Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Көтергіштер мен агрегаттар

Читайте также:
  1. Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу

 

Тальдік жүйені қозғалысқа келтіру үшін лебедкалар қолданылады. Лебедкалар мачтасы жоқ көлік құралдарына (автомашина, трактор) орнатылуы мүмкін. Ол кешенді көтергіштер деп атайды. Егер автомашина немесе тракторға тальдік жүйемен жабдықталған лебедка немесе мачта орнатылса, онда мұндай кешенді агрегат деп атайды. Соңғы кездері муфтасыз СКҚ тізбектері пайда болғалы мүлдем жаңа көтеру-түсіру агрегаттары пайда болды. Мұндай агрегаттарда мачта болмайды, себебі барабандарға оратылған құбырлар арнайы құрылымдар арқылы ұңғыға түсіріледі.

Көтергіштер ұңғыларда мұнара немесе мачта бар кезде қолданылады. Соңғы кездері металл шанаға, трактор және автомашинаға орнатылған көтергіштер жобаланып жасалынды. Жетек күші ретінде іштен жанатын қозғалтқыштар, ал кейбір жағдайларда – электр энергиясының күші қолданылды.

Аталған көтергіштердің түрлері соңғы кездері күрт қысқарып, негізгі екі түрі кең қолданыс тапты. Солардың бірі ЛПТ-2 және «Азинмаш-43П» көтергіштерінің сипаттамалары 5.3-кестеде келтірілген.

 

5.3-кесте

ЛПТ-2 және «Азинмаш-43П» көтергіштерінің сипаттамалары

 

Жылдамдық сатылары Барабанның айналу жиілігі, мин-1 Канатты орау жылдамдығы, м/с Канатты тарту күші, Н
ЛПТ-2
І ІІ ІІІ ІУ 44,6 75,8 124,2 211,0 0,98 1,67 2,73 4,64 20,5
«Азинмаш-43П»
І ІІ ІІІ ІУ 58,3 0,88 1,46 2,42 4,0 45,3 27,5 16,6

 

Көтергіш лебедка ЛПТ-2 жерасты жөндеу кезінде штангаларды, құбырларды құм тығындарынан тазалауда және свабтау операцияларын жүргізу кездерінде түсіріп көтеруге қолданады. Ұңғы мұнара немесе мачтамен жабдықталуы қажет. Лебедка Т-130-1-3 тракторына орнатылады да, оның жетек күші трактордың қозғалтқышынан алынады.

«Азинмаш-43П» көтергіші Т-100МБ батпақта жүре алатын тракторға немесе қарапайым Т-100М тракторына орнатылады. Лебедканың бір тежеу шкиві және екі тежегіш таспалары бар. Батпақты трактордың топыраққа түсіретін қысымы 0,032 МПа-дан артпайды. Көтергіштің басқару тетіктері трактордың кабинасына орнатылған.

«Азинмаш-37А» агрегатының құрылымын қарастырайық. Аталған агрегат КрАЗ-255Б автомашинасының шассиіне орнатылған. Ол тереңдігі 2900 м-ге дейінгі ұңғыманы ағымды жөндеуге арналған. Агрегаттың күршегінде жүктің салмағы 28 т-ға дейін жетеді. 5.5-суретте агрегаттың кинематикалық сұлбасы көрсетілген. Лебедканың жетегі қуат алу қорабынан (1) карданды білікке (2), беріліс қорабынан (3) екінші кардан білігі (4) мен конустық беріліс (5) арқылы іске асырылады. Осыдан барып айналым моменті тісті дөңгелекті беріліс (6) және лебедканың білігіне беріледі. Лебедканың білігі барабанмен осьтік фрикционды муфта (9) арқылы байланысады. Фрикционды муфта автомашинаның пневможүйесінің жетегі арқылы пневмоцилиндрмен (8) іске қосылады. Фрикционды муфтаның ретивонакстан жасалынған дискілі қосымшалары бар және тежеу шкивінің (10) ішіне орнатылған. Тежелу операциясы тежеу таспалары (11) арқылы жүргізіледі.

 

 

5.5-сурет. «Азинмаш-37 агрегатының кинематикалық сұлбасы

 

Агрегаттың жерасты жөндеуге арналған автоматты АПР-ГП (13) жетегіне арналған гидрожүйесі бар, сонымен бірге мұнараның (12) жоғарғы бөлігін шығаратын лебедканы да жетекке алады. Гидрожетек жүйесі энергияны беріліс қорабынан алады. Ол пневмоцилиндрдің (14) көмегімен іске қосылады. Қораптан (3) іліну жабдығы (15) да беріліс алады.

Агрегаттың мачтасы телескопиялық болып, алдыңғы жағы ашық болады. Жалпы биіктігі 18 м, ал күршекті көтеру биіктігі 12 м. Тальдік жүйенің жарақтануы 3х2 және қос роликтерден тұратын кронблок пен күршекблогы (2КРБ2х28) бар. Мачтаның көтерілуі пульт арқылы жүргізіледі.

Автомашинаның жүрістік қозғалтқышының қуаты 176 кВт, білігінің айналу жиілігі 2100 мин-1.

УПТ1-50 агрегаты қуаттылау базаға – қозғалтқышының қуаты 118 кВт тракторға орнатылған. Бұл агрегат ұңғымаларды ағымды және іргелі жөндеуге арналған. Оның басқа агрегаттардан айырмашылығы мынада: лебедкасының екі барабаны бар – біреуі тальдік жүйенің канаты үшін, екіншісі – тартальды канатқа лайықталған. Тартальды барабанның сыйымдылығы 2340 м, канаттың диаметрі 13 мм. Максималды тарту күші 73 кН (5.4-кесте). Бұл агрегатқа 9МГР маркалы шаю жұмысына арналған автотіркемеге орнатылған сорап қойылады. Сораптың максималды қысымы 16 МПа, өнімділігі 6,1 л/с, ал 6 МПа қысымда – өнімділігі 9,95 л/с-қа тең болады. Сораптың жетегі жүрістік қозғалтқыштан карданды білік арқылы алынады.

5.4-кесте

Жерасты жөндеу агрегаттарының негізгі параметрлері

 

Агрегат Базасы Көтеру шама-сы, т Мачта- ның жарағы Биік- тігі, м Жылдамдығы
І ІІ ІІІ ІУ
«Азинмаш-37»   «Азинмаш-43А»   УПТ1-50     А-50У КрАЗ-255Б     Т-100 МБГС   Т-130-Г-1     КрАЗ-257             3х2 4х3   3х2     4х3     4х3             22,4               -    

 

Ескерту: 1. Т-100МБГС - батпақта жүретін гидрожүйелі трактор. 2. Бөлшектердің алымында күршектің көтеру жылдамдығы берілген, м/с, бөлімінде – күршектегі жүк көтергіштік, т.

 

А-50У агрегаты бұрғылау жұмыстарының роторы мен компрессорды іске қоса алады. Ротор агрегаттың гидрожүйесінің гидроқозғалтқышымен іске қосылады. Компрессор агрегаттың тарату редукторының білігіне орнатылған шкив арқылы сыналы белдікті беріліс арқылы қосылады.

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 360 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ымаларды жерасты жөндеу (ҰЖАЖ) жабдықтары | Тальдік жүйенің элементтері | Тальдік жүйенің есептеулері | бырлар мен штангаларды бұрап алу механизмдері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ымаларды іргелі жөндеу| Жерасты жөндеу агрегаттарының параметрлерін есептеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)