Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып 1. Ақпарат түсінігі. Ақпарат айналуын кезеңдері. Ақпараттық ақпаратты жіберу жүйелері.

Читайте также:
  1. Ақпаратты шығару құрылғысы?
  2. Ақпараттық блок
  3. Дәрістердің тақырыптық жоспары
  4. Дәрістің тақырыптық жоспары
  5. Дәрістің тақырыптық жоспары
  6. Зертханалық жұмыс №5 (2сағат).Ақпаратты жіберу жылдамдығы мен байланыс каналының өткізу қабілетін анықтау.
  7. Зертханалық – тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Мазмұны

  Типтік оқу бағдарламасы  
  Силлабус(оқу жұмыс бағдарламасы)  
  Глоссарий  
  Оқу пәнінің тақырыбы бойынша дәріс тезистері және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар  
  Зертханалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалудың әдістемелік нұсқаулықтары  
  Өздік жұмысына арналған тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар  
  Ағымдық,аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар  
  Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу тізімі  

 

 


СИЛЛАБУС

1.Оқытушының тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы; лауазымдық қызметі: Мизамова Қорлан Ислямқызы «Жүйелік талдау және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылыми кандидаты, аға оқытушы.

Байланыс телефоны: тел.709500, 34601

Е-mail:korsakar@mail.ru,

Ғылыми мектебі: С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университет (КазГУ) Алматы каласы; э.ғ.д., профессор С.Б.Байзаковтің жетекшілігіндегі Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеттің информатика және қолданбалы экономика кафедрасының экономикалық-математикалық секциясы.

Ғылыми қызығушылықтары: өндірістік жүйелерді моделдеу, жергілікті бюджеттің қаржы-экономикалық моделін онтайландыру, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару, басқарудың ақпараттық жүйелері, ақпараттық технологиялар, басқарудың автоматтандыруы, е-үкімет.

2.Пән туралы мәліметтер

Пәннің атауы және коды Қолданбалы ақпараттар теориясы,

пән коды KAT 3303

Кредиттер саны кредиттер саны - 3

Пәнін өткізу уақыты мен орны: 3 курс, 5 семестр, сабақ кестесіне сәйкес.

Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі

 

Сабақ түрі Сағаттардың жалпы саны Күзгі семестр Көктемгі семестр
Аптасына Барлығы Аптасына Барлығы
Дәріс          
Тәжірибелік сабақ          
Семинарлық сабақ          
Зертханалық сабақ          
Студиялық сабақ          
БӨЖ          

 

Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері

 

Пререквизиттер: Жоғары математика І,ІІ; Информатика.

Постреквизиттер: Студенттің «Қолданбалы ақпараттар теориясы» курсынан алған білім және машықтар «Ақпаратты қорғаудың әдістері мен қүралдары», «Криптография», «Объектті-бағдарлық бағдарламау», «Сигналдарды цифрлы өндеу»,«Басқару жүйелерін жобалаудың автоматтандырылған», пәндерінде қолданылуы мүмкін.

Оқу пәнінің сипаттамасы

Оқу пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері

Қолданбалы ақпараттар теориясы. Бүгінде ақпараттың үлкен көлемін өңдеуді автоматтандыра алатын компьютер мен басқа техниканың пайдаланылмайтын саласын адамзат қызметінде табу тиіс.

Ақпаратпен алмасуды тиімді ұйымдастыру – қоғамды толық ақпараттандыру жайында үлкен мәнге ие. Оның дұрыс жұмыс істеуіне керекті ақпарат көлемі – шамамен, күштері дамуының квадратына пропорционал өседі. Ақпарат айналымының барлық автоматтандырудың әдістерін қолдану экономиканың жұмыс істеуінің эффектілігін айтарлықтай көтеруге мүмкіндік береді. Осы жағдайда жинау, берілгендерді өңдеу жүйелері ерекше мәнге ие болады. Олар әртүрлі технологиялық процесстерді басқарудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Берілгендерді жинаудың, жіберудің өңдеу мен сақтаудың көптеген мәселелерін шешу ақпараттар теориясы негіз болып табылады, яғни ақпаратты басқару жүйелерін құруға сәйкес жабдықтарды ұсынады.

Бұл курс үш бөліктен тұрады. Біріншісі ақпараттың сандық бағасына арналған, екіншісі сигналдардың аналогтыға,аналогты сигналдардың дискреттіге ауысуына, үшіншісі ақпараттардың кодталуына арналған.

