Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

І тақырып: мемлекет және құқықтың пайда болуы

ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ | ІІІ Тақырып: Қазақстан Республикасының Конституциялық құқық негіздері. | IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны. | V Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері. | Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді. | Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері. | VІI Тақырып: Азаматтық құқық негіздері. | VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері. | IX Тақырып: Отбасы құқығының негіздері. | Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің туындауы |


Читайте также:
  1. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  2. IX Тақырып: Отбасы құқығының негіздері.
  3. V Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері.
  4. VІI Тақырып: Азаматтық құқық негіздері.
  5. XIII. Тақырып: Қазақстан Республикасының бюджет құқығы.
  6. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  7. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау

Мақсаты: Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларын анықтап және құқықтың қайнар көздерін көрсету.

Жоспар:

1. Мемлекет және құқықтың пайда болу теориялары.

2. Мемлекеттің пайда болу, даму себептері.

3. Құқықтың қайнар көздері.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: теология, нормативтік құқықтық акт, күштеу теориясы, құқықтық дәстүр, сот прецеденті.

Негізгі мазмұны:

Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде мақсатын орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді – деген мәселелермен шұғылданып, ғылы-ми зерттеу жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теорияларын атап кетейік:

1. Теологиялық теория- бұл теория мемлекеттің пайда болуының ең ерте және көне теорияларының қатарына жатады. Теологиялық теориялар мемлекеттің құдайшыл мәнімен келіп шыққан,бұл теориядан құдайдың идеялары мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді. Олардың айтуы бойынша,құдай адамдарды жаратты,оларды қоғамға және мемлекетке біріктірді, қолында билігі бар билеушілер берді;осы теорияны ұстағандардың ойы бойынша, құдайдың айқындаушы ролі оның уәкілетті өкілдері (мемлекет билеушілері,дін қызметкерлері) арқылы да,тікелей де көрінеді.

2. Патриархалдық теория- бұл теория Антикалық дәуірде пайда болды. Мұнда отбасы басшысы-әке, ал мемлекет басшысы монарх болып келеді.

3. Органикалық теория- бұл теория мемлекеттің құрылымы, ал екінші жағынан –тірі организмнің (атап айтқанда-адамның) арасындағы ұқсас бай-ланысын байқап көруімізге болады. Адамның басы, денесі, қолы және тағы басқа мүшелері бар болатыны болса, және олардың әрқайсысының орындай-тын түрлі функциялары болады. Сол сияқты мемлекеттің де белгілі бір мақ-сатқа жету үшін мемлекет арнайы құрылысын ұйымдастырып қызметін жү-зеге асырады десек болады.

4. Қоғамдық келісім теориясы- бұл теория бойынша мемлекеттің пайда болуының негізінде адамдардың келісімі мен олардың келісіп іс істеу факто-ры жатыр.Бұл теорияны жақтаушылардың пікірі бойынша,адамдар өздерінің күнделікті тіршілігінде қалыпты жағдайы қамтамасыз ету үшін және тәртіпті сақтап, түрлі қол сұғылушықтан қорғану үшін қажетті билік өкілдіктерін бе-ріп, мемлекетке бірігуді шешті.

5. Психологиялық теория – мемлекеттің пайда болуы,бұл адамдардың психикасына байланысты болды. Яғни адамдардың жүріс-тұрысы, санасы-ның дамуымен байланысты болды, сонымен біз мемлекеттің дамуын осыдан байқап көрсек те деуге болады. Адамдардың санасы жоғары болған сайын мемлекеттің де беделі жоғары болады.

6. Материалистік теория- мемлекеттің пайда болуы,өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен,қоғамның тапқа бөлінуімен, шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсізді-гімен,таптық қарама-қайшылықтың ымырасыздығымен түсіндіреді.

7. Күштеу теориясы- күшті тайпалардың әлсіз тайпаларды жаулап алудын нәтижесі.

Құқықтың теориялары:

1.Табиғи теория- адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары. Табиғи құқықтарын ешкім шектей немесе жоя ал-майды-деп түсіндірген. Цицерон –табиғи бостандыққа,құқыққа қарсы ке-летін мемлекеттік заң болуға тиіс емес-деген.

