Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып №1. Кіріспе. Гигиена - медицинадағы алдын алу пәні ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері – 1 сағат.

Читайте также:
  1. Азақ тілі ” пәні бойынша глоссарий
  2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС СУБЪЕКТІЛЕРІ пәнінен өзіндік тексеруге арналған сұрақтары
  3. Б. Личная гигиена подростка.
  4. Дәрістердің тақырыптық жоспары
  5. Дәрістің тақырыптық жоспары
  6. Дәрістің тақырыптық жоспары
  7. Жұмыстың мақсаты

СИЛЛАБУС

 

Пән Жалпы гигиена - OG 2222

 

Мамандық: 051301 – «Жалпы медицина»

 

Оқу сағатының көлемі 90 сағат

 

Курс 3 Семестр 5-6_

 

Алматы, 2014 ж.

Силабусты ҚР ДМ Астана, «___» ___________ 2009 ж, Ғылым мен адам ресурстарын дамыту Департаментімен бекітілген «Жалпы гигиена» пәні жөніндегі Типтік оқу бағдарламасы негізіндежалпы гигиена және экология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., проф. Кенесариев Ү.И., м.ғ.к., аға оқытушы Ержанова А.Е. қайта құрастырды. Мемлекеттік тілде қайта өңдеген оқытушы Адилова М.Т.

 

Жалпы гигиена және экология кафедрасының мәжілісінде талқыланды және бекітілді.

 

«___»____________ 2014 ж. Хаттама № ___­­­­­­­­­­­­­

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор _____________ Кенесариев Ү.И.

 

 

ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

1.1 ЖОО аталуы: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

 

1.2 Кафедра: Жалпы гигиена және экология

 

1.3 Пәні: Жалпы гигиена- OG 2222

1.4.Мамандығы: 051301 – «Жалпы Медицина»

Оқу сағатының көлемі – 90 сағат

1.6 Оқитын курсы және семестрі: 3 курс, 5-6 семестр

 

Оқытушылар туралы мағлұматтар

Аты-жөні Ғылыми дәрежесі, лауазымы, атағы Алдыңғы реттегі ғылыми қызығушылығы Қол жеткізген табыстары, еңбектері
  Кенесариев Ү.И. м.ғ.д., кафедра меңгеру-шісі, профессор Республиканың мұнай газ аймақтарындағы және ракеталық-ядролық сынақ полигондары аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу және өзекті халықаралық бағдарламаларды іске асыру. Республикалық медициналық ЖОО арналған жалпы гигиена және экология жөніндегі типтік бағдарламаларды дайындаушы, 300-ден асатын еңбектердің, оның ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі «Экология және халық денсаулығы», «Коммуналдық гигиена» оқулықтарының, «Тағамтану гигиенасы» оқу құралының және қазақ тілінде жазылған «Радиациялық гигиена» оқу құралының авторы. Жалпы гигиена және экология бойынша барлық факультеттерде дәрістер оқиды.
  Анамбаева А.И. м.ғ.к, доцент Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен балалардың денсаулық жағдайларын зерттеу. Стоматология факультетіне арналған типтік және жұмыстық бағдарламаларды дайындаушы. Медициналық ЖОО студенттеріне арналған жалпы гигиена бойынша «Гигиена лечебно-профилактических организаций» және «Гигиена детей и подростков» оқу құралдарының авторы. Стоматология факультетінің студенттеріне жалпы гигиена мен экологиядан дәрістер оқиды.
  Амрин М.К. м.ғ.к, доцент. Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы және ракеталық-ядролық сынақ полигондары аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. Медико-профилактикалық және фармацевтикалық факультеттерге арналған медициналық экология жөніндегі типтік және жұмыс бағдарламаларды дайындаушы. Орыс және қазақ тілдерінде жазылған «Ауа гигиенасы» оқу құралының авторы. Медико-профилактикалық және басқа да факультеттердің студенттеріне жалпы гигиенадан, медициналық экологиядан дәрістер оқиды.
  Аликеева Г.М. м.ғ.к., аға оқытушы Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. Қазақ және орыс тілдеріндегі «Су гигиенасы», «Қазақстан аумағындағы бірінші медициналық қызметкерлері» оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Экологиядан дәрістер оқиды.
  Алимова Н.Е. аға оқытушы Республиканың мұнай-газды аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. «Қоғамдық денсаулықты сақтау», «Фармация» мамандықтарына арналған экология жөніндегі жұмыстық бағдарламалар мен силлабустарды дайындаушы. Медициналық ЖОО студенттеріне арналған жалпы гигиена бойынша «Гигиена питания» және «Гигиена детей и подростков» оқу құралдарының авторларының бірі. Фармацевтика факультетінің студенттеріне жалпы гигиенадан дәріс оқиды.
  Сламқұлова С.Ш. Оқытушы   Барлық факультеттерде жалпы гигиенадан және экологиядан сабақ жүргізеді. Кафедраның әдістемелік материалдарын дайындауға және мемлекеттік тілге аударуға қатысады.
  Адилова М. Т. Оқытушы   Барлық факультеттерде жалпы гигиенадан және экологиядан сабақ жүргізеді. Кафедраның әдістемелік материалдарын дайындауға және мемлекеттік тілге аударуға қатысады.
  Оразымбетова А.М. аға оқытушы Республиканың ракеталық-ядролық сынақ полигондары аймақтарындағы қоршаған орта мен халық денсаулығы жағдайларын зерттеу. Барлық факультеттерде жалпы гигиенадан және экологиядан сабақ жүргізеді. Кафедраның әдістемелік материалдарын дайындауға және мемлекеттік тілге аударуға қатысады.
  Желдербаева М.К. М.ғ.к., аға оқытушы   Барлық факультеттерде жалпы гигиенадан сабақ жүргізеді. Кафедраның әдістемелік материалдарын дайындауға және мемлекеттік тілге аударуға қатысады.
  Молдақарызова А.Ж. б.ғ.к., аға оқытушы   Барлық факультеттерде жалпы гигиенадан сабақ жүргізеді. Кафедраның әдістемелік материалдарын дайындауға және мемлекеттік тілге аударуға қатысады.