Оқу пәнін оқыту мақсаты

- ақпаратты өңдеу және тасымалдау, жинау жабдықтары және әдістері арқылы ақпараттар теориясының қажетті теориялық негізін студенттерге үйрету;

- хабарды сигналға түрлендіру кезінде болатын және оны арналар мен байланыс сызықтары арқылы жіберетін негізгі үдерістермен студенттерді таныстыру;

- ақпаратты жинау, өңдеу мен тасымалдау жүйелерін құру жалпы сұрақтарын студенттердің меңгеруі;

- ақпаратты өңдеу мен тасымалдау, типтік жинау жүйелерін теориялық және экспериментті машықтарын тәжірибе түрінде қалыптастыру.

5.2 Оқытылатын пәннің құзіреттілігі

«Қолданбалы ақпараттар теориясы» курсты оқу нәтижесінде студент ақпараттық үдерістің құрылымы туралыт үсінігі болуы және ақпараттық үдерістерді ұйымдастыру негіздерін білуі қажет, объектілер мен ақпараттық үдерістердің формалді баяндалу әдістерін игеру керек.

 

5.3 Оқу пәнін оқыту жоспары

 

№ апталар Тақырып атауы Оқытуды ұйымдастырудың формалары мен сағаттар саны БӨЖ арналған тапсырма және білімді бақылаудың формасы
  Дәріс Тәжірибе (семинар) Зертханалық Студиялық БӨЖ
  Ақпарат түсінігі. Ақпарат айналуын кезеңдері. Ақпараттық ақпаратты жіберу жүйелері.                 Ақпараттық жүйелер және ақпаратты жіберу жүйелері. Негізі түсініктер мен анықтамалар. Семантикалық, синтаксистік және прагматикалық ақпарат. Реферат жазу.
  Ақпараттың статистикалық өлшемдері. Энтропия. Энтропия қасиеттері.                 Ақпараттың құрылымдық өлшемі. Геометриялық өлшем. Комбинаторлық өлшем Аддитивті өлшем (Хартли өлшемі). Ақпараттың статистикалық өлшемдері. Ыктималдылық және ақпарат. Есептерді тапсыру.
  Ақпарат саны және артықшылық. Ақпаратты тасымалдау жылдамдығы.                 Ақпарат мөлшері – алынған анықталмағандық өлшемі ретінде. Кездессе шаманың эпсилон-энтропиясы. Ақпарат мөлшереінің статистикалық бағасы. Ақпараттың семантикалық өлшемі туралы түсіндік: мазмұндылық, ақпараттық маңыздылығы және мақсатқа сәйкестігі, тезаурус. Тақырып бойынша тезаурусты құру.
  Сигнал түсінігі және оның моделдері. Детермендік сигналдарды көрсетудің жиіліктік түрі.                 Импульс ұзақтылығы мен сол импульстардың енінің арасындағы қатынастар. Детерминделген сигнал қуатының спектрлік тығыздығы. Детерминделген сигналдың автокорелляция функциясы. Есеп беру.
  Кездейсоқ процесс- сигналдың моделі ретінде. Кездейсоқ процестердің ықтималдылық сипаттамалары. Стационарлы және эргодикалық кездейсоқ процестер.                 Кездейсоқ процесстердің спектрлік және жиіліктік түрде келтірілуі. Кездейсоқ процесстердің спектрлері. Реферат жазу.
  Дискреттеу және кванттау. Есептің жалпы қойылуы. Котельников теоремасы.                 Котельников теоремасын қолданудың теориялық және іс-жүзілік аспектілері.Аддитивті дискреттеу. Есеп шығару.
  Каналдар және байланыс жүйелері. Үздіксіз модуляция (амплитудалық, жиіліктік, фазалық).                 Хабар көзінің және байланыс арнасының ақпараттық сипаттамалары. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Коллоквиум.
  Дискретті хабар көзінің модельдері. Артықтылық. Дискретті хабар көзінің ақпараттық сипаттамалары.                 Дискретті байланыс арнасы бойынша жіберу жылдамдығы. Дискретті арнаның бөгеуілсіз өткізу қабілеттілігі. Дискретті арнаның бөгеуілмен өткізу қабілеттілігі. Презентация қорғау.
  Үзіліссіз хабарлар көзі мен үзіліссіз байланыс каналдарының ақпараттық сипаттамалары.                 Үздіксіз хабар көзінің эпсилон-өнімділігі.Үздіксіз байланыс арнасының өткізу қабілеттілігі. Есеп беру.
  Тиімді кодтау. Бөгеуілсіз арна үшін Шенонның кодтау туралы негізгі теоремасы.                 Ақпаратты кодылау және декодерлеудің техникалық құралыдары. Кодылау – ақпаратты цифрлы түрде көрсету процессі ретінде. Эффективті кодылау. Бөгеуілсіз арна үшін Шеннонның кодылау туралы негізгі теоремасы. Әдістерді жаттап, қолдануды үйрену.
  Кодтардың префикстілігінің тиімділік талаптары. Қарапайым (бөгеуіл орнықтылықсыз) кодтар.                 Сигналдардың бөгеулі орнықтылығын жоғарлату құралдары. Бөгеуіл орнықты кодылау. Есептің қойылуы. Есептерді тапсыру.
  Кедергіге тұрақты кодтау. Кодтық коррекциялаушы мүмкіндіктерінің кодтық арақашықтықпен байланысы.                 Берілген корректілеу қабілеттілігі және кодтың берілген көлемі бойынша жасаушы көпмүшелікті таңдау. Блоктық корректілеу кодтарының геометриялық интерпретациясы. Корректілеу кодтарының сапа көрсеткіштері. Презентация жасау.
  Кедергіге төзімді кодалау. Кодалы арақашықтықпен түзетуші қабілеті бар кодалардың байланысы.                 Файл кодын кодылау және декодерлеу. Блокты түзеткіш кодалардың геометриялық интерполяциясы. Есеп шығару.
  Сызықты топтық кодалар. Құрылатын матрицаға мысалдар.                 Берілгендерді тығыздау әдістері. Топты екілік кодты құру.Табушы кодтар. Табушы кодтарға мысалдар Есеп шығару.
  Жөндеуші топтық кодтар. Циклдық код.                 Ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қорғау және кауіпсіздендіру әдістері. Кодылау – ақпаратты криптографты жабу құралы ретінде.Бөгеуілорнықты кодтарды қолданудың мақсатқа сай бағасы. Коллоквиум.

Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі

Автор, атауы, шыққан жылы Ақпарат көзі Бары (дана)
Кітапханада Кафедрада
Негізгі әдебиет
  А.В.Ушаков Прикладная теория информации: элементы теории и практикум - Санкт-Петербург: НИУ ИТМО, 2012.- 325 с. Бас. Электрон   Прикладная теория информации_Ушаков.pdf
  Панин, В.В. Ақпараттар теориясы негіздері: оқулық / В.В. Панин; ауд. Ж.Н.Тасмамбетов, А.Т.Байбақтина.- Алматы: Print-S, 2012.- 460 б. Бас.    
  Сергеенко А.Б. Цифровая обработка сигналов. Учебник для вузов. Издат. Питер,2013. Бас. Электрон   Сергeенко_ЦОС.djvu
  Лидовский В. В. Теория информации: Учебное пособие. — М.:?????????, 2003. — 112 с Электрон     http://enu.kz/repository/repository2013/Lidovskii.pdf  
Қосымша әдебиет
  Духин А.А. Теория информации: учебное пособие для студентов вузов / Москва: Гелиос АРВ, 2007.- 248 с.: Электрон   Духин_Теория информации_2007_.pdf
  Дмитриев В.И. Прикладная теория информации.- М.: Высшая школа 1989.-320с Бас. Электрон   Дмитриев ПРИКЛАДНАЯ ТЕОРИЯ ИНФОРМАЦИИ.doc
  Цымбал В.П. Теория информации и кодирование. К. Высш. Шк.,1992.-263с. Электрон   Теория_информации_и_кодирование.djvu
  Цымбал В.П. Задачи по теории информации и кодированию. К. Высш. Шк.,1989.-320с. Электрон   356059_4E24F_cymbal_v_p_zadachnik_po_teorii_informacii_i_kodirovaniyu.djvu
  Прохоров, В.С. Теория информации [Электронный ресурс]: Лекции / В.С. Прохоров.- 124с. Электрон    
  Покидько Т.Ф. Теория информации Электрон   http://www.twirpx.com/file/1855/
  Гурский Д.А. Mathcad для студентов и школьников: популярный самоучитель / Д.А. Гурский, Е. Турбина.- СПб.: Питер, 2005.- 500с. Бас.    
  El Gamal A., Kim Y.-H. Network Information Theory. Издательство Cambridge University Press, 2011, -714 pp. Электрон   El Gamal A., Kim Y.-H. Network Information Theory.pdf  
  Huffman W.C., Pless V. Fundamentals of Error-Correcting Codes. Издательство Cambridge University Press, 2003, -665 pp. Электрон   huffman_w_c_pless_v_fundamentals_of_errorcorrecting_codes.pdf
  Hirsch M.J., Pardalos P.M., Murphey R. Dynamics of Information Systems: Theory and Application. Sрringer, 2010. - 371 p. Электрон   Hirsch M.J., Pardalos P.M., Murphey R. Dynamics of Information Systems: Theory and Applications. pdf

