Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ынталандырушы жалақы

Читайте также:
  1. Баға деңгейінің өзгеруіне байланысты ынталандырушы ақша-несие саясаты

Кәсіподақтардың монополиялық күші мен ең төмен жалақы туралы заңынан басқа, нақты жалақы қатаңдығының 3-ші себебі тиімді еңбекті ынталандыратын жалақы жүйесін талдау кезінде зерттелген. Тиімді жалақы теориялары жоғары жалақы жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттырады деген ұғымнан шығады.

Жалақының еңбек өнімділігіне әсері туралы бірнеше теориялар бар. Біреуі – Нашар дамыған елдерге қолданылатыны – жалақының тамақтануға әсері. Жоғары жалақы алатын жұмысшылардың жақсы тамақтануға мүмкіндігі бар, ал денсаулығы жақсы жұмысшылардың тиісінше өнімділігі жоғары болады. Дамыған елдерде фирма жұмысшылардың денсаулығына көмек ету үшін жалақыны тепе-теңдіктен жоғары деңгейде төлеуі мүмкін.

Дамыған елдерде келетін тиімді еңбекақының екінші теориясы жоғары жалақы жұмыс күшін қысқартады дейді. Жұмысшылар көп себеп бойынша жұмыстан кетеді – басқа фирмаларда жоғары лауазымға ие болу үшін, өзінің мамандығын өзгерту үшін, елдің басқа ауданына көшу үшін, т.б. Фирма жұмысшыларға қанша есе жалақы көп төлесе, сонша есе олардың фирмада қалу ынтасы көбейеді.

Үшінші теория фирмадағы қызметшілердің орташа сапасы олардың алатын жалақысына байланысты екенін айтады. Егер фирма жалақыны қысқартса, ең күшті жұмысшылар басқа жұмысқа ауысуы мүмкін, сонда фирмада тек нашар, болмысы жоқ жұмысшылар ғана қалады. Экономисттер осындай сұрыптауды теріс селекция деп атайды. Тепе-теңдік деңгейден жоғары жалақыны төлей отырып, жұмысшылардың сапалы құрамын жақсартып, соның нәтижесінде еңбек өнімділігін жоғарылатуы мүмкін.

Төртінші теория жоғары жалақы жұмысшылардың ынтасын көтеретінін айтады. Бұл теория фирманың жұмыс істейтіндердің еңбек күшін жеткілікті түрде тиімді бақылай алмайтындығынан және жұмысшылар қаншалықты интенсивті түрде жұмыс істеуі мүмкін және жұмыстан қашуы мүмкін, соның салдарынан жұмыстан қуылуға тәуекел етеді. Экономисттер бұндай тәртіптің болуы мүмкіндігін моралдық зиян деп атайды. Фирма моральдық зиян нысынын өте жоғары жалақы белгілеу арқылы басуы мүмкін. Жоғары жалақы төлей отырып, Фирма жұмысшылардың жұмыстан бас тартпауын талаптандырады, Соның салдарынан еңбек өнімділігін жоғарылатады.

Жұмыс істейтіндер өніріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар – атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін тигізеді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деп аталады.

Жұмыссыздықтың өзгермейтінджеңгейінде заң өлшемділігі болады, яғни мұнда нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны тұрғын халықтың өсімімен, капиталдың жиналуымен және ғылыми-техникалық прогрестің өсімімен белгіленіп, 30 пайызды құрайды. Сонымен қатар, әрбір жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауын 1 пайызға, нақты ЖҰӨ көлемінің өсім қарқыны 2 пайызға төмендетеді. Сол себепті, жұмыссыздық деңгейінің 6 және 8 пайызға өсімі нақты ЖҰӨ көлемінің өсімін былай құрайды: 3 – 2 х (8 – 6) = -7 пайыз

Осыған байланысты, Оукен заңы бойынша, экономиканың төмендеуімен нақты ЖҰӨ көлемі 1 пайызға төмендейді.

Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасындағы байланысты көрсетеді:

у – у*/у* = β (U – U*)

 

Мұндағы: Ү – нақты өнім көлемі; Ү* - потенциялды ЖҰӨ; U – нақты жұмыссыздықтың деңгейі; U* - табиғи жұмыссыздықтың деңгейі; β - эмпирикалық коэффициент.

3-сұрақ.

Инфляция дегеніміз бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлығы бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді.

Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады. Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады. Осы жылдың (1999 жылдың) баға индексін алдыңғы жылдың (1998 жылыдың) баға индексінен шығарып, айырмасын алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексіне бөліп, содан кейін оны пайыз түрінде шығару үшін 100 ге көбейтеміз. Мысалы, 1998 жылғы тауарлар тұтыну баға индексі 154,5 тең болса, 1999 жылы – 158,2 болы. Сонымен, 1999 жылдың инфляция деңгейі мына жолмен анықталады:

П=Р-Р -1/ Р-1

Р- ағымдағы жылдың орташа баға деңгейі; Р-1 өткен жылдағы орташа баға деңгейі. Орташа баға деңгейі баға индексі арқылы табалады.

Инфляция қарқыны = 158,2 – 154,5 / 154,5 х 100 = 2,3 пайыз.

“70 ереже” деп аталатын ереже инфляцияны басқаша анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бағалардың екі еселенуіне керекті жылдары тез есептеп табуға көмектеседі. Ол үшін тек қана 70 деген санды жылдық инфляция деңгейіне бөлеміз: Инфляция екі еселенуі = 70 / баға өсуінің жылдық қарқыны

Баға өсу қарқынына байланысты инфляция түрлерін баяу инфляция, галопирдық қалқымалы инфляция, карқынды немесе гиперинфляция.

Баяу инфляция еңбек ақыдан көрі баға тез өседі және жылдық инфляция қарқыны 10 пайызға дейін өседі.

Қалқымалы инфляция 20 және 200 пайызға дейін инфляция қарқыны болады. Бұл инфляция жағдайында елдің ақша-несие саясаты бұзылып, адамдар қолма-қол ақша саны тез құнсызданатындықтан қолда ақша ұстамайды.

Гиперинфляция айына бағаның 50 пайызға өсуі. Жылана өсу қарқыны 1000 пайыздан жоғары болады.

Инфляция тудыратын факторларға байланысты инфляцияны екі түрге бөледі:

1) Сұраныс инфляциясы. Экономикада кейде ұсынысқа қарағанда сұраныс шығындары көбірек болады. Артық сұранысқа өндіріс артық көлемімен жауап бере алмайды, өйткені барлық ресурстар қамтылған. Бұл артық сұраныс бағаның өсуіне әкеледі және сұраныс инфляциясын тудырады.

2) Шығын инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы.

Шығын көлемі өзгеруінің және нарықтық ұсыныстың нәтижесінде инфляция болады.Шығын инфляциясының теориясы баға деңгейінің өсуін орташа шығындардың өсуіне әкелетін факторлармен түсіндіреді. Шығын инфляциясының пайда болуына екі негізгі себеп бар: а) төлемақының өсуі; ә) энергия және шикізат сияқты ресурстарға бағаның өсуі.

Сұраныс және ұсыныс инфляцияның үйлесімі инфляциялық шиыршық (спираль) қалыптасады.

Инфляцияның сыртқы және ішкі себептер.

Сыртқыға: егер ел тұрақты валюта курсын ұстаса, онда әкелінетін тауарлар бағасы өссе ішкі нарықтағы баға өседі.

Ішкіге; өнеркәсіптің қалыс қалуы, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, ірі фирмалардың монополиясы, жоғары салықтар мен пайыз мөлшерлері.

 

 

Студенттерге арналған дайындық сұрақтары:

  1. Экономикалық цикл теорияларына жеке тоқталыңыз?
  2. Экономикалық тербелістердің пайда болу себептері
  3. Экономикалық цикл фазалары.
  4. Жұмыссыздықтың пайда болу себептері және жұмыссыздық түрлері
  5. Жұмыссыздық мәселесін шешудегі мелекеттің ролі.
  6. Инфляциямен жұмыссыздықтың өзара байланысы.
  7. Инфляцияның типтері пайда болу себептері.
  8. Иняцияға қарсы саясат.
  9. Қазақстандағы нффляциялық процестердің ерекшеліктері

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

10. Ивашковский С:И: Макроэкономика.М., “Дело” 2000.

11. Тарасевич А.А Макроэкономика.МГУ 2005г

12. Агапова. Т.А.., Серегина С.Ф. Макроэкономика:Учебник МГУ, Ихзд-во “Дис”2000

Лекция


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 368 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Лекция. Макроэкономикаға кіріспе. | Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер. | Сұрақ . Haқты және атаулы ЖҰӨ. | Тұтыну бағасының индексi және ЖҰӨ дефляторы | Экономикалық циклдер. Әлуетті жалпы ұлттық өнім | Циклдық емес тербелістер | Импорттаудың шекті бейімділігі | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс | Сурет. Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады | Сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Толық жұмысбастылық ұғымы| Лттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)