Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Алматы, 2013 ж.

сурет. Мастикациограмма. 1 страница | сурет. Мастикациограмма. 2 страница | сурет. Мастикациограмма. 3 страница | сурет. Мастикациограмма. 4 страница | сурет. Мастикациограмма. 5 страница |


Читайте также:
  1. Ж.Д.Бекмагамбетова. Радиационно-экологические аспекты безопасности населения. Учебное пособие. – Алматы, 2002. – 304 с.

Жалпы физиология

Студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы

Алматы, 2013 ж.

УДК -612 (072)

ББК -28.073я73

Қ -30

 

 

Жауапты редакторлары: Қалыпты физиология кафедрасының доценттері: Жумакова Т.А., Махамбетова М.Б., Байжанова Н.С.

 

Рецензент:

Нұрмағамбетов А.Д – патофизиология кафедрасының профессоры С.Ж. Асфендяиров атындағы ҚазҰМУ.

 

 

Құрастырғандар:

Доцент Жумакова Т.А., доцент Махамбетова М.Б., доцент Байжанова Н.С.

Қ – 30 – қалыпты физиология: студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы, 2013ж.

 

 

ISBN № 9965-826-24-2

 

ББК 28.073

Қ

 

ISBN № 9965-826-24-2

 

 

1. ҚОЗҒЫШ ТІНДЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ

І. 1.1. Тақырып: Қозғыштық. Қозғыштықтың көрсеткіштері. Қозғыш тіндердің биоэлектрлік құбылыстары.

ІІ. Тақырыптың маңыздылығы. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері мен биоэлектрлік құбылыстары туралы білу дәрігер мамандығына қажет. Қазіргі заманда тіндердің электропотенциалын тіркеу әдістері кеңінен қолданылады, мысалы: жүрек (ЭКГ), бұлшықет (ЭМГ), ми (ЭЭГ) және т.б. мүшелер электр потенциалдары. Тірек-қимыл аппаратының патологиясында, бұлшықет пен жүйке тінінің қозғыштығын анықтау үшін хронаксиметрия әдісі қолданылады. Тіс дәрігерлері диагностикалық мақсатпен тіс пульпасының қозғыштығын анықтайды. Электрофизиологиялық әдістер неврологиялық практикада кеңінен қолданылады. Тақырыпты талдау барысында онтогенездегі қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттеріне көңіл аудару керек.

ІІІ. Сабақтың мақсаты.

Студенттер білуі қажет:

Қозғыштық - анықтамасы, қозу үрдісі және оның сипаттамасы.

Қозғыш тіндердің негізгі физиологиялық қасиеттері.

Қозғыштықтың көрсеткіштері.

Биоэлектрлік потенциалдардың түрлері және олардың пайда болу негізі

(МП, ӘП, жергілікті жауап).

Қозғыштықтың кезеңдері және олардың ӘП кезеңдері

мен қатынасы.

Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдары.

Тұрақты тоқтыңтірі тіндерге әсері.

Онтогенездегі қозғыш тіндердің физиологиялық

қасиеттері.

Студенттер меңгеруі тиіс:

Жүйке – ет препаратын даярлау.

Түрлі тіндерді тікелей және жанама тітіркендіріп, қозу табалдырығын

анықтау және салыстыра білу.

Бірінші және екінші Гальвани тәжірибесін жасай білу.

"Екіншілік тетанусты" (Маттеучидің екінші тәжірибесі) анықтау.

VI. Студенттердің өзіндігінен дайындалуға арналған сұрақтар:

1. Қандай тіндердің қозғыш қасиеті бар?

2. Қозғыш тіндердің негізгі физиологиялық қасиеттері.

3. Қозғыштық дегеніміз не?

4. Қозғыш тіндердің қозу кезеңінде, қозғыштық қасиеттері қалай өзгереді?

5. Қозғыштық көрсеткіштері және олардың анықтамасы.

6. Қозу табалдырығының өлшемі мен қозғыштық дәрежесі арасындағы қатынас.

7. Гоорвег – Вейс «күш пен уақыты қисығы.

8. Биопотенциалдардың пайда болуының мембрана - иондық теориясы.

