Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алматы ауыр машина жасау зауыты

Читайте также:
  1. Алматы, 2015
  2. Болат арқандарын жасауға қандай сымдар қолданылады ? С) созғандағы беріктігі 1600.. 2000МПа беріктікті сым
  3. Вопрос 3. Процессы в холодильных машинах
  4. Если бы у меня была машина времени
  5. Машина времени и НЛО: как устроена летающая тарелка
  6. Машина времени и фальсификации: нереальное в невероятном

Металлургия кәсіпорындарына созу станы мен прокат жабдықтарын, көпшілік тұтынатын басқа да бұйым шығаратын ірі кәсіпорын. Зауыт 1941 ж. көшіріліп әкелінген Луганск паровоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылды. 1942 жылдың наурыз айынан майданға қажетті өнімдер, ал 1946 жылдан прокат жабдықтарын шығарды. Кәсіпорында кейін негізгі өндірістік және қосалқы цехтар салынды. Өндіріс тұйық технологиялық циклмен ұйымдасқан, ол металлургиялық құю жұмыстарынан басталып, құрастыру және өңдеумен аяқталады. Прокат жабдықтарын, созу стандарын және басқа да металл өнімдерін шығарады. Кәсіпорын 1951 жылдан өнімдерін Англия, Жапония, Франция, АҚШ, Болгария, Венгрия және басқа да елдерге шығарып, кезінде Қазақстан ауыр машина жасау кәсіпорындарының көшбасшысы атанды. Кәсіпорын шығарған құбыр және сым жасауға арналған стандар, детальпрокат стандары, құю-прокат агрегаттары, қара және түсті металлургия өнеркәсібі жабдықтарының қосалқы бөлшектері, сымды электротермик. және хим. жолмен өңдеу қондырғылары, шойын мен құрыш құймалары дүние жүзі мамандарының жоғары бағасын алды. 1992 ж. “Алматы ауыр машина жасау зауыты” акционерлік қоғамға айналып, ал 1997 ж. ашық түрдегі акционерлік қоғам болып қайта құрылды.

 

 


2. Кескіш ленталы станок

Кескішленталы станок ара арқылы әртүрлі заттарды кесуге арналған (металдар, тастар, ағаш, т.б.). Бұл ара шексіз лента түрінде жалғанған, сондықтан кескішленталы станок деп аталады. Барлық ленталы станоктардың аралары екі дөңгелекшеге бекітілген: соның бір дөңгелекшесі айналдырғыш болып табылады (қозғалтқыштан хабар келіп, айналып тұрады), екіншісі қысып тартып тұрады (ара айналу барысында ара шығып кетпес үшін керек). Дөңгелекшелер мықты қаңқаға бекітілген, оны кескіш рама деп атайды. Кескіш раманың орналасу орнына байланысты станоктар вертикалды, горизонталды және көлбеу рамалы болып бөлінеді.

Кез-келген кескіш ленталы станоктың негізгі жұмыс элементі сақина таспалы лента болып табылады. Барлық кескішленталы станоктардың қаңқалары стандартты түрде болат темірден жасалса, оның кескіш тістері құрылымы жағынын да, оларды жасайтын материалдары да алуан түрлі болады. Тау-тасты кесу үшін алмастан жасалған тістерді қолданады, ал ағаш кесу үшін көміртекті болат қолданылады.

Темір-металдан жасалған дайындамаларды кесу үшін кеңінен биметалды ленталы ара қолданылады: оның негізі жұмсақ және майысқыш келеді, бірақ тістің ұштары тез кескіш қатты болат темірден жасалады. Кескішленталы станок негізгі параметрін анықтайтын оның лентасының калыңдығы, биіктігі және созғандағы ұзындығы, кейде әрбір тісшелердің көлемі де рөл тигізуі мүмкін.

Кескішленталы станоктың көп түрі болғандықтан, олар үшін әртүрлі ұзындықтағы ленталы аралар қажет болып табылады. Ленталы аралар орам түрінде шығады, кейіннен оны керекті көлемде кесіп қайта оны жалғайды.

 


ҚОРЫТЫНДЫ

 


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 364 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Анализ результатов| Ритмичность выполнения производственной программы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)