 

 

7 Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау

 

7.1 Бақылау түрлері (ағымдық, аралық)

Ағымдық бақылау, БӨОЖ сабақтарындағы бақылау, БӨЖ-ді бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау.

7.2 Бақылау формасы

Зертханалық жұмыстарға есеп беру, реферат, эссе жазу, БӨЖ бен БӨОЖ бойынша жеке бақылау тапсырмалары, коллоквиум тапсыру, тестілеу, компьютерлік тестілеу.

 

Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады

 

Әріптік жүйе бойынша баға Балдардың сандық эквиваленті Пайыздық көрсеткіші Дәстүрлі жүйе бойынша баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

Оқу пәнінің саясаты

Оқу пәнін оқытуда оқытушының білім алушыларға қоятын нақты талаптары: сабаққа міндетті түрде қатысу, сұрақтарды талқылау барысында белсенді қатысу, дәріс және зертханалық жұмыс сабақтарына алдын ала дайындалу. Зертханалық жұмыстарына есеп беруін дайындау.

Талаптар тізбесі оқытудың кредиттік технологиясы бойынша нормативтік құжаттар мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Жарғысына қайшы келмеуі керек.

Оқу пәні екі аралық бақылаудан тұрады – жазбаша бақылау жұмыстары және компьютерлік тестілеу түріндегі қорытынды емтихан.

 


ГЛОССАРИЙ

Ақпарат – бұл адам әрекетіндегі қолдануға, өңдеуге, жіберуге, сақтауға арналған мәліметтер жиынтығы.

Клиент – бұл ресурсты қолданушы компьютер (бағдарлама).

Салмақ – символдар саны, кодталған комбинацияда оны нөлдік емес символдар саны деп атайды.

Жіберу құрылғысы – үздіксіз хабарламалардың немесе сигналдардағы белгілердің байланыс жолағынан қолайлы өтуі үшін түрленуін жүзеге асырады.

Бөгеуіл – бұл жіберілген сигналдардан қабылданған сигналдарда ауытқушылық тудыратын сыртқы кедергі тәрізді ішкі кез келген кедергі ауытқу.

Байланыс арнасы – хабарлама жіберуге арналған құрылғылар жиынтығы.

Энтропия – бұл хабарламаның бір элементіне (белгі, әріп) келетін ақпарат саны.

1 бит – 0 және 1 теңболжамды жағдайда сипатталатын бір екілік элементтің ақпарат саны.

Байт – бұл 8 битке тең ақпарат санының бірлігі.

Қысу коэффициенті – жоғары энтропиялы сипатқа ие элементтердің кодталуға өткендегі хабарламаның қысқартылу дәрежесін сипаттайды.

АБТ – ақпаратты біріншілік түрлендіру, ақпараттың формаланған электрлік аналогы үздіксіз немесе дискретті (сандық) формада көрсетілуі;

ДҚ – ақпараттың электрлік аналогын (егер АБТ электрлік аналогты дискретті формада формалайтын болса, ДҚ құрылымда болмайды), декомпозирлеуші ақпараттық массивті символда немесе квантта дискретизациялау құрылғысы;

ТК – «түпнұсқаны кодтаушы», ()ix p болжамын есепке алуды кодтауды, ИИ шығысында (немесе алғашқы ақпараттың бірыңғай табиғаты жағдайында ДҚ) ix символының шығуын жүзеге асырады;

КШҚ – криптографиялық шифрлау құрылғысы, санкцияланбаған қолжетімділіктен ақпарат қорғанысын жүзеге асырау;

АК – «арнаны кодтаушы», бөгеуілқорғаныс кодтауын байланыс арнасындағы шулы ортаның мүмкін сипаттамалы негізінде жүзеге асыру;

СҚ – скремблдеу құрылғысы, элементар сигналдардың кодтарын жіберілетін генератор және қабылданатын жартылайкешенді аппараттың жұмысының синхрондалу шартын мақсатында араластыруды қаматамасыз етеді, минимизациялау жолымен бумалар ұзындығын «нөлмен» және «бірмен» бөгеуілқорғалған екілік кодты «жалғанкездейсоқ» екілік тізбекпен суммалау.

