Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Музыка тыңдау - қызмет түрі

Мектепке дейінгі кезеңдегі музыка тәрбие әдістеменің мақсаты мен міндеті. | Музыка тәрбие әдістемесінің құрылу және даму теориясы.Баланың музыкалық даму ерекшеліктері. | Мектепке дейінгі балалардың музыкалық қызметінің мазмұны | Музыкалық тәрбиенің әдістері. | Музыка тыңдаудың репертуары | Музыканы орындау, педагог сөзі-оқытудың әдістері | Сабақтың тақырыбы: Кіші мектепке дейінгі балаларды музыка тыңдауға үйрету әдістемесі. | Методикалық тәсілдер | Методикалық тәсілдер | Р түрлі жастағы балаларға тыңдалатын шығармашының әдістерін түсінікті жеткізе білу және шығармаға талдау жасау |


Читайте также:
  1. II. Музыкально – теоретический анализ
  2. III Музыкально-теоретический анализ.
  3. Ақшаның атқаратын қызметтері.
  4. Австро-немецкая музыкальная культура XX века
  5. Алаш зиялыларының шығармашылық қызметі.
  6. Бөлім. Музыка жетекшісін педагогикалық жұмысқа
  7. Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары.

Белгілі композиторы Д. Кабалевский былай деп атап көрсетеді: «...Балаларға музыкалық тәрбие беру жөні жақсы жолға қойылған жұмыс болмаған жағдайда елімізде музыка мәдениетін одан әрі дамытуға әрекеттендіруде, жоқ сәулетті үйлер тұрғызуға әрекеттенумен пара- пар» Кішкене кезден бастап зейінді, түсінуші тыңдаушыны тәрбиелеудің маңыздылығын көрсете келіп, Д. Б. Кабалевский өзінің бүкіл музыкалық насихаттық қызметін, композиторлық талантын осы ірге тасты қалауға арнап келді.

Өнердің басқа түрлері сияқты музыка да шындықты көрсетеді. Опера және балетте ол кейіпкерлердің мінез-құлқын, қарым-қатынасын, көңіл-күйін сипаттайды. «Музыкалық живопись» деп атауға болатын бейнелеу сипатындағы музыкада табиғаттың тамаша «суреті» беріледі. Күнделікті өмірде музыка адаммен бірге еріп жүреді, оның қоршаған өмірге көзқарасын айқындайды, рухын байытады, еңбек етуіне дем алуына көмектеседі. Композитор Б.В.Асафьевтің айтуына қарағанда музыка – «шындықтың бейнелі-дыбыстық көрінісі». Одан жанды сөз –толғанысқа толы немесе байсалды әңгіме, үзілмелі немесе бір қалыпты баяндау, сұраулар, жауаптар, көтеріңкі дауыстар үндеулер естіледі.

Музыкалық образды сипаттауда музыкада мәнерлік құралдардың поэтикалық сөзбен (әнде), сюжетпен (бағдарламалық пьесада), іс-әрекетпен (рольге бөлінген ойын мен биде) ұштастырылуының маңызы аз емес. музыкалық образ тыңдаушысына барынша нақты, түсінікті мағлұмат береді.

«Музыкалық тіл» деген сөзде мәнерлік құралдардың бүкіл комплексінің түсінігі бар: ойды, сөзді, сезімді, яғни шығарманың мазмұнын; ырғақтық байланыстылықтың, дыбыстың үйлесімді шығуына, тембрлік мәнерінің шығарманың қарқындық, өсіңкілік өзгешеліктері мен құрылымына сипаттама бере білу.

А.М.Горькийдің «Кісі есігінде» атты шығармасында: «...оны тыңдағанда жердегі күнді немесе түнді ұмытасың»деп суреттегендей, музыканың адамның ішкі жан дүниесіне терең ықпал жасайтыны баршаға мәлім.

Музыканың әсер етушілік күші адамның жеке басына, оның қабылдау, даярлық дәрежесіне байланысты болады. Музыканы қабылдауды ән айтуға, аспапта ойнауға белсенділік танытатын әрекет сияқты дамыту керек. Бірақ бұл күрделі жұмыс. Өйткені ол нәзік әрі терең ішкі әсерленушілікпен байланысты болады. Оларды табу қиын, бақылау жасауда жеңіл емес, әсіре қалыптастыру қиын.

