Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі

Орта топтағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі | Ересек топтағы балаларды ән салуға үйрету. | Мектепке даярлық тобындағы балаларды ән салуға үйрету әдістемесі. | Н үйрету әдістемесін сараптау, талдау жасау | Жалпы сипаттама | Музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің оқыту тәсілдері | Кіші жастағы балаларды музыкалық- ырғақтық қимылдарға қатыстыру әдісі | Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі | Орта топта балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі | Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері |


Читайте также:
  1. Ақшаның атқаратын қызметтері.
  2. А. Гыйләҗевнең «Язгы кәрваннар» әсәрендә сугыш чоры балаларын тасвирлау
  3. Алаш зиялыларының шығармашылық қызметі.
  4. Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.
  5. Білім алушы студенттер тобы ұжымының және таңдап алынған спорт түрі бойынша спортшылардың басты касиетін зерттеу.
  6. Дәріс №2 Ақпарат категорияның құпиялары және қасиеттері. Ақпараттық тауарлар мен қызметтер түрлері

1. Балалар өміріндегі музыкалық ойыншықтар мен аспаптар

2. Музыкалық аспаптардың түрлері

3. Дыбыс шығаратындар

4. Диатоникалық және хроматикалық дыбыс қатарлары бар ойыншық аспаптар

Балаларға эстетикалық тәрбие беру міндеті өсіп отырған қазіргі жағдайда музыкалық ойыншықтар мен балалар аспаптарына айрықша рөл жүктеледі. Олар балалардың зор қызығушылығын туғызады. Сондай-ақ бұлар балдырғандарды музыка сферасына қызықтыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру мақсатында отбасында да, балабақшада да кеңінен қолданылады.

Мұндай музыкалық аспаптарды мектепке дейінгілерді тәрбиелейтін мекемелерде пайдаланудың алуан түрлі мол мүмкіндігі бар. Бос уақытта музыкаға жеке әуестенушілік те, балалар оркестріндегі ұжымдық орындаулар да осындай мүмкіндік болып табылады.

Педагог әуелі аспаптардың көмегімен балалардың музыкамен өздігінше айналысуына түрткі болуға күш салады. Балалар өздеріне таныс шағын әнднрді ойнауды, жеңіл ырғақтарды немесе жеке белгілерді ойдан шығаруды, есту қабілеті арқылы таныс әуенді іріктеуді «музыкалық жаңғырықта» ойнауды, ән айтуды және өз даусыңа келтіруді, т.б үйренеді.

Бұлардан басқа кейбір ойыншық аспаптар дидактикалық көрнекі құралдар ретінде пайдаланылады. Олар педагогтың мектеп жасына дейінгілердің музыкалық – сенсорлық қабілетін дамытуына, музыкалық сауаттылықтың жекеленген элеметтерімен таныстыруына көмектеседі.

Балалар бақшасында музыкалық аспаптардың түрлерін ансамбль немесе тіпті шағын оркестр құруға болатындай етіп жинақтаған жөн.

Балалар аспаптарының дауысы таза, тембрі анық, көлемі мен салмағы жағынан балаларға қолайлы, құрылымы қарапайым, мейлінше мықты болуы керек. Жөндеуді, жүйелі дыбысқа келтіруді қажет ететін музыкалық аспаптар сабақ басталмай тұрып ретке келтірілуі керек.

«Музыкалық ойыншықтар», «балалардың музыкалық аспаптары» деген атаулар жай шартты атаулар. Музыкалық ойыншықтар көбінесе сюжеттік және дидактикалық ойындарда қолданылады. Музыкалық ойыншықтарды негізінен балғын жастағы балалар пайдаланылады. Бірақ кейбір ойыншықтар музыкалық аспаптар сияқты оркестрге қосыла алады.

Дыбысталуының тәсіліне және дыбыстың сипатына байланысты балалардың музыкалық аспаптары мен музыкалық ойыншықтарын белгілі бір түрлерге топтап бөлуге болады.

Дыбыссыздар. Бұл ойыншықтар музыкалық аспаптарды ғана бейнелейді, олар дыбыс шығармайтын нүктелері пианино, ойналмайтын шекті балалайка, жарғақты баян т.б. дыбыссыздығына қарамастан, олардың сыртқы түрі тартымды, әрі ойынды құбылтуға мүмкіндік береді. Балалар көбінесе өздерін «музыкалық жетекші» дәрежесінде ұстап, үлкендерге еліктей отырып, «музыка сабағын» өткізеді, пианист, баянист, балалайкашы болады, таныс әндерін құбылта орындайды, кейде оларды өңдеп немесе өз жандарынан шығарады. Бұл әрекеттің бәрі сөз жоқ баланың музыкалық – есту түйсігін, шығармашылық қиялын жетілдіреді.