1.8 Жанаспалы ақпарат: кафедраның тұрған орны Төле би көшесі 94, 1 оқу корпусы

тел. 338-70-90, ішкі номері 7431

факс 2926722

1.9 Пәннің саясаты

Студент кафедраның келесі талаптарын орындауы тиіс:

- Сабаққа кешікпеуі; 3 кешігу себепсіз 1 сабақ жібергенге тең болады.

- Жіберілген дәрістер оқып өтелмейді, бірақ дәріс оқылған тарау бойынша білімдерін бақылау кезінде бағасы 1 баллға төмендетіледі және емтихан тапсыру кезінде қосымша сұрақ енгізіледі.

- Жіберілген сабақтарын оқытушы тағайындаған белгілі бір уақытта оқып өтеуі керек, жіберген сабақты уақытында өтемеген жағдайда баға 25% төмендейді.

- Оқу үрдісіне белсенді қатысуы тиіс;

Тәжірибелік сабақтардың барлық тапсырмаларын орындау және талаптарға сәйкес нәтижесін жазу;

- Студенттің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) және оқытушымен бірге орындайтын ОСӨЖ тапсырмаларын жеткілікті деңгейде орындауы және оларды белгіленген мерзімде өткізуі тиіс; уақытында өткізбеген жағдайда бағасы 25% төмендетіледі.

- Тарау бойынша білімдерін (рубеждік) бақылауды өз уақытында тапсыруы тиіс, оларсыз емтихан тапсыруға рұқсат берілмейді, өз уақытында тапсырмаса әрбір аралық білімдерін бақылау жұмысына рейтингі 1 баллға төмендейді.

- Аудиторияда ақ халатта болуы тиіс.

 

БАҒДАРЛАМА

Кіріспе.

Гигиена- адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін аурулардың алдын алу мақсатында, медицинаның алдын алу жөніндегі негізгі пән болып табылады. Қоғамның денсаулығы қазіргі жағдайда оның санитарлық-эпидемиологиялық қолайлылығымен және азаматтардың қауіпсіз тіршілік етуіне құқықтылығымен анықталады. Қоршаған орта мен адам ағзасының ортасында өзара тығыз қарым-қатынас бар, ортаның қолайсыз факторлары үнемі әсер етіп отырған жағдайда, сонымен қатар, әсіресе,адамға қауіпті болып табылатын қазіргі уақытта жаңа техногенді факторлардың аумағы кеңейген сәтте, сыртқы орта қарқынды ластанған кезде тұрғындар денсаулығының төмендеуіне және көптеген аурулардың дамуына себепкер болады. Аурулардың даму қаупін төмендету, популяцияның денсаулығын сақтауға тек алдын алу шаралары ғана көмек бере алады, себебі, емдеуге, яғни дамыған ауруды емдеуге қарағанда, сырқы ортаның зиянды факторларын жою және олардың әсерін төмендету жолы арқылы аурулардың алдын алуға бағытталған. Осы шаралардың ғылыми негізін адам ағзасы мен қоғам денсаулығына сыртқы орта факторларының әсерін зерттей отырып, гигиеналық нормативтер мен санитарлық ережелерді дайындайтын гигиена ғылымы болып табылады.

Алдын алу шараларын тек қана гигиенист дәрігерлер ғана емес, сонымен қатар, гигиенаның ғылыми негіздерін жақсы білуге міндетті емдеу бағытындағы емдеу дәрігерінің де жұмысының негізгі бөлігі болып табылады. Дәрігердің гигиеналық білімділігі оған алдын алу жұмыстарын білімді түрде жүргізуге және тиімді атқаруға мүмкіндік береді, ортаның әртүрлі теріс факторларының адам ағзасына әсерін біле отырып, емдеу-диагностикалық шараларды дұрыс жүргізе алады, сонымен бірге, тұрғындардың гигиеналық білімділігін жоғарылата отырып, сауықтыру шараларды тиімді жүргізе алады.

2.2. Пәнді оқыту мақсаты:

Медициналық қызметкерлерге, оның келешектегі кәсіптік жұмыстарының барлық аспектілеріне қажетті аурудың алдын алу жөнінде ойлауын қалыптастыру.

Тек қана жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың біріншілік және екіншілік алдын алу сұрақтарын шешуге мүмкіндік беретін ғана емес, сонымен қатар, дұрыс диагноз қою, ауруларды адекватты емдеу және қалпына келтіру, халықтың гигиеналық салауаттылығын арттыру үшін де қажетті гигиеналық білімдерінің негізін қалыптастыру.

2.3. Пәнді оқыту міндеттері:

· Адамның тіршілігі мен өндірістік жұмыс жағдайындағы қоршаған ортаның әртүрлі факторларының жеке адамның денсаулығына және қоғам денсаулығына әсер ету табиғаты мен сипаты туралы түсінікті қалыптастыру.

