Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бүйректің құрылымдық-функциянальдық бірлігі. Зәрдің түзілу фазасы. Юкстагломерулярлық аппарат.

Читайте также:
  1. Зәрдің химиялық құрамы

Схема түрінде:

1. Бөлік аралық вена

2. Бөлік аралық артерия

3. әкелетін тамыр

4. Шумақша

5. Әкететін тамыр

6. Жинағыш түтікше

7. Аралық, қосымша түтікше

8. Бүртік

9. Дистальді иірімді өзекшелер

10. Генле ілмегі.

11. Екінші капиллярлар торы.

12. Проксимальді иірімді өзекшелер

13. Тік венулалар.

Бірінші капилляр торын немесе шумақшаны сонымен қатар ерекше тор деп атайды, себебі капилляр торына дейін және одан кейін қан артериальді. Мұндай жағдай тек бүйректе ғана кездеседі. Шумлян-Боумен капсуласы мен шумақша қосылып бүйрек денешігін немесе Мальпиги денесін құрайды. Бүйрек денешігінде зәрдің түзілуінің 1- ші стадиясы-фильтрация жүреді. Қанның сұйық бөлігі шумақшалардан сүзіліп Шумлян-Боумен капсуласының қуысына енеді. Бұл процесс бірнеше себептерге байланысты.

1. Біріншіден, әкелетін тамырлардың қысымы 100-70 мм. рт. бағ. тең. Бұл қолқа қысымының 60-70%-е тең.

2. Екіншіден, әкелетін тамырдың диаметрі үлкен, әкететін тамырларға қарағанда көп қан келеді, аз кетеді.

3. Үшіншіден, капилляр торындағы қан капсула қуысынан клетканың екі қабатымен бөлінген.

· Тамырдың эндотелийі

· Капсуланың эпителиі

Әкететін тамырдың қысымы 70 мм сынап бағанасына тең. Соның әсерінен шумақшадағы үлкен қысым қанның өзінің құрамындағы сұйық бөлігін беруге ықпал жасайды.

Осы стадияның әсерінен 120 -160 литрге жуық алғашқы реттік зәр түзіледі. Әрбір бүйрек денешігінде 0,03 мл-ға жуық зәр түзіледі.

Бүйрек «денешігі» 2-і миллионға жуық есептеледі. Сонымен, бірінші реттік зәр, ол қанның белоксыз филтраты болып есептеледі. (қанның формалық элементтері жоқ).

Бүйрек өзекшелерінде қайтадан сіңірілу немесе реабсорбция стадиясы, ол зәрдің түзілуінің екінші стадиясы. Соның салдарынан екінші реттік зәр (1-3 литр тәулігіне) түзіледі. Бірінші реттік зәрдің 99 % суы, тұз, мочевина және қант қайтадан сіңіріледі.

Түзілген екінші реттік зәр организмнен шығарылады.

Үшінші стадия-зәрдің белсенді шығарылуы.

Нефрондардың 80% жуығы бүйректің қыртыс затының қалыңдығында, ал 20%-ның шумақшасы бүйректің милы затына жақын орналасады, ал Генле ілмегі мен проксимальды және дистальды өзекшелер бүйректің милы затында орналасады. Бұндай нефрондарды юкстамедуллярлық аппарат деп атайды.

ЮГА-ның қызметтері:

1. зәрдің түзілуі.

2. қан қысымын реттейді. Қолқа қысымы 50-40 мм сына бағанасына тең болған жағдайда бүйрек денешігінде фильтрация қысқартылады (анурия өледі).

3. Жоғары қысымды ұстап тұрады, ренинді түзеді, ол филтраця стадиясын реттейді.

4. Эндокринді қызмет-ренин мен эритропоэтин гормондарын бөледі.

Бүйректің қызметтері:

1. Организмнің ішкі ортасын қалыпты жағдайда ұстап тұрады.

2. Организмнен шлактардың шығарылуына әсер етеді.

3. Су-электролиттік балансты қалыпты жағдайда ұстап тұрады.

4. Қышқыл-негіз тепе-теңдігін қалыпты жағдайда ұстауға қатысады.

5. Организмнің осмос қысымын реттейді.

6. Тамыр тонусына әсер ететін заттардың секрециясын және синтезін реттейді.

7. Қанның түзілуіне және қанның ұю жүйесіне (эритропоэтин) әсер етеді.

8. Негізгі қызметі-зәр түзу.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 829 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Несеп жүйесіне жалпы шолу және олардың дамуы.| Несеп ағардың, несеп қуығының және несеп жібергіш өзектің функциональдық анатомиясы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)