Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Спорттық дискурстағы тілдік бағаның қалыптасуы

Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ

КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

СПОРТ КОММЕНТАТОРЛАРЫНЫҢ ТІЛ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (қазақ, орыс, ағылшын материалдары негізінде)

Орындаған: Ермағанбетова А.

 

Ғылыми жетекші: Утемгалиева Н.

 

Норма бақылаушы: Уматова Ж. М

филол. ғыл. канд., доцент

 

 

Қорғауға жіберілді:

«_____» ___________________ 2015 ж.

 

Шетел филологиясы және жалпы

тіл білімі кафедрасының меңгерушісі

филол. ғыл. докт., профессор Мадиева Г. Б

 

 

РЕФЕРАТ

Жұмыстың тақырыбы: Спорт комментаторларының тіл ерекшеліктері (қазақ, орыс, ағылшын материалдары негізінде)

Диплом жұмыстың көлемі:

Жұмыстың мақсаты: Спорттық БАҚ-н зерттеу, спорттық түсіндірменің жанрының қыр-сырын және оның комментатордың өзіндік тілдік ерекшеліктерімен байланысын анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

1. Спорттық БАҚ жағдайын қарау;

2. Спорттық дискурс ерекшеліктерін талдау;

3. Аудиторияға сөйлеу арқылы ықпал ету әдістеріне талдау жасау;

4. Спорттық репортаждар мен спорт комментаторларының тіл ерекшеліктерін салыстыру.

Зерттеу әдістері: бақылау, телевизиялық бағдарламаларды аудиовизуальды талдау, лингвостилистикалық талдау, дискурсивті талдау, спорттық комментатордың тілдік ерекшеліктерін ішінара қайта құру әдістері.

РЕФЕРАТ

Тема работы: Языковые особенности спортивных комментаторов (на материале казахского, русского, английского языков)

Объем дипломной работы:

Цель работы: исследование спортивных СМИ, выявление специфики жанра спортивного комментирования и его связи с индивидуальными особенностями говорящего. Для реализации поставленной цели предполагается решить следующие задачи:

1. Рассмотреть состояние спортивных СМИ;

2. Проанализировать особенности спортивного дискурса;

3. Проанализировать методы речевого воздействия на аудиторию;

4. Сделать сравнение СМИ на примере трех телевизионных каналов.

Методы исследования: метод наблюдения, метод аудиовизуального анализа телевизионных программ, метод анкетирования, метод лингвостилистического анализа, метод дискурсивного анализа, метод частичной реконструкции языковой личности спортивного комментатора.

 

 

МАЗМҰНЫ

РЕФЕРАТ........................................................................................2

КІРІСПЕ...........................................................................................4

1. СПОРТТЫҚ ДИСКУРСТЫҢ ЕРЕКШІЛІКТЕРІ

1.1 Спорттық дискурс туралы түсінік

1.2 Спорттық дискурстың тілдік ерекшеліктері

1.3 Спорттық дискурстағы тілдік бағаның қалыптасуы

2. СПОРТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕ (КОММЕНТАРИЙ) СПОРТТЫҚ ДИСКУРСТЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ

2.1 Спорттық репортаж және түсіндірме спорттық дискурс жанрлары ретінде

2.2 Спорттық түсіндірменің композициялық – құрылымдық ерекшеліктері

3. СПОРТТЫҚ КОММЕНТАТОРДЫҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ҚҰРАУШЫЛАР

3.1 Спорттық комментатордың тілдік тұлғасы

3.2 Үш тілдегі спорт комментаторларының сөйлеуіндегі тілдік ойын

4. ҮШ ТІЛ ТЕЛЕКАНАЛДАРЫНДАҒЫ СПОРТТЫҚ ТҮСІНДІРМЕЛЕРДІ ТАЛДАУ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінгі таңда спорттық БАҚ –ның мемлекеттік деңгейде тың зерттеуді қажет ететін салалардың бірі. «Осы күнгі физкультуралық-спорттық БАҚ – тәрбие жүйесінің бұқаралық физкультуралық қозғалысты дәріптеу және спорттың дамуындағы ұйымдық- әдістемелік және ғылыми-теоретикалық мәселелер баяндамасымен үйлестірілетін элемент» (Михайлов)

Қазіргі уақытта спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Ол спортшылардың жетістіктері арқылы да әр мемлекеттің азаматтарына халықаралық аренада өз елдерін мақтан тұтуға, мемлекет мәртебесін үстем қылуға мүмкіндік береді. Сондықтан да спорт жетістіктерінің телевизияда, радио және жазбаша басылымдарда сауатты жеткізілуі және баяндалуы, сонымен бірге осы саладағы мамандардың кәсібилігі де маңызды қоғамдық міндет болып саналады. Аталмыш тақырыптың ғылыми түрде зерттелу деңгейі төмендеу. Кейбір зерттеушілер спорттық журналистика туралы жүйелік ұғым қалыптастырып, оқу құралын жазуға талаптанып көрді. Сондықтан да тілге тиек етіп отырған бұл жанр зерттеудің жаңа әрі қызықты тақырыбы болып табылады. Спорт – бұл танымал, қиын да қарама-қайшы қоғамдық өмірде маңызды рөл атқаратын әлеуметтік құбылыс. Ол биологиялық, рухани, ақпараттық сияқты әлеуметтік қажеттіліктер жиынтығын іске асыру мақсатында пайда болған коммуникацияның ерекше түрі. Спорттың қоғамдық маңызы, тұрақты шиеленіс мен серпіннен, болжап болмайтын нәтижелерден туатын қызығушылық спортты БАҚ өкілдерінің баяндауын, маңызды спорт оқиғалары репортаждарын қызықты қылуға себін тигізеді. Спорттық репортаждар негізі, радио және телевизия эфиріндегі бағдарламалар, баспасөздегі есеп спорттың ойын түріндегі хабары болып есептеледі. Расымен де, ойын түрлері көріністік болғандықтан жанкүйерлердің болуын талап етеді.