· Аурулардың алдын алу, сау адамдардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін гигиеналық білімді қалыптастыру.

· Аурулардың этиологиясы немесе қауіп-қатер (риск) факторы ретінде қоршаған орта факторларының рөлін атап көрсетуді және бұл білімдерін өзінің кәсіптік жұмысында қолдану дағдысын қалыптастыру.

· Гигиеналық сұрақтар жөнінде жаңа ақпараттар табуды және оны нақты кәсіптік міндеттерін шешу үшін қолдану дағдысын қалыптастыру.

· Гигиеналық білімдерін халықтың гигиеналық сауаттылығын арттыру үшін қолдану дағдысын қалыптастыру

2.4. Оқытудың соңғы нәтижелері:

Білімдерін қалыптастыру:

1. Ауаның гигиеналық маңызын. Атмосфералық ауаның физикалық қасиеттерінің, табиғи химиялық және биологиялық құрамының және ластануының адам ағзасына әсерімен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды.Ауа райы мен климат жағдайларының адамның денсаулық жағдайына әсерін.

2. Әртүрлі бағытта жұмыс істейтін жабық бөлмелерге қойылатын гигиеналық талаптар. Қолайсыз микроклимат жағдайының, ауаның химиялық, бактериялық ластануының ағзаға әсер етуін алдын алу жөніндегі шараларды.

3. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен таралуындағы су факторы мен топырақтың және олардың алдын алу жөніндегі гигиеналық шараларды

4. Жеке және ұжымдық рационалды тамақтану мен оған медициналық бақылау жүргізудің гигиеналық негіздері.

5. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы мен денсаулық жағдайларының мәселелері. Балалардың денсаулығының жоғарғы деңгейі мен дұрыс дамуын қамтамасыз етудің гигиеналық негіздері.

6. Өнеркәсіп кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығындағы жұмыс үрдістері мен жұмыс ортасының ең көп таралған зиянды факторларының гигиеналық сипаттамасын. Өндірістегі кәсіптік патологиялардың, өндірістік жарақаттанулардың алдын алу және жалпы ауру-сырқауды төмендету жөніндегі шараларды.

 

Дағдыларын қалыптастыру:

1. Тұрғын және қоғамдық үйлердегі микроклимат параметрлерін, ауа ортасының сапасын, желдетуді, жылытуды,жарықты зерттеуді және бақылау жүргізуді.

2. Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы су факторының және топырақтың рөлін бағалауды және олардың алдын алу жөнінде шаралар жүргізуді.

3. Суды зарарсыздандыру үшін құрамында хлоры бар препараттардың дозасын есептеуді және зарарсыздандыру жүргізуді.

4. Жеке адамның және халықтың ұйымдастырылған топтарының тамақтануы ұйымдастырылуын және құндылығын бағалауды және оларға медициналық бақылау жүргізу және дозиметрлерді қолдануды орындай алуы тиіс.

5. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дене дамуының жағдайын бағалауға, күн тәртібін ұйымдастыруға, оқу-тәрбиелік үрдісіне медициналық бақылау жүргізу.

6. Кәсіптік зияндылықтардың адам ағзасына әсер ету қауіпін бағалауды, қажетті алдын алу шараларын ұсынуды

 

2.5. Пререквизиттер: экология, медициналық биофизика, химия, молекулярлық биология және медициналық генетика, биохимия, қалыпты анатомия, қалыпты физиология, патологиялық физиология, микробиология.

2.6. Постреквизиттер: эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау, еңбек гигиенасы, нутрициология, коммуналдық гигиена және балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

2.6. Пәннің қысқаша мазмұны.

Гигиена қоршаған орта нысандарының (ауа, су, топырақ, тағамдық азықтар, өндіністік ортаның) табиғи және антропогендік факторларын және осы факторлардың адам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді. Алынған мағлұматтардың негізінде ол адамды қоршаған ортаны-тіршілік ортасын және өндірістік іс-әрекет ортасын қорғауға және сауықтыруға бағытталған, солар арқылы адамның денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған ғылыми тұрғыдан негізделген гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді, алдын алу шараларын дайындайды.

Қазіргі гигиена көп салалы пән, оның құрамына коммуналдық гигиена, тамақтану гигиенасы, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер, емдеу-алдын алу мекемелерінің, радиациялық, әскери, әлеуметтік гигиена, т.б. кіреді. Гигиена барлық клиникалық пәндермен тығыз байланыста, себебі денсаулық жағдайын бағалауға арналған өзінің зерттеулерінде ол клиникалық зерттеу әдістерін және қоршаған орта факторларының әсерінен пайда болатын патологиялардың клиникалық көріністері мен ағымының (барысы) сипаты туралы мағлұматтарды кеңінен қолданады. Сонымен қатар, гигиена дайындаған нормативтер, ұсыныстар, ережелер емдеу медицинасының барлық емдеу-алдын алу жұмыстары оның негізі болып табылады.

