Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұрақты тепе-теңдік жағдайындағы Солоу үлгісіндегі негізгі айнымалылардың сипаттамасы

Читайте также:
  1. A)бұл құқықтың дамуы мен қызмет етуінің қалыптасу процессінің негізгі немесе жетекші бастаулары
  2. B) негізгі құралдарды жою кезінде еңбекақы есептелінді
  3. E) негізгі және қосымша
  4. Ақша мен валюта бағамының тепе-теңдік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық.
  5. а)- негізгі бағыттары мен белгіленуі, б), в), г)- негізгі жазықтықтар мен олардың белгіленуі
  6. Атом ядросының құрылысы және сипаттамасы.
  7. БН-5,4 түріндегі қыздыру блогының техникалық сипаттамасы
Технологиялық прогресс және халық санының өсуі болмаған жағдайда Халық санының n қарқынымен өсу жағдайында Халық санының n қарқынымен өсуі және технологиялық прогресстің g қарқынымен өсуі
Айнымалы Өсу қарқыны Айнымалы Өсу қарқыны Айнымалы Өсу қарқыны
L   L n L n
K   K n L·E K n + g n + g
k=K/L   k=K/L   k`=K/L∙E k`=K/L G
У   У n у`=У/L·E n + g
        у =У/L  
у=У/L   у=У/L     g

Кейнс үлгілерінде қор жинағының нормасы экзогенді беріледі және табысты тепе-теңдік жағдайындағы өсуінің қарқынын анықтайтындығы белгілі.

Ал неоклассикалық Солоу үлгісіндегі қор жинағының кез-келген нормасында нарықтық экономика қорымен қаруландырудың (к*) тұрақты деңгейіне және балансталған өсуге ұмтылады. Бұл жағдайда табыс пен капитал (n+g) қарқынымен өседі.

Тепе-теңдік экономиканың өсуі қор жинағы нормасының әр түрлі деңгейінде қарастырыла береді,сондықтан оңтайлы жинағының нормасын таңдау проблемасы туындайды.

Қор жинағы нормасының оңтайлы көлемі Э.Фелпстің «алтын ереже» қағидасына сәйкес келеді .Экономика өсуінің тепе-теңдік жағдайында, тұтыну жоғары шекті деңгейде болуын қамтамасыз етеді.

Қор жинағы нормасының оңтайлы көлеміне сәйкес келетін қормен қаруландырудың тұрақты деңгейін (к**) деп белгілейміз,ал тұтыну (с**).

Жұмыспен қамтылған бір адам басына шаққандағы кез-келген қормен қаруландырудың тұрақты деңгейінде (к*) тұтыну деңгейін анықтау үшін,төмендегі тепе-теңдікті өрнектейміз:

y = c + i Мұнда тұтыну c = y – i;

c* = f(k*)-dk* i = s ∙ f(k) = dk

 

Бұл нүктеде капитал қорының бір бірлікке өсуі капиталдың шекті өніміне (МРК) тең және ығысуды d мәніне өсіреді.

Егер өнімінің өсімшесіне қажетті инвестиция ығысуды жабуға пайдаланылса,онда тұтынудың өсуі болмайды.Сонымен, «алтын ережеге» сәйкес келетін капиталмен қаруланудың деңгейі (к**) болғанда,төмендегі шарттар орындалуы керек:

МРК= d + n + g болады.

Егер экономикадағы капитал қоры «алтын ереже» жағдайынан үлкен болса,онда қор жинағының нормасын төмендететін бағдарлама қажет. Мұндай бағдарлама тұтынуды үлкейтеді және инвестицияны төмендетеді.

Экономика тепе-теңдік қалпынан шығып, «алтын ережеге» сәйкес келетін пропорцияға жетеді.