Спорт саласында қатынастың зерттелуі, бұл қатынастың қатысушылардың рөлі, құндылығы мен тұжырымдары, мақсат-мүдделері спорттық дискурсты институциональды дискурстың бір түрі ретінде қарастыруға және өзегі мен сыртқы жағдайын көрсетуге мүмкіндік береді. Спорттық дискурс - спорттық қызметі төңірегінде қатысушылар арасындағы коммуникацияның түрі. Спорттық дискурс спорттық және қандай да бір басқа дискурстың қосылуы кезінде жүзеге асады. Мысалы, спорттық және педагогикалық саласында –жаттығу, ойын немесе спорт ойындарын көрсету, спортшылар мен жаттықтырушылар жиналысы және спорттық дайындықтың ерекшеліктерін қамтитын басқа жанрлардың толық қатары; спорттық және медициналық- спортшыларға ем және дәрілік көмек көрсету; спорттық және іскерлік – тренер, спортшы, спорттық мекеме қол қойған келісімшарттар, жылдық, айлық қаржылық есептер т.б. жарыстардың өтуін мақұлдаған, жарыс мерзімдерін анықтаушы,белгілі бір команданың немесе спортшының жарысқа қатысу-қатыспау жағдайы туралы құжаттар, қаржылай сыйақылар; спорттық және заңды – әртүрлі шарттар, келісімдер, келісімшарттар және т.б.

Жоғарыда айтылған жанрлар ішінен ауызша және жазбаша жанрларды бөлуге болады. Жазбаша дискурс қатарына спорттық оқиғалар көрсетілген күнтізбе, жаттықтырушылардың жоспарлары мен есептері, спортшылардың интернет-блогтары, құрлық және әлем спортшыларының рейтингі, спорттық хабарландырулар мен құлақтандырулар, ғаламтордағы спорттық сайттар жатады. Ауызша дискурсқа спорттық репортаждар мен сұхбаттар кіреді. Спорттық дискурс бұқаралық ақпарат құралдарында спорттық оқиғаларды баяндау үдерісінде барынша байқалады. Спорттық дискурс пен масс-медиа дискурсының тығыз байланысын ескерсек, спорттық дискурс мынадай түрлерге бөлінеді: телевизиялық, баспа, радио – және ғаламтор – дискурс. Спорттық дискурстың жетекші жанрларының бірі телевизия болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Спорттық БАҚ-н зерттеу, спорттық түсіндірменің жанрының қыр-сырын және оның сөйлеушінің өзіндік ерекшеліктерімен байланысын анықтау. Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін мынадай келесі мәселелерді шешу қажет:

1. Үш мемлекеттегі спорттық БАҚ жағдайын қарап шығу;

2. Спорттық дискурс ерекшеліктерін талдау;

3. Аудиторияға сөйлеу арқылы ықпал ету әдістеріне талдау жасау;

4. Үш тілдегі спорттық БАҚ, спорттық репортаждар мен спорт комментаторларының тіл ерекшеліктерін салыстыру.

Диплом жұмысының пәні: Спорттық дискурстың сөйлеу және тілдік ерекшеліктерін зерттеу.

Диплом жұмысының нысаны: Спорттық дискурс – нақты комментатордың сөйлеу әрекетінің нәтижесі.

Диплом жұмысының әдістері: Бақылау, телевизиялық бағдарламаларды аудиовизуальды талдау, сауалнама жүргізу, лингвостилистикалық талдау, дискурсивті талдау, спорттық комментатордың тілдік ерекшеліктерін ішінара қайта құру әдістері қолданылды. Әрбір әдіс көзделген мақсаттарға жету үшін зерттеудің белгілі бір кезеңдерінде қолданылды.

Зерттеу жұмысында ауызша спорттық дискурстың репортаж және спорттық комментарий, олардың негізгі белгілері, сонымен бірге БАҚ-дағы спорттық дискурстың тілдік және көркем-бейнелеу құралдары сияқты негізгі жанрлары қаралады.

Диплом жұмысының материалдары ретінде соңғы онжылдықтағы үш тілдегі спорттық репортаж бейнежазбалары алынды.

Диплом жұмысының дерек көздері: «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», Being John Motson: «Toward a Computational model of Football Commentary», Кудрин С.А. Базовые метафоры спортивного дискурса [Электронный ресурс] т.б. мысалдар көрсетіліп талданды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, төрт тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

СПОРТТЫҚ ДИСКУРСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Спорттық дискурс туралы түсінік

«Дискурс» сөзінің қолданылуының барлық мүмкін болатын жағдайларын қосқанда анық та дәл және көпшілік мақұлдаған анықтамасы жоқ. «Дискурс» ұғымын анықтау қазіргі тіл білімініңөзекті мәселелерінің бірі болып отыр. «Дискурс» термині XX ғ. 60-70 жж. бастап гуманитарлық ғылымдардакеңінен қолданылып келеді. Әйтсе де, оныңтіл біліміндегі

қолданысын көп кейінгі уақытқа жатқызуға болады.