Рбір сабақтың (дәрістердің, тәжірибелік, семинарлық, зертханалық сабақтардың, өзіндік жұмыс, оқыушының студенттермен өзіндік жұмысы) тақырыптарының, түрі мен ұзақтығының тақырыптық жоспары

Дәрістердің тақырыптық жоспары

Тақырыптардың аталуы Сағаты
  Кіріспе. Гигиена-медицинадағы негізгі алдын алу пәні. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері.  
  Гигиенаның зерттеу әдістері. Гигиенаның даму тарихы. ҚР гигиенаның заманауи даму бағыттары.  
  Ауа ортасының гигиеналық маңызы  
  Су денсаулық факторы ретінде. Су факторымен байланысты пайда болатын аурулар  
  Емдік профилактикалық мекемелердің орналастырылуына және жоспарлануына қойылатын гигиеналық талаптар. Аурухана ішілік инфекциялардың алдын алу.  
  Барлығы  

Машықтану сабақтарының тақырыптық жоспары

Тақырыптың аталуы Оқу сағ. көлемі
  Гигиена- медицинадағы негізгі алдын алу пәні ретінде.  
1. Ауа ортасының гигиенасы
  Бөлменің микроклиматын гигиеналық бағалау. Жылытуды бағалау.  
  Инсоляциялық тәртіпті және бөлмедегі табиғи және жасанды жарықты гигиеналық бағалау.  
II. Су гигиенасы
  Ауыз су сапасын және сумен қамтамасыз ету көздерін гигиеналық бағалау.  
III. Топырақ гигиенасы және елді мекендерді тазарту
  Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау.  
IV. Тағамтану гигиенасы
  Рационалды тамақтану, принциптері. Сүт, ет және банкідегі консервілердің залалсыздығын бағалау.  
V. Емдеу алдын алу мекемелерінің гигиенасы.
  Ауруханалардың бас жоспары мен жағдайлық жоспарын гигиеналық бағалау.  
Раздел VI. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
  Балалар мен жасөспірімдердің физикалық дене дамуы мен денсаулық жағдайын гигиеналық бағалау. Өндірістік шу, діріл,шаңның гигиеналық маңызы. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу.  
Барлығы:  

ОСӨЖ тақырыптық жоспары

Тақырыптар Оқу сағ. көлемі
  Алдын алу шаралар жүйесіндегі қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалау негізгі бөлімі ретінде.  
1. Ауа ортасының гигиенасы
  Бөлменің ауасының химиялық және бактериялық ластануы мен табиғи және жасанды желдетудің тиімділігін бағалау.  
  Балалар мен қарта адамдардың ультра күлгін жетіспеушілігінің алдын алу. Бөлмені санациялау үшін УК көздерін қолдану.  
II. Су гигиенасы
  Су сапасын жақсарту әдістері.  
III. Топырақ гигиенасы және елді мекендердерді тазарту
  Елді мекендерді тазарту бойынша шаралар.  
Ауа, су, топырақ гигиенасы тараулары бойынша білімдерін бақылау.  
IV. Тағамтану гигиенасы
  Тамақтан уланулар және олардың алдын алу.  
V. Емдеу алдын алу мекемелерінің гигиенасы
  ЕПМ арнайы мамандандырылған бөлімшелерінің ішкі жоспарлануын гигиеналық бағалау. Аурухана ішілік инфекциялар және олардың алдын алу.  
VI. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
  Балалар мекемелерін жабдықтау және жоспарлаудың гигиеналық принциптері, санитарлық ережелері мен қалыптары. Кәсіптік уланулар және олардың алдын алу.  
Тамақтану гигиенасы, ЕПМ және Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы тараулары бойынша білімдерін бақылау.  
Барлығы:  
               

СӨЖ арналған тақырыптық жоспары

СӨЖ арналған тақырыптар Өткізу түрі Оқу сағ. көлемі
  Гигиенаның даму тарихы. Қоршаған орта факторларының әсерімен байланысты туындаған аурулардың негізі ретіндегі гигиеналық нормалау. реферат тест  
  Ауаның физикалық қасиетінің, химиялық және биологиялық құрамының гигиеналық маңызы.Климаттық және ауа райы жағдайларының адам денсаулығына әсері. Олардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу. реферат, ситуациялық есептер құрастыру  
  Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу. реферат презентация  
  Елді мекендерді жоспарлауға, салуға қойылатын гигиеналық талаптар, тұрғын үй гигиенасы. ситуациялық есептер құрастыру, оқу-зерттеу тапсырмасы  
  Тұрғындардың ұжымдық және жекелей тамақтануының құндылығына және ұйымдастырылуына медициналық бақылау жүргізу. ситуациялық есептер құрастыру тест құрастыру  
  Негізгі тағамдық азықтардың тамақтық және биологиялық құндылығы. Эпидемиологиялық маңызы. кейс-стади реферат  
  Аурухананың ішкі ортасын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар тест  
  Әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалар ағзасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері және олармен байланысты туындайтын аурулардың алдын алу. реферат презентация  
  Мектептерде балалардың дене тәрбиесі мен шынығуының гигиеналық негіздері. Оларды ұйымдастыруға дәрігерлік бақылау жүргізу. Оқу зерттеу тапсырмасы  
  Еңбекке тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Жасөспірімдердің дәрігерлік-кәсіптік кеңесі. Оқу зерттеу тапсырмасы  
  Мектептер мен бала-бақшаларда санитарлық-гигиеналық және емдік алдын алуды ұйымдастыруға дәрігерлік медициналық бақылау жүргізу реферат оқу зерттеу тапсырмасы  
  Еңбектің кернеулігі мен ауырлығын гигиеналық бағалау. Өндірістік шаршау мен еңбек үрдісімен байланысты аурулардың алдын алу. Ситуациялық есептер құрастыру  
  Өндірістік улардың әсерінің жалпы заңдылықтары. Токсигенділігін және қауіптілігін бағалау. реферат кейс-стади  
  Өндірістік ортаның физикалық факторларының (иондағыш емес электромагниттік өрістер, электрлік және магниттік өрістер, инфра- ультра дыбыстар) Қолайсыз әсерлерінің алдын алу. реферат  
  Медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасының негізгі аспектілері. кейс-стади реферат  
  Барлығы:  

Студенттердің өздері орындайтын жұмыстарына тапсырма

I. Машықтану сабағында: жағдайлық есептерді шешу, тесттік сұрақтарға жауап беру, кроссвордтар мен тест сұрақтарын құрастыру, материалды талқылау барысында белсенді түрде қатысу.

