Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мұқанов Сәбит

Шәкәрім Құдайбердиев | Ахмет Байтұрсынов | Міржақып Дулатов | Жүсіпбек Аймауытов | Мағжан Жұмабаев | Мұхамеджан Сералин | Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар | Бейімбет Майлин | Сәкен Сейфуллин | Ілияс Жансүгіров |


Читайте также:
  1. Асанқайғы Сәбитұлы

(1900-1973)

Мұқанов Сәбит (1900-1973) - қазақтың әйгілі жазушысы, қогам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер. Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен, мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Тек он сегізге толғанда, Омск қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады. Осында ауылды кеңестендіру жұмысына белсене араласып, таптық күрестің Көкшетау облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы қызметін атқарады. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді. Жастайынан халық арасында жиі айтылатын жыр дастандарды жаттап, өзі де ауызша, жазбаша өлең шығарып талаптанып жүрген Сәбит осы кезден бастап, шығармашылыққа шындап бет бұрады. Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Сөз Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938) және осылар тәріздес толып жатқан шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында ерекше рөл атқарады. Осы кезге дейін атқарған сан салалы қызметінде болсын, шығармашылық әрлеу жолында болсын, ілгерлеудің басты кепілі терең білім екенін, онсыз көздеген мақсатында жету мүмкін еместігін айқын сезінген ол 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетінде оқиды, Москвадағы Қызыл профессура институтының әдебиет бөліміне түсіп оны бітіреді. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болады, Қазақстан Жазушылар одағын басқарады. Бұл жылдары да ол өндіріп жазумен болды. Драматургия, сын, әдебиеттану салаларында ерекше еңбек етті. 200-ден астам әдеби сын мақалалар жазды. Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды, әдебиет тарихы және ағартушы демократтар шығармашылығы туралы зерттеу еңбектер жазды, халық поэзисының ірі өкілдері туралы толымды пікірлер айтты. Оның 1974 жылы жарық көрген «Халық мұрасы» деген тарихи этнографиялық шолуы халқымыздың мәдениеті, өнері, тілі, материалдық игіліктері жайында жазылған ерекше құнды зерттеу еңбек болды.Жазушының шығармашылығында да, бүкіл қазақ прозасында да белгілі белес болған келелі туындысы кейіннен қайта өңделіп, «Ботагөз» деген атпен жарық көрген «Жұмбақ жалау» романы еді десе, оның саналы шығармашылық өмірін түгел дерлік қамтыған «Өмір мектебі» трилогиясы шын мәніндегі халық шежіресі болатын. Ол халықтың арасынан шыққан халықтың сүйікті жазушысы болды. Оның қазақ әдениетін өркендету саласында сіңірген зор еңбегі кезінде жогары бағаланды. Бірнеше мәрте Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшелігіне, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды, екі рет Ленин, екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрметті белгісі» ордендерімен марапатталды. Бүкілодақтық бейбітшілік қорғау комитетінің мүшесі болды.

Ғабит Мүсіреповтың Сәбит Мұқанов жайлы жазғаны:

«Қазақ ССР тарихынын» екінші томында «Казақ совет әдебиетінің тарихында Сәбит Мұқановтын енбегі ерекше орын алады» делінген. Бұл — елу жасқа толғанын мерекелегелі отырған, іргелі жазушыларымыздын бірі Сәбитке тарихымыздың берген бағасы, халыкка танылған жазушынын әдебиет майданындағы отыз жылдық мол еңбегіне берілген әділ баға. Қазақ совет әдебиетінің отыз жылдық өсу-өркендеу тарихында жазушы Сәбит Мұқановтың орны ерекше екендігіне ешкім таласа алмайды. Октябрь революциясының от-жалынды толқынында туған қазақ совет әдебиетінің алғашқы айқын даусы — Сәбиттің даусы еді. Бұдан 30 жыл бұрын, революцияның ұлы күніне араласа, қуаныш кернеген жүректен шыққан жас бір дауыс «Бостандық» десе, бүгінгі Сәбит—қазақ совет әдебиетінің негізін қолынан қаласып, бар табысына кесек-кесек романдар, ұзақ желілі поэмалар сияқты үлкен енші қосқан, халқымыздың шын сүйікті, ен өнімді жазушыларының бірі. Мүмкін, бұдан 30 жыл бұрын жас ақынның «Бостандық!» деп салған айқайы онша алысқа бармаған шығар, қазір Сәбиттің мол дауысы Совет Одағына түгел таныс. Жазушы Сәбиттің тарихтан алатын ерекше орны - егіз екі саламен келіп, бір арнаға құятын жазушылық еңбегінің нәтижесі. Сол екі сала әр кезде жұбын жазбай коса өріліп, жазушының отыз жыл бойы үзілмей келе жаткан ерекше касиеті болып калады. Онын, бірі — әдебиет казынасына қосқан Сәбиттіћ өз шығармалары болса, екіншісі — қазақ совет әдебиетінін, қозғалысын ұйымдастыру, басқару жарындағы еңбегі.

Сәбит — еңбек бұқарасының топырағында өскен ұрық. Шевченко, Некрасов, Горький сияқты Сәбит те қалың бұқараның өзінен өрбіген бұтақ. Сәбит поэзиясы бір дәуір Шевченко, Некрасов поэзияларымен сарындас сияқты әсер ететіні де, Сәбиттің басқа ақындарымыздан гөрі Маяковский дүстірлерін тереңірек меңгергені де, партия ұрандарына сергектігі де осындай таптық үндестіктен туады. Оның үстіне, Сәбит барлық тәлім-тәрбиені, саяси және мәдени білімді Ленин партиясынан алды. Сәбит шығармаларындағы таптық тілек пен идеялық бағыттың айқындық себептері де осында.

Қазақстан топырағында болып өткен қоғамдық үлкен күрестерді Сәбит көлденең көзбен көріп, бейтарап суреттеген жоқ совет жазушысының көзімен коріп, алға сүйрер өз ойын ұсынып отырды. Таптық күрестердің айнасы ғана болып қойған жоқ, ұраншысы да болды, еңбекші бұқара жұртшылықтың социалистік жаңа өмірін белсене бірге жасасты.

«Шоқпыттың шаруасы», «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы» («Батырақ») сияқты шығармаларында Сәбит өзіне таныс жалшы өмірінің бұрынғы кезін суреттей келіп, қазіргі жалшының оянғандығын, жаңа өмірдің кірпішін қаласып жаткан жаңа адамның бейнесін корсетеді. Бұл дәуірінде ақында олақтық та бар; оқыс кету де бар, бірақ ақынның не айтқысы келген адал ойы бұрмалауға жатпайды. Бұл шығармалардан дала жалшыларының бай есігіндегі ит-салпақ сорлы күйін көрсек, «Сұлушаштағы» Алтай мен «Бүгінгі жалшыдан» тұрақты сана, терең сезім сияқты адамгершілік ішкі қасиеттерді көреміз. Ақбөпе, Бәтес, Сұлушаш образдары арқылы әлеуметтік әр топтан шыққан қазақ әйелінің әр дәуірдегі бейнесін бейнелеген. Ботагоз арқылы революция жалынында пісіпқатқан қазақ қызын көреміз. Шоқпыт пен «Бүгінгі жалшы» жазушыны «Сырдария» романындағы Сырбайға әкелсе, ол — ескі із емес; жаңа дәуірдің жаңа адамы. Сол сияқты, Гүлнар мен Айбарша да қазақ әйелінің бүгінгі өскен кезеңін көрсетеді.