Жолақтық код – деп GF(P) алаңындағы барлық n-разрядты кодталған комбинациялардың векторлық кеңістіктерің кеңістік асты векторлық кеңістіктерінен құралған векторлар жиынтығын айтады.

F элементі алаңының астындағы жолақтық векторлар кеңістігі (скалярлар) деп - V (векторлар) элементтер жиынтығын айтады, егер оған келесі аксиомалар орындалатын болса.


ОҚУ ПӘНІНІҢ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ ЖӘНЕ ДӘРІС КУРСЫН ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР

Тақырып 1. Ақпарат түсінігі. Ақпарат айналуын кезеңдері. Ақпараттық ақпаратты жіберу жүйелері.

Дәріс мақсаты: Ақпарат түсінігін оқу. Ақпарат айналуын кезеңдерін талдау.Ақпаратты жіберу жүйелерін зерттеу.

Сұрақтар:

1. Ақпарат теориясының негізгі тапсырмаларын анықтау.

2. Байланыс жүйесі түсінігін анықтау.

3. Ақпарат жіберу сұлбасы қандай блоктардан құралған?

4. Қандай ақпарат қасиеттерін білесіз?

«Ақпарат» термині латынның "informatio" сөзінен шыққан, мәлімет, түсінік, мазмұндау ұғымдарын білдіреді.

Ақпарат – нысан және оның қоршаған ортада пайда болуы туралы, күнделікті тұрмыста және жұмыста ақпарат жүйелерінің (тірі организмдер, басқару машиналары, т.б.) қабылдайтын параметрлері, қасиеттері мен жағдайлары туралы түсінік.

Бірдей хабарламалар да әртүрлі адамдар үшін – алған біліміне, түсіну деңгейіне және алған хабарламаға қызығушылығына байланысты әртүрлі ақпараттардан құралуы мүмкін.

Ақпарат хабарлама сипаттамасы емес, хабарламалар мен оларды қабылдаушылар арасындағы қатынас. Тіпті потенциалды түрде де қабылдаушыларсыз ақпарат туралы айту мағынасыз.

Шамамен компьютерлік деректерді өңдеуде ақпарат мағыналық жүктеулерге ие және компьютерге түсінікті түрде көрсетілген бірнеше символдық түсініктер тізбегімен түсіндіріледі (әріп, сан, кодталған графикалық бейнелер мен дыбыстар, т.б.). Әрбір жаңа символ мұндай символдар тізбегінде хабарламаның ақпараттық көлемін ұлғайтады.

Ақпарат бірнеше әртүрлі формада болуы мүмкін:

мәтін түрінде, сурет, сызба, фотография;жарықтық немесе дыбыстық сигнал түрінде; радиотолқын түрінде; электрлік және жүйке импульсі түрінде; магнитті жазба түрінде; ымдау және мимика түрінде.

Ақпарат қасиеті. Ақпарат оның сапалық белгілерін сипаттайтын келесі қасиеттерге ие: шынайылық, толықтық, бағалылық, уақытылы, түсініктілік, қолжетімділік, қысқалығы және т.б.

Егер істің айқын жағдайын бейнелейтін болса, ақпарат шынайы болады. Шынайы емес ақпарат қате түсінікке немесе қате шешім қабылдауға әкелуі мүмкін. Шынайы ақпарат уақыт өте келе қасиеті көнеленіп, яғни айқын жағдайын бейнелей алмайтын шынайы емес ақпаратқа айналуы мүмкін.

Егер оны түсіну және шешім қабылдау жеткілікті болса, ақпарат толық болады. Толық емес ақпарат ақпарат артықшылығы сияқты шешім қабылдауды тежейді немесе қателікке әкелуі мүмкін.

Ақпарат нақтылығы нысанның, үрдістің, пайда болудың, т.б. шын бейнесіне жақындылығымен анықталады.