II. СӨЖ: Берілген әдебиет бойынша тақырыпқа байланысты материалды талқылау, жаңа ақпараттарды іздестіру, рефераттар, презентациялық көрсетілімдер, баяндама, кроссворд, тесттерді құрастыру.

III ОСӨЖ: жағдайлық есептерді шешу, тесттік сұрақтарға жауап беру, кроссворд құрастыру, материалды талқылауға белсене ат салысу.

2.9. Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

Орыс тілінде:

1. Бекмагамбетова Ж.Д. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие. – Алматы, 2002. – 304с.

2. Гигиена /Под ред. акад. РАМН Г.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА,2000.-608с.

3. Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология. Учебное пособие. – М.: Медицина, 1988 г. – М.: Медицина, 1988. – 320 с.

4. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Гигиена питания: Учебное пособие по общей гигиене для студентов медицинских вузов. – Алматы, 2005. – Ч.1. – 143 с.

5. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. – Ростов н/Д: «Феникс».2002.- 512 с.

6. Гурова А. И., Горлова О. Е. – Практикум по общей гигиене. – М.: Изд–во Университета дружбы народов, 1991. – 177 с.

7. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека.- М.: ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001. –432 с.

Қосымша:

Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Бекмагамбетова Ж.Д., Жакашов Н.Ж., Тогузбаева К.К. Гигиена: Учебник для вузов/Под ред. У.И. Кенесариева. – Алматы: «Самара-Принт», 2009. -688 с.

1. Азевич З. Ф., Громов А. И., и др. Руководство к практическим занятиям по методам санитарно – гигиенических исследований: Учебное пособие. – М.: Медицина, 1990.- 304с.

Амрин М.К. Гигиеническая оценка воздушной среды. – Алматы:Информационно-издательский отдел КазНМУ, 2003. – 66 с.

2. Анамбаева А.Н. Гигиена лечебно-профилактических организаций. /Учебное пособие. – Алматы, 2003.- 66с.

3. Военная гигиена и военная эпидемиология: Учебник./Под ред.П.И.Мельниченко. – М.: Медицина, 2005.С.–163-233.

4. Голубев В.В., Лещенко М.В., Голубев С.В. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста. – М.: Издательский центр «Академия». 2000.- 200с.

5. Джуланова К.Н. Гигиена питания войск. Учебное пособие. – Алматы. 2004 г. – 117 с.

6. Джуланова К.Н. Гигиена водоснабжения войск. Учебное пособие. – Алматы. 2005 г. – 118 с.

7. Джуланова К.Н. Санитарно-гигиеническое обеспечение войск. Размещение войск. Учебное пособие. Алматы, 2005- 93 с.

8. Кардашенко В. Н. Гигиена детей и подростков.- М.: Медицина, 1988.

9. Кардашенко В. Н., Кондакова – Варламова В. П., Прохорова М В. и др. – Руководство к лабораторным занятиям по гигиене детей и подростков. ⁄ Под ред. Кардашенко В. Н. – М.: Медицина, 1983. – 264 с.

10. Кириллов В. Ф., Книжников В. А., Коренков И. П. – Радиационная гигиена ⁄ Учебник – М.: Медицина, 1999.- 384 с.

11. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник.- М.:Медицина.2001.- 384 с.

12. Королев А.А. Гигиена питания. – М.: Издательский Центр «Академия». 2006. – 528с.

13. Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания: Учебное пособие для студентов ВУЗов - М.: Издательский Центр «Академия», 2005. – 288с.

14. Нормы радиационной безопасности (НРБ-99), СП 2.6.1.758-99. – Агентство РК по делам Здравоохранения, 1999. – 79 с.

15. Перечень вредных производственных факторов, профессий, при которых обязательны предварительные и периодические медицинские осмотры, и Инструкция по проведению обязательных предварительных и периодических медицинских осмотров работников, подвергающихся воздействию вредных, опасных и неблагоприятных производственных факторов. / Приказ МЗ РК № 243 от 12.03.2004г.

16. Пивоваров Ю. П., Гоева О. Э., Величко А. А. – Руководство к лабораторным занятиям по гигиене. – М.: Медицина, 1983.- 256 с.

17. Руководство к практическим занятиям по гигиене труда: Учебное пособие /Под ред. В.Ф.Кириллова.- 2-е изд. – М.:Медицина,2001. – 400с.

18. Санитарные правила и нормы по гигиене труда в промышленности.- Часть 1 –Омск: ИПК «ОМИЧ», 1995. – 479 с.

19. СанПиН РК № 2.01.017.03. «Санитарно-эпидемиологические требования к устройству и содержанию дошкольных организаций»

20. СанПиН РК 2.01.015.03 «Санитарно-эпидемиологические требования к устройству, содержанию и условиям обучения в общеобразовательных и интернатных организациях»

21. СанПиН 3.01.067.97 РК – Питьевая вода. Гигиенические требования к качеству воды централизованных систем питьевого водоснабжения.

