Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тәртіп бұзу

Тәртіпті бұзу – басқа топ өкілі сөйлеп жатқан кездегі пікірсайысшымен ұсынылатын пікірсайыс ережелерін бұзуға деген қарсылық. Тәртіптің бұзылғанын жария ету үшін пікірсайысшы орнынан тұрып: “Тәртіп бұзылды” деп айтуы керек. Одан соң ережелердің бұзылғанын қысқа түрде түсіндіруі тиіс. Осы сәтте сөйлеп жатқан спикер сөйлеуін тоқтатып, төрешінің қарсылықты қабылдағанын не қабылдамағанын күтуі керек. Егер қарсылық қабылданса, тәртіпті бұзушылықты түсіндіруге кеткен уақыт спикер уақытынан алынып тасталады. Ал егер қарсылық қабылданбаса, онда бұл уақыт спикер үшін ескеріледі. Тәртіпті бұзу ойдан өткізіліп, құрылып жатқан кезде сөйлеп жатқан спикерге жауап беруге рұқсат етілмейді. Бұл ережелер қатып қалған қағидалар, топтар оны өзгерте алмайды. Тәртіпті бұзу мынадай кезде көрсетілуі мүмкін: 1.Сараптама сөз кезінде жаңа дәйек енгізу. Егер де спикер ребатлда раунд бойынша енгізілмеген пункт кіргізсе немесе басқа топ айтқан нәрсеге алғаш рет жауап беріп жатса (бұған тек ОМК-де айтылған ойға жауапты қайтара алатын ПМ құқылы), онда қарсылас топ тәртіптің бұзылғаны туралы айту керек. Егер қарсылық қабылданса онда төрешілер жаңа дәйекке мән бермейді және оны енгізген спикерге әрі қарай түсіндіруге рұқсат етілмейді. Төреші ребатлдағы жаңа пунктты біржақты бейтараптандыра алмайды; екі топ та жаңа пункттердің енгізілуін бақылауға міндетті болып есептеледі. 2.Сараптама кезінде кейсті ауыстыру. Егер Үкімет тобы ПМС-де кейстің тұжырымдарын өзгертуге не ауыстыруға тырысса, онда оппозиция қарсылық білдіре алады. 3.Спикердің уақыт шектерінен шығып кетуі. Сөздің шектелген уақыты аяқталған кезде әрбір ойыншыда өз ойын аяқтау үшін 30 секунд болады. Егер ол осы лимиттен асып кетсе, онда қарсылас топ мүшелері қарсылық білдіре алады. Егер қарсылық қабылданса, онда сөйлеп жатқан спикер сөзін аяқтап, отыруға міндетті.

Жеке басқа қол сұғушылық

Егер сіз қарсылас топтың мүшесі Сіздің сөзіңізді қатты өзгертіп не жеке намысыңызға тиіп жатқанын сезсеңіз, онда “Жеке басқа қол сұғушылықты” пайдалана аласыз. Тұжырымдау, шешім қабылдау мен уақытша бағалау процедурасы тәртіпті бұзу процедурасымен тепе-тең. Егер жеке басқа қол сұғушылық қабылданса, онда сөйлеп жатқан спикер сізге берген ұнамсыз бағасын түсіріп тастап, өз сөзін жалғастыруы керек. Жеке басқа қол сұғушылықты тек Сіздің сөзіңізді шынымен бұрмалап, намысыңызға тиген жағдайларда ғана пайдаланыңыз. Өз қарсыластарыңызға аздап еркіндік беріңіз, сіздің кейс бойынша жеңіл сарказм мен әзіл-қалжың сізді үрейлендірмеуі тиіс. Егер сіз қарсылықты таласты жағдайда білдірсеңіз, онда бұл шектен асушылық болып көрінеді. Өзіңізге өзіңіз төреші бола отырып, шын төрешінің реакциясын болжай біліңіз.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 291 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тікелей байланыс | Тығыз байланыс | Философиялық (құндылықты) кейс | Негізгі түйіндер | Толықтырулар | Байланыс | Барлығы ойдағыдай болмаған жағдайда | Оппозиция мүшесінің міндеттері | Жинақтау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пікірсайыс негіздері туралы тағы бірер сөз| Технология

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)