Сәбит творчествосының алғашқы он жылдық ішіндегі ден салмағы поэзияда жатады. Бұл дәуірде Сәбит прозаға араласқанмен әзір сенімді түрде кіріспегенін, жңћа жанрдың төсегін байқап қана жүргенін көреміз. Сонымен қатар шығармасының бұқара көпшілігіне түсінікті болуын көздеген акын, халықтық ауыз әдебиеттің дәстүрлеріне көбірек бұрылды. Кезінде бұл заңды да, көпшілік үшін ұғымды да болды. Сәбиттің орыс халқының классикалық ұлы әдебиетін шұғылдана оқи бастағаны да осы дәуірдің ішінде. Маяковский сияқты революция ақынына ойысқаны да осы кез. Бірақ бұл дәуірін Сәбит халықтық поэзияның жақсы үлгілеріне көбірек сүйеніп аяқтайды. Қазақ совет поэзиясының, соның ішінде Сәбит поэзиясының бір дәуіріне қорытынды сияқты болып қалған «Сұлушаш» мұны дәлелдейді. Өлеңмен жазылған «Сұлушаштың» ерекшелігі де кейін қайталанбаған, енді қайталанбас қымбатты шығарма болып қалғаны да осынысында. «Сұлушаш» қазақ совет поэзиясының екінші бір биік белге шығып қалғанын көрсеткен.

Алғашқы он жылын ұсақ өлеңдерден бастап, ұзақ поэмаларымен қорытқан Сәбит екінші он жылдық дәуірдің ішінде сан жағынан да, сапа жағынан да үлкен сындар көтере алатын кесек еңбектер берді. Бұл кезде Сәбит - тақырып шеңбері көрінген, өзіндік стилін айқындап алған, совет әдебиетінің белгілі шеберлерінің бірі. Оқушы жұтшылығымызға мәлім Сәбит творчествосының бар ерекшелігі, өзіндік көркемдік қасиеттері осы дәуірде әбден сұрыпталып, тұрақты қалпын табады. Поэзия мен прозаны қатар өрістетіп, қазақ совет әдебиетіне Сәбиттің оннан артық поэма, бес-алты үлкен роман қосқан өнімді дәуірі де осы.

Сәбит поэзиясының бұл дәуірдегі басты ерекшелігі - дарынды ақынымыз совет дәуірінің ең талантты ақыны Владимир Маяковскиймен толық үндестік тапқанында. Үлкен идеяларды ақын жаңа теңеулермен, көркемдік жаңа бір сапамен береді. «Майға сәлем», «Жемісті ағаш», «Ақ аю», «Ант тысяча», «Поэзия маршалы», «Колхозды ауыл осындай», «Сөз — Советтік Армия» сияқты өлеңдер мен поэмалар Сәбит поэзиясының екінші дәуірде шыққан биігі. Соңымен қатар бұл шығармалар сол дәуірдеғі әдебиетімізге салмақты түрде кірген жаңа сапа болып, барлық ақындарымыздың алдына жаңа талаптар қойды, ауыз әдебиетінің байыргы үлгілеріне қарайлауы басым болып келе жаткан қазақ совет әдебиетін орыс халқының революцияшыл озық әдебиетінің жолына жетеледі. «Жол анасы — із» дегендей, талантты аға ақын өз қаламымен сол «ізді» салып берді.

Іштей бірнеше түрге бөлінетін, шын мағынасындағы проза бізде революциядан кейін туды. Әңгіме, очерк, повесть сияқты түрлерінен бастап, көлемді романдар арқылы қазақ совет әдебиетінің бойын өсіріп, салмағын күшейткен ірі жазушыларымыздың бірі — Сәбит Мұқанов, «Адасқандар», «Теміртас», «Балуан шолақ» сияқты бір қайнауы ішінде кеткен романдардан кейін, Сәбит «Жұмбақ жалау» («Ботагоз»), «Менің мектептерім», «Сырдария» сияқты үлкен шеберге лайық романдар жазды. Бұл шығармалардан революцияның алдындағы жылдардан бастап осы күнге дейін қазақ бұқарасының басынан өткен күрес күндерін көреміз. Жазушы әр дәуірді өзінің төл бейнесінде көрсету арқылы, шығармаларына тарихи шындық маңызын береді. «Жұмбақ жалауда» бұқара халықтың әр жігінен шыққан Асқар, Кенжетай, Амантайлар арқылы қазақ халқының Октябрь революциясына құшақ ашқанын көрсек, әлеуметтік емірден кағажу қалған қазақ әйелінің сана-сезімі оянған кезін де көреміз. Қазақ қызы Ботагоз сол кездегі қазақ әйелінің бойына сыярлық шындығымен өсіп келіп, саяси күреске қатынасады. «Жұмбақ жалау» романының кітап оқушы көпшілікке ең ұнаған романдарының бірі болып қалғаны да сол кездегі өмір шындығы мен адам бейнелерін жазушының жақсы көрсете алғанында.