22. СанПиН 4.01.071.03 РК «Гигиенические требования к безопасности и пищевой ценности пищевых продуктов».

23. СанПиН № 4.01.060.02 РК «Санитарно-гигиенические требования к условиям хранения и срокам реализации скоропортящихся пищевых продуктов».

24. СанПиН № 4.01.069.03 «Санитарно-гигиенические требования к объектам общественного питания»

25. СанПиН РК «Требования к устройству и содержанию больничных организаций и организаций охраны материнства и детства» от 24.06. 2002 г.

Қазақ тілінде:

1. Аликеева Г.М., Рузуддинова Г.Т. Оқу құралы «Су гигиенасы» Алматы, 2006 ж. 74 б.

2. Амрин М.К. Ауалық ортаны гигиеналық бағалау. – Алматы 2004, ж. – 65 б.

3. Кенесариев У.И., Жакашов Н.Ж. Учебник для медицинских вузов и колледжей «Экология және халық денсаулығы». Алматы: «Ғылым», 2002. – 216 с.

4. Тамақтану: Жалпы гигиена бойынша медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы. І-бөлім. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. / Алматы, 2006.-160 бет.

5. Радиациялық гигиена. Оқу құралы. Кенесариев У.И., Бекмагамбетова Ж.Д., Жоламанов М.Е., Рузуддинова Г.Т. - Алматы, 2004, 169 б.

 

Ағылшын тілінде:

1. K. Park. Preventive and social medicine. 2000, 2001.

2. Manuel C. Molles Ecology. Concepts and Application, 2/e. - University of New Mexico- Albuquerque. - Mc Graw- Hill Higher Education, 2002.

2.10 Оқыту мен сабақ беру әдістері:

· Дәрістер: шолулық, мәселелік

· Тәжірибелік (машықтық) сабақтар:

· Семинарлар, презентациялар, «миға шабуыл», жағдайлық есептер шешу, нақты гигиеналық жағдайларды талдау, гигиеналық нормативтер сақталмаған жағдайларды талқылау, жағдайларды моделдеу, жұптасып жұмыс істеу, пікір сайыстары.

· ОСӨЖ: кіші топтармен жұмыс істеу, пікір сайыстары, жағдайлық есептер шешу.

· СӨЖ: әдебиеттермен, электрондық мәліметтер базасымен жұмыс істеу, жағдайлық есептер шешу; аналитикалық шолулар, тест құрастыру, тест тапсырмаларын шешу, ғылыми рефераттар дайындау.

Білімдерін бағалау көрсеткіштері мен ережелері

2.12.1 Оқыту жетістіктерін бақылау жүйесі:

· Ағымдық бақылау:

· Машықтану сабақтары:

· ауызша сұрау

· тестілеу - нұсқалар бойынша ауызша немесе жазбаша түрде;

· Өзіндік жұмыстар бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылау.

· СӨЖ:

· Рефераттарды қорғау, жағдайлық есептерді, тесттерді шешу және құру, оларды бағалау, тестілеу нәтижелері бойынша өзін өзі бақылау.

· Рубеждік бақылау: тестілеу немесе ауызша сұрау арқылы аралық бақылау.

Ағымдық бақылау:

Машықтану сабағы, аралық бақылау, СӨЖ – максималды 100 балл

 

Дәстүрлі баға Көрсеткіштері Балл
«А» 4 Сабаққа қатысуы, ауызша сұраққа толығымен жауап беру, тестілеу«95-100%», тапсырмалардың барлық түрлерін орындау. 95-100 б.
«А-» 3,67 Сабаққа қатысуы, сұрау барысында аздаған қателіктер жіберу, тестілеу «90-94%» 90-94 б.
«В+» 3,33 Сабаққа қатысуы, сұрау барысында аздаған қателіктер жіберу, тестілеу «85-89%» 85-89 б.
«В» 3,0 Сабаққа қатысуы, сұрау барысында мақсатты түрде қателіктер жіберу, тестілеу «80-84%» 80-84 б.
«В-» 2,67 Сабаққа қатысуы, сұрау барысында мақсатты түрде қателіктер жіберу, тестілеу «75-79%», тасырмаларды толық орындамау 75-79 б.
«С+» 2,33 Сабаққа қатысуы, сұрау барысында мақсатты түрде қателіктер жіберу, тестілеу «70-74%» 70-74 б.
«С» 2,0 Сабаққа қатысуы, тестілеу «65-69%», тапсырмаларды толық орындамау 65-69 б.
«С-» 1,67 Сабаққа қатысуы, тестілеу«60-64%», тапсырмаларды толық орындамау 60-64 б.
«D+» 1,33 Сабаққа қатысуы, тестілеу «55-59%», тапсырмаларды орындамау  
«D-» 1,0 Сабаққа қатысуы, сұрау барысында мақсатты түрде қателіктер жіберу, тестілеу «50-54%», тапсырмаларды орындамау.  
«F» 0 Тапсырмаларды орындамау 0-49
  Сабақта болмауы  

Білімдерін бағалау критерийлері мен ережелері

2.12.1Оқыту жетістіктерін бақылау жүйесі:

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесі

Ағымдағы бақылау t – құзіреттілікті қалыптастыру деңгейін бағалау

T = Z+N+K+P+S/n, n - мұндағы барлық құзіреттілік бойынша тапсырмалар саны

1.1 Білім Z|z1+z2+…+zn

1.2 Дағдылар N n1+n2+…nn

1.3 Коммуникативтік құзіреттілік K k1+k2+…kn

1.4 Құқықтық құзіреттілік P p1+p2+…pn

1.5 Өз бетімен білім алу (СӨЖ) S 1+s2+..sn

Әрбір құзіреттілік 100 баллдық шкала бойынша бағаланады, бағалау формасы, әрбір құзіреттілік бойынша берілген тапсырмалар саны Жұмыс бағдарламасында анықталған (п.2.9 Білім алушылардың білімі мен құзіреттілігін бағалау әдісі) және Силлабуста (п. 2.10 Білімді бағалау критерийлері мен ережелері).