Қазіргі кезде дискурс ұғымына түрліше сипаттама беріліп жүр. У. Чейфтің пікірінше дискурс шынында да көп қырлы үғым, оған бір-ақ тұрғыдан сипаттама бер,мәнін бір-ақ сөзбен ашу мүлде мүмкін емес. Дискурс

ұғымының ең жиі қолданылатын анықтамасы - «ауызша сөйлеу тәжірибесі» және «тілді қолдану» ұғымдары. [1, 351]. Дискурстың ең нақты және жиі қолданылатын анықтамасы - «ауызекі қолданыс тәжірибесі» және «тілдіқолдану». Бұл жерде ағылшын тіліндегі лингвистикалық әдебиеттерде дискурсқа берілетін негізгі мағына тілдіңқатынастық қызметі, яғни, қолданыстағы тіл. Дискурс ұғымына анағұрлым толық анықтама берген Н.Д. Арутюнова, оның пікірінше: «Дискурс - это связный текcт в совокупности с экстралингвистическими, прагматическими, социальными, культурными и психологически-сериями факторами, текст, взятый в событийном аспекте, речь,рассматриваемая как целенаправленое социальное действие, как компонент участвующий во взаимодействии людей и механизмов их сознания, речь, погруженная в жизнь»[2, 136]. Көрсетілген анықтамадағыдай дискурс ұғымын жеке дара өрі лингвистикалық аспектіде ғана қарастыру мүмкін емес, оны басқа да гуманитарлық ғылымдармен бірлікті қарастыру қажет екені байқалады.

Дискурс – сөйлеу, тілдік әрекет үдерісі, сөйлеу әдісі. Дискурс (фр. discours, ағыл. discourse, латыншадан аударғанда Discursus «әрі-бері жүгіру, қозғалыс, айналым, әңгіме, сөйлесу») - ауызекі қолданыс тәжірибесі; тілді қолдану. Дискурс сөйлеуші мен тыңдаушы атты бір –біріне қарама-қарсы қойылған рөлдің болуын талап етеді. Спорттық дискурс оқиға немесе спорттық үдеріс пен огың қатысушылары арасында яғни спорттың субъектілерінің арасында жүреді. Ол спорттық және қандай да бір басқа дискурстың біріккен жерінде жүзеге асады. Мысалы, спорттық және педагогикалық салада – жаттығу, спорт ойындарын көрсету, спортшылар мен жаттықтырушылардың жиналысы және спорттық дайындықтың ерекшеліктерін қарастыратын басқа жанрлардың толық қатары; спорттық жіне медициналық – ем және спортшыларға дәрілік көмек көрсету; спорттық және іскерлік – жаттықтырушы, спортшылар, спорттық ұйымдар қол қойған келісімшарттар, жылдың, айдың қаржылық есептері, жарыстың өтуін растайтын,жарыстың уақытын нақтылайтын құжаттар,команданың немесе спортшының жарысқа қатысу-қатыспауы, ақшалай сыйлықтар; спорттық және заңды - шарттардың әртүрлілігі, келісімдер, келісімшарттар. Спорттық журналисттердің тілі әскери лексикаға, метафораларға және тұрақты сөз тіркестеріне өте бай. Спорттық дискурс аясындағы ағылшынтілді кірме сөздер, бәрінен бұрын, мемлекеттердің саяси, мәдени, экономикалық ынтымақтастығымен, сонымен қатар, әлемдік одақта спорттың рөлінің артуымен байланысты және соған сәйкес, әлемнің көп бөлігі қолданатын, спорттық дискурстың реалиясын тілдегі лексемалар арқылы міндетті түрде көрсету болып табылады. Лексикалық ерекшеліктер ішіндегі ең көрнекі, экспрессивті қанық үдерістері троптардың белсенді енуі болып табыалды. Лексиканың стилистикалық қорына жататын троптар эфирдегі тілдің бейнешілдігі мен мәнерлілігін одан әрі арттыра түседі, эмоциялы – экспрессивті мағына мен (авторлық мәтінде) бағалау береді. Спорттық дискурс жүйесінде маңызды рөлді журналисттің авторлық позициясы мен сезімдері атқарады. Эмоциялар сөйлеушіге өз уайымын, сезімдерін, әсерлерін жеткізуге көмектеседі. Ал авторлық баға түсіндіріліп отырған объектіге жағымды немесе жағымсыз қатынасын көрсете алады. Спорттық дискурстың ерекшелігі мынада: оқиға әрдайым мәлім болғандықтан, жазбаша сонымен қоса ауызша репортаж авторы керекті деректерді жинап, дайындалуға мүмкіндігі бар, репортаждың басым бөлігі суырыпсалмалық және репортер оқиғаны арқау етіп, ары қарай өрбітеді. Сәйкесінше, репортер мұқият ойланған және алдын –ала алынған көрнекі-суреттеу және басқа да ықпал ету құралдарын қолдану мүмкіндігінен айырылады. Алайда репортаж авторы кейбір өзіндік ықпал ету құралдарына ие. Жұмыс барысында репортер дыбыстық тәсілді қолданады. «Бұл тыңдаушыға қауымдастықтың көмегімен материалдық нысан, өмірлік жағдай, адам мінез – құлқы жайында түсінік (жалпы түрде) беретін дыбыстық элементтердің жиынтығы (сөйлеу, музыка, шу).Телевизиялық репортажда дыбыстық тәсіл көрнекі суретпен толықтырылады.Қатаң уақыт шектеуінен және іс-әрекет ауысымының жылдамдығынан репортер троптар мен көрнекі-суреттеу құралдарын пайдалану мүмкіндігінен айырылып, мәтін мәнерлілігін азайтатын тілдік клише мен қалыптардың қызметіне жүгінеді.Қандай да бір шектеудің жоқтығына орай, сөйлеуші репортажда өз мәтінін онлайн түрде түзеу, ақпараттық, нақты қателіктерін, сонымен қатар стилистикалық олқылықтарын түзету немесе қажетті түсінік беру мүмкіндіктеріне ие. Спорттық аналитикалық мақаланың мақсаты оқиғаның сипаттамасы, нақты іс-әрекеттің талдауы және мүмкін болатын салдары болып табылады.Сонымен қоса, мақаланың репортаждан айырмашылығы қатаң газет ауқымымен шектеледі, соған қарамастан мәтінді мұқият тексеру, сәйкесінше, автордың репортажға тән шаблондықты жою, көрнекі-бейнелі тәсілдерді, оқиғаға байланысты тілдік құралдарды таңдау сияқты артықшылықтары да бар. Ауыспалы мағынаға негізделген терминтіркестер немесе метафоризациялар спорт саласында жиі кездеседі. Сонымен, терминтіркестердің құрауыштарына етістіктің ауыспалы мағынасы мен одан шыққан сөз тұлғалары жатады: жүйкесін жұқату, мергендік таныту, үмітті ақтау; вырваться вперёд, побить рекорды, сравнять счёт, отдать подачу, отдать гейм, сохранить трофей, занять место, упрочить лидерство, поразить ворота; brilliant finish, to catch offside. Үш немесе төрт сөзді тіркестер де кездеседі: жеңісті жұлып әкету, айласын асыра алмау, жер шұқып қалу, ойын өрнегін жоғалтып алу, намысты қолдан бермеу; попасть в число призёров, выложить мяч под удар, парировать удар с разворота, вернуть игру под контроль, гарантировать место в турнирной таблице, защищать цвета команды; to make an inion cry.

