Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы: ТЖ халықты, аумақты қорғау шаралары

Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар | Дәріс тақырыбы: Зақымдану ошағы. | Ядролық қарудың жарылыс ошағы | Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар | Теріні қорғайтын құралдар | Зақымденған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары | Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары | Бактериологиялық қарудың индикациясы. | Химиялық әдістер. | ИД – 1 мөлшері өлшеуіштердің толымы. |


Читайте также:
  1. IV Тақырыбы: Мемлекеттің нысаны.
  2. VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
  3. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  4. Аналитикалық дәріс. Мемлекеттің әлеуметік және аймақтық саясаты
  5. Аналитикалық дәріс. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық және инфляция.
  6. Атты денелердің аумақтық теор. Аймақтық теор-ғы металдар, откізгіштер мен жарт отк-р. Қоспалы ж жарт.менш отк-р. Фотооткізгіштер
  7. Дәріс 1. Информатика пәні және міндеттері.

Жоспар:

-Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері;

-халықты қорғаудың ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары;

-жарақаттар, бас жарақаттары,сүйектің сынуы алғашқы көмек;

-жаралар, жаралар инфекциясы. Қанның ағуы, алғашқы көмек.

Тірек сөздер: халықты қорғаудың ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары, жарақаттар, сүйектің сынуы, жаралар.

Ұжымдық қорғаныс құралдары қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады (1-сурет).

Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.

Тыныс органдарын қорғау құралдарына газқағарлар, респираторлар, қарапайым қорғау құралдары - мата таңғыштары, шаңнан қорғайтын маскалар жатады.

Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемделген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскерлік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді.

Медициналық қорғаныс құралдары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады.

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Сүйек тұтастығының бұзылуы - сыну деп аталады. Бұл механикалык күш әсерінен болып, жұмсақ тіндердің зақымдануымен сипатталады. Сынықтың жабық және ашық түрлері бар. Ашық сынықтарда сынған жерде жара болады. Бұл өте қауіпті, өйткені жараға инфекция түсу қатері жоғары.

Ұзақ уақыт бойы шаншылып қалу синдромы төтенше жағдайларда (жер сілкіну, шахтадағы опырылу, соғыс уақытында) кездеседі. Ұзақ уақыт бойы шаншылып қалу синдромының апаттар кезінде ауыр формалары жиі болады (зақымданудың бірдейлігі, шаншылып қалудың ұзақтылығы, зақымданушыны іздестірудің киыншылығы және оларға өз уакытында жәрдем көрсету).

1. Зақымданудың ең жиі кездесетін түрі – жарақат алу, яғни тері қабықтарының, кей жағдайда тереңдеу орналасқан еттердің тұтастығының бұзылуы. Кез келген жарақат адам үшін қауіпті, себебі ол қанның ағыуымен қатар жүреді және әртүрлі денгейдегі ауруды тудырады.

Жарақат сыртқы себептердің әсерінен туындайтын аяқ- қолдың шығуы мен сынуы, ет ұлпаларының жарақаты мен ауыртып алу, дене мүшелерінің зақымдануы мен қызметінің бұзылуы. Жарақат алу әсері механикалық, химиялық, электрлік. Балаларда көбінесе механикалық, яғни соғып алу, сыну, шығу. Шектелген бір уақыт аралығында пайда болған тұрғындардың белгілі бір тобындағы жарақат жиынтығын жарақаттану деп атаймыз. Оны тұрмыстық, көшелік, спорттық, көлікте жарақаттану деп бөлеміз. Жараның түрлері өте көп: оқ тигенде, кесіп, шауып, шаншып, соғып, тістеп алғанда пайда болады. Соғылған, жырымдалған, мылжаланған жаралар –жараның өте ауыр түрі. Оның жиегі жұлмаланып, қанталайды, жансызданған тканьдер өте көп болғандықтан инфекция дамуына қолайлы ждағдай туғызады. Жарақаттың қай түрі болмасын ағзада өзгерістерді туғызады: жүрек, қан-тамырлары, тыныс алу, зат алмасу қызметінің бұзылуына әкеледі.

Жаралап, кесіп алу. Егер кесіп не жаралап алғанда жара зақымданбаса оны сол адамның өзі емдеуге болады. Егер жара көлемді болса дәрігерге қаралып, жансыз қалуға қарсы егілу керек.

Алғашқы дәрігерлік көмек: жараға тигізбей, оның айналасын ылғал мақтамен сүрту; жараны йод жағып, таза бинтпен байлау; бинт болмаса, таза қол орамалды пайдалану; байлам дұрыс жасалсын, өте қатты байлансын; кесіп не жаралап алған жерде 1-2 күннен кейін ірің байқалса және жараның маңы қызарса, онда дәрігерге көріну керек.

Денені соғып алу. Денені соғып жарақат алғанда терінің беті бүлінбейді, қан ақпайды, бірақ терінің астындағы қан тамырлары зақымданып, бүлінеді, қан өзін қоршаған ұлпаларға тарайды. Денені соғып алғанда үйде емдеуге болады. Ең тиімді шара саклқын суды, мұзды пайдалану. Салқын суды күйікке, жәндік шаққанда, сіңірлер созылғанда пайдалану тиімді. Салқан су- бұл ауруды басатын тиімді құрал, ауыратын импульстерді миға енгізбей, жарақаттанған жердің сезімталдығын азайтады.

Жарақат алған соң 16-24 сағат өткен соң жылумен емдеуді бастауға болады. Қан ұйыған орын қара көк түске енеді. Жылумен емдеу қан тамырларын кеңейте отырып, емнің тез әсер етуін жеделдетеді.

Операциядан басқа жаралардың барлығы инфекцияға ұшырайды. Микроб түскен жара іріңдеп, тілме ісікке айналып, асқынады. Ауасыз дамып, ааэробты инфекция гангрена туғызатын микробтар жараға түссе тіпті қауіпті болады.

 

2. Асептикалық таңғышты неғұрлым жедел салып байлау жараға микроптардың одан әрі түсуінен сақтандыратын алдын ала шара болып табылады. Жараның дене сыртында болуы немесе бассүйек қуысына, көкірек сарайына, құрсақ қуысына өтіп кетуі де мүмкін. Кез келген, тіпті ең кішкене жара зақымданушының өміріне қауіп туғызады – олар әр түрлі микроптардың көбеюіне қолайлы орын болып табылады, ал кейбіреулерінен қан көп кетеді.

Осы асқынуларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткенде жасалатын негізгі сақтандыру шаралары – жараны неғұрлым тезірек стерильді таңғышпен байлау асептика және антисептиканың ережелерін қадағалау қанкетуді тоқтату.

Асептика дегеніміз – жараға микробтар түсуден сақтандыруға бағытталған шаралар жиынтығы. Асептика – жара инфекциясына сақтандыру шарасын жасау әдісі. Оны тек негізгі ережені қатаң сақтағанда – жараға жанасатын нәрселердің барлығы стерильді болғанда (микробтар болмауы керек) ғана жүзеге асыруға болады. Жараға қол тигізуге, ондағы жарықшақтар мен қиқым-сиқымдарды алып тастауға, стерильденбеген материалдармен жараны жабуға болмайды.

Антисептика - жарадағы микробтарды азайтып, жоюға бағыттаған шаралар жүйесі.

Жараланған кезде алғашқы дәрігерлік көмек: қанның ағуын тоқтату, жараның аузын таңып, бекітуді қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Жараның үстіндегі сүйектің үстімен өтетін қан тамырларын саусақпен басып тұру.

Жараның орналасуы мен сипатына қарай қажетті таңғыш таңдау: беттегі, еріндегі сорғалаған жараның қанын төменгі жақ сүйектің кіші азу тіс орналасқан тұсындағы төмен жақ сүйек күре тамырын саусақпен басуға болады.

Мойын, шүйде немесе көмей жараланғанда таңғышты айқастыра байлайды. Бастағы жара үлкен болып бетті қамтып жатса "ноқталап"танған дұрыс. Мұрын, маңдай, иекті сақпаншалап таңады. Таңғыштың астына жарқат үстіне стерильді салфетка немесе бинт төсейді. Иықтағы күре тамырлардың қанын тоқтату үшінқолтықтың астына нығыздалған мақта қою керек. Аяқтағы жараның аққан қанын сандағы күте тамырды шаптың орта тұсынан саусақпен басу арқылы тоқтанқан дұрыс. Аяқ қолдан сорғалап аққан қанды тоқтатудың тәсілі жараның жоғарғы жағынан бұрау салу немесе байлап таңып тастау. Денеге түскен жарақаттың түрлі бактериялармен, уландырғыш және радиоктивті заттармен зақымдану мүмкіндігін болдырмау үшін жарақатты таңып тастау керек.

 

3. Жаралар заттың немесе қарудың түріне байланысты: кесілген, тілінген, түйрелген, сыдырылған, тістелген, жырымдалған және оқ тиген болып бөлінеді.

Түйрелген жаралар түйрегіш қарулы найза, пышақ, біз, ине, шеге әсерінен болады. Жараның осы түрі үлкен тереңдіктегі шағын сыртқы саңылаумен сипатталады. Өйткені жараның аузы тар, ал кейде ұлпалардың ауысу салдарынан (бұлшық еттің қысқаруы) ол үзілгіш және ирек тәріздес болады. Бұл түйрелген жараларды қауіпті етеді, өйткені зақымдалу тереңдігі мен ішкі органдардың ықтимал жаралануын анықтау қиын.

а) б)

Атыс қаруынан болған жарақат.

 

Кесілген жаралар жүзі өткір заттар арқылы болады (пышақ, ұстара, шыны) кесілген жаралардың шеті тегіс және зақымданбаған болып келеді. Қан жиі ағады.

Жарымдалған жаралардың шеті тегіс және ластану деңгейі үлкен, қанның ағуы жиі.

 

 

Жырымдалған жара

 

Тілінген жаралар ауыр өткір заттың тиюінен болады(балта, қылыш). Сырттай қарағанда кесілген жараны еске түсіреді, алайда зақымдану аумағы үлкенірек, кейде тіпті сүйектің зақымдануына апарып соғады. Жараның шеті біршама ісінеді.

Сыдырылған жаралар ауыр жалпақ заттың соққысынан (балға, тас). сыдырылған жаралардың шеті ісінеді, тегіс емес, қан қатады, тамырлардың және олардың тығындалуының нәтижесінде жара шетінің нәрленуі бұзылады. Ісінген ұлпалар микробтардың көбеюіне септігін тигізеді.

Атыс қаруынан болған жаралар атыс қаруының зақымдау салдары болып табылады. Қару түріне байланысты оқтан жаралану, бытырадан жаралану, жарықшақтан жаралану (мина, граната, снаряд). Атыс қаруынан болған жарақат тесік болуы мүмкін. Жаралаушы зат тесіп өтеді және оның кіріп-шығу саңылауы болады.

Кіретін саңылау тесік жарақат кезінде шығатын саңылаудан анағұрлым кіші болады. Жарақаттаушы зат ұлпа ішінде қалып қойған кезде басқа затқа айналады. Жараланған жерге киімнің қалдығы тұрып қалуы мүмкін, ол жара ішінде қалып оны іріңдетеді.

Атыс қаруынан болған жаралар сан- алуан және күрделі болып келеді. Күрделі жаралар кезінде оқ бірқатар органдар мен қуыстарды тесіп өтеді, мысалы, құрсақ қуысы, көк ет, плевра қуысы. Сонымен қатар бірнеше органдарды зақымдайды. Барлық ауралар сырқырау мен қанның ағуымен және үңіреуімен сипатталады. Саусақ, тіс, тіл, жыныс органдары, құйрық сезімтал.

Жараның үңіреюі- оның шетінің алшақтауы серіппелігіне байланысты және жұмсақ ұлпалардың қабілеттілігі төмендейді.

 

Есінен танған адамдардың аяғын шамалы биіктетіп, арқасынан көтереді, кеудені қысқан киімдердің ілгектерін ағытып, таза ауаны қабылдауына мүмкіндік туғызады. Бетті ысқылап, және салқын су шашу қажет. Мүсәтір спирттімен демалдыру үшін ылғанданған мақтаны мұрынға тақау керек, содан кейін аққан қанды тоқтатудың шарасын алу қажет. Қан ағысын уақытынша тоқтатудың ең қарапайым әдісі жарақаттың жоғарғы жағынан артерияны саусақтармен қатты қысу болып табылады. Бұл тәсілді әсіресе бастан, беттен, мойыннан жарақаттанып, қан кеткенде пайдаланады.

Қан кету- зақымданған қан тамырларынан қаннның шығуы. Бұл жара өте асқынып кеткен жағдайда адам өміріне аса қауіпті құбылыс. Қан тамырларының зақымдану сипатына қарай қан кетудің сыртқы- артериялық, веналық, капилярлық және ішкі- паренхиматоздық түрлері бар. Ең қауіптісі артериялы- бұнда организм аз уақытта едәуір қанынан айрылады.

Артериялық қан кету белгілері: қан түсінің алқызыл болуы, қанның лақылдап, шапшып ағуы.

Веналық қан кету белгілері: қошқыл түсті, қан толассыз ағады, шапшып ағу байқалмайды.

Капиллярлық қан кету: жара үсті түгел қан болады, паренхиматозды қан кету: бауыр, өкпе, бүйрек зақымдануы (бұл тіршілік үшін қауіпті) қанның сыртқа- терідегі, көзге көрінетін кілегейлі қабықша қуысындағы жара арқылы ағады.

Ішкі -паренхиматоздық қан кету ұлпаларға, дене мүшелеріне түрлі қуыстарға- бауыр, бүйрек, өкпе қан құйылады. Оны қан құйылу деп атаймыз.

Артериялық қан сыртқа кеткенде бұрау салып, аяқ-қолды барынша бүгу, зақымданған жерден жоғарырақ артерияны саусақпен басу арқылы қанды уақытша тоқтатамыз. Осы жағдайда ең оңай әдіс- артерияны сүйекке жақын немесе сүйек үстіне орналасқан қан тамыры бар жерден саусақпен басу керек.

Бастағы жарақаттан қан кеткенде құлақтың алдынғы жағынан, қастың денгейіндегі самай күре тамырын төрт саусақпен басады. Беттегі және еріндегі соғалған қанды тоқтату үшін төменгі жақ сүйектің кіші азу тіс орналасқан тұсындағы күре тамырды саусақпен басқан жөн. Бастағы не беттегі жаралардың қанын, сондай-ақ мойын омыртқаның көмейге таяу тұсындағы ұйқы күре тамырларын саусақпен басу арқылы да тоқтатуға болады.

Иықтағы күре тамырлардың қанын тоқтату үшін қолтықтың астына нығыздалған мақта, не көпшік қою керек. Аяқтағы жараның аққан қанын сандағы күре тамырды шаптың орта тұсынан саусақпен басу арқылы тоқтатамыз.

Аяқ-қолдағы жарақаттардан сорғалап аққан қанды оның жоғарғы жағынан мықтап байлап, таңып тастау арқылы тоқтату керек. Мұндай жарақаттар кезінде күре тамырларды саусақпен басып, қанның ағуын тоқтату көмекші тәсіл ретінде қолданылады. Жараның жоғарғы жағынан байлап немесе таңып тастау бір жарым екі сағатқа қолданылады. Ал салқын кезде және радиациялық зақымдану кезінде байлау 1 сағаттан артыққа созылмауы тиіс.

Байланған немесе тағылған уақыттанған материалдың өзіне немесе оған жапсырылған қағазға жазылып қойылуы тиіс. Аяқ- қолдағы жарақаттардан аққан қанды тоқтатудың және бір тиімді тәсілі аяқ- қолды бүгілетін буындарын белгілі бір жағдайларда мықтап таңып тастауға болады.

Аяқ- қолдың ірі артериялық қан тамырлары зақымданғанда уақытша қан тоқтатудың негізгі әдісі- бұрау (жгут) салу. Бұрау салған сол жердің төменгі жақтары ұйып қалмас үшін 1,5-2 сағаттан артық ұстауға болмайды. 5-10 минутқа босатып, жарадан жоғары жерді ұстап тұрамыз. Бұрау болмаса орамал, белбеу, мата қолданамыз.

Егер жараланған адамның қаны сыртқа шапшымай, ішке кетіп жатса, ал ол адам кенет әлсіреп, басы айналып, көзі қаратуып есінен тана бастаса, тұла бойы бозарып, түсі қашса бастаса, мұның өзі жараның ішке кетіп жатқандығын белгісі болып табылады. Мұндай жағдайда аққан қанды тоқтату үшін дәрігердің жедел көмегі қажет болады. Зақымданған аймақта алғашқы дәрігерлік көмек көрсету кезінде жарақатты жууға, ондағы бөгде заттарды (жарықшықтарды, киімнің жыртылған бөлшектерін және басқаларды) алып тастауға, жараны қолмен ұстауға болмайды.

Сыртқы венадан немесе капилярдан қан кеткенде жараны стерильді таңғышпен (жараны стерильді салфетка немесе 3-4 қабат бинтпен жауып үстіне мақта салып, бинтпен қысып байлайды) уақытша тоқтатады. Дененің зақымданған жағын денеден біраз көтеріңкі етіп қояды. Венадан ішкі қан кеткенде қан кету аймаққа мұз салынған ыдыс басып, зақымданушыны емханаға апарамыз.

Байлам түрлері:

Таңу үшін бет орамалды, матаның жыртындысын оңтайлы құралдарды пайдалану керек.

Таңғыш материалдардың дене мүшелеріне ыңғайлап қозғалмайтын етіп орналастыруды, қайта тануды, оны танудың мақсатын және әдістерін көрсететін хирургия бөлімін- дисмургия дейміз.

Таңғыш дегеніміз- жараның үстін басып байлайтын тану материалы. Танудың жұмсақ және қатты түрлері бар.

Жұмсақ тану- дәкеден жасалған бинт, ликопластырь, мақта, лигнин, мақта мен қағаздан жасалған матамен жүргізіледі.

Қатты таңу- тез қатып қалатын гипс, пластмасса, крахмал, желім, ағаш, темір сияқты қатты заттарды қолдану.

Таңу материалдардың түріне немесе тану әдісіне қарай желімді, орамал тәріздес, сақпаншалап, бинтпен, түтікшедей торлап тану түрлеріне жіктейді.

Желімдеп тану әдісі- жараны қорғаған, қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен сақтау үшін қолданылады.

Орамал үшкіл тану үшін оның бір- біріне байлайды. Үшкіл орамалмен тану кез-келген дене мүшесіне жүргізіледі. Көбінесе ол қолды мойынға асуға қолданылады.

Сақпаншадан тану үшін ең кең бинтті немесе мақтадан жасалған матаның 95-80 см алады. Содан кейін оның 2 жағынан ортасынан ұзыннан бойын кеседі. Оның орталық кесілмеген жер қалдырады. Осы кесілмеген жермен зақымданған жерді жабады, ал қарқылған ұштарымен денені айқастыра байлайды.

Бинтпен тану -ең жеңіл түрі шеңберлеп тану. Оның барысында бинттің әр айналмасы үстіне бірі түседі. Ондай тану маңдайға, мойнға, білезік буынына балтырдың төменгі жағына жүргізіледі.

Сегіздіктен тану - дененің пішінінің дұрыс емес және күрделі болып келген жерінде қойылады. Дененің ондай жерлеріне балтыр, табан, иық, жамбас, алақан, желке жатады. Қайта оралатын тану жұмыр жерлерге қойылады. Бұл жағдайда бинттің айналымы тіке бағытта жүргізіледі. Осы жағдайда бинттің айналымын 90 қайыру арқылы қамтамасыз етіледі.

2. Күйік–бұл электр тогының, химиялық заттардың, жоғарғы температураның әсерімен организм клеткаларының зақымдануы. Күю түрлеріне: термиялық, химиялық және сәулелік жатады.

Термиялық күю- денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған, ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металлдар тікелей әсерінен пайда болады. Зақымданудың ауырлығы әсер еткен температураның жоғарлылығына, ұзақтығына, көлемі мен жайылуына байланысты. Қатты күйіктер әсіресе жалын, қысымда тұрған будың әсерінен болады.

Химиялық күю- денеге жинақталған ққышқылдардың (тұз, күкірт, азот, сірке) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен натрий, мүсәтір спирті, сөндірілген әк) әсері жатады. Зақымданудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі, әсер ету ұзақтығына байланысты.

Сәулелік күю- ядролық жарылыстың жарық сәулесінен рентген, күн сәулесінен пайда болады. Ядролық зақымдану орталығында, сондай-ақ өрт кезінде зақымданушылардың көпшілігі күйіп қалуы мүмкін. Күйік от шашатын өртегіш заттарды тұтандырудың, қышқылдардың, сілтілердің әсері сияқты химиялық зардап тұрғысынын да болады. Өртенген адамның өмірін сақтап қалу үшін ең алдымен үстіндегі өрт шалған киімнің жалынынан өшіру. Ол үшін құмды, сазды, балшықты, түрлі кездемелерді пайдаланылады. Зардап шеккен адамды содан кейін ғана жанып жатқан ғимараттан, объектіден тыс қауіпсіз жерге шығарып, үстіндегі киген киімін шешіп алу керек. Денедегі күйген жерлерді стирильденген таза, күйікке қарсы қолданылатын арнаулы сульфалидті, синтомитцинді эмульциямен немесе вишневский майымен өнделген танғыш материалмен таңу керек. Күйікті танғаннан кейіноның үстіне пленка және жұқалап мақта салып бинтпен орап таңып тастау қажет. Дененің күйген жерін өңдеудің бір тәсілі оған хлроминнің, марганец қышқылы калийдің, фурацилиннің немесе риванолдың ерітіндісіне малынған және мезгіл- мезгіл малынып отырылатын таңғыш затпен орау болып табылады. Күйген адамға организмде су және тұз алмасу процесінің бұзылуына байланысты дәрігерлік алғашқы жәрдем дереу тұзды жылы су беру. Алғашқы дәрігерлік көмек күйген адамға көмек ертерек көрсетілсе, асқыну белгісі соғұрлым сирек байқалады. Адамның күю дәрежесін алақанмен өлшейді Киім нежамылғы жоғарғы температураның сақталу уақытын ұзартатын болғандықтан да күйген адамды жауып тастауға болмайды.

Күю дәрежелері:

І дәреже- дене қатты қызарып домбығады, 3-5 күннен кейін тері қотырланып сауыға бастайды.

ІІ дәреже- қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік түзіледі. Бүршіктер мөлдір сары сұйықпен толады. Терінің тереңдегі қабаттарын зақымдайды, сондықтан терінің күйген беті асқынбаса, онда 1 аптадан соң тері барлық қабаттары кедір- бұдырсыз қалпында қалады.

ІІІ дәреже- ұлпалар жансызданып, қабыршақ пайда болады. Зақымданған жерде үлпілдек ұлпа түзіледі. Ол қосылған ұлпамен бірігіп дөрекі жұлдызша тәрізді тыртық қалдырады.

ІҮ дәреже- аса қатты жоғары температурасының әсерінен тері қарайып күйеді. Бұл күйіктің ең жоғары ауыр түрі. Тері, бұлшықет, сіңір, сүйек зақымданады. 3 пен 4 дәрежелерде зақымданған жерді тері жапсыру арқылы ғана жабуға болады.

Күйікті алақан, тоғыздық тәртібі әдістерімен өлшейді.

3. Үсу- төменгі төменгі температура әсері нәтижесінде организм ұлпаларының зақымдануы. Үсік шалу себептері: суықтың, желдің ұзақ ықпалы, жоғары ылғалдылық, ұзақ уақыт қозғалмау, шаршау, зардап шегушінің жалпы күйі- сырқаттануы, мас болуы, қанның кетуі. Адам аяқ киімнің тарлығынан, дымқылдығынан, салқын, суық қарлы жаңбырлы күндерде далада ұзақ қимылсыз қалудан да үсікке ұрынады. Тіпті 0 ден жоғары 3-7 температураның өзінде үсікке шалдығады. Көбінесе аяқ- қолдар,құлақ, мұрын ұштары тез, шапшаң үсиді. Организм қатты суынған кезде қан тамырлароы түйіліп тығындалады, қан айналымы, айырбас процестері бұзылады. Ұлпалардың өлуінің, тереңдігінің кеңдігі, төменгі темпераның созымдылығы мен төменгі температура ықпалының дәрежесіне байланысты.

Суықтың әсерінен бастапқыда дененің шымырлап тоңазуы, терінің ашығаны байқалады да, сонан соң тері ештеңені сезбей бозарып, аяқ-қол қимылдай алмай қалады. Нақтылы зақымдану мен оның көлемін тек суық әсері тоқтаған соң, кейде бірнеше күннен кейін ғана (үсіген жер ісінеді, қабыну немесе ткандердің жансыздануы пайда болады) анықтауға болады. Температура төмендегенде, қысты күнгі желді күндері денеде ашық жер қалдырмай қымтану жүру керек. Қатты аязда бетті үсітіп алмау үшін әлсін-әлсін тексеріп, ашық жерін уқалаған жөн.

Үсу ауырлығы мен тереңдігіне байланысты 4 дәрежеге ажыратады:

І дәреже- тері ағарып, сезгіштігін жоғалтады бұдан кейін ісініп қызарады. Оның үстіңгі қабаты қотырланады, аяқ-қол мұздайды, негізгі тамырлар соғысы едәуір әлсірейді, зақымданған ұлпалар домбығады.

ІІ дәреже- теріде бозамық немесе қан тәріздес сұйық пайда болады. Сол жердегі негізгі тамырлар соқпайды, зардап шегуші ауырпалық сезеді. Температу көтеріледі, тәбет жойылады, ұйқы басу құбылыстары байқалады. Сол жері көгеріп, сезімталдығы әлсірейді.

ІІІ дәреже- негізгі тамырлар соқпайды, алғашқы күндері тері домбығуы байқалады, көпіршік түзіледі. Терінің жабылмаған бөлігінде ісіну жолағы байқалады. Зақымданған теріде қалың ірің 3-5 күнде байқалады.

ІҮ дәреже- ұлпаның барлық қабаттары мен сүйектің жансыздануы байқалады. Дененің зақымданған жерін жылытуға болмайды, тері бетін қара сұйықтық көпіршік жабады, 10-17 күннен кейін ажыратылады. Зақымданған жер тез қарайып құрғай бастайды. Аяқ-қолдың ажырау процесі 1,5-2 ай. Жара жазылуы баяу. Мүшелерде дистографиялық өзгеріс- бұзылу байқалады.

Алғашқы медициналық көмек көрсету: дененің үсіген жерін дереу жылыту, қан айналымын қалпына келтіру.

Үсіген адамды жылы жерге әкеліп, жылы су құйған ваннаға температурасы 20- дан 40С дейін арттырып отырып, 20-30 минут саламыз, ыстық шәй, кофе береді. Су киім мен аяқ киімді мүмкіндігінше құрғағымен алмастырады. Егер ткандерде әлі өзгеріс, яғни ісікпен күлдіреп суланған белгілер байқалмаса. Дененің үсіген жерлерін спиртпен шайып, таза қолмен ысқылау қажет. Ысқылау дене қызару, ысыну пайда болған тоқтамыз. Денеде үсік суланып күлдіреп және жансызданған учаскелер байқалған кезде оларды стерильденген бинт немесе жеке таңу пакетін пайдаланып таңып тастау керек. Үсіген адамның ткандерінде жоғарыдан келтірілген өзгерістер бола қалған жағдайда дененің зақымданған бөлігін спиртпен ысқылап, стерильді танғыш салып байлайды.

Бет үсіген кезде иіс сумен сүртіп вазелин, антисептикалық крем Чебурашка, Детский жағады. Содан кейін иіс сумен шайылған таңғыш, мақта салынған құрғақ таңғыш қояды.

Дененің үсіген жерін қармен ысқылау теориялық тұрғыдан теріс, себебі суықты күшейтеді мұздаған тері жарылып, үсіген төңіректі асқындырады. Үсіктен сақтану үшін әртүрлі майды қолданудың қажеті жоқ.

Өте ауыр үсікке душар болғандар хирургиялық немесе травмотология бөлімдеріне жөнелтіледі.

 

4. Күннің және ыстықтың өтуі. Жоғарғы температура ұзақ әсер етіп, күн қыздырғанда ыстық өтеді. Күн өту соның түр өзгерістерінің бірі болып табылады, ол ыстықтан қорғанбаған адамға күн сәулесінің тікелей әсер етуінен пайда болады. Мұндайда адам ағзасындағы жылудың реттелуі бұзылады, бас айналып әлсіздік пайда болады да, лоқсып құса бастайды. Жағдай ауырлағанда дене температутасы 40°С-ға дейін көтеріледі, дене тырысып қарашық өлкейеді, тыныс алу 35 – 40-қа дейін жиілеп, тамырдың соғуы минутына 140 – 160-қа дейін жетеді, кейде есінен танады. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткенде науқасты күн өтетін аймақтан алып шығып, денесін қысқан киімдерді шешеді, басын көтерінкі етіп жатқызады. Басына және жүрегінің айналасына салқын зат басып, мүсәтір спиртін иіскетеді, науқасқа сусын, шәй, кофені көбірек ішкізу керек. Денеде ылғал азайғанда талу пайда болады. Тамырда қанның нашар жүруінен мидағы қан айналысының уақытша бұзылуы талу деп аталады. Бұл науқастың ақылдан адасып, өте қатты аурудан және қан кетуден, төсектен шапшаң тұрудан пайда болады. Адам талған кезде өте әлсіреп, мең-зең болып, құлағы шуылдайды, көзі қарауытып, шамалы уақыт естен танады. Науқас құлап қалады, терісі бозарып терлейді. Тамыры минутіне 40 –60 рет әлсіз соғады. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсеткенде науқастың аяғын жоғарырақ көтеріп (басы көтерінкі болмауы керек) жатқызып, жағасын ағыту, бетін сумен жуып, сүртіп, мүсәтір спиртін иіскету керек. Егер есін жия алмаса, қолдан тыныс алдырған жөн.

Адамдардың қызығанда қауіпті сырқат күн тию пайда болуы мүмкін. Бұл сырқат кезінде дененің температурасы 40 - 41°С-ға дейін көрсетіледі, тамыр соғысының жиілігі 150 – 170 ретке дейін, тыныс жиілігі минутіне 30-ға дейін соғады, тез қызару, ал кейде бет терілердің қабығының сұп- сұр болуы, терге шомылу, шатқалақтап жүру, бастың ауруы мен бастың айналуы байқалады. Мұндай жағдайда көленкеге отырып, кйімнің ілгектерін ағыту керек, баспен кеудеге ылғал сүлгі (орамал) қойып, су ішу қажет. Естен танғанда зақымданушының самайларын мүсәтір спиртінен сүртеді, тынысы тоқтағанда болса – жасанды тыныс алдырады, жүрек қызметі тоқтап қалса- жүрекке жанама массаж жасалады.

 

1. Адам шұғыл қимыл жасап соғылғанда, биіктен құлағанда т.б. қауіпті жағдайларда сүйек сынады. Сынық бітеу де, ашық та, болуы мүмкін. Бітеу сынық кезінде тері бүлінбейді, ал ашық сынықта – сынған жерде жара пайда болады. Ең қауіптісі ашық сынық.

Сүйек тек екіге бөлініп сынса шорт сыну, ал сүйек сынықтары өте көп болса – жанқаланып сыну деп аталады. Апат, авария, жер сілкінісі кезінде, бірнеше сүйектердің жанқаланып сынуы мүмкін.

Сынықтың негізгі белгілері: қақсау, қанталау, ісіну, сынғанжердің қалыпты қимылдай алмауы, аяқ-қолдың атқаратын қызметінің бұзылуы. Сүйек ашық сынғанда жарадан сүйек сынықтары көрініп тұрады. Аяқ-қолдың сүйегі сынғанда сынған жерді сипап байқағанда қабырға сынықтары сытырлап естіледі. Жамбас сүйек пен омыртқа жотасы сынғанда көбінесе кіші дәрет пен аяқтың қимылы бұзылады. Бас сүйек сынғанды көп жағдайда құлақтан қан кетеді. Сынық ауыр болғанда шок пайда болады. Әсіресе, артериядан қан кетіп, ашық сынық пайда болғанда шок жиілейді.

Сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмектің негізгі ережесі мынау – ең алдымен зақымданушының өмірін сақтап қалуға тиісті тәсілдер қолданылады. Олар: артериядан қан кетуді тоқтату; жарақатты шок болудан сақтандырып, одан кейін жараға стерильді таңғыш байлау және тізімдегі немесе қолда бар құралдармен иммобильдеу (қозғалтпау).

Имобильдеудің негізгі мақсаты – сынған жердегі сүйектерді қимылдатпау. Сонда жарақаттың ауырғаны білінбей, жарақатты шоктан сақтандырады. Иммобильдеуді өте абайлап жасау керек. Сынған жердегі сүйектерді қимылдатпау үшін таяу жатқан екі буынды (сынған жерден жоғарырақ және төмен) арнайы шендеуішпен немесе қолда бар құралдармен орнықтыра таңып байлайды. Мұндай тәсіл тасымалдауға арнап иммобильдеу деп аталады. Баспалдақты және торлы шендеуішті пайдаланған кезде олардың біреуін немесе бірнешеуін қажетті ұзындыққа таңдап, тиісті дене бөлігіне өлшей отырып, үлгісін пішіп, киімнің үстіне салады. Оны аяқ-қолға бинтпен орап бекітеді. Фанер шендеуіштер жеңіл, мөлшері әртүрлі болуы мүмкін. Оларды астына мақта төсеп, бинтпен аяқ-қолға орап байлайды.

Аяққа арналған шендеуіш ағаштан (тақтайша) денеге орап орналастырылады. Жақ сүйек сынғанда тасымалдауға арналған стандартты таңғыш қолданылады. Жараны таңғышпен байлағанда және иммобильдегенде сүйек сынықтары жылжып кетпейтіндей етіп, бітеу жараны ашық жараға айналдырып алмауға тырысу керек.

Бас сүйек сынған кезде көбіне ми зақымданады. Зақымданушы есінен айрылуы мүмкін. Алғашқы көмек көрсеткен кезде өте сақ болу талап етіледі. Зақымданушыны тексеріп қараған соң зеңбілге етпетінен жатқызып, басына (бет жағына) ортасы шұнқырланған жұмсақ төсем төсейді. Қабырға сынғанда көкірек қуысына бинтпен қатты таңады, орамалмен қысады да тігіп тастайды. Ортан жілік сынғанда, әсіресе, онда ашық сынық болғанда, жарақат өте ауыр болады, қан кетіп, шок ұстайды. Мұндай жарақатты иммобильдеуге санға арналған дитерихстің арнайы шендеуіші өте қолайлы. Сонда иммобильдеген кезде қолда бар құралдарды санның екі жағынан: біреуін ішкі жағынан, екіншісін сыртқы жағынан салып, оларды аяққажәне жалпақ бинтпен, белбеумен орамалмен орнықтырып салады. Толарсақ және тізе буындары маңындағы сүйек қырларына, қолтық пен шапқа мақта салып төсейді. Жамбас сүйектері сығанда зақымданушының халі өте ауыр болады. Оны тегіс нәрсеге (фанерге тақтайға) шалқасынан, аяқтарын сәл бүгіп, алшақтау жатқызады.

Зақымданушының бірнеше сүйектері сынғанда алғашқы медициналық көмекті мынандай ретпен көрсетеді: қан кетуді тоқтатады, жараны стерильді таңғышпен байлайды, ауру басатын дәрімен егеді және өмірге қауіпті сынықтарды иммобильдейді де, соңынан қалған сынықтарды емдеуге кіріседі.

 

2. Шендеуіш (шина) салу ережелері:

- сүйек сынықтарының қозғалмауы үшін шинаны қатар екі буында қозғалыс болмайтындай етіп салу

- шендеуіштің өткірлеу қырлары мен шеттері тегістелуі керек. Металл шендеуішті аяқ- қолдың формасы бойынша салар алдында иеді

- шендеуіш астына жұмсақ төсеніш салу

- аяқ сынғанда шендеуішті оның екі жағында ұстату ұсынылады

- ашық сынықтар кезінде сынған сүйектің шеті сыртқа шығып тұрған орынға шендеуіш салуға болмайды

- шендеуіштің байламы қалыпты, тығыз болуы, бірақ алып жүргенде қысылудан қан айналымы бұзылмас үшін өте қатты байланбауы керек.

 

3. Суға бату- тыныс жолына сұйықтық толу. Суға батып бара жатқан адам кеңірдегіне және өкпесіне су барғандықтан тыныс ала алмайды, оттегі жетімпегендіктен жүрек қызметі тоқтайды. Зардап шегушіні судан тез алып шығу керек. Судан шығарған соң белуарына дейін шешіндіреді, аузы мен мұрынын тұнбадан, ұймы балшықтан тазартып, биіктеу дөңбекке басып, өкпе мен қарындағы суды шығарады. Одан кейін зардап шегушіні шалқасынан жатқызып, дереу қолдан тыныс алғызуға, жүрек тұсын уқалауға кіріседі. Зақымданушы қалыпты жағдайға келгенше ауыздан ауызға үрлеу әдісімен қолдан тыныс алғызуды жасайды. Егер тыныс алу қалпына келмей, зардап шегуші есін жия алмаса, онда нақты өлім белгілері:қарашықтың үлкеюі, көздің жарықты мүлде сезбеуі, ұзақ жүректің соқпауы байқалса қолдан тыныс алғызу, жүрек тұсын уқалау тоқтатылады.

Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50о–қа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.

Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.

Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде реанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс.

-ауыздың, мұрынның, қуыстарының құмнан немесе балшықтан тазарту;

-тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару;

-жасанды тыныс алдыру;

-қан айналымын қолдау.

Жоғары тыныс жолдарын босату мынадай ретпен жүргізіледі. Ауыз қуысын тез қарап шығып дәкі салфеткасы оралған сұқ саусақпен алынбалы протезді алады, ауызды сілекейден, балшықтан тазартады. Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау үшін саусақты сақтықпен қозғалтады.

Тыныс жолдары мен асқазаннан су мен көбікті шығару, суға батушыны етбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне тірейді және кеуде клеткаларын қысады, алайда бұл кезеңге бар-жоғы бірнеше секунд қана жұмсалуға тиіс.

Алғашқы көмек кезіндегі жасанды тыныс алдыру «ауызға-ауыз», «мұрынға-ауыз» әдістерімен жүргізіледі. «Ауызға-ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруды зардап шегушіні қатты жерге шалқалай жатқызудан бастайды. Бір қолды мойынның астына, екінші қолды зардап шегушінің маңдайына қойып оның басын қысады сөйтіп тыныс жолдарына ауаның еркін өтуі үшін жағдай жасалады.

Маңдайдағы алақанның саусақтарымен ауаның шықпауы үшін мұрынды жабады. Көмек көрсетуші өзінің ауызымен зардап шегушінің ауызын толығымен жауып оның тыныс жолдарына ауаны қаттырақ үрлейді, содан кейін зардап шегушінің шамалы ауа шығаруына мүмкіндік береді.

Зардап шегушінің тыныс жолдары мен асқазанынан суды шығару үшін келтірілетін қажетті жағдай

 

Жасанды тыныс алдыруды жүргізу кезінде кеуде клеткаларын ұдайы бақылауда ұстау қажет. Егер де реанимацияны бір құтқарушы жүргізсе, онда кеуденің әрбір онбес қысылуына екі-үш рет ауа үрлейді.

 

«Ауызға –ауыз» әдісімен жасанды демалдыру:

 

«Мұрынға ауыз» әдісін ем-дом жасау тәжірибесі болмаған жағдайларда, зардап шегушінің жағы қатты қысылған немесе жарақаттанған кезде қолданған дұрыс. Бұл жағдайда мұрын жолдары бос болуға тиіс.

«Мұрынға ауыз» әдісімен жасанды демалдыруды жүргізу үшін мына әрекеттерді жасайды. Маңдайдағы қолмен басты артқа қарай бұрайды, екі –үш қолмен төменгі жақты жоғары көтеріп ауызды жабады. Ауызды сонымен қатар үлкен саусақпен де жабуға болады.

Ауызды зардап шегушінің мұрнына қойып оған ауа үрлейді.

Балаға жасанды тыныс алдыру кезінде ерінмен ауыз бен мұрынды қатар қамтиды. Ауаны ересектермен салыстырғанда азырақ үрлейді. Балалардағы тыныс алу жиілігі минутына 18-20-дан аспауы тиіс.

Құрсақ төңірегінің қампайуы асқазанға ауаның барғанын көрсетеді. Алақанмен сырқаттың басы мен мойын жағына қарай іштің төңірегін аударып алақанмен сақтықпен қысады.

Сильвестр әдісі- жиі қолданылады. Зардап шегушіні шалқалай жатқызып, кеуде клеткаларының төменгі бөлігіне бүктелген төсеніштен төсем қояды. Егер жасанды тыныс алдыруды екі адам жүргізсе, онда олар зардап шегушінің кеуде клеткасының екі жағына тізерлей отырады. Олардың әрқайсысы бір қолымен зардап шегушінің қолын иығының ортасына дейін апарады, ал екінші қолдарын саусақтың ұшынан жоғарырақ ұстайды. Олар бір уақытта зардап шегушінің қолын көтереді және оның басының артына қарай созады. Осы арқылы кеуде клеткасы кеңейіп, ауаның кіруіне жол ашады. Бұдан кейін екі-үш секундтан соң зардап шегушінің қолын кеуде клеткасына қойып оны қысады, сөйтіп ауаны шығарады.

 

 

Сильвестр әдісімен жасанды тыныс алдыру: а) ауа жұту; б) ауа шығару

 

Осындай қозғалыстар минутына шамамен 16 рет жасалады. Егер жасанды тыныс алдыруды бір адам жасаса, ол зардап шегушіге тізерлей қарама қарсы тұрады, оның қолын көтеріп осындай қозғалыстар жасайды.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері қандай?

2. Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары.

3. Жеке қорғаныс құралдары.

4. Жарақаттар түрлері, бас жарақаттары. Кеуде мен іштің зақымдануы, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек;

5. Сүйектің сынуы, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек;

6. Жаралар, жаралар инфекциясы. Қанның ағуы, алғашқы көмек.

 

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1574 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы.| Дәріс тақырыбы: Зілзала және оның салдарымен күрес.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.05 сек.)