2.2. Аралық бақылау r – саны мен өткізу формасы пәннің саясатымен анықталады.

2.3. Жіберілу рейтингі студенттің білімін қорытынды бағалауда 60 % кем емес, мына формуламен анықталады:

RД= t+r1+r2 ×0,6

мұндағы-r1- бірінші рейтинг,r2-екінші рейтинг,t-ағымдағы бақылау

2.4. Қорытынды бақылау: интегралды эмтихан, екі этаптан тұрады: 1) тестілеу,

2) ауызша (билет бойынша, тәжірибелік дағдыларын тексеру және т.б)

E=E1 х0,2+E2 х0,2

мұндағы Е1 - I этаптағы эмтихан балы

Е2 - ІІ этаптағы эмтихан балы

Пәні бойынша құзіреттілікті бағалау

Сабақ тақырыбы Бағаланатын құзіреттіліктер
Білімі Тәжірибелік дағды Коммуника-тивтік дағды Құқықтық дағды Өзіндік даму
  Гигиена- медицинадағы негізгі алдын алу пәні ретінде. +   +   + +  
  Бөлменің микроклиматын гигиеналық бағалау. Жылытуды бағалау. + + +    
  Инсоляциялық тәртіпті және бөлмедегі табиғи және жасанды жарықты гигиеналық бағалау. + +        
  Ауыз су сапасын және сумен қамтамасыз ету көздерін гигиеналық бағалау. + +   + +
  Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау. +   +      
  Рационалды тамақтану, принциптері. Сүт, ет және банкідегі консервілердің залалсыздығын бағалау. + +   + +
  Ауруханалар-дың бас жоспары мен жағдайлық жоспарын гигиеналық бағалау. + +   + +
  Балалар мен жасөспірімдер-дің физикалық дене дамуы мен денсаулық жағдайын гигиеналық бағалау. Өндірістік шаң, шу, дірілдің гигиеналық маңызы. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу. + +      

· Өзіндік даму құзіреттілігі Жұмыс бағдарламасы мен силлабустағы СӨЖ тақырыптарына сәйкес жазылған СӨЖ жұмысын қабылдау барысында бағаланады.

· Студент 2 СӨЖ тапсыру керек. СӨЖ тақырыбы студенттің өз еркімен таңдалады.

 

ДӘРІСТЕР КОМПЛЕКСЫ

Растырғандар: м.ғ.к., аға оқытушы Ержанова А.Е.

Оқытушы Адилова М.Т.

 

 

Алматы, 2014 жыл

Кафедра мәжілісінде мақұлданған

Хаттама № «_____» __________2014 ж.

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Кенесариев У.И.

 

 

Тақырып №1. Кіріспе. Гигиена - медицинадағы алдын алу пәні ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері – 1 сағат.

Мақсаты: Аурудың алдын алу жөніндегі пән және ғылым ретиндегі гигиена туралы, оның мақсаты мен негізгі міндеттері, зерттеу нысандары мен әдістері туралы түсінікті қалыптастыру.

Дәріс тезисі: Гигиена - медицинадағы негізгі алдын алу пәні. Оның іске асуы кезінде адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай, денсаулығының сақталуын, аурулардың алдын алуды қамтамасыз ететін гигиеналық нормативтерді, ережелер мен шараларды негіздеу мақсатында қоршаған орта факторларының адам ағзасына және қоғам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейді.

Гигиена өзінің аталуын «һygіеnos» - денсаулық әкелуші деген грек сөзінен алды. Ертедүниедегі грек мифологиясына сәйкес емдеумен айналысатын құдайы Асклепияның (Эскулаптың) Гигиея деген қызы болған. Ол, аурулардын алдын алып, адамдарға ден саулық силаған. Ерте дүниедегі гректер Гигиеяны «денсаулық құдайы» деп таныған, оны денсаулық құдайы деп санаған. Осы денсаулық құдайының атымен аурудың алдын алу жөніндегі медицина ғылыми гигиена деп аталған.

Гигиенаның мақсаты адамның денсаулығын сақтау және нығайту, аурулардың алдын алу. Мазмұны мен міндеттері бойынша біріншілік, екіншілік, үшіншілік аурулардың алдын алу деп бөледі.

Біріншілік алдын алу аурулардың себебі немесе қауіп-қатері болатын факторларды жоюға немесе қауіпсіздеңгейге дейін төмендеуге бағытталған. Ол қоршаған ортаны саықтыруды, халықтың салауатты өмір салтын, рационалды жұмыс және демалу режимін және басқаларды ұйымдастыру жөніндегі шаралар жүргізуді алдын ала қарастырады.

