Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Инженерлік графика 3» пәнінің мақсаты мен міндеттері

Читайте также:
  1. Асимптомы графика функции.
  2. Будет ГРУБОЙ ошибкой, если при оформлении чертежа по небрежности допустить пересечение графика с асимптотой.
  3. Векторная графика
  4. Векторная графика
  5. Вступление к графикам отдельных акций Часть 5
  6. ГРАФИКА
  7. Графика в Web-среде разработки (WDE) ProgrammingABC.NET. Модуль Graph.

1.5.1 «Инженерлік графика 3» пәнін оқыту мақсаты:

Пәннің негізгі мақсаты – сәулет-құрылыс сызбаларын оқуға және орындауға, эскиздерді және жұмыс сызбаларын орындауға қажетті білім алып, дағдылану. Инженерлiк-құрылыс графика – студенттердің КҚБЖ - Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесіне (ЕСКД), ҚЖҚЖ - Құрылыс үшін жоба құжаттамасының жүйесіне (СПДС) сәйкес конструкторлық құжаттамалардың орындалуы мен безендірілуінің негізгі ережелерін оқып, үйренетін алғашқы баспалдақтардың бірі болып табылады. Қурстағы графикалық жұмыстар инженерлік құрастыруға бағытталған. Сызбалардың орындалуы өндірістік сызбаларға мүмкіндігінше жуықталған.

1.5.2 Пәнді оқудың міндеттері:

- машина жасау сызбаларын орындау мен безендіру ережелерін үйрену;

- ортогональ проекцияларда, аксонометрия мен перспективада көлеңкелерді салудың теориялық негіздерімен танысу;

- перспективаны тұрғызудың теориялық негіздерімен танысу, перспективада кеңістік есептерін шешу тәсілдерін үйрену;

- құрылыс сызыбаларын орындау мен безендіру ережелерімен танысу және жобалау құжаттамаларын ҚЖҚЖ (СПДС) талаптарына сай орындауды үйрену.

Пәнді аяқтағаннан кейін студент мыналарды білуі қажет:

- көріністерді, тіліктерді, қималарды орындауды, аксонометриялық кескіндерді орындау тәсілдерін;

- машина жасау сызуының негіздерін, біріктірулердің түрлерін, бөлшектердің жұмыс сызбалары мен эскиздері, құрастыру сызбалары туралы жалпы мәліметтерді;

- көлеңкелерді салудың теориялық негіздерін, қарапайым геометриялық фигуралар мен сәулеттік бөлшектердің көлеңкелерін салу тәсілдерін, перспективаны салу тәсілдерін, көлеңкелерді аксонометрия мен перспективада салу тәсілдерін;

- құрылыс сызбаларының негізгі комплекттерінің маркаларын, құрылыс материалдарының, ғимарат элементтері мен санитарлық-техникалық жабдықтардың шартты белгілерін білу;

- құрылыс сызбаларында өлшемдерді қоюды және координациялық осьтерді салуды үйрену;

- пландарды, фасадтар мен тіліктерді безендіру ерекшеліктерін білу, құрылыс сызбаларын графикалық безендірудің жалпы ережелерін білу;

жасай білуі қажет:

- проекциялық сызбаларды, бөлшектердің аксонометриялық кескіндерін орындауды;

- машина жасау сызбаларын КҚБЖ талаптарына сай орындауды;

- сызықтық перспективаны тұрғызуды және комплекстік сызбада, аксонометрия мен перспективада көлеңкелерді салуды;

- құрылыс сызбаларын – ғимараттардың пландарын, фасадтарын және тіліктерін КҚБЖ және ҚЖҚЖ талаптарына сай орындауды;

- темірбетон, металл және ағаш конструкцияларының түйіндерін орындауды үйрену;

меңгеру қажет:

- көлеңкелерді салу мен сызықтық перспективаны салудың теориялық негіздерін қолданып көрнекі кескіндерді орындауды;

- сәулеттік- құрылыс сызбаларын орындаудың жалпы ережелеріне сай құрылыс сызбаларын орындауды.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 764 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс. Көріністер, тіліктер, қималар. | Дәріс 2. Аксонометриялық проекциялар. | Горизонталь изометриялық проекция. | Дәріс 3. Тетікбөлшектерді біріктіру. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер. | Дәріс 4. Тетікбөлшектердің эскиздері мен жұмыс сызбалары. Құрастыру сызбасы. | Сызықтық перспектива. | Дәріс. Ортогональ проекцияларда, аксонометрияда және перспективада көлеңкелер. | Дәріс 10. Ғимараттардың тіліктерінің сызбалары. | Дәріс 11. Баспалдақтар сызбалары. | Дәріс 12. Ғимарат қасбеттерінің сызбалары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА 3| Модуль №2 бойынша бақылау сұрақтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)