Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экологиялық басқару негіздері.

Көміртегі | Көмірқышқыл газы | Атмосфералық ауа сапасының нормативтері | Мұнай-газ өндірісі мекемелері шығындыларының классификациясы | Ауаны түрлі ингриеденттерден тазартудың негізгі принциптері | Түрлі өндірістердегі сұйық және қатты қалдықтар, олардың топыраққа және грунтты суларға әсері. | Неркәсіп қалдықтарын іске асыру. Қалдық сақтау қоймаларына қойылатын талаптар. | Су көздерін қорғаудың негізгі ережелері мен талаптары. | Ағынды бұрғылау суларын қайталама пайдалану үшін тазарту. | Ыларды бұрғылағанда күкірт сутегін бейтараптандыру. |


Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының экологиялық кодексі: – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 172 б.
  2. Бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi
  3. Бап. Экологиялық дағдарыс аймағы
  4. Бап. Экологиялық дағдарыс салдарынан зардап шеккен азаматтардың статусы
  5. Басқару есебі 1 страница
  6. Басқару есебі 10 страница
  7. Басқару есебі 11 страница

Экологиялық басқару - бұл қоғам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеп отыратын экологиялық- басқару нормаларының жинағы. Оның мақсаты қоршаған табиғи ортаны қорғау, зиянды экологиялық қауіп-қатердірден сақтандыру, адамды қоршаған ортаның сапасын арттыру және жақсарту болып табылады. Сондай-ақ экологиялық норомаларды дұрыс орындалуын талап ету.

Қазақстан Ресупубликасының экологиялық заңдылықтарына сәйкес экологиялық басқарудың негіздеріне келесі құжаттар жатады:

1. ҚР конституциясы;

2. ҚР басқа да нормативті актілері мен заңдары және табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау облысында ҚР субъектілері;

3. ҚР Президентінің жарлықтары және ҚР үкіметінің заңдылықтары;

4. Министрліктер мен тиісті органдардың норматаивті актілері;

5. Жергілікті басқару органдарының нормативті шешімдері.

ҚР конституциясы бойынша әрбір адамның жерді және басқа да табиғи ресурстарды пайдалануға құқығы бар, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаға келтірілген зияны бойынша шығынды өтеуі қажет, экологиялық жиындар мен бастамаларға қатысуға, қоршаған орта мен оны қорғау шаралары туралы білуге құқылы.

Сондай-ақ ҚР конституциясы табиғи ортаны қорғау және оны тиімді пайдалану бойынша үкіметтің жоғарғы және жергілікті басқару органдарының басқару және бақылау функцияларын анықтайды.

Табиғатты пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау облысы бойынша ҚР басқа да нормативті актілері мен заңдары және табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау облысында ҚР субъектілері

«Қоршаған ортаны қорғау» туралы заң ҚР заңдылықтарына сәйкес жасалынған. ҚР табиғатты қорғау заңдылықтары міндеттеріне қоғам мен табиғаттың өзара қарым- қатынасын реттеу болып табылады. Оның мақсаты адамдарды қоршаған табиғи ресурстарды қалпында сақтап қалу, шаруашылфықтар мен басқа да өнеркәсіптердің табиғи ортаны зиян тигізбеуін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортанының сапасын арттыру, адамдардың болашақтада заңдылықтарды сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл заң табиғатты пайджаланудың қоршаған ортаны қорғаудың барлық аспектілерін қамтиды және де басқа да қоршаған ортаны қорғау заңдылықтары мен нормалары ҚР конституциясына сай болуы тиіс.

«Экологиялық сараптама» туралы заң экологиялық сараптама облысындағы қатынасты реттейді, яғни шаруашылық немесе басқа өнеркәсіптің қоршаған ортаға келтіретін зиянына сәйкес ескерту бере отырып ҚР азаматтарының табиғи қоршаған ортаға деген конституциялық ережелерді дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді.