Фразеологиялық терминтіркестерді мысалдардан көруге болады:........тамаша ойыншы, бірақ сары аурумен ауыратыны болмаса....- «сары ауру», футболда ойын тәртібін көп бұзып, сары қағаз көп алатын ойыншы.

Сонымен қоса әртүрлі тасымалдардың негізінде пайда болған кәсіби түрдегі жеке сөздер тобы мен құрылымдарды атап кеткен жөн: вязкая защита, сухой счёт, сухая ничья, мощная манера игры, замысловатый розыгрыш мяча, блестящие матчи; жеңіс тұғыры, қарымта кездесу, қарымта шабуыл, триллер матч; Аталған терминтіркестер тек қана спорт аясында қолданылады, сондықтан да қолданылу аясы тар болып саналады. Спорт шолулары мен репортаж мәтіндерінде кеңінен қолданылатын басқа тілдік сөздік құрам өзіндік жек сөз топтары болып саналады. Басқа тілден сөздердің кірігуі тілдің сөздік құрамының толығуы мен баюына әсерін тигізеді. Спорттық дискурс шеңберіндегі ағылшын кірме сөздерінің молдығы ең алдымен мемлекеттердің саяси, экономикалық, мәдени қызметтестігімен, сонымен қатар спорттың әлемдік деңгейде дамуымен байланысты. Кірігудің көбірек таралған түрі ол –лексикалық түр. Кірігудің графикалық формасы Графическая форма заимствований осуществляется через запись иноязычных слов средствами национального алфавита с учётом их произношения. В текстах спортивных репортажей отметим довольно распространённую «практическую транскрипцию». Жекелеп алғанда, ағылшын тілінен шыққан сөз «тайм» - «time» сөзінің аудармасыз дәл нұсқасы. Ағылшын тілінде бұл сөз көпмағыналы, және оның алғашқы мағынасы – уақыт. Қазақ және орыс тілдерінің спорттық терминологиясында «тайм» - «футболдағы уақыт кезеңі» (футбол матчы ереже бойынша ортасында үзілісі бар екі таймдан құралады) Такое значение семантически приближено к значению, фиксируемому англо-русскими словарями вкачестве возможного - «засекать время; хронометрировать». Берілген лексема басқа тілдік лексема қолданушылар арасында тез таралып, спорттық дискурс шеңберінде терминге айналды: После первого тайма астраханцы уступили 3 мяча. Хоккейде ағылшын тілінен аударғанда «қосымша уақыт» дегенді білдіретін «овертайм» сөзі қолданылады. Басқа да ағылшын кірме сөздерінің қолданылуына мысалдар келтірсек: Соперницы принялись обмениваться брейками, и первый балл на собственной подаче был выигран лишь в восьмом гейме представительницей России. В словаре находим полисемант break c большим количеством значений, связанных общей семой «пролом, разлом». Үлкен теннисте бұл сөз «сәтсіз соққыны» білдіреді. Ағылшын сөздерінің лексикалық толығуы орыс және қазақ тілдерінің. Лексическое наполнение английского слова, всё же соответствует воплощению его в русском аналоге. Жиі әрі кеңінен қолданылатын кірме сөздерге: голкипер (ағыл. goal+keep, «қақпа қорғау»), финиш (ағыл. finish - «аяқтау»), пенальти (ағыл. penalty - «жаза, айып» итал. penalita - «айыппұл, айып, ескерту»), баттерфляй (ағыл. butterfly - «жүзу стилі»), плей-офф (play off - «тең ойыннан кейін қайталама ойын») аутсайдер (ағыл. outsider - «бөгде, тысқары», «аутсайдер»), сэйв (ағыл. save - қорғау).Басқа тілдер сөздерін тарту спорт лексикалық қорының кеңеюіне әсерін тигізеді, синонимияның артуына себін тигізеді, тілдік құралдарды үнемдеуге мүмкіндік береді, мемлекеттердің мәдениаралық байланыстарының болуын, тіл иеленушілері мен сөйлеушілерінің бар екендігін растайды. Лексикалық ерекшеліктер ішінде ең көркемі, айқын да бейнелі –мәнерлісі - троптарды белсенді қолдану үдерісі болып табылады. Лексиканың стилистикалық қорына жататын троптар көгілдір экрандағы дыбысталып жатқан сөздің бейнелілігі мен мәнерлілігін арттыра түсіп, бағалау (авторлық мәтіндерде) және экспрессивті- эмоциональды мағына береді. Сонымен, кейіптеу (олицетворение) метафораның бір түрі; троп, жансыз нәрселерді жанды нәрселерге, жекелеп алғанда адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Осылайша, кейіптеудің белсенді қолданылу үдерісі масс-медиа мәтінінің маңызды қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Мәтіннің авторы ақпараттық жолдауды жандандырады және әсерлендірушілік енгізеді. Сол сияқты мақсатқа спорттық дискурс аясымен байланысты жарыс барысында спортшылар мен ойыншылар арқылы жүзеге асатын іс-әрекеттер метафоризациясы жатады. Мысалы: " Боруссия" хоть и обосновалась ближе к подвалу турнирной таблицы, аутсайдером не считается. «Подвал» - жарыс кестесіндегі соңғы орын. Берілген мысалдан сөйлем эмоциональды реңкке ие деп қорытында шығаруға болады. Саяси таптаурын өкілдігінің жиірек қолданылатын құрал-тәсілдеріне ауыспалы терминдер, тұрақты бейнелі салыстырулар немесе окказиональды метафоралар түрінде келетін әскери метафора жатады. Жазбаша спорттық дискурстағы ерекше қызығушылық кең таралған окказиональды әскери метафоралар болып саналады: мергендік танытты, жеңісті жұлып әкетті, қорғаныс шебін әлсіретіп алды, «каталонцы» атакуют, команда завоевала трофей; Ойыншылардың іс –әрекетінің реттілігі әскери метафоралар көмегімен беріліп отырады (әскери әрекеттер мағынасында): тойтарыс беру, шабуылды үдету.Осылайша, футбол матчы жанкүйерлерге ұрыс-шайқастағыдай әсер береді.Спорттық дискурс саласында әскери метафораның көп таралуы соғыстың халық, адамдар өмірінде маңызды орын алатындығымен, тарихи міндет болып саналатындығымен байланысты. Берілген тақырыпты қолдану спорттық мақала авторларына сайыс алаңында болып жатқан күрестің қызығы мен шыжығын, құштарлықтың қыза түсуін жеткізуге мүмкіндік береді. Кейбірі спорттық терминдер қатарына өтіп және эмоциональды- әсерлі күшін жоғалтып алған тұрақты және өшіп бара жатқан әскери метафоралар қатары бар. Осындай метафораларды қолдануда соғыстың талқандағыш болмысы емес, спорттық сайыстың қауіптілігі мен қызықтылығы және спорттық жеңістің мәні, сайып келгенде спорттың жағымды бағасының құрылуына себін тигізеді. Саяси таптаурын өкілдігінің тәсілі болып мемлекеттік деңгейде спорттың маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік беретін мемлекеттік символикалар негізіндегі метонимия болып табылады. Команданы білдіру үшін сол мемлекеттің ресми бейнелемесі (символикасы) мен түстер жиі қолданылады. Мемлекеттің өкілі ретінде команданың рөлі осылай белгіленеді. Осындай метонимиялық ауысуларды сөз қылған кезде, мысалдар қатары шектеулі болғандықтан, спорттық дискурс мәтінінде заттың метонимиялық атауларының міндетті шарты аудиторияның белгілі бір хабары немесе білімі болуы және оның түсінігінің мүмкін болатын жалғыз нұсқасының болуы болып табылады. Мысалы, Канаданың бірден-бір белгісі болып үйеңкі ағашының жапырағы саналады, қызғылт сары түс Нидерланды өкілдерімен байланыстырылады, ал жұлдызды-жолақтылар деп АҚШ-нан келген спортшыларды айтады.