Егерде экономикада қарастырылып отырған кезеңде капитал қорының мөлшері к** төмен болса, онда қор жинағының нормасын көтеруге бағытталған бағдарлама қажет. Бұл бағдарламаның басында инвестиция өседі және тұтыну төмендейді,бірақ капиталдың қоры өскен соң,белгілі бір уақыттан кейін тұтыну өсе бастайды. Нәтижесінде экономика жаңа тепе-теңдік жағдайына жетеді,бұл жағдай «алтын ережеге» сәйкес болады, демек тұтыну бастапқы жағдайынан жоғарылайды.

Жоғарыда қарастырылған Солоу үлгісі экономиканың өсуінің ұзақ мерзіміндегі механизмін сипаттайды. Мұнда экономика тепе-теңдікте болады және факторлар толық қамтылады.

Әл-ауқаттылықтың тұрақты өсуінің негізі ретінде техникалық прогресс қарастырылады және жоғары тұтыну қамтамасыз ететін оңтайлы вариантты табуға мүмкіндік береді.

Қарастырылған үлгіде кемшіліктер жоқ емес.

Үлгіде тұрақты тепе-теңдік жағдайын ұзақ мерзім кезеңінде қарастырады,бірақ өмір деңгейі мен өндіріс динамикасының қысқа мерзім езеңіндегі жағдайы экономикалық саясат үшін маңызды.Солоу үлгісінің көптеген экзогенді айнымалыларын –s,d,n,g-ді үлгінің ішінде анықтау керек еді,өйткені олар басқа параметрлермен тығыз байланысты және соңғы нәтижеге әсер етеді. Үлгіде бірқатар өсудің шектеулері жоқ, мысалы, ресурстық, экологиялық,әлеуметтік.Үлгіде пайдалынылған Кооб-Дуглас өндіріс функциясы өндіріс факторларының кейбіреулерінің бір-бірімен байланысын бейнелейді,бұл байланымтар экономиканың нақты жағдайын көрсетпейді.Осы және басқа да кемшіліктерді экономиканың өсуінің жаңа теориясы ескеруге тырысады.

Неоклассикалық үлгіде өнім көлемі экономиканың тұрақты жағдайында (n +g) қарқынымен өседі, демек тұрақты өсу қарқыны экзогенді анықталады. Эндогенді өсудің қазіргі заманғы теориясы үлгінің ішінде тұрақты өсу қарқынын анықтауға ұмтылады.

Экзогенді түрде барлық факторлар мен сандық және сапалық ресурстық,институционалдық байланыстыруға тырысады.

«Ұсыныс экономикасының» тұжырымын ұстағандардың айтуынша,толық жұмыспен қамтылу жағдайында өсу қарқынының ұлғаюы нарықтық жүйеге сырттан реттеуді қысқарту нәтижесінде мүмкін болады.

 

Негізгі түсініктер: экономикалық өсім, экономкалық өсу факторлары, интенсивті, экстенсивті, «алтын ереже» Э, Флепс, «табиғи» өсу қарқыны.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Экономикалық өсу және оның факторлары.

2. Кейнстік экономикалық өсу үлгісі.

3. Солоудың экономикалық өсу үлгісі

4. Мемлекет қандай экономикалық саясат арқылы қор жинағының нормасына әсер ете алады?

Пайдаланған әдебиеттер:

9. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика. М: «Дело и Сервис»2001

10. ТарасевичЛ.С. Макроэкономика –СПб-2005

11. Макконнелл К., Брю С.,Экономикс/ Пер.с англ.-М.,2000

12. Р. Дорнбуш, С Фишер. Макроэкономика/Пер с англ.-М.,1997

 


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 507 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Импорттаудың шекті бейімділігі | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс | Сурет. Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады | Сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі | Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі. | LM қисығын алгебралық жолмен шешу | Ms↑→R↓→I↑→Y↑→Yd↑→C↑,Xn? | Баға деңгейінің өзгеруіне байланысты ынталандырушы ақша-несие саясаты | Ашық экономика | Ақша мен валюта бағамының тепе-теңдік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨСУ| ОСНОВНЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ WINDOWS XP

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)