маңызды сипаттағы барлық мәселелер туралы Директорлар Кеңесінің Төрағасына ауызша немесе жазбаша түрде кідірместен баяндауға міндетті.

 


Дата добавления: 2015-10-30; просмотров: 94 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оғамның Директорлар Кеңесі| Оғамның ақпаратты ашуы. Қоғам құжаттары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)