9. ӘП-ның пайда болу механизмі, оның кезеңдері.

10. Қозғыштық кезеңі мен әрекет потенциалы кезеңінің өзара қатынасы.

11. Тұрақты тоқтың қозғыш тіндерге әсері.

12. Ерте онтогенездегі қозғыш тіндердің электрофизиологиялық ерекшеліктері.

13. Электромиография әдісінің маңызы (стоматология факультетіне).

14. Тістің электрлік қозғыштығын анықтаудың маңызы. Тістің электрлік қозғыштығын анықтау әдісі (стоматология факультетіне).

15. Ауыз қуысындағы микротоқты зерттеу және оның темір протезі кезіндегі

маңызы (стоматология факультетіне).

V. Ақпараттық дидактикалық бірлестік.

 

Зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістері мен аннотациясы.

 

Жұмыс №1. Бақаны қимылсыздандыру тәсілі.

Көптеген физиологиялық эксперименттерді бақаға жүргізеді. Жедел тәжірибе жасау үшін, бақа қимылын тоқтатудың бірнеше тәсілдері бар.

Жұмыс мақсаты. Бақаны қимылсыздандыру тәсілін үйрену.

Жұмыс жасауға қажет. Бақа, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, эфир, мақта, дәкелік салфетка, шыны күрке.

Бақа қимылын эфир наркозымен тоқтату. Шыны күркеге бақаны отырғызып, оның бір шетіне эфир ертіндісіне малынған мақтаны қояды. Біраз уақыт өткеннен кейін, наркоз әсерінен бақаның қимыл-қозғалысы тежеледі. Шалқасынан жатқызылған бақа наркозға елтіп сол күйінде жата береді. Наркоз әсерін ұзарту (немесе қолдау) үшін эфирге малынған мақтаны бақаның танауына қояды.

Бақа қимылын орталық жүйке жүйесін бұзу арқылы тоқтату.

а) Басын бос күйінде қалдырған бақаның алдыңғы аяқтарын кеудесіне қысып, оны дәкелік салфеткамен орайды. Бақа аузына қайшының доғал ұшын енгізеді де, оның көзінің артын жағалай үстіңгі жағын миымен қоса кесіп алып тастайды. Бақаның жұлыны сақталғандықтан, мұндай бақа «жұлынды бақаң - деп аталады. Бақа қимылын тоқтату үшін, омыртқа арнасына жіңішке темір зондты (немесе инені) сұғып, жұлынын зақымдайды.

б) Бақаны жоғарыда көрсетілгендей дәкелік салфеткамен орап, оның басын сұқ саусақпен төмен басып сол қолына алады. Бұл кезде бас пен омыртқа арасында бұрыш пайда болады. Зондты бастың ортаңғы сызығымен каудальды бағытта жүргізе отырып, желке сүйегіндегі шұңқырға түседі (атланто-окципитальды мембрана). Бұл жерде зондпен теріні және мембрананы тесіп, ми-жұлын арнасына енеді. Темір зондты жоғары қарай бағыттап, бас сүйегіндегі миды бұзады. Зондты шығармай омыртқа арнасына сұғып (еніп), жұлынды зақымдайды. Бұл тәсілдің артықшылығы, қанның сыртқа шығуы ең аз мөлшерде болады (1- сурет).

Қимылсызданған бақаны бекіту. Бақаны операция үстеліне шалқасынан жатқызып, аяқтарын инемен (немесе түйреуішпен) шаншып бекітеді.

 

 

1-сурет. Бақаны қимылсыздандыру.

Жұмыс №2. Жүйке-ет препаратын даярлау тәсілі.

Жүйке мен бұлшықеттің физиологиялық қасиеттерін зерттеу үшін бақаның артқы аяғынан жүйке–ет препараты жасалады. Бұл препарат шонданай жүйкесі мен балтыр бұлшық етінен тұрады. Бақа организмінен оқшауланып алынған ұлпаны физиологиялық ертіндімен дымқылдап отырса, оның қызметі ұзақ уақыт сақталады.

Жұмыс жасауға қажет. Бақа, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, операциялық үстел, Рингер ерітіндісі, дәкелік салфеткалар.