Ақпарат бағалылығы тапсырманы орындау маңыздылығымен, сондай-ақ жақын арада адамның қандай да бір қызметінде қолданыс табуына тәуелді. Егер бағалы және уақытылы ақпарат түсініксіз күйде бейнеленсе, ол пайдасыз болуы мүмкін.

Тек өз уақытында алынған ақпарат қана күтілген пайданы әкелуі мүмкін.

Бірдей сұрақтарға ақпаратты қысқа мазмұндауға (детальдарсыз қысу) немесе кеңейтуге (жан-жақты, көпсөзді) болады.

Ақпаратты жасауға, жіберуге, қабылдауға, қолдануға, есте сақтауға, көшіруге, форматтауға, кеңейтуге, түрлендіруге, комбинациялауға, өңдеуге, бөліктерге бөлуге, ықшамдауға, жинауға, сақтауға, іздеуге, өлшеуге, бұзуға, т.б. болады.

Бұл ақпаратты анықтау операциясымен байланысты барлық үрдістер ақпараттық үрдістер деп аталады.

Ақпаратты жіберу. Кез келген әрекет, кез келген жағдай ақпарат көзімен жасалады. Ақпарат хабарлама түрінде кейбір ақпарат көзінен оны қабылдаушыға арадағы байланыс арнасы арқылы жіберіледі. Ақпарат көзі жіберу сигналында кодталатын хабарламаны жібереді. Бұл сигнал байланыс арнасы арқылы жіберіледі. Нәтижесінде қабылдаушыға қабылданған хабарлама декодирленетін қабылдау сигналы келеді. Ақпаратты жіберу байланыс арнасы арқылы бұрмалануды және ақпарат жоғалтуды тудыратын бөгеттер әсеріне жиі ұшырайды.

Кез келген жағдай немесе әрекет әртүрлі, әртүрлі тәсілдермен, әртүрлі әріптермен өрнектелуі мүмкін. Ақпаратты байланыс арнасы арқылы нақтырақ әрі үнемді жіберу үшін оны сәйкесінше кодтау қажет.

Ақпарат материалды қолданушысыз, жіберу энергиясынсыз болуы мүмкін емес. Кодталған хабарлама сигнал-қолданушы ақпаратқа ие. Олар арна арқылы өтеді. Қабылдаушыда шыққанда, ақпарат жалпыға түсінікті түрге келуі қажет.

Байланыс арнасы, байланыс жүйесі туралы айтқанда, мысал ретінде телеграфты алады. Бірақ байланыс арнасы – әртүрлі көптеген жүйелерге ие кең мағыналы түсінік.

Мысалы – есептеу машинасы. Есептеу машинасының жеке жүйелері ақпаратты бір-біріне сигнал көмегімен жібереді. Есептеу машинасы – станок сияқты ақпаратты өңдеуге арналған автоматты құрылғы. Машина ақпаратты «ештеңеден» құрмайды, ол өзіне берілгенді ғана өңдейді.

«Байланыс каналының» алуан түрлі ұғымы түсініктің болуы үшін, бірнеше мысал келтіргеніміз жөн.

Сонымен қатар бұл шаманы хабарламаның орташа энтропиясы деп атайды. шамасы дербес энтропия деп аталады.

Солай, өзінің екілiк логарифмдеріне көбейтілген оқиғасының пайда болатын салыстырмалы жиілік туындыларының теріс таңбалы қосындысы оқиғасының энтропиясы болып табылады. Кездейсоқ оқиғаларға арналған анықтаманы ықтималдықтарды үлестіру функциясына кеңейтуге болады.


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 1458 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Математикалық қасиет | Математикалық әдісі | Дифференциалдық энтропия | Сигнал сипатының уақытша формасы | Котельников теоремасы бойынша санақ шығарудың жиілігін таңдау. | Амплитудалық модуляция | Тақырып 9. Үздіксіз хабарлама көзі мен үздіксіз байланыс арналарының ақпараттық сипаттамалары. | Здіксіз байланыс каналдарының үлгілері. | Тиімді кодтау туралы түсінік | Тақырып 11. Кодтардың префикстілігінің тиімділік талаптары. Қарапайым (бөгеуілорнықтылықсыз) кодтар. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
For further info. or studies please phone: Cell: 082 765 9498 P.O. Box 447 WHITE RIVER 1240.| Шеннон бойынша анықтау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.038 сек.)