Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ойшылдар» тобы

Топжарған» тобы

Топ басшысы –Какенова Аружан

Топ мүшелері –Дана, Аяулым, Айдана

Ұраны – Білімдіден сөз тыңдасаң, күш тасыр

Үйренгенді желге ұшырмай, іске асыр.

Алау» тобы

Топ басшысы –Талшын

Топ мүшелері — Жанель, Амангелді 5 а сыныптан бір кыз

Ұраны – Алау болып жанамыз

Жеңісті біз аламыз.

Ойшылдар» тобы

Топ басшысы –Жансая

Топ мүшелері — Адия, Райымбек, Дильназ

Ұраны – Тіл тағдырын сән қылып

Көтереміз мәңгілік

ІІ кезең: «Жүйрік болсаң шауып көр» (топ жетекшілері мақалдың жасырынып қалған сөздерін тауып, оны 3 тілде айту керек)

1) Мектеп кеме, білім ………..(теңіз, море, sea)

 

Қорада малың болсын, көшеде……….болсын (талың, дерево, tree)

 

Адам көркі шүберек, ағаш көркі………….(жапырақ, лист, foliage)

 

Бабалар еккен шынарды,…………. саялар(балалары, дети, children)

 

2) Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш…….. болмас.(орман, лес, forest)

 

Қыз өссе елдің көркі, ………. өссе жердің көркі.(гүл, цветок, flower)

 

Сабыр түбі – сары......... (алтын, золото, golden)

 

Қайтып кірер..... қатты жаппа(есік, дверь, door)

 

Жігіт бір сырлы,...... қырлы болсын(сегіз, восемь, eight)

 

3) Ерлік білекте емес,....... (жүрек, сердце, heart)

 

Тәуекел кемесі...... батпайды (су, вода, water)

 

Оқусыз білім жоқ, білімсіз........ жоқ (күн, солнце, sun)

 

Көз қорқақ,..... батыр(қол, рука, hand)

 

Қыстың қамын,........ ойла(жаз, лето, summer)

 

ІІІ кезең. «Ойлан, тап» (Топтарға жұмбақ жасырылады, жауабын 3 тілде айтулары керек)

 

1) Жазу жазып жалықпаған, жаза –жаза арықтаған(бор, мел, chalk)

2) Алты қырлы, бір сырлы(қарындаш, карандаш, pencil)

3) Ішін желмен толтырдым, қуалап жүріп болдырдым(доп, мяч, ball)

4) Санымыз қанша білмейміз, түнімен көз ілмейміз(жұлдыздар, звезды, stars)

5) Жауын жауса тысқа шығады. Жаумаса оны бұрышқа тығады.(қолшатыр, зонтик, umbrella)

6) Басып озды құсты, Қанатын қақпай ұшты. (ұшақ, самолет, plane)

7) Қанша болсын бойымыз, жазып қойдық жасырмай, бойымызға оны біз. (сызғыш, линейка, ruler)

8)Аппақ құмдай болар ма? Мұндай тәтті болар ма? (қант, сахар, sugar)

9) Сыртта қапырық болып тұр, үйде ол селкілдеп тонып тұр. (Тоңазытқыш, холодильник, fridge)

 

ІV кезең. «Қызықты қазақ тілі»( әр түрлі