Жұмысты орындау. Қимылы тоқтатылған бақаны сол қолмен артқы сирақтарынан ұстап оны тік ұстаса, оның денесі, белі мен сегізкөз арасындағы буынында бүгіледі (2-сурет). Осы буыннан 1,0 – 1,5 см жоғары жерден қайшымен бақа омыртқасын көлденең кесіп, оның алдыңғы кеуде бөлімін ішкі мүшелермен бірге алып тастайды. Артқы аяқтарынан терісін сыдырып алу үшін екі дәкелік салфеткасы (сүлгісі) керек, біреуімен бақа жотасын орап ұстайды да, ал келесісімен артқы сирақтарынан теріні сыдырып алады. Бұл препарат «тірі реоскоп» деп аталады.

Бақа артқы аяқтары препаратының қалған омыртқасын сұқ саусақпен төмен басып сол қолға алады да, шығып тұрған құйымшақты кесіп алып тастайды. Содан кейін препаратты аударып, сегізкөз өрімінің жүйке бағанын зақымдамай қайшымен омыртқасын және шатын екі айрып кесіп, бақаның екі артқы аяқтары препаратын алады.

Біреуін Рингер ерітіндісіне салып, ал екіншісінен жүйке-ет препаратын жасайды. Ол үшін шонданай жүйкесінің астын ала кіші қайшының ұшын өткізіп, жүйке шығатын жерде аздаған омыртқа кесіндісін қалдырады да қалғанын көлденең кесіп алып тастайды. Шонданай жүйкесін ұршық буынға дейін абайлап іреп, айналасындағы басқа өрімдерден тазартады. Екі қолдың бас бармақтарымен санның артқы бетінде орналасқан жартылай жарғақ және қос басты еттердің арасын ашып сол жерде жатқан шонданай жүйкесін тауып алады. Қалған омыртқамен бірге жүйкені абайлап көтеріп шонданай жүйкесін жалпы бағанмен жалғасқан кіші жүйке тармақтарын тізе тұсына дейін кесіп босатады. Тізенің сәл жоғары жерінен жамбас сүйегі мен сан еттерін кесіп алып тастайды.

 

 

2-сурет. Жүйке-бұлшықет препаратын даярлау сатысы.

1. Бақаны жансыздандыру және жұлын бағанын кесу.

2. Артқы аяқтарынан терісін сыдырып алу.

3. Құйымшақты кесіп алу.

4. Бақа артқы аяқтарын екіге бөлу.

5, 6. Шонданай жүйкесін ажырату.

7. Балтыр етін ахилл сіңірімен бөліп алып, жамбас сүйегі мен сан еттерін

кесіп алып тастау.

8. Жүйке-бұлшықет препараты.

Ахилл сіңірінің астына қайшы ұшын өткізіп, балтыр етін жілігімен бірге ажыратып алады. Содан соң сіңірін кесіп, балтыр етін жоғары көтеріп асық жілікті кесіп алып тастайды. Мұның нәтижесінде балтыр еті мен тізе буынынан және омыртқа бөлігімен жалғасқан шонданай жүйкесінен тұратын, жүйке-ет препараты дайын болады. Тізе буыны мен омыртқаны, жүйке-ет препаратын миографқа бекіту үшін қалдырады. Ол үшін тізе буынының қабын миографтың қозғалмайтын жоғары горизонталды қармағына іледі, ал ахилл сіңірін жазғыштың төменгі горизонталды ілмегіне бекітеді. Шонданай жүйкесіне жалғасқан омыртқа кесіндісін миографтың вертикалды желісінде бекітілген тығын кесіндісінің үстіне орналастырады.

Препаратты кеуіп кетпеу үшін оны физиологиялық ерітіндімен ылғалдап отыру керек.

Жұмыс №3. Қозу табалдырығын тура және жанама

тітіркендіру арқылы анықтау әдісі.

Қозу табалдырығы деп қозу үрдісін тудыратын тітіркендіргіштің ең төменгі күшін айтады. Сондықтан қозу табалдырығы неғұрлым төмен болса, ұлпаның қозғыштығы соғұрлым жоғары болады.

