Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоба мақсаты

Next Generation Network, міндеттері және анықтамасы | NGN сәулеті | SoftX3000 жүйесінің сипаттамасы | Иілгіш желіні құрастыру мүмкіндігі |


Читайте также:
  1. СӨЖ – ның жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқаулықтары

 

Жобаның негізгі мақсаты: Аягөз қаласында, SDH шеңбері негізінде, сөз және басқа да мәліметтерді беру қызметін ұсыну, қаладағы бар цифрлық арналарды тиімді пайдаланып желілердің өнімділігін арттыру арқылы, және дестелік коммутациялар технологиясы бойынша қызметтер көрсету негізінде мультисервистік желілер құру. Аягөз қаласына NGN технологиясын енгізгеннен кейінгі сұлбасы қосымша О- да суреттелген.

Осы жобаның мақсаттарын анықтау үшін, басқарушы әлемдік телекоммуникация операторларымен ұсынылған, NGN желілеріне өту стратегияларын қарастыру керек. NGN желілеріне өтуінің мүмкін стратегияларын үш негізгі топтарға бөлген жөн: революциялық, эволюциялық және «аралдық».

Бірінші стратегия екі жағдайда қолайлы: жаңа желі құрастырылады; барлық эксплуатацияланатын коммутация мен тарату жабдықтары ауыстыруды қажет етеді. Революциялық стратегияның қолданылуының практикалық нұсқауы өте сирек кездеседі.

Екінші стратегия - операторлардың желіні түрлендіру үшін нақты жоспар құруын мақұлдайды. Жалпы пайдалыныстағы телефон (ЖПТф) желісінің цифрленуі кезеңінде қабылданған, «үстіне қойылған» желі тұжырымдамасы осы келтірудің аналогі болып саналады.

Үшінші стратегия – оператор қажеттілік барысында, ескірген коммутациялық станцияларын көрсетіп, «арал» тәрізді өзінің NGN желісін құрастыруын мақұлдайды.

Негізгі желіде кейбір уақыт ішінде ақпараттарды таратудың екі технологиясының («арналар коммутациясы» және «дестелер» коммутациясы) бірігіп қолдануын мақұлдайтын, NGN – ге өтуінің эволюциялық стратегиясының жөндігі анықталды. Екі технологияның бірге қолдану уақыты бірнеше ондаған жылдарды құрайды. Сандық коммутациялық станциялардың қондырылуымен байланысты инвестициялардың сақталуы үшін, ақпараттарды тарататын екі технологияларымен де тиімді жұмыс істей алатын техникалық құралдар қажет.

Арналы коммутациялы тар жолақты TDM желісі осы жобаның қолданыстағы ЖПТф желісі болып саналады. Huawei Technologies ұжымы келесі ұрпақ желілеріне өту кезеңінің «NGN – бағдарланған коммутатор» шешімін ұсынады. Қолданыстағы желінің қайта құру талаптарын ескере отырып, NGN желілеріне өтуінің болашақ эволюциясы үшін, U-SYS (SoftX3000 + UMG8900) шешімі NGN технологиясының негізінде дәстүрлі коммутация функцияларын орындайды [4]. SoftX3000 сигналды коммутатор функцияларын, ал UMG8900 әмбебап медиашлюзі абоненттік рұқсат және коммутация функцияларын атқарады. Сөйтіп, қолданыстағы TDM желісімен бірігіп қолданылуы нәтижесінде, қадамдап ЖПТф желісін қайта құруға және NGN желілеріне өтуінің баяу эволюциясын іске асыруға мүмкіндік туады.

Осы жобаның басты мақсаты – абоненттерге қазіргі сапа мен сенімділікті қамтамасыз етіп, телекоммуникация қызметтерінің қосымша түрлеріне сұранысын қанағаттандыру арқасында, «Қазақтелеком» АҚ – ның телекоммуникация нарығында орнықтыру және қосымша табыс табу.

Технологиялық мақсаттар:

- дауысты трафикті дестелі тарату технологясының «тегіс» сәулетінің қолданылуы нәтижесінде, телефон желісінің әмбебап, тиімді, біріккен мультисервисті құрылымын құру;

- жалпы пайдаланыстағы телекоммуникация желісін IP/MPLS деректерді тарату желісімен конвергенциялау;

- ашық хаттамалар негізінде кез – келген қызметтер түрін енгізу үшін технологиялық негіз құру;

- мониторинг және желі қорларымен басқарудың бітұтас жүйесін құру;

- желі жұмысының сенімділігін арттыру.

Дипломдық жобада мына сұрақтар қарастырылған:

- желі құрастырудың ең тиімді нұсқауын анықтау;

- жабдықты сипатталау;

- мақсаты, орындалуы


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 218 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мбебап UMG8900 медиашлюзінің сипаттамасы| ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)