1. Даусының белгілі бір биіктігі жоқ музыкалық ойыншық аспаптар – сылдырауықтар, бубендер, барабандар, кастаньеттер.

2. Бір ғана биік дыбыс шығаратын музыкалық ойыншық-аспаптар – сыбызғылар, кернейлер. Бұлардың көмегімен әр алуан ырғақтарды келтіруге болады.

3. Шектеулі әуені бар ойыншықтар: кішкентай органдар, музыкалық жәшіктер; оларды ойнаған кезде балалардың іс-әрекеті механикалық сипат алады.

4. Диатоникалық және хроматикалық дыбыс қатарлары бар музыкалық ойыншық -аспаптар: металлофон, пианино, рояльдар, кларнеттер, флейталар, саксафондар, баяндар, гармоникалар, ауыз гармониялары, колокольчиктер, цитралар, домбыралар, т.б. бұл музыкалық-ойыншық аспаптар бұрынғылардан әлдеқайда өзгеше. Оларды әсіресе хроматикалық дыбыстары қатар орналасқан аспаптарда ойнай отырып, әр түрлі әуендерді салуға болады. барлық музыкалық аспаптардың белгілі бір тобы бар: олар шекті, үрлемелі және соғып ойналатын болып бөлінеді.

Шекті, яғни, цитралар, домбралар, балалайкалар және басқа аспаптар халықтық болып табылады. Бала саусақтарымен немесе медиатормен шегін қақанда онан дыбыс шығады.

Үрлемелі, яғни, үрлемелі флейталар, саксафондар, кларнеттер, триолдар, «әуендер».

Пернелі -тілді, яғни, баяндар, аккордеондар, гармоникалар.

Соқпалы – пернелі, яғни, бубендер, кастанеттер, треугольниктер, тарелкалар, барабандар, металлофондар, ксилофондар. Аспаптың дыбыс шығаратын тұсын қолмен немесе таяқшамен соққан кезде дыбыс шығарады.

Жоғары дыбысты есту қабілетін жетілдіру үшін дыбыс жоғарылығы әр алуан болатын қоңырауларды пайдалануға болады, сонда балалар қандай қоңыраудың жоғары, қайсысының төмен шырқайтынын біледі немесе көлбеу қойылған металлофон музыкалық баспалдақ бола алады.

Ырғақтық сезімді дамыту үшін соғып ойналатын барлық музыкалық аспаптарды немесе тек белгілі биіктіктегі дыбысы бар кез келген аспапты пайдаланған жақсы.

Тембрлік есту қабілетін жетілдіру үшін сан алуан топтардың өкілдерінің дыбыстарын ғана салыстыру емес, сонымен қатар бір тектес аспаптардың дыбыстарының тембрі мен сипаты жағынан ұқсастығын көрсетіп отыруды балаларға ұсыну өте пайдалы. бұл жаттығулар музыкалық жұмбақ түрінде жақсы өтеді.

Динамикалық есту қабілетін жетілдіру үшін ойын жағдайына қарай балалар дыбысты өздігінен күшейтіп, бәсеңдете алатын барлық музыкалық аспаптар қолданылады.

Оркестрді немесе ансамбльді құрастырған кезде белгілі жүйеге сүйену қажет: онда мүмкіндігінше аспаптардың барлық топтарының болғаны жөн. Дегенмен олардың құрамында дыбысы жұмсақ та ақырын шығатын музыкалық аспаптардың көбірек болғаны дұрыс, өйткені олар өзінің құрлымы жағынан дәл әрі ойнауға қолайлы.

Оркестрдің шамамен мынадай құрамда болғаны дұрыс: цитр – 6-8; металлофон – 5-7; аккордеон – 1-2; триол – 2-3; кастаньет – 2-3; треугольник – 2-3; барабандар, бубендер, тарелкалардан бір-бір аспаптан.

Құрамының әркелкілігі, музыкалық аспаптар санының көптігі жағынан оркестр осындай болады. Алайда барлық топ әрдайым түгел қолдана бермейді. Тек біртекті музыкалық аспаптардан ғана, мәселен, бірыңғай металлофоннан тұратын оркестр құруға да болады. Ондай оркестрлік құрам фортепьяноның сүйемелдеуімен, сондай-ақ сүйемелдеусіз дыбыс шығара алады.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1582 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Имылдарға үйрету әдісі.| Музыка аспаптары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)