Сәбиттің «Менің мектептерім» дейтін романында революция кезіндегі қазақ аулының бейнесін көрсетуден басқа бір үлкен маңыз бар. Ол — жазушының проза жанрында Горький мектебінен оқып өскендігін көрсететін творчестволық жаңалық. «Менің мектептерім» алғашқы басылып шыққан түрінде Горький шығармасына сыртқы жақтарымен ғана ұқсаса, казіргі қайта жазылып шыққан түрінде іштей көп байыған, образ жасауға, адам мінездерін ашуда жазушының көп тереңдегенін көрсетеді.

Еңбек адамдарының әр алуан образдарын жасауға арналған үлкен романдардың бірі — Сәбиттің ең соңғы жазған «Сырдариясы».

Жазушы әрі қиын, әрі оқушы жұртшылықтың үлкен құрметпен қарайтын тақырыбын таңдап алған. Бұл тақырыпқа жұмсалған жазушы еңбегі де құрметті.

Сәбиттің бұл романында идеялық екі үлкен мағына бар: біріншісі —Ақынның 1917-1920 жылдары жазған өлеңдерінің таңдаулылары: «Көңілім», «Неге тудым?» (Бір жетім баланың аузынан), «Жалшының зары», «Шығар күнді», «Албасты», «Малипаға», «Бостандық», «Жазғы таң» деп аталады. Бұл өлеңдерінде Сәбит өзінің, қазақ кедей-жалшыларының революциялар мен азамат соғысы жылдарындағы тұрмыс жайын, мұң- мұқтажын, көңіл-күйін, ізгі тілегін суреттейді. Езіліп, жапа шеккен кедей- жалшы, жетім-жесір өзінің туғанына өкінеді; ерікті, бақытты өмірді аңсайды, оны түсінде көреді. Ұзамай ол түсі өңіне айналады, бостандық болады, қуанады. Ақын өзінің, жалшынын қуанышын жыр етеді, революцияны дәріптейді. Ақын, сонымен бірге жалшы бірте-бірте бостандықтың, революцияның мән-жайын, оған қалай жеткенін, өздерінің ондағы ролін, ендігі міндеттерін аңғара бастайды. Мұны Сәбиттің 1920-1930 жылдар арасында жазған өлеңдерінін тақырыптары айқын сипаттайды. Жинаққа ақынның осы кезде жазған 57 өлеңі енгізілген. Олардың аса көрнектілері «Ленин жолдасқа», «Қызыл арқа», «Пионер», «Әжем», «Менің тойым», «Шокпыттын шаруасы», «Сүт заводы», «Мәңгілік ұлы халыктың», «Құтты болсын мейрамың», «Егістік», «Мәдени майдан» деп аталады. Сәбиттің бұл дәуірдегі өлеңдерінің әрі ең көрнектілері, әрі ең тамашалары «Майға сәлем», «Конвеер», «Қарағанды», «Күннен күшті большевик»,

Сәбит Мұқанов — сыршыл, лирик акын, оның өлеңдері түгелдей дерлік саяси лирика: күнделікті, маңызды саяси такырыптарға жазылған, кейбірі үгіт, насихат, кейбірі үндеу, ұран, кейбірі байсалды кеңес, байыпты түю, кейбірі сын, әшкерелеу болып келетін жалынды саяси лирика.

С. Мұқановтын лирикасы совет окушысын өзінің социалистік Отанын, Қоммунистік партиясын сүюге, еңбекке, ерлікке, тапкырлыкқа, қырағылыққа тәрбиелейді; Отанды өркендету, жаудан қорғау, коммунизм орнату жолында жан қиярлықпен күресуге үндейді.

Саяси лириканың бір ерекшелігі — онда барды баяндау, табысты жырлау, жаксыны мадақтаумен бірге кем кетікті, мінді көрсету, сынау, сыкак, әжуа, әзіл болады. Жарасымды, өткір әзіл, әжуа, сыкак, сын әшкерелеу, тіпті саяси лириканың жаны десе де болады. Мұндай лирика ескіні, мешеуді, жатты, жауды өлтіре сыкак етеді: Жаксыны, жаңаны, өршілді дәріптейді; солар арқылы болашак қасиеттерін бейнелейді.

Лирикалық өлеңді тартымды, қызықты ететін бір нәрсе — оның сюжетті, әңгімелі, мықты композициялы, бас-аяғы жинақы болып келуі.

С. Мұқановтың өлеңдерінде мындай қасиеттер де бар. Оның қай өлеңі болсын, белгілі бір композицияға кұрылады; көп өлеңдері сюжетті болып келеді. Жинақтағы «Сүт заводы», «Шоқпыттын шаруасы», «Жемісті ағаш», «Колхозды ауыл осындай», «Гүл бақшадай Отаным», «Домбыраның сәлемі» тағы-тағылар қызық сюжетті, әңгімелі өлеңдер.

Мысалы, ақын «Гүл бақшадай Отаным» деген өлеңін сюжетті аңызды етіп келтіреді: Советтер Одағының саяси, мәдени тұрмысын, күш-қуатын, болашағын қызықты аңыз етіп айтады, аз сөзбен көп әңгіме баяндайды. Осыдан оның өлеңдерін халык қызығып оқиды.

Сәбит Мұқанов өлеңдерінін сырты, көркі, тілі, өлең құрылысы (өлшемі мен ұйқасы) барынша қарапайым: кейде ырғакты кара сөз тәрізді десе де болады. Акынның өзі, мен өлеңдерімді жабайы жұрт түсінер деген тілмен жазам, дегенді айтады.

Сәбиттің өмірі мен еңбегі жазушының бір басының ерекшелігін ғана баян етпейді. Ол казақ әдебиетінң тарихында аса күрделі дәуірдің өскен жолын, ізденген мүддесін, жеткен өрісін де баян етеді. Сол себепті оның көрнекті, көркем шығармасының көпшілігі казақтың бастауыш және орта мектебінің барлык оқу кұралдарына кірген. Бүгінгі совет жұртшылырының бірнеше буындары өздерінін балалық, жастық шақтарындағы естегілері бойынша да Сәбитті жете біліп, жақсы көреді.

 

Сәбиттін, ақындық шығармаларының арасында, өткен заман тақырыбына, қазақ фольклорының сарынына ұштасып жазылғандары да бар. Көркемдік сапасы бойынша, аса ірі шыкқан дастаны — белгілі «Сұлушаш», халық аңызы мен жырының желісінен туған. Бірақ ақын сол әңгіменің өрісін ыңлғайтып, өзгертіп, қоғамдық мазмұны зор драмаға айналдырып жыр етеді. Мұнда фольклор іргесін, қаймағын бұзбай сақтап отырып, қайта жырлауды мақсат етпейді. Оның орнына барлық тартыстық қоғамдық, таптық терең тамырларын аша тұрып, кейіпкерлерінің таптық мінез-бітімін айкындап суреттеу арқылы, ха-лық аузындағы әңгімеге жаңа сыр-сымбат, жаңа сана, сапа береді.

Сәбит казақ поэзиясына жаңалыкты тақырып жаналығымен ғана еңгізбейді, соңымен қатар, дүниеге өз көзкарасын, өз сөзімен өзінше, жаңаша танытатын жаңа түр іздеумен де енгізеді. Қазақ өленінің түрін байытып, жаңарту, жақсарту үшін тыңнан үлгі-нақыс іздеу — бұл ақынның ең айқын, ең батыл шықкан ерекшелігі.

Ұлы орыс халкының революциялык поэзиясынан жақсы өрнек алып, Сәбит қаза:әдебиетіне жиынтық бейне мен ойдың уақиғасыз дастанын кіргізді. «Ақ аю», «Сөз — Советтік Армия», «Колхозды ауыл осындай», «Майбұлақтан Мәскеуге» сияқты ұзак жырларға Сәбит қазақтың бұрынғы әңгімелі өлеңінің, әнді-күйлі қиссалау өлеңнін ырғағын, әдейі айтатын, еркін екпіні бар өлеңді кіргізеді. Бұрынғы буын санаған, баяу басқан, айнымас жай ырғакты өлең жолын желпінтіп сөйлейтін, жеңіл орамға жеткізуге тырысады. Шығармаларынын барлық мұн-мұраты қалың елдін, күнделік керегіне жарау болғандықтан, ол сыпатты жаңа мазмұн, жаңа түрді өзі туғызған.Ол түр динамикалы, орамды және жеңіл,түсінікті.

Поэзиямен қатар, Сәбит қазақтың көркем қара съзіне де еңбек етеді. «Адасқандар», «Теміртас», «Жұмбақ жалау» сияқты романдар, «Есіл», «Менің мектептерім», «Балуан Шолак» сияқты ұзак әңгіме (повестер) бұрын қазақ әдебиетінін тарихында болмағанын дәлелдейді. Бір «Балуан Шолак» болмаса, бұл шығармаларының бірінің тақырыбы — бүгінгі совет дәуірінін тақырыбы.

Сәбиттін бұл шығармаларыныі бәрін де айрықша, тереңдеп зерттеу қажет. Қазактын жаңа әдебиетінің өсу жолында, бүтін бір саласына, бүтін бір дәуіріне тарихтық табыс енгізген бұл шығармалар кең талқыланып, көп сөз етуді тілейді.

Газеттің қысқа мақаласында тек жалпы ұзын ырға пікір айтуға ғана болады. Сол ретте бұл шығармалар революция алдындағы дәуір мен революциядан соңғы біркатар жылдардағы қазақ халқынын болмысынан, советтік кұрылыстан, жас республиканың тірлігінен көп, кең суреттер көрсетеді дейміз.

Қазақ аулының өзіндік тірлік қалпын қонымды қып суреттеуден басқа, сахара табиғатынын, мол көркем суреттерінен басқа, сол сахарадағы еңбек елінің неше алуан кәсіп қайратын көрсетуден басқа, Сәбиттің бұл шығармаларындағы дұрыс кейіпкерлерінін, бәрінде бұрынғы мешеу болмысты өзгертем деген үлкен қайратты жыр көрініп отырады... Жазушының бұл текті еңбекші кейіпкерлері тартыста табанды және революцияның тууына барынша, шын жалыңмен берілген адамдар болады. Ескі өмірден алынған кейіпкерлерінде де жаңа дәуірден тақын тосқан асыл сезімдер жүреді. Ауыл тірлігін революция жолымен жаңғыртам деп алыскан жеке-жеке адамдардын бәрінде үлкен оптимистік наным мол болады. Осыларды осылай етіп суреттеу жазушының ез кеудесіндегі үлкен нанымнан туған. Ұлы жолдағы орыс пролетариатынын, кацармандык табысына, өзінің талабы мен тардырын қосқан еңбек елінің зор келешегіне шын ден қойған нанымнан туады.

Сәбиттің «Теміртас», «Жұмбақ жалау» сияқты кей романдарында әнгіме құрылысын босаңсытып, кейде әлсіретіп жіберетін ұзақтықтар болранымен, бұл романдар сапа мен көркемдік жарынан қазақ көркем қара сөзінін, слеулі үлкен дәуірін танытады. Қазақ романынын тари-хында талантты, өнімді жазушы Сәбиттін орны — бірінші орын. Жазба әдебиетінің ең қиын, ең мәдениетті түрі бізде болмай тұрған кезде сол үлгіні ең алғаш бастарандықтан, бірінші орынға ие болады.

Сәбит драма жазуға да катынасады. Оның «Күрес күндері» деген пьесасы жалпы Қазакстандык конкурста екінші бәйге алған. Сәбит жазған либретто бойынша Қазакстанның көрнекті композиторы Брусиловский «Алтын астык», «Гвардия, алға» деген советтік опералар жазып шығарды.

Ұлы Отан соғысы уакытында Пинчевскиймен бірлесіп Сәбит «Жеңіс жыры» атты пьесасын жариялады.

Қазақстанның ғылым жұртшылығы мен жазушы жұртшылығына Сәбиттің әдебиет тарихын зерттеген еңбектері де мейлінше мәлім. Онын, бүгінгі әдебиетті, XIX ғасыр әдебиетін зерттеген кітаптары және Абайдың өмірі мен еңбегін талдаған мол еңбегі — монографиясы -әдебиеттану ғылымының көп мерейіне жарайтын еңбектер. Бұлармен қатар, Сәбит көп кітаптарға кіріспе тексерулср жазған. Абай, Жамбыл шығармаларына жазған кіріспелері, фольклордың «Батырлар жыры» сияқты, «Айтыс» сияқты ғылымга жаңа, тың түрлеріне жазған кіріспе тексерулері де елеулі жұмыстар.

Міне, қазақтың ең ірі, аға жазушысы Сәбиттін жан-жақты, кең тынысты, еңбекке толы, өнімді жолы осындай кен жол боп келеді. Бес бұрышты жарық жұлдыз... Совет Одағының мемлекеттік гербінде жайнап тұрған да, Кремльдін бас мұнарасында ұшқынын ататын рубин де, асқан ерлік үшін берілетін орден де, буденовка мен пилоткада да жаркыраған сол жұлдыз. Қазақ совет әдебиетінің негізін қалаушыларды ойлағанымда менінң көз алдыма осы бес бұрышты жұлдыз нұр шашып Іпыга келеді. Олардың саны да, Маяковский айтқандай, әрі жаксы әр алуан, бесеу еді: Сейфуллин, Жансүгіров, Майлин, Әуезов... бесінші — Сәбит Мұқанов. Ол — жиырмасыншы ғасырдын құрдасы, адам баласынын, жаңа заманасынын Октябрьде жарқырап атқан таңында ол әдебиетке алғаш қадам басқан болатын.

Жалғыз тамшыға жалпак дүниенің сәулесі түсетіні тәрізді, Сәбит Мұқановтың творчествосынан да совет әдебиетінің ең басты қасиеттері, оның жетістіктері мен кемшіліктері, идеялары мен өзіндік сипаты, ашық бояулары мен өрнек құбылыстары айкын көрінеді.

Қазақ совет әдебиетінін, негізін салған алғашкы қарлығаштарымыз тәрізді Сәбит Мұқанов та әдебиеттің барлық жанры бойынша өндіре қимылдап, жемісті еңбек етті.

Очерк, әңгіме, повесть, роман, мемуар, өлең поэма, сын мақалалар, зерттеу еңбектері, пьеса, киносъенарий, фельетон — осының бәрі де Мұқанов творчествосынан табылады, оның туған әдебиеттегі туындыларына баға беру үшін, көлемді монографиялык шығарма керек болар еді.

Бұл мақалада бір ғана енбегіне — таяуда ғана аяқтаған «Өмір мектебі» трилогиясына тоқталғым келеді.

Сәбиттің әдебиетке бұрынырақ келген аға қаламдастары Сейфуллин, Майлин, Жансүгіров ауыл учительдері - еді; онымен үзеңгілес Әуезов те учитель болды.

Байдың жалшысынан туған Мұқанов балалық, жеткіншектік шағында, тіпті жігіттік шағынын бас кезінде де шала сауатты болды. Бірақ ол кішкентайынан акындығынан, зейінінің алғырлығымен көзге түсті, халық поэзиясын жанындай жаксы көрді.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 758 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мұхтар Әуезов| Мүсірепов Ғабит

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)