Даярланған жүйке-ет препарат құрамында екі түрлі тіндер болуына байланысты, олардың қозғыштық қасиеттері де өзгеше болады. Сондықтан жүйке мен бұлшықет талшықтарының қозғыштық қасиеттерінің бастапқы шегін (немесе табалдырық күшін) анықтап, өзара салыстыру керек.

Тәжірибеде бұлшықеттің қозғыштығын анықтау үшін оны тікелей тітіркендіру керек, ал жүйкенің қозғыштығын – бұлшықетті жүйке арқылы (жанама) тітіркендіру керек.

Жұмыс жасауға қажет. Бақа, миограф, стимулятор, электродтар, кимограф, штатив, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, пипетка (тамызғыш), Рингер ерітіндісі, дәкелік салфетка.

Жұмысты орындау. Даярланған жүйке-ет препаратын операциялық тақтайшаға орналастырады, немесе оны миографқа бекітеді. Электростимуляторды электр торабына қоспай тұрып, оның амплитуда реттеуші тұтқасын "0" белгісіне, ал жиілігін - 1 Гц тұстастырып қояды. Қозу табалдырығын жанама тітіркендіру арқылы табу үшін стимуляторға қосқан электродты препараттың жүйке талшығына тигізіп, оған ұзақтықтығы тұрақты (0,5 мс) жеке стимулмен әсер етіп, тоқтың күшін біртіндеп ұлғайтады (3, б-сурет). Осылай бұлшықет талшықтарының сәл ғана (немесе әлсіз) жиырылуын туғызатын тітіркендіргіштің ең төменгі күші табылады. Бұл осы жүйкенің қозғыштығының бастапқы шегі (немесе қозу табалдырығы) болып есептеледі. Ал қозу табалдырығын тікелей тітіркендіру арқылы табу үшін бұлшықетті тікелей электродпен тітіркендіреді де, оның әлсіз жиырылуына келтіретін тоқтың күшін белгілейді (3, а-сурет). Табылған көрсеткіш осы бұлшықеттің қозу табалдырығы болып есептеледі. Тоқ күші жетпесе, амплитуданы өзгертетін тұтқаны бұрай отырып, тоқ күшін ұлғайтады.

 

 

 

3-сурет. Тікелей (а) және жанама (б) тітіркендіру.

 

Жұмыс № 4. Қозатын тіндердегі биоэлектрлік

құбылыстар.

 

Тірі организмдегі биоэлектрлік құбылыстарды биологиялық және электрофизиологиялық тәсілдермен тіркеп, анықтауға болады.

 

4.1. Гальванидің бірінші тәжірибесі.

Жұмыс жасауға қажет. Бақа, биметалды пинцет (іскек), штатив, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, Рингер ерітіндісі, дәкелік салфетка, “балкончик” құралы.

Жұмысты орындау. Бақаның артқы екі аяғынан жасалған препаратты - «тірі реоскоп» (4-сурет), сегіз көз омыртқаларынан шығатын жүйкені “балкончик” құралының мыс сымына іледі. Содан кейін “балкончик” құралының екінші шетінде орналасқан темір пластинкасын бұлшықетке тигізеді. Осындай әсерден кейін бақаның артқы аяқ бұлшық еттерінің жиырылғаны байқалады.

 

 

4-сурет. Гальванидің бірінші тәжірибесі.

4.2. Гальванидің екінші тәжірибесі (металсыз жиырылу).

 

Л. Гальвани екінші тәжірибесінде алғаш рет тіндердегі электр құбылысын дәлелдеді.

Жұмыс жасауға қажет. Бақа, шыны ілмек, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, пипетка (тамызғыш), Рингер ерітіндісі, дәкелік салфетка.

Жұмысты орындау. Бақаның артқы аяғынан жүйке-ет (тәжірибе көрнекі болу үшін бақа аяғының тізеден төменгі бөлігін сақтаған жөн) препаратын жасағаннан соң, шонданай жүйкесін омыртқадан шығатын жерінен дұрыстап кесіп алады. Содан кейін, санның төменгі жағына жақын жердегі бұлшықет кесіледі де, шыныдан жасалған ілмекпен шонданай жүйкесін сан етінің кесілген және кесілмеген беттеріне бірдей тигізеді (5-сурет). Осындай әсерден кейін бақаның балтыр бұлшықетінің жиырылуы байқалады. Жүйкенің қозу

 

5-сурет. Гальванидің екінші тәжірибесі.