2.Тарихи теория -бұл теория адамдардың рухани сана-сезімінің даму процесінен өмірге келіп қалыптасады деп түсіндіреді. Адамдар субъективтік жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесін қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалар-дың шығуын тездету керек деп түсінген.

3.Реалистік теория -құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгертіп, ескіріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдай-лардың әсері мол болады –деп уағыздаған.

4.Әлеуметтік теория - құқықтық қатынасты, адамдардың құқықтық

тәртібін жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды.

5.Нормативтік теория - құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым-

қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде мақсатын орындау деп түсінеді.

6.Психологиялық теория- құқық адамдардың психикасының ішкі

құрылысында қалыптасып, олардың сыртқы іс-әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана-сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс-әрекеті-нің байланысын Петрижицкий этикалық сана деп атайды.

7.Материалистік теория - құқық саяси-экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде-мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Мемлекет және құқықтың пайда болу теорияларының мазмұнын толық түсіну үшін Қ.Д. Жоламан авторының «Мемлекет және құқық теориясы» оқулығын қараңыз.

Мемлекеттің пайда болу даму себептері:

− Қоғамды басқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының

көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;

− Қалың бұқараның қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы

іс-әрекеттің әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;

− Қоғамды, экономиканы дамыту үшін әлеуметтік жағдайды

жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;

− Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық

тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.

Құқықтың қайнар көздері-мемлекеттің ресми түрде бекітіліп белгіленген және санкцияланған құқық нормалары.

Құқықтың қайнар көздері:

1.Құқықтық әдет-ғұрып- адамдардың санасында болатын, ұдайы қолда-нудың барысында дағдыға айналған және құқықтық салдарға апарып соқты-ратын, тарихи түрде қалыптасқан жүріс тұрыс ережесі.

2.Соттық прецедент -нақты іс бойынша қабылданған және кейінде осыған ұқсас істерді шешуде қолданылуы міндетті болатын сот немесе басқа қайсы-бір мемлекеттік органның шешімі.

3. Нормативтік құқықтық акт -биліктік құқық нормаларын белгілейтін, оларды өзгертетін және жоққа шығаратын мемлекеттік органның жазбаша актісі.

4.Діни нормалар -жалпыға бірдей міндетті мемлекет пен қоғамда құдайды танитын, мұнда қоғамдық қатынастар діни құқықтық нормалармен реттеледі.

Орытынды.

Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес да-мып өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективті факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, эконо-микалық, әлеуметтік, діни т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның көле-мінде мемлекет пен құқықтың пайда болуын ғылыми тұрғыдан толық түсіну-ге болмайды.

Жоғарыда көрсетілген теориялардың бәрінде де кемшіліктер мен жетіс-тіктер бар. Оны ғалымдар пайдаланады. Мемлекет және құқықтың пайда бо-луын, ғылыми тұрғыдан дұрысырақ түсіндіретін – тарихи материалистік тео-рия. Бәрі теория мемлекет және құқық тарихи туынды – қоғамның антога-нистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді.

Әдістемелік нұсқаулар: Мемлекеттің пайда болуы теорияларын танып білгеннен кейін жалпы құқық теориясымен танысып өту керек. Заң ғылымы өткен дәуірде, қазіргі кезенде, болашақта мемлекет және құқықтың қо-ғамды басқарудағы объективтік және субъективтік заңдарын, әдіс тәсілдері-нің зерттеуіне назар аударып ұғыну қажет.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Қ.Д. Жоламан «Мемлекет және құқық теориясы».

Алматы, 1999 ж.

2. В.Н. Хропанюк «Теория государства и права». Москва, 1998 г.

3. Т.Т. Ағдарбеков «Құқық және мемлекет теориясы»,

Қарағанды, 2002 ж.

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1421 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс тақырыптарының мазмұны, олардың сағат көлемі.| Б) альтернативтік санкция-санкцияның көрсеткен түрлерінің қайсы-сын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)