Екіншілік алдын алу сырт көрінісі жағынан дені сау адамдарда патология алдындағы жағдайды ерте анықтау және бұл жағдайлардың ауруларға өтуінің алдын алу жөніндегі шараларды жүргізуден тұрады. Мұндай шараларға, мысалы, жеке басты қорғайтын заттарды қолдану, қолайсыз экологиялық жағдайларға жұмысшыларды, халықты қауіпсіз жұмыс және өмір сүру тәсілдеріне, антидоттық тамақтануға және басқаларға үйрету.

Үшіншілік алдын алу (реабилитация) ауырған адамдарда жүргізіледі. Гигиена біріншілік және екіншілік аурулардың алдын алумен айналысады.

Гигиена өзінің мақсатына жетуді, адамды қоршаған ортаны – тіршілік және өндірістік іс-әрекет ортасын қорғауға және сауықтыруға бағытталған гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді, алдын алу шараларын дайындау және практикаға енгізу арқылы іске асырады. Бұл үшін гигиена ғылымымен келесі міндеттер шешіледі:

1. Адамның денсаулығына әсер ететін қоршаған ортаның табиғи және антропогенді факторларын зерттеу.

2. Бұл факторлардың адамның немесе популяцияның денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттеу.

3. Адам ағзасына қолайлы әсер ететін қоршаған орта факторларын максималды пайдалану және қолайсыз әсер ететін факторларды жою немесе қауіпсіз деңгейге дейін шектеу жөніндегі гигиеналық нормативтерді, ережелерді, шараларды тұрғыдан негіздеу және дайындау.

4. Дайындалған гигиеналық ұсыныстарды, ережелерді және нормативтерді денсаулық сақтау практикасына және халық шаруашылығына енгізу, олардың тиімділігін бағалау және жетілдіру.

5. Жақын және қашық болашақтағы санитарлық жағдайды болжау.

Гигиенаның зерттейтін тақырыбы іс жүзінде дені сау адамдар, олардың жеке, ұжымдық, қоғамдық денсаулығы және белгілі бір әлеуметтік жағдайларда адам ағзасына әсер ететін: физикалық, химиялық, биологиялық, психогендік қоршаған ортаның факторлары. Физикалық, химиялық, биологиялық, психогендік қоршаған ортаның факторлары табиғи немесе антропогендік болуы мүмкін.

 

Әлеуметтік жағдайдың адам денсаулығына әсері де әлеуметтік ортаның химиялық, физикалық, биологиялық және психогендік факторлары арқылы жүреді. Мысалы, темекі шегу химиялық фактор ретінде табактың әсері салдарынан оның себебінен дамитын аурулардың пайда болуына әкеліп соғады. Адам өзінің өмір сүру жағдайында бір мезгілде көп факторлардың әсеріне ұшырауы мүмкін және олардың қабаттасып әсер етуінің сипаты әртүрлі болуы мүмкін: қолайлы, бейтарап немесе зиянды және қауіпті. Қазіргі кездегі гигиена көп бөлімдерді қамтиды, олардың әрқайсысы гигиена ғылымы мен практикасының жеке салаларын қамтиды, атап айтқанда, коммуналдық гигиенаны, тамақтану гигиенасын, енбек гигиенасын, балалар мен жасөспірімдер гигиенасын, емдеу алдын алу мекемелерінің, әлеуметтік, радиациялық, әскери гигиенаны және басқаларды. Өзінің міндеттерін шешу үшін гигиена тек өзіне тән әдістерді де және басқа медициналық және медициналық емес пәндердің әдістерін де қолданады. Гигиенаның өзіне тән әдістеріне: санитарлық тексеру, эпидемиологиялық, санитарлық сараптау, гигиеналық эксперимент әдістері жатады. Бұл әдістердің бірі қоршаған орта факторларын бағалауға мүмкіндік берсе, басқалары олардың адам денсаулығына әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің бәрі физикалық, химиялық, биологиялық, статистикалық, клиникалық және басқа да спецификалық емес әдістердің кең спектрін қолдануды ойлайды.

Иллюстративті материал Мультимедийлі презентация.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред. акад. РАМН Г.И. Румянцева. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА,2000ж.-5-75 беттер.

Қосымша:

1. Общая гигиена: Пропедевтика гигиены / Гончарук Е.И., Кундиев Ю.И., Бордов В.Г.и др. – К: Вища шк., 1999ж. – 8-47беттер.

2. Неменко Б.А., Кенесариев У.И. «Коммунальная гигиена». Учебник, Алматы «Ғылым», 2003 ж. – 3-34беттер.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс):

1. Гигиена қандай бағытты көрсетеді: алдын алу ма әлде емдеу ме?

2.Аурулардың алдын алудың қандай түрі тиімдірек? Денсаулық сақтаудың алдын алу бағыттылығының бірінші кезектілігі немен түсіндіріледі?

3. Гигиенаның зерттейтін тақырыбы не?

4. Қоршаған ортаның факторларын гигиенаның қандай әдістері бағалауға мүмкіндік береді?

5.Адам ағзасына қоршаған ортаның қандай факторлары бағалауға мүмкіндік береді?


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 1499 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: II. Ауыз суының сапасын бағалау бойынша жағдайлық есептер | Тақырып № 3. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу. – 2 сағат. | Жағдайлық есептер . | Жағдайлық есептерді шығару 2 страница | Күшті тамақтану |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тема 4. Мировой рынок рабочей силы| Тапсырма №1. Гигиеналық зерттеу әдістері бойынша жағдайлық есептерді шешу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.062 сек.)