Ең алдымен музыканың не туралы «айтып тұрғаны» түсіну қажет. Музыкалық дыбыстардың тек үйлесім табуы, әсемдігі, олардың дыбыс шығарудағы үйлесімдігі ғана қабылданбайды. Музыкалық қабылдаудың ерекшеліктерінің көркем жазылуына көңіл аударайық: «Ол ауыр күрсінді де ән салды»...Оның дауысының бірінші дауысы дұрыс шықпады, бұл тіпті оның кеудесінен шықпай, басқа бір алыс жақтан келіп,бөлмеге кездейсоқ еніп кеткендей көрінді. Осы бір дірілдей, шырылдай шыққан дыбыс біздің бәрімізге кереметтей әсер етті. Бірінші дыбыстан соң екінші дыбыс шықты, бірақ ол қаттырақ және созылыңқы шықты, алайда әлі де абайсызда саусақ қатты тиіп кеткенде дыбыс шығаратын кішкентай ол құбылып барып тез тыныстады, екінші дыбыстан соң үшінші дыбыс, аздап қызып кеткеннен кейін дауыс кеңейіп, зарлы ән төгіле жөнелді. «Сүрлеу жол даладағы жалғыз емес»-деп әндетті ол, бәрімізде рақаттанып сұмдық болып қалдық. Шынымды айтайын, мен мұндай дауысты өте сирек естіген едім: ән аздап бүлінген жарық түскен ыдыстай шылдырлады; ол алғашқы да тіпті бір нәрсеге қайғыланғандай дыбыс шығарды; бірақ онда шынайы ынтызар, жастық жігер, күш сүйкімділік және әлдеқандай бір бейқам еліктіргіш, мұңды қасірет болды. Онда орыстың шыншыл ыстық ықыласы және ыстық жүрегі соғып тұрды, сондықтан да ол сіздің ыстық жүрегіңізге жабысты. Ән шырқап, маңайға жайылды.

Осы бір поэтикалық тамаша үзінді де музыкалық дыбыстар әсемдігін қабылдау кезінде пайда болатын эстетикалық- әсемденушілік берілген: «... Осы бір дірілдей, шырқай шыққан дыбыс біздің бәрімізге кереметтей әсер етті...»

Алайда дыбыстар тұтас үйлесімділікпен ұштасқанда сезімнің шексіз алуан түрін білдіреді: «...бірақ онда шынайы ынтызар, жастық жігер, күш, сүйкімділік, әлдеқалай бір байқам еліктіргіш, мұңды қасірет болды».

Қабылдау кезінде тыңдаушы өзінің өткендегі тәжірибесіне сүйенеді: «Шынымды айтайын, мен мұндай дауысты өте сирек естіген едім дейді»,-дейді. И.С.Тургенов, осылай деуі арқылы өткенде естігенімен салыстырады яғни оны ой елегінен өткізеді. Сірә, мұндай тәжірибе мол болған сайын жаңа шығарманы қабылдау кезінде пайда болатын байланыс та көбірек болу керек.

Бұл әңгімеде дұрыс айтылған, өйткені орындаушылық мәнерлігі бізді жайбарақат қалдыра алмайды. Егер музыка ұлттық, халықтық сипатымен ерекшеленетін болса, онда ол ерекше жақын тұрады: «...Орыстың, шыншыл, ыстық ықыласы және ыстық жүрегі соғып тұрады, сондықсан да ол сіздің жүрегіңізге жабысты, оның тұп-тура орыстық ішегіне жабысты.»

Тыңдаушының қалай да музыкалық образдардың дамуына ой жүгіртуі-табиғи нәрсе.

Музыкалық қабылдау –ішкі терең сезім күйлерін лық толтырған, күрделі, сезімтал, поэтикалық процесс. Онда музыкалық дыбыстардың сенсорлық сезімі және дыбыс үндестігінің сұлулығы, мұның алдындағы тәжірибе мен қазіргі кездегі өтіп жатқан жанды ассоциациаялар, музыкалық образдар дамуының соңынан еру және оларға берілетін айқын жауаптық әрекеттер араласып жатады.

Балалар әнді жаттау барысында оны бірнеше рет тыңдайды. Әнді дұрыс орындаудың қажеттігі оларды дауыс ырғағын,жалпы дауыс шығаруды ықыласпен тыңдап тыңдап алға мәжбүр етеді. Шығарманың алуан түрлі сипаты мен түрін (басталуы, бөлімі, тізбектер), музыкалық мәнерлік құралдарды (өсіңкілік және қарқындық белгілер, регистрлық өзгерістер, метірлік ырғақтық ерекшеліктер) ажырата білу арқылы балалар бір мезгілде музыканың және оның өзіндік «тілін» қабылдай отырып қимыл жасайды.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелей, олардың қабілетін дамыта, рухани жағынан байыта отырып, тек ән айтумен және ырғақпен шектеліп қалуға болмайды.бағдарлмамада берілген әндер тек өзінің музыкалық құралдары жағынан барынша қарапайым-ән сазы шектелген диапазонда, жеңіл аралық жылдамдықпен жазылған, фортепианолық сүймелдеу, оны біртіндеп қайталап отырып, жеңіл өзгешелікке ие болады.

Ырғақты сүймелдейтін аспапты музыка негізінен би және марш сипатында болып келеді.

Сол себепті өздері орындай алатын шығармаға қарағанда балалардың барынша алуан түрлі, барынша күрделірек шығармалармен таныстыруға (белгілі бір жүйеде) мүмкіндік беретін музыка тыңдаудың арнаулы бөлімінің болуы қажет. Бұл-балалардың алдына олардың музыкалық тәжірибесін байытатын тағы бір жолды ашады.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 941 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Әдістемелік тәсілдерді анықтау және оның қолданылуы| Музыка тыңдаудың бағдарламасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)