Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Газды абсорбциялау қондырғыларында кептіру

Читайте также:
  1. Газды күкіртсутектен және көмірқышқыл газынан тазалау
  2. Газдық жану реакциясының кинетикасы
  3. Гравиметрияда негізгі: тұнбаны сүзу, шаю, кептіру және күйдіру операцияларын орындау әдістемесі.
  4. Кептіру мен бөлу

Газды кептіру негізінен газ құбырларында ылғалды сұйықтың конденсациясы жүрмейтіндей дәрежеге дейін газдың құрамындағы су буын азайту мақсатында жүргізіледі.

Газды кептіру үшін сұйық сорбенттер-гликолдер қолданылады олар: ылғалды жұтуға (сіңіруге) қабілетті диэтиленгликоль (ДЭГ) және триэтиленгликоль (ТЭГ).

Гликолдар тұтқыр, мөлдір сироп тәріздес сұйықтық түрінде болады, ДЭГ тығыздығы - 1118,4 кг/м3, ал ТЭГ тығыздығы - 1125,4 кг/м3. Гликолдар сумен кез-келген қатынаста араласады және газ ағыстарынан су буларын жұтып алады.

Сұйық сорбенттердің артықшылықтары:

· суда жақсы ериді;

· жеңіл регенерацияланады (қалпына келеді);

· аз, елеусіз шығындар;

· көмірсутекті конденсатпен көбіктер мен эмульсиялар мүлдем түзілмейді;

· тығыздықтарының айтарлықтай айырмашылығының нәтижесінде тұндырғыштарда жеңіл бөлінеді;

· процесстің үздіксіздігі, басқарудың қарапайымдылығы;

· қондырғыдағы қысым түсуінің, яғни қысым өзгерісінің елеусіздігі.

Сорбенттердің негізгі кемшіліктері олардың салыстырмалы бағасының жоғары болуы болып табылады.

 

11.2.Сурет. Табиғи және мұнайгазын сұйық сорбенттермен кептірудің қарапайым сұлбасы 1-айырғыш; 2- абсорбер; 3-жиналған гликолды құю желісі; 4-жалюзді тамшы ұстағыш; 5-деңгей реттегіші; 6-жылуалмастырғыш; 7- желдеткіш; 8-сүзгі; 9-десорбер; 10-сақина; 11- қайнатқыш (буландырғыш); 12, 16-мұздатқыш; 13- жиналған гликолге арналған айырғыш; 14-сорап; 15-эжектор. I-шикі газ желісі; II-құрғақ газ желісі; III-отындық газ желісі; IV-салқын су желісі; V-түтінді шығару бағыты.

 

Газды кептірудің қарапайым сұлбасы 11.2.Суретте келтірілген және келесі түрде жұмыс істейді: кептіруге келіп түсетін газ (I) - бастапқыда айырғыштан-1 өтеді, одан кейін абсорбердің төменгі тарелкасының астына бағытталады.

Концентрацияланған гликолдің ерітіндісі сораппен-14 жоғарыдан беріледі және тарелкалар бойымен төмен түседі, газбен кездескен кезде қаныға отырып абсорбердің төменгі бөлігінде жиналады. Кептірілген газ жалюзді кассета 4 арқылы магистралды газқұбырына -(II) барып түседі. Сумен қаныққан гликоль жылуалмастырғыш-6 арқылы желдеткішке-7, сүзгіге-8, содан кейін десорберге (буландыру тізбегіне-выпарную колонну)-9 барып түседі. Буландыру тізбегіндегі қайнатқышта-11 гликоль 160-1650С дейінгі температурада қыздырылады, нәтижесінде су буланады және гликоль буының аздаған мөлшерімен мұздатқыш-12 арқылы өтеді және айырғышқа-13 барып түседі. Буландырғыш тізбектің жоғарғы бөлігіндегі температура 1050С аралығында ұсталып тұрады. Регенерацияланған гликоль ерітіндісі сораппен-14 алынып және жылуалмастырғыш-6 пен мұздатқыш-16 арқылы (300С шамасындағы температурамен) абсорбердің жоғарғы тарелкасына қайтадан барып түседі. Цикл қайталанады.

Ісжүзінде белгілі болғандай, газды жақсы кептіру үшін 1 кг абсорберленетін суға 25 л-ден кем болмайтын гликоль циркуляциялануы тиіс, сонымен қатар, абсорбердегі тарелкалардың саны да көп болуы керек (10 дана).

Абсорберге берілетін жаңа ерітіндінің мөлшері мына формула бойынша анықталады:

G = (11.1)

мұндағы G - гликолдің мөлшері, т/тәу;

q1 және q2 - сәйкесінше регенарацияланған және қаныққан ерітіндідегі гликолдің массалық концентрациясы.

Жұтылатын ылғал мөлшері- W (т/тәу) мына формула бойынша анықталады:

W = 10-6V(W1 - W2) (11.2)

мұнда, V - қалыпты жағдай кезінде кептіруге түсетін газдың

мөлшері, м3/тәу;

W1 және W2 - газдың тығыздығын және қабат суының минерализациясын ескере отырып, қысымға және температураға байланысты ылғалдылық құрамының қисығы (2.2 сурет) бойынша анықталатын, газдағы бастапқы және соңғы ылғалдылық құрамы.

 

 


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 1012 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Мұнайды сусыздандыруға арналған тұндырғыштар | Электродегидраторлар | Жылуалмастырғыштар және оларды есептеу | Болаттан жасалынған резервуарлардың жабдықтары | Шығынын анықтау | Мұнай өндiрушi кәсiпорындарды сумен қамтамасыз ету | Абатқа су айдау үшiн қолданылатын суға қойылатын талаптар | Ағынды суды дайындаудың ашық түрдегі қондырғылары | Ағынды суды дайындаудың жабық түрдегі қондырғылары | Тұщы суларды дайындау қондырғылары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Төменгі температуралы айыру| Кептіру мен бөлу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)