«Ерекше күзетілетін табиғи аймақтар туралы» заң ерекше күзетілетін табиғи аймақтарды пайдалану, қорғау және ұйымдасту облысындағы қатынастарды реттейді. Оның мақсаты өте қажетті табиғи аймақтар мен объектілерді, табиғи керемет жерлерді, өсімдеітер мен жануарлар объектілерін қалпында сақтап қалу, биологиялық табиғи процестерді меңгеру, оның жағдайының өзгеруін бақылау, халықты экологиялық тұрғыда тәрбиелеу болып табылады.

«Атмосфералық ауаны қорғау туралы» ҚР заңы атмосфералық ауаны қорғаудың негізгі ережелерін орнатады. Атмосфералық ауа қоршаған табиғи ортаның негізгі ең бағалы элементі болып табылады, сондай-ақ адамдардың, өсімдіктер мен жауарлардың өмір сүруіне берден бір қажетті зат болып табылады. Ауа бассейнін қорғаудың жалпы негізгі шараларына шектік мүмкін консентрация (ШМК) және шектік мүмкін лақтырылыстар (ШМЛ) нормативтерін орнату және де атмосфераға ластаушы заттардың лақтырылысына төленетін төлемдер шамасын бекіту болып табылады.

«Адамдардың радиациялық қауіпсіздігі туралы» заңы адамдардың денсаулығын қорғау мақсатында радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ережелерін орнатады. Осы заң бойынша адамдардың денсаулығынының және де қоршаған ортаның ионды сәулелерді қолданылатын объектілерді пайдалану кезінде зардап шекпеуі жолдарын қарастырады. Радиациялық апаттар болған жағдайда заң азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зияндарды қайтаруға міндеттейді. Заңда сондай-ақ ядерлік және радиациялық қондырғыларға жақын орналасқан қауіпті аймақта орналасқан жағдайда азаматтардың социалды- тұрмыстық жағдайын жақсарту және т.б. шаралардың орындалауын жүктеледі.

«Жер қойнауы туралы» заңында жер қойнауын меңгеру, пайдалану және қорғау кезінде правалық қатынастарды реттейді. Заң алдымен жер қойнауының тиімді пайдаланылуын және оның ластануын қадағалайды.

«Өндірістер және пайдалану қалдықтары туралы» заңында пайдалану және өндіріс қалдықтарымен жұмыстың правалық негіздерін анықтайды. Оның мақсаты осы қалдықтардың қоршаған табиғи орта мен адамдар өміріне, денсаулығына зиянының болғызбауды алдын-ала ескерту, сондай-ақ осындай қалдықтарды қосымша шикізат ретінде шаруашылыққа қолдану жолдарын анықтау болып табылады.

ҚР жер кодексі жер пайдалану кезінде зиынды әсерлерден жерді қорғау және қоршаған табиғи ортаны қорғауды қарастырады. Жерді қорғаудың негізгі функцияларына жердің, топырақтың құнарлығын арттыру және сақтау, ауыл шаруашылық жерлер қорын сақтау жатады. Экологиялық зияндарға жердің ластануы, кебуі және істен шығуы болып табылады. Кодекс бойынша жерді сатып алуға- сатуға және басқа да саттық түрлерін қолдануға мүмкіндік береді.

Осы барлық министрліктер мен басқару органдарының негізгі міндеттеріне табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау; барлық табиғи ресурстардың тиімді пайдалануын бақылап отыру; табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы ұсыныстар айту; табиғи ресурстарды пайдалану туралы ережелер мен стандарттарды бекіту; мемлекеттік Қызыл кітапты жүргізу және табиғи қорғау қорықтарын ұйымдастыру; адамдардың экологиялық білімдерін жетілдіру; барлық ірі құрылыстар мен өнеркәсіптерде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу; экологиялық мониторингтерді және т.б. ұйымдастыру болып табылады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 124 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оршаған ортаны қорғау бойынша өндірілетін шараларды экономикалық ынталандыру.| неркәсіп нысандарын экологиялық төлқұжаттау. Экологиялық аудит. Тұрақты дамыту тұжырымдамасы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)