Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақ ергежейлілер. Нейтронды жұлдыздар мен қара құрдымдар.

Шын күн тәуліктері мен шын күн уақыты | Герцшпрунг-Рессел диаграммасы | Жұлдыздардағы радиус-жарықтылық-масса тәуелділігі. | Тұтылған айнымалы жұлдыздар, негізгі сипаттамалары |


Читайте также:
  1. A) Реттеуіші шаманың жаңа тұрақталған шаманың мәніне қатынасы.
  2. Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері.
  3. Ақтөбе - 2014ж.
  4. Азақстан Республикасының экологиялық кодексі: – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 172 б.
  5. Азақстанның су ресурстары туралы қазақша реферат
  6. Айнымалы жұлдыздар жалпы каталогының құрылымы

Ақ ергежейлілер.

ақ ергежейлер аса тығыз жұлдыздар болып табылады, себебі онда термоядролық энергияның сутегілік көздері таусылған. Ақ ергежейлердің центріндегі тығыздық 1см3-та жүздеген тоннаға дейін жетуі мүмкін. Ақырын суи отырып, олар тозғындалған газдың жылулық энергиясын сәулелей бастайды. Ақ ергежейлердің массасы өскен сайын оның қойнауындағы газ қысымы гравитациялық күшке қарсы төтеп бере алады. Сондықтан массасы үлкен ақ ергежейлер көбірек сығылады және олар үшін жұлдыз радиусының оның массасынан тәуелділігі дәлірек орындалады.

Нейтронды жұлдыздар.

Массаның қандайда бір мәнінен кейін тозғындалған газдың қысымы гравитация күшін теңгере алмайды. Мұндай жұлдыз шексіз сызыла береді Егер масса 2-3 т асып түссе, онда жұлдыз коллапсқа ұшырайды. Егерде жұлдыз нейтронды болмаса, бұл құбылыс т > 1,2 m жағдайында болар еді. Себебі гравитация күштеріне тозғындалған нейтронды «газдың» қысымы қарсы тұрады. Бірақ бұған дейін жұлдызда ядролық жарылыс түзеді, нәтижесінде бүкіл ядролық энергиямен зат нейтрондарға айналады да жаңа обьект нейтронды жұлдыз пайда болады. Бұл жұлдыздардың беті болады. Себебі оның сыртқы қаббатары қатты келеді және темір мен гелийдің ауыр элементтерінен құралады. Кәдімгі жұлдыз нейтрондық күйге дейін сығылғанда оның магнит өрісінің кернеулігі 10 бірлікке дейін өседі. Бұл кернеулік атомдар пішіндегіден 1000-даған есе көп. Нәтижесі нейтронды жұлдыздың қатты қабатының шекарасында атомдық құрылым өзгереді. 10 К температурада да нейтронды жұлдыздың бетінде атомдар бейтараптығын жоғалтпайды

Қара құрдымдар.

Күн массасынан бірнеше көп есе массада тозғындалған нейтрондардың қысымы гравитациялық күштерге төтеп бере алмайды және жұлдыздың қайтымсыз сығылуына еш нәрсе бөгет келтіре алмайды (коллапс). Коллапстанушы жұлдыздың радиусы қандайда бір кризистік радиусқа (R) жақындағанда ерекше жағдай орындалады, R былайша анықталады: R=2c*m/r. Радиусы гравитациялық радиустан аз жұлдыздан жарық сәулелері шықпайды. Мұндай обьект физика заңдарына сәйкес өмір сүру керек деп есептегенімен, ол байқалмайды. Бұл, теориялық түрде жорамалданған жарықты жұтушы және өзіне басқа массаларды тартып алатын, сәуле шығармайтын обьектілерді қара құрдымдар деп атайды. Шварцшильд радиусымен шектелген сфера ішінде заттың тығыздығы шексіз өсіп классикалық физика заңдары орындалмайды, мұнда тек жалпы салыстырмалық теория немесе релятивистік физика заңдары жұмыс істейді. Сондықтан нейтронды жұлдыздармен қатар қара құрдымдарды релятивистік обьект деп атайды.

 

37 .Галактикалар классификациясы.

Галактикалардың пішіндері өте әртүрлі келеді, бірақ негізгі сыртқы белгілеріне қарап бірнеше түрге бөлінеді. Морфологиялық ерекшеліктері бойынша, галактикалардың 4 түрге айырылады.

1) Зерттелген галактикалардың шамамен 25% жұмыр немесе эллипс тәрізді болады, оларды эллипстік деп атайды. Бұл галактикалар құрылымы, жұлдыздық құрамы және ішкі қозғалыстардың сипаты бойынша ең қарапайым болып табылады. Олардың беттік жарықтылығы центрінен шеттеріне қарай біртіндеп, кенет өзгеріссіз азаяды. Олар құрамындағы ең жарық жұлдыздар – қызыл алыптар, жарқырауы жоғары жұлдыздар ішінде жоқ болады. Эллипстік галактикалардың жарқырауы мен массасы кең аралықта: ~1038-1045 эрг/с және 105-1013 МКүн сәйкесінше өзгереді.

2) Зерттелген галактикалардың шамамен 50% шиыршықты болып табылады. Мұндай галактикалардың ерекшелігі – оларда екі не одан көп сілемді шиыршықты тармақтар түріндегі құрылым бақыланады. Тармақтар ортасында балдж деп аталатын сфератәрізді жуандалуы бар жазық дискті құрайды Балдж ішінде галактиканың ядросы орналасады. Дискті оның радиусына жақын сфератәрізді гало қоршайды. Жалпы айтқанда, галактикалық диск айналуының бұрыштық жылдамдығы центрге дейінгі қашықтық өскен сайын азаяды, ал сызықтық жылдамдық әуелі өсіп, кейбір қашықтықта максимумге дейін жетеді де, одан соң баяу азая бастайды.

Шиыршықты галактикалардың жарқырауы ~1041-1044 эрг/с, ал массалары 108-1012 МКүн аралықта өзгереді.

3) Зерттелген галактикалардың шамамен 20% линзатәрізді болып табылады. Олар эллипстік пен шиыршықты галактикалар ортасында аралық орынды алады: олардың пішіні эллипсоид тәрізді болады, ал беттік жарықтылығы центрінен шеттеріне қарай сатылы түрде өзгереді. Мұндай галактикаларда ядроны, «линзаны» және «жиекті» айырады. Линзаның сыртқы бөліктерінде кейде шиыршықты тармақтардың «ұрықтары», маңдайшалар және сыртқы жарық сақина көрінеді.

Галактикалардың қалған 5% дұрыс емес галактикалар болып табылады. Мұндай галактикалардың дұрыс пішіні әдетте жоқ болады. Жалпы айтқанда, бұл топқа жоғарыда айтылған топтың үшеуіне де жатпайтын барлық галактикаларды шартты түрде кіргізеді. Дұрыс емес галактикалардың жарқырауы ~1043 эрг/с, ал массалары 1010 МКүн болады.

38. .Галактикалар шоғырының классификациясы.

Галактикалар да Ғаламдағы ең ірі құрылымдар болып табылмайды. Жұлдыздар сияқты, галактикалар да бірнеше мүшеден кіргізетін құрылымдарды түзеді.іздің Галактика Андромеда тұмандығымен және 30 жуық кіші галактикалармен бірге галактикалардың Жергілікті тобын құрайды, оның өлшемі ~0,8 Мпк. Ең жақын көршілес галактикалар топтары Жергілікті топтан 2-5 мпк қашықтықта орналасқан. Біздің Галактикадан 10-20 Мпк аз қашықтықтарда мұндай топтың ондағаны табылған.

Бізге ең жақын галактикалардың ірі шоғырлануы Бикеш шоқжұлдызында, бізден 20 Мпк жуық қашықтықта орналасқан. Оған 7 алып эллипстік және 10 зеңгір шиыршықты галактика кіреді. Оған кіретін жарқырауы жоғары және орташа галактикалардың жалпы саны 200 жуық, олардың шамамаен үштен бір бөлігі – эллипстік жіне линзатәрізді, қалғандары – шиыршықтылар.Бикештегі шоғырлану одан да ірі галактикалар жүйесінің орталық қоюлануы болып табылады. Ол галактикалардың Жергілікті тобы мен оның көршілерін де кіргізеді және Жергілікті аса шоғырлану деп аталады. Одағы галактикалардың жалпы саны 20000 жуық, диаметрі 60 Мпк жуық. Галактикалардың ондаған ірі шоғырланулардан құрылған басқа да ондаған аса шоғырланулар табылды, бірақ олармен қатар жеке де, деңгейі жоғары ұжымдарға кірмейтін галактикалар шоғырланулары болады.

Аса шоғырларда галактикалар біртексіз орналасқан: олар іштерінде галактикалар өте аз ұяшықтар шекаралары бойымен жиналғандықтай болады Сонымен, үлкен емес масштабтарда, мысалы Күн жүйесінде немесе галактикалар масштабтарында өте бірқалыпсыз үлестірілген, бірақ аса шоғырлар өлшемдерінен көп масштабтарда зат бірқалыпты үлестірілген деп айтуға болады. Сөйтіп, Ғаламның ірімасштабты құрылымында ерекше, бір нәрсемен айырылатын орындар мен бағыттар болмайды, яғни ірі масштабтарда Ғалам біртекті және изотропты болып табылады. Ғалам құрылымының моделі ретінде кеуешек кесекті алуға болады: аз көлемінде ол өте біртексіз, ал тұтастай алғанда, ол біртекті және изотропты келеді.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 733 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Күн ішіндегі конвекция| Галактикалардың белсенді ядролары, квазарлар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)