Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Адамды кепiлге алу

Читайте также:
  1. Бірінші орынды техника мен технология алатын, адамды енгізетін жүйені кім ойлап тапты?

1. Кепiлге алынған адамды босату шарты ретiнде мемлекеттi, ұйымды немесе басқа да адамды қандай да бiр әрекет жасауға немесе қандай да бiр әрекет жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында жасалған, адамды кепiлге алу немесе кепiл ретiнде ұстау –
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып;
4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
6) кінәлі адамға жүктiлiк жағдайда екені көрiнеу белгілі әйелге қатысты;
7) көрiнеу дәрменсiз күйдегi адамға қатысты;
8) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
9) пайдакүнемдiк ниетпен немесе жалдау бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет –
жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, –
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кепiлге алынған адамды өз еркiмен немесе биліктiң талап етуi бойынша босатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

262-бап. Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға
басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу

1. Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету –
мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу –
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер –
мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы Кодекстiң 262, 263, 264, 265 және 268-баптарында қылмыстық топқа қатысуын өз еркiмен тоқтатқан және қылмыстық топ жасап жатқан немесе жасаған қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге белсендi түрде ықпал еткен адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

263-бап. Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық
ету, сол сияқты оған қатысу

1. Бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау мақсатында қылмыстық қоғамдастық құру не оған басшылық ету, сол сияқты ұйымдасқан топтар (қылмыстық ұйымдар) басшыларының немесе өзге де қатысушыларының бiрлестiгiн құру немесе дербес әрекет ететiн ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) қылмыстық әрекеттерiн үйлестiру –
мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ұйымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар, қылмыстық ұйымдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қылмыстық қоғамдастыққа қатысуы –
мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Қылмыстық әрекеттердi үйлестiру мақсатында ұйымдасқан топтар, қылмыстық ұйымдар басшыларының, өзге де қатысушыларының жиналысына, оның iшiнде байланыс құралдарын пайдалана отырып қатысу –
мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер –
мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топтардың (қылмыстық ұйымдардың) басшылары арасында жетекшi орын алатын адам жасаған іс-әрекеттер –
мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

264-бап. Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық
қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету,
сол сияқты оларға қатысу

1. Трансұлттық ұйымдасқан топты немесе трансұлттық қылмыстық ұйымды құру, сол сияқты оған немесе трансұлттық қылмыстық ұйымның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету –
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу –
мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер –
мүлкi тәркiленiп, он екi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

265-бап. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған
басшылық ету, сол сияқты оған қатысу

1. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру, сол сияқты оған
басшылық ету –
мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа қатысу –
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер –
мүлкi тәркiленiп, он жетi жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

266-бап. Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол
сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру
арналарын әзiрлеу

1. Ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды, қылмыстық қоғамдастықты, трансұлттық ұйымдасқан топты, трансұлттық қылмыстық ұйымды, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты немесе банданы қамтамасыз ету үшiн пайдаланылатынын көрінеу білетін адамның жеке тұлғаға не адамдар тобына не заңды тұлғаға ақшаны және (немесе) өзге мүлiктi, мүлiкке құқықты немесе мүлiктiк сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдығы, демеушiлiк және қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерiн көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі –
мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қылмыстық топқа қатысушының мүлiктi сақтауы, бөлуi, сондай-ақ қаржыландыру арналарын әзiрлеуi –
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып немесе коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам не қоғамдық бірлестік лидері жасаған іс-әрекеттер –
мүлкi тәркiленiп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыруды күш қолдану қатерін төндіріп жүзеге асырған және бұл туралы өз еркiмен мәлiмдеген адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

267-бап. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру

1. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды құру, сол сияқты осындай құралымға басшылық ету –
екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Заңсыз әскерилендiрiлген құралымға қатысу –
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Заңсыз әскерилендірілген құралымға қатысуын өз еркімен тоқтатқан және қаруы мен әскери жарағын тапсырған адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 291 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Зорлау | Бап. Жала жабу | Бап. Баланы ауыстыру | Бап. Азаптаулар | Бап. Экоцид | Бап. Диверсия | Бап. Тонау 1 страница | Бап. Тонау 2 страница | Бап. Тонау 3 страница | Бап. Тонау 4 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Рейдерлiк| Бап. Бандитизм 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)