Спорт мәртебесін көтерудің бірден бір жолы – абыройға шағым айту болып табылады. Бұл қабылдау риторикалық, бағытталған топқа жатады, ереже бойынша, аудитория назарын аудару және ұстау жатады. Бұл жерде сөз саяси көшбасшылар мен жоғарғы қызметтегі адамдар туралы емес. Мәтінге спорттық оқиғаның беделін үстем қылатын спорт аясына қатысы жоқ қосымша ақпараттар(мысалы, ойынға мемлекеттің көшбасшыларының, атақты саясаткерлердің көрермен болуы) енеді. Жағымды тікелей баға автор атынан да, кәсіби мамандар сөзі арқылы да беріледі. Жеке мысалдарда, құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыратын перифраза айналымдарын аңғару қиын емес. Спорттық түсіндірмелерден (комментарий) көре аламыз: Көрермендер енді тамаша аяқ доп спектаклін көреміз деп ойлады, бұл жерде аяқ доп спектаклі- футбол ойыны дегенді білдіріп тұр.

М. Е. Медетова «А.П. Крысинның пікірінше, «спорт» терминін өзінің тек кәсіби спортшылардың сөйлеу тіліне ғана емес, сонымен бірге спортсүйер қауымның, спорт жанкүйерлерінің сөйлек тіліне кеңінен таралуына қарай кез келген арнайы лексикадан ерекшелігі көзге көрініп тұрады», - деп жазды. [5,18б.] Спорт хабарларының нақты адресат – мамандары және білгілі бір спорт түрінің жанкүйерлері болады. Сондықтан да, спорт хабарларда қолданылатын терминдер нормаға жатады.

Мәтіндегі перифразаға мынадай қызметтер тән:

1. қайталануды болдырмайды;

2. декоративтік;

3. ойын;

4. жұмсарту, жанама атаулар, қысқарған сөздер (зашифровки) (ереже бойынша, эвфемистикалық перифразалар).

Спорттық дискурс мәтіндерінде перифраза лексикалық қайталауларды болдырмайды, сонымен қатар ойын қызметін атқарады. Спорттық дискурс саласында метафорамен қоса жалпы қолданылатын лексика байланысты синекдоха кеңінен қолданылады. Спорттық шолулар мен комментарий мәтіндерінде ойыншылардың спорттық киімдерінің түсін ойыншылардың өздеріне ауыстырып айтылатын синекдоха жиі кездеседі. Мысалы: Первая половина четвёртой четверти прошла под диктовку «бело-голубых», бұл жерде «бело-голубые» - спорттық киімдерінің басты түстері ақ және көгілдір болып саналатын «Динамо» футбол командасының ойыншылары туралы айтылып тұр; Сербский наставник расстался с «красно-синими», «красно-синие» киімдерінің түсі қызыл және көк ЦСКА футбол командасының ойыншылары туралы айтылып тұр.Сонымен бірге спорттық мәтіндерде команда атауларында көптіктің элементке ауысуын атап өту керек: деректі есімдер ойын командасының атымен ауысады: «Юлаевцы» полностью пришли в себя после серии поражений, «юлаевцы» - «Салават Юлаев» хоккей клубының ойыншылары. Берілген мысалда ауыстыру орын алған: команда мүшелері – атау. Әр спорттың өз сленгтері бар. Спортшылар тіліндегі кейбір сөз тіркестері қарапайым адамдарға түсініксіздеу ал кейде тіпті қисынсыз болып көрінуі мүмкін. Например, когда гандболист «бьет по ушам», это не значит, что он намерен нанести кому-то телесные повреждения. Просто, выполняя бросок по воротам, игрок направляет мяч над головой голкипера в так называемую «мертвую зону», где достать кожаный снаряд довольно трудно.

У конькобежцев есть выражение «сработать в спину». Это означает для конькобежца, что на прямой необходимо как можно ближе пристроиться к впереди идущему спортсмену. Тогда, за счет меньшего сопротивления воздуха, удастся набрать максимальную скорость.

Одним из самых зрелищных элементов баскетбола является блок-шот. Улучив момент, защитник успевает выпрыгнуть и в полете накрыть мяч, летящий в кольцо. В русскоязычном варианте этот прием давно уже окрестили словом «горшок». Но еще более ценным среди баскетболистов считается «горшок с крышкой». Так говорят, когда мяч в итоге остается в руках у защитника.

Про самую большую ошибку футбольного форварда говорят - «запорол дохлый момент», то есть не реализовал стопроцентную голевую ситуацию.

В работу хоккейного защитника входит обязанность «чистить пятачок» - корпусом выталкивать соперников из зоны перед воротами.

На Чемпионате мира по биатлону у нашей Альбины Ахатовой сломалась винтовка, и она не смогла своевременно и точно поразить все мишени. Для описания такой ситуации биатлонистам потребуется только одно слово: «Застрелилась!».

Осылайша, спорттық дискурсты зерттеу кезінде спорт аясына ғана тән терминдердің (сөздер мен сөз тіркестері) қолданысын, кірме сөздердің қолданысын, Таким образом, при исследовании спортивного дискурса было замечено использование терминов (слов и словосочетаний), которые характерны для спортивной сферы; употребление заимствованных слов; разнофункциональное привлечение тропов, что говорит о его живом, динамичном характере [Мухамедова, 2001: 1-5].

Спорттық дискурстағы тілдік бағаның қалыптасуы

Кәсіби спорт – ширақ, болжап болмайтын, ерекше әсер тудыратын, телевизиялық көрсетілімге арналған дүние. Телевизиялық спорттық журналистикада спорттық түсіндірме (комментарий) маңызды рөл атқарады. Жылдамдық пен шеберлілік тән спорт тек көрермендерге емес, сонымен қатар спорт хабарын жүргізіп отырған комментаторға да жарқын да күшті әсер қалдырады. Осы әсерлердің мазмұны, сапасы және динамикасы бір жағынан, спорттық шараның қызықтылығына (интрига) және ойынның кездейсоқ жағдайларына еліктіру деңгейі болса, екінші жағынан комментатордың темпераментінің ерекшеліктеріне, әсерленгіштігіне және ырықсыздығына байланысты. Түсініктеме берілетін затқа эмоциялық қатынас көрсете алу қабілеті тілде эмоциялық бояулы тілдік бірліктер түрінде беріледі. Эмотивность тілдің коммуникативтік қызметін құраушы болып табылады және сөйлеушіге өз әсерін, сезімін білдіруге мүмкіндік береді. Түсініктемелерде (комментарий) автордың бағасы ең маңызды рөл атқарады. Сонымен, мысалы, футбол ойынында барлық ойын эпизодында өнімді және өнімсіз рұқсат (шешім) бар, және ол комментатордың бағасынсыз берілмейді. Оценочность түсіндірілетін затқа жағымды және жағымсыз қарым-қатынас білдіру қабілеті ретінде объективті логикалық өлшем – нормаларға, спорттық стандарттарға және ере желерге негізделеді. Нормаға сәйкестік немесе нормадан асып түсу жақсы бағамен вербалданады. Футбол түсіндірмелерінде «жақсы-нашар» бағасы тек логикалық өлшемдерге ғана емес, сонымен бірге комментатор сезінетін эмоцияларға да негізделеді. Осыдан келіп баға және эмоция параметрлері сәйкес келгендіктен бір-бірінен ажырамайтын болып шықты: «жағымдысы-жақсы», «шамалысы- жаман». Эмоциялық баға ретінде комментаторлар жиі қолданатын сөздер:

•зат есімдер: экстра-эмоция, моноспектакль, моментище, цирк, драйв, лицедей, ловкач, актер, умница, притворщик, жулик, провал, восторг, блеск, круть, жесть, заморочка, феерия;

•сын есімдер: тамаша, нереальный, фантастический, феноменальный, невероятный, ликующий, расчетливый, вялый, выдающийся, тягучая, искрометная;

•іс-әрекетті білдіретін етістіктер: бас көтере алмады, бағындырды, тас талқан етті, шегерілді, ойсырай ұтылды, прорвались, влетели, обложили, завалили, накрыли, поджала, завелась, обокрал, похулиганили, будоражит, вколачивает, заправляет, бодаться, склеивает, вскроется;

•үстеулер: опасно, блистательно, грандиозно, интересно, здорово, вкусно, красиво, гениально, круто, классно, провально, позорно, скромно, органично;

•одағайлар: қап, әттеген-ай, әп, бәрекелді, ах, ох, ну, фу, уф, ух, эх, оппа, браво, ура, увы;

•тұрақты сөз тіркестері: отпен ойнау, уақыт созу, соңғы нүктені қою, айы оңынан туу, играть с огнем, гол престижа, свистать всех наверх, зрелищный матч, тянуть время, разгром соперника;

•окказионализмдер: изюмно, обезмячить, остолбенило, остолбенизм, зажиг, бомбардирство, бекхемновато, раскураженность; sublmessi

•метафоралар: игроки плетут красно-белые кружева, нервы навыпуск, артиллерийское оружие, бомбардир противника, главное блюдо тура, тактическая паутина, театр футбола, оборона застегнута на все пуговицы; футбол спектаклі, semi final style, Nouer style,

Жағымды және жағымсыз эмоциялы баға ретінде ауызша тіл бірліктерін қолдану Использование разговорных единиц в качестве положительных или отрицательных эмотивных оценок имеет целью повышение их доступности и сокращение дистанции между комментатором и телезрителем. Например: «Унай Эмери своей финтифлюхой на левом фланге достает Барселону в челюсть <…>Пуйоль сыграл здесь как брыкучий ослик, да <…> Гуаито пуляет вперед <…> Какие были потягусики за мячом!» (В.Уткин. «Валенсия» - «Барселона». 21.09.11. «НТВ-Плюс. Футбол»).

Эмотивтерді әсірелеудің лексикалық және сөз жасаушы тәсілдерімен қатар түсіндірмеде лепті құрылымдар да жүреді. Соған байланысты эмоциялы түсіндірменің жиі синтактикалық қабылдауы қайталау болып саналады. Мысалы: «Суарес! Суарес! Суарес!.. Гол-гол-гол-гоол!!!» (А.Шмурнов. Сборная Уругвая - Сборная Парагвая. 24.07.11. «НТВ-Плюс. Футбол»). Эпизод барысында футболшының қақпаға келуі және голдық соққы кезінде оның тегінің дүркін-дүркін қайталануы мазасызданудың шарықтау шегінде көрерменді еліктіріп, экспрессивті бояу береді. Көрерменнің назарын аудару сөзді акценттеп айту арқылы да жүзеге асады. Комментаторлар дүркін-дүркін сөз соңындағы бірыңғай дауыссыз дыбыстарды қайталау немесе дауысты дыбыстарды созу тәсілін қолданады. «Играет Интеррр!» «Выходит вперед Байеррр!» «Ударрр! Гоооол! Снова впереди Бордооо!»). Бұндай тәсіл комментатор тілінің дыбыстық және интонациялық мәнерлілігін күшейтеді. Ашық эмоциялы комментарий құралдарына тіл динамикасы, дыбыстың құбылуы және дауыс қаттылығының төмендеуі жатады. Ойынның шарықтау шегі кезінде комментатор сөйлеу тілі жедел және қаттырақ шығады: «Харджа! Хорошая комбинация! Удар по воротам!!! И го-о-о-о-о-л!!! Выходит вперед Интеррр!» (А.Шмурнов. «Бари» - «Интер». 04.02.2011.«НТВ-Плюс. Футбол»).Ойынның байсалды, бірқалыпты эпизодтарына немесе шиеленіскен тұстары шешілгеннен кейін комментатор дауысының бәсеңдеуі мен кідіруі тән. Бұндай жағдайларда алаңдағы ойын жағдайындағы аз ғана өзгешеліктердің көмегімен берілетін сөйлемдердің интонациялық бөлінуі (парцелляция) жиілейді. Стоит игра… Молчит игра… Помолчим и мы…(А.Шмурнов. «Шальке» - «Лион». 24.11.10. «НТВ-Плюс. Наш футбол»). Комментатор эмотивті бағалардың көмегімен телекөрермендерді өз эмоцияларымен еліктіреді, спорттық әрекетке тартып, қызықтырады, ойынға деген мазасыздықты, уайымға жоюға көмектеседі, қажеттілікті қанағаттандырады. Мысалы, алаңдағы орын алып жатқан жайсыздықты хабарлай келе, комментатор ойыншының сәтсіз ісіне деген жанкүйерлердің ыза-өкініштерін Например, информируя о разворачивающемся на поле эпизоде, комментатор вербализует досаду болельщиков от неудачного действия игрока: «Что ж ты делаешь, родной? Сейчас бы героем стал. Боян, Боян! Ах ты, маленький!» (В.Уткин. «Барселона» - «Челси» 28.04.09. «НТВ-Плюс. Футбол»).

«Валенсия» футбол клубының жартылай қорғаушысының сәтсіз ойынын келеке қылады: Ойынның эстетикалық «Ударрр по воротам! Ну, Альбельда соскучился. Подумал: В конце концов, Альбельда я, аль не Альбельда?». Акцентирует внимание на эстетическом восприятии игры: «Ударрр! Ой, какая игра! Ой, какая игра! Как же мы это любим! Да? Любые решения, на любой вкус, на любую сласть, на любую жесть!» (Там же).Комментатор риторикалық леппен сезімдердің шарықтау шегін жеткізеді, риторикалық сұрақтар қою арқылы комментатор көрермен назарын аударып, ойлануға жетелейді. Риторикалық сұрақтар көрерменмен қиял диалогын құрады және комментатор ойының пікірталасын көрсетеді. Ұлттық командалар қатысумен болатын халықаралық жарыстарда комментатор бейтарап бола алмайды. Өз қақпасына әдемі де шебер соғылған гол комментаторға өкініш сезіміне жетелейді, жағымсыз әсер беріп, «өз командасынан» көңілін қалдырады.

Риторикалық сұрақтар арқылы комментатор көрерменді сәтсіздіктің себебін іздеуге шақырады. Және содан кейін қарсы топтың ойыншыларының істеріне интонациялық солғын, нашар бағалау кетеді: «Здорово разыграли, да?». «Зениттің» ойыншылары қайтадан ұта бастағанда, комментатор қанағаттанып, қуаныш сезімін көрсетеді: Игрокам «Зенита» удается отыграться, комментатор выражает радость и удовлетворение: «Гол! Гооол! Роман Широков! Первая комбинация фланговая и прекрасный пас Файзулину! И Роман Широков попал в защитника, и Элтон все-таки не помог <…> Один - один. Ну, слава богу!». Көрерменнің эмоцияға толы жаңғырығын тудыру мақсатында жеңіске деген қуанышты білдіру үшін лепті құрылымдар мен лексикалық қайталауларды қолданады: «Широков! Гол! Роман Широков! Ой, как широко! Поймал мяч правой ногой и левой с разворота послал второй мяч».

Ұлттық команда жеңілген жағдайда комментатордың сөз мен қылығы телекөрерменге ащы жеңілісті жұмсартып, ақталуға бағытталады: В случае проигрыша национальной команды коммуникативное поведение комментатора направлено на формирование у телезрителя «оправдательного комплекса», смягчающего горечь поражения: «Вообще-то судья добавил три минуты к матчу, а швейцарцы забили, когда на секундомере было уже 3.08. Ну да ладно <…> Это поражение с минимальным счетом» (Г.Орлов. «Янг Бойз» - «Зенит». 17.02.11. «НТВ-Плюс. Спорт»).

Осылайша, біз спорттық оқиға барысында комментатор өз репортажына ойынның авторлық көрінісі, тәжірибе, әсерлер, бағалар, тіл шеберлігі сияқты дүниелерді салады деп айта аламыз. Әр спорт комментаторының тіл даралығы немесе өзгешелігі, оларға тіл құралдарын қолдану ерекшелігі тұрақты тындармандар мен телекөрермендердің шеңберінде, телеаудиторияның бір бөлігін тартса, бір бөлігін кері итереді. Сөйлеушіге өз эмоцияларын, сезімдерін, әсерлерін білдіруге мүмкіндік бергендіктен, эмоция спорттық дискурстың маңызды құраушысы болып табылады. [Электронный научный журнал факультета журналистики МГУ им. М.В. Ломоносова «Медиаскоп»] URL: #"justify">

Дискурс - речь, процесс языковой деятельности; способ говорения. Дискурс предполагает наличие двух противопоставленных ролей - говорящего и адресата. Спортивный дискурс происходит между участниками спортивного процесса или события, т.е. субъектами спорта. Он реализуется в местах слияния спортивного и какого-либо другого дискурса. Например, в области наложения спортивного и педагогического - тренировка, игра или выступление, собрание спортсменов и тренеров и целый ряд других жанров, предусматривающий особенности спортивной подготовки; спортивного и медицинского - лечение и оказание медикаментозной поддержки спортсменам; спортивного и делового - контракты, подписываемые тренером, спортсменом и спортивными организациями, финансовый отчет за год, месяц, сбор и т.д., документы, подтверждающие проведения соревнований, уточняющие сроки соревнований, участие в соревнованиях того или иного спортсмена или команды, денежные вознаграждения; спортивного и юридического - разного рода договоры, соглашения и контракты и т.д.

. Речь спортивных журналистов изобилует военной лексикой, метафорами и фразеологией. Обилие англоязычных заимствований в рамках спортивного дискурса связано, прежде всего, с наличием политического, экономического, культурологического сотрудничеством стран, а также с растущей ролью спорта в мировом содружестве, и соответственно, с необходимостью обозначать реалии спортивного дискурса лексемами языка, которым пользуется большая часть мира. Среди лексических особенностей наиболее яркими, экспрессивно насыщенными являются процессы активного введения тропов. Относясь к стилистическим ресурсам лексики, тропы усиливают изобразительность и выразительность звучащей в эфире речи, передают оценочное (в авторских текстах) и эмоционально-экспрессивные значения. Так, олицетворение - особая разновидность метафоры; троп, выразительность которого связана с тем, что неодушевлённые предметы наделяются свойствами живых существ и, в частности, человека.

. Особую роль в системе спортивного дискурса играют эмоции и авторская позиция журналиста. Эмоции позволяют говорящему выразить свои переживания, чувства, впечатления и т.д. А авторская оценка способна выражать положительное или отрицательное (одобрительное или неодобрительное) отношение к объекту комментирования.


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 842 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ПРИМЕРЫ РАЗЛИЧНЫХ КОДОВ И ИХ ТРАНСФОРМАЦИЙ| Как узнать промо-товар?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)