Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Читайте также:
  1. II. Ауыз суының сапасын бағалау бойынша жағдайлық есептер
  2. Parliament бренді бойынша 2012 жылға Leo Burnett жұмыс көлемі
  3. Азақ тілі ” пәні бойынша глоссарий
  4. АКТ –ны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
  5. Газ бойынша тік гравитациялық айырғышты есептеу
  6. Жалпы медицина» 2 курс 2014 – 2015 оқу жылы.
  7. Зертханалық жұмыс №7(2 сағат). Дискреттік есептеулер бойынша үздіксіз сигналды қайта құру. Котельников теоремасын қолдану.

 

Каскелен, 2014

 

 

Азаматтық құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар адамдар арасында әрекет етеді. Бұл қатынастарға жекелеген азаматтармен қатар, заңмен көзделген белгілерге ие болып табылатын ұжымдық бірлестіктер де қатыса алады. Мұндай бірлестіктердің қатарына заңды тұлға деп аталатын ұйымдар, әкімшілік-аумақтық бірлітер де жатқызылады.

«Заңды тұлға» терминімен қатар заң «жеке тұлға» терминін де кеңінен қолданады. Бұл термин тек Қазақстан Респубилкасының азаматтарын ғана емес, сонымен қатар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды (апатридтерді) де қамтиды. Азаматтық құқықтық қатынастар кез келген барлық азаматтық құқық субъектілерінің арасында пайда болуы мүмкін. Бұл адамдар мен ұйымдар құқық субъектісі ретінде тек қана қоғамдық құқықтық қатынастарға қатысып, мәмілелерді жасаса алады.

Құқық субъектісі туралы нормалар тек Азаматтық кодексте ғана емес, сондай-ақ басқа заңи актілерде көрініс табады.

Азаматтық құқық тұлғалары мен субъектілеріне ерекше қасиеттерге – азаматтық құқық субъектілікке, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болып, жүзеге асыру қабілеттілігіне ие болып табылатын жекелеген адамдар (индивидтер) мен кейбір олардың бірлестіктері (заңды тұлға, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірлестіктер) жатқызылады. Бұл қасиеттерге ие болу индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Әрбір адам, ҚР азаматы ретінде бола ма, басқа мемлекеттің азаматы болады ма, жоқ әлде азаматтығы жоқ тұлғалардың қатарына жатқызылады ма – азаматтық құқық субъектілікке ие болады, сәкесінше, ол азаматтық құқық субъектісі болып табылады.

ЖОО-нда оқудың ерекшелігі – орта білім алу процессіне қарағанда, жоғарғы білім алу процессі – ол дербес өзіндік білім алу. Семинар сабақтарға дайындалу оқу материалын игерудің негізгі нысаны болып табылады.

Сабақтарда студенттің белсенділігі пән бойынша өз білімдерін тереңдетуге, қайнар көздермен дербес жұмысты атқару, дайындалып дәлелді баяндама жасау, дискуссияға қатысып өз пікірлерін негіздеу дағдыларын алуға мүмкіншіліктер береді.

Әдебиетті оқудың жалпы ережелері:

1. Оқу кезеңдері:

1) кітаппен алдын ала танысу;

2) алғы сөзді немесе кіріспені оқу;

3) мәтінді оқу.

2. Мәтінді ұқыпты оқыңыз – түсініксіз жерлерге қайта оралып.

3. Мәтінді мұқият оқыңыз – маңызды жерлерін жібермей.

4. Мәтінді зейінділікпен оқыңыз – оқып жатқаныңызды ойдан тастамай.

5. Мәтінді логикалық соңына дейін оқыңыз – абзац, параграф, тарау, бөлімінің және т.б. соңына дейін.

6. Тиісті институтты реттеген заң нормаларының ара қатынасын меңгере отырып оқу қажет

Тиімді оқу жолдарын дербес игеру үшін келесі оқу құралын ұсынамыз - Андреев О.А., Хромов Л.Н. Учитесь быстро читать.- М., 1991.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық

Студенттер СӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тақырыптар бойынша жазбаша нысанда дайындалады. Студент тарапынан дайындалған СӨЖ мұғалімнің офис сағантарында қорғайды. Қорғау кезінде тақырыпты қысқаша түсіндіреді және сол тақырыпқа байланысты мұғалім тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі талап етіледі.

СӨЖ туралы талаптар:

Тақырыптың негізіне кірмес бұрын студент СӨЖ тақырыбына кіріспе жасайды. Кіріспеде тақырыптың қысқаша тарихшасына тоқталады, құқықтағы орны мен маңызы қарастырылады. Осдан кейін негізіне тоқталады. Осы бөлімде тақырыпты жан жақты ашуға тырысылады. Осы тақырыпқа байланысты ғылыми пікірлер, тәжірибеге тоқталады. Жұмыста студент тақырып шеңберінде еңбекте қаралған сұрақтарды көрсетіп автордың субъективті позициясын ашуға тиісті. Осыдан кейін барып өзіндік қорытынды жасалады. Қорытынды да тақырыпқа байланысты өзіндік тұжырым, түйіндемелер жасалады.

Студенттер СӨЖ жазу барысында жұмыс бағдарламасында сонымен қатар силлабустарда көрсетілген әдебиеттерді пайдалана алады. Жұмыстың көлеміне байланысты шектеулер жоқ, бірақ тақырыпты жеткілікті дәрежеде ашуы тиіс. СӨЖ орындауда жоспары, мазмұны және қолданылған әдебиет тізімі көрсетіледі. Қолданылған әдебиеттер тізімінде, ғылыми еңбектің аталуы, авторы, баспа атауы, шыққан жері мен жылы көрсетіледі.

СӨЖ мақсаты: тақырып шеңберінде жоспарда көрсетілген сұрақтар бойынша негізделген ғылыми және тәжірибелік қорытындыларды шығару.

СӨЖ жазбаша нысанда, тақырыпты ашып, негіздеп жазу түрінде тапсырылады және студент тарапынан қорғалады бұл жайында тапсырма бөлімінде айтылған. СӨЖ тақырыптары төменде белгіленген тақырыптардың ішінен екеуін 7 аптаға дейін оқытушының офис уақыттарында тапсырылады, ал кейінгі тақырыптардан таңдалған екеуі 14 аптаға дейін тапсырылады. Кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды.


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 267 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 4 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 5 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 6 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 7 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 8 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 9 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 10 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 11 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 12 страница | Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері 13 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС СУБЪЕКТІЛЕРІ пәнінен өзіндік тексеруге арналған сұрақтары| Жұмыс бағдарламасында көрсетілген мерзімнен кейін даярланған СӨЖ қаралмайды

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)