 

себебі, ол кесілген (теріс зарядты) және кесілмеген (оң зарядты) бұлшықеттер арасындағы потенциалдар айырмашылығына байланысты.

 

Жұмыс № 5. "Екінші тетанус" тәжірибесі (Маттеучидің

тәжірибесі).

Қозу нәтижесінде бұлшықетте пайда болған тоқ, өз кезегі келесі жүйке-ет препаратын тітіркендіріп қоздырады.

Жұмыс жасауға қажет. Бақа, стимулятор, электродтар, тәжірибені жасауға қажетті құрал-саймандар, Рингер ерітіндісі, шыны ілмек, шыны пластинка.

Жұмысты орындау. Қимылсыздандырылған бақаның артқы аяқтарынан екі жүйке-ет препаратын даярлайды. Оларды құрғақ ағаш (немесе резинка, әйнек) пластинканың үстіне жеке-жеке орналастырады. Бірінші препараттың балтыр бұлшықетінің үстіне екінші препараттың жүйкесін салады. Сосын бірінші препараттың жүйкесін ырғақты электр тоғымен тітіркендіреді (6-сурет). Осы әсердің салдарынан екі препарат бұлшықеттерінің сіресе жиырылуы байқалады. Себебі бірінші жүйке-ет препараты қозған кезде пайда болатын әрекет тоғы екінші препараттағы жүйкені қоздырады.

 

 

6-сурет. Екінші тетанусты алу тәжірибесінің схемасы (Маттеучидің тәжірибесі).

1, 2 –бақа аяқтары;

3 – тітіркендіруші электродтар.

 

 

Жұмыс № 6. Электромиография.

Электромиография – бұлшықетердің электрлік белсенділігін (немесе биопотенциалдарын) тіркеу әдісі. Бұл әдісті қолданып бұлшықет ауруларын анықтауға, сонымен қатар қимыл-қозғалыс аппаратының әрекеттік қызметін зерттеуге болады. Қойылған мақсатқа қарай тыныштық, еркін және жүктеме кезіндегі бұлшықеттердің жиырылуының электр миограммасын жазып алуға болады. Электромиограф күшейткіш блоктан, динамиктен, екі осциллоскоптан және фото суретке түсіретін құралдан тұрады. Адамның бұлшықеттері биопотенциалдарын тіркеу үшін тері бетіне байланатын немесе бұлшықетке кіргізетін ине тәрізді электродтар қолданылады. Тері бетінен тіркелген ЭМГ-ма - әртүрлі қозғалтқыш бірлігінің әрекет потенциалдарының жиынтығы болып есептеледі. ЭМГ-ма толқындарының тербелісі 1-2 – ден 3000 мкв-қа дейін, ал жиілігі 15-20 имп/сек болады.

Жұмыс жасауға қажет. Электромиограф, дәке, электродтар, спирт.

Жұмысты орындау. Зерттелуші адамды орындыққа отырғызып, иықтың қос басты бұлшықет биопотенциалын тіркейді. Ол үшін теріні спиртпен сүртіп, физиологиялық ертіндімен ылғалданған дәке салып екі электродтарды бекітеді. Жеке жермен байланыстыратын үшінші электродтарды орналастырады. Аспапты электр торабына қосып, оны жылытады. Күшейткіш коэффициенті (жалпы 100-300 мкв/мм) мен реттеуші белгілерді анықтап, жазып алады. Аспап экранынан, зерттелуші бұлшықетінің босаңсыған, жиырылған және жүк көтерген кездердегі пайда болатын электр потенциалдарын көруге болады. Динамикті қосып, бұлшықеттер электр құбылысының сипатын дыбыс түрінде естуге болады. Ауыр жүк көтерген кездегі биопотенциалдар шайқалымы мен жиілігінің жоғары болатыны байқалады (7-сурет).

 

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 970 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Обработка результатов| Сурет. Электромиограмма.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)