Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бұрғылап - аттыру жұмыстарын тіркеу

Читайте также:
  1. Бұрғылап-аттыру жұмыстарын маркшейдерлік іспен қамтамасыз ету
  2. Бұрғылап-аттыру жұмыстарының ұйымы

Бұрғылап - аттыру жұмыстарын және олардың соңғы нәтижелерін тіркеу арнайы бір кітаптарда шоғырланған болуы мүмкін.

Бұрғылау ұңғымаларын ай сайын тіркеу формула бойынша жүргізіледі

 

A + O1 – (B + П + Р +О) = О2 , (5.1)

 

мұндағы А - аттыру жұмысының айлық жұмысына есептелген ұңғымалар саны;

О1 - айлық есептің бірінші күннен жарылуға дайындалған ұңғымалар қалдығы;

В - айлық есептегі жарылған ұңғымалар саны;

О2 - жаруға дайындаған ұңғымалар саны;

П, Р, О - бұзылған, жаруға жарамайтын ұңғымалар саны;

Жарылған тау - кен массасын тіркеуді (бір күндік, он күндік және бір айлық) осылайша жүргізеді, дегенмен вагондарды толтыру регламентацияланған болу керек, сонда сол немесе басқа кендердің сорт ауырлығы дұрыс болады.

Жарылған тау массасының күтілген мөлшері дәл солай келесі формуламен есептеледі

 

 

(5.2)

 

мұндағы N1 және N2 көлемдері жарылуға дейін анық,

Пскв және Ппог.м - алдыңғы жарылыстар тәжірибесі кезінде қабылданған.

Бірақта жарылған кен массасының соңғы есебі әрбір жарылыс үшін маркшейдерлік өлшемдер негізінде келесі формула бойынша анықталады

 

(5.3.)

 

мұндағы V1,V2,Vn- жарылған жүйенің ішіне кіретін әр түрлі сорттағы кендер көлемі,

d1,d2,dn- оларға сәйкес көлем ауырлығы,

D - жарылған таулы кен массасының мөлшері.

Жүйенің жарылуға дейінгі және жарылудан кейінгі шекарасын аспаптық түсіріс негізінде анықтайды, ал әр түрлі сорттағы кендер шекарасы - бұрғылап-аттыру ұңғымалары белгілері бойынша жағдайын жобадағы түсіріс бойынша анықтайды. Жарылуға дейінгі (шөгіндіден жоғары) забойды жүйелі түсіру, сондай-ақ геологияны жүргізеді, жарылған кен массасын және забойды жүйеден барлық жарылған массаны жинайды.

Жарылған тау жыныстарының қозғалысын мына формула бойынша анықтайды

 

(5.4)

 

мұндағы Оn - аралық есептің басында қалған жарылған тау массасы, м3,

В - аралық есепте жарылған, м3,

Оm - аралық есепте жүктелген, м3,

Ок - айлық есептің соңында жарылған тау массасының қалдығы, м3.

Жарылуға дайындалған және бұрғыланған кен массасының мөлшерін пішіндер негізінде есптейді, оны ұқсас жағдайларда алдыңғы жарылыстағы тәжірибелер ескере орындайды.

Бұрғыланған масса есебін кендердің бөлек сорттары бойынша жүргізеді, олардың шекараларын бұрғылау ұңғымалары белгілері бойынша орнатады. Есепті мына формула бойынша жүргізеді

(5.5.)

немесе

(5.6)

 

мұндағы v¢1,v¢2,v¢n - түрлі сорттағы кендер көлемі, м3,

d1,d2,dn - оларға сәйкес көлемдік ауырлығы,

Ппог.м және Пскв - 1м ұңғыманың өнімділігі және бүтін ұңғыма өнімділігі(алдыңғы жарылыстар негізінде анықталады),

Q - бұрғыланған тау массасының көлемі.

Әрбір жарылыс бойынша тау массасының өнімін тіркеуді вагондап жүргізеді және аспаптық түсіріс негізінде бөлек ескереді. Кен өнімдерін сондай-ақ сорттық жобасы бойынша алдын - ала есептейді, оларды сорттарға бөлгенде қанша өнім алатынын есептейді.

Жарылған тау массасының нақтылы мөлшерін есептеу, оны экскавациядан кейін аспаптық түсіріс белгілері бойынша анықтайды. Осылайша бөлек жарылыстар бойынша жарылған тау массасының жалпы көлемі – эклиметрмен және кен шығару орнында сорттық жобасы бойынша – маркшейдерлік өлшеулермен анықталады. Бұл белгілердің маркшейдерлік өлшемдері тау массасының толығымен өнімін тіркеу негізінде қызмет етеді. Барлық алынған кен массасының көлемі салмақты шаруашылықта өлшеумен анықталады.

Кен шығаратын орын учаскесі екі кертпештен көрсетілген. Жоғарғы кертпеште жинап алу негіздемелерінің пункті орналасқан 5 және 6 тағы басқа дирекциондық бұрыштармен 0000¢ төменгі пункті 7 және 8.

Түсірілім белгілері бойынша құрылған кен шығару орнының учаскі жобасы бұрғылау торларының параметрлеріне сәйкесінше (7×7 м, бірінші және екінші қатар арасындағы қашықтық 3,5 м) жарылыс ұңғымаларының жобалық жағдайына енгізілген. Ұңғыманы болмысқа шығарғаннан кейін және жүйені бұрғылау нәтижесінде орындайтын түсірілістер. Ұңғыма және олардың тереңдігінің фактілік орнының берілгендері алынған. Түсіріліс полярлық әдіспен орындалып, түсіріліс негіздеулері 5 және 6 пункттерде және басқада дирекциондық бұрыштармен 0000¢. Жарылыс жұмыстарының жобасын құру үшін берілгендерді дайындау қажет:

1) Тахеометриялық түсірілімдер нәтижелері бойынша 1: 1000 масштабтағы кен шығаратын орын учаскесінің жобасы құрылған (4 - сурет). Рейкалық нүктелерді жобаға түсіріс пунктінен көлбеу салу және түсірістік негіздеулер жағынан көлденең бұрыштар бойынша транспортир көмегімен енгізеді. Нүктелердің биіктік белгілерін мына формула бойынша анықтайды

 

(5.7)

мұндағы Zc – түсірілім желісі пунктінің биіктік белгісі,

hі – жоғарылату,

і – түсіріліс пунктіне қатысты нүктелер.

2. Тік қиманың сызықтары және бұрғыланған жарылыс ұңғымаларының нақты жағдайын жоспарға енгізеді.

3. Жарылатын жүйенің жоспарлық жобасының контурына кіргізу үшін 1- 4 сызықтары бойлай тік қималар құрады. Кесінді жазықтығы (пункттер сызығы) ұңғымалардың соңғы қатарына 800 бұрыш арасында жүргізіледі.

4. ЛСПП мәнін анықтау. Осы мақсатпен ұңғымалар бойлай тік қималар құрады. Сол қималар бойынша бұрғыланған ұңғымаларға (майысу, қисаю) сұрыптама жүргізеді. Табан асты бойынша қарсыласу сызығы бірінші ұңғымаға дейін (иілген) төменгі жағынан кертпеш етегі бойлай көлденең қашықтық сияқты графикалық анықталады.

5. Кертпештің нақты биіктігін тік қималар сызықтар арасындағы әрбір учаскеде есептейді

 

(5.8)

 

мұндағы Z B - жоғарғы жағының биіктік белгісі,

Z H - кертпештің төменгі жағының белгісі.

Ұңғымаларды қайта өңдеу кертпеш биіктігі және ұңғыма тереңдігі арасындығы айырмашылық сияқты анықталады

 

(5.9)

 

Бұрғылап - аттыру жұмыстарының маркшейдерлік қызмет көрсетуі бойынша тапсырмаларды орындау үшін далалық өлшемдердің нәтижесі және шыққан көлемдер берілген. Кен шығару орнының учаскесінің жобасын құру ыңғайын жасау мақсатымен жарылыс ұңғымалары және рейкалық нүктелер, кертпештер орны, түсіріс негіздеулерінің пункті көрсетілген.

 

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 460 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Графикалық құжаттама| Тренинг проводит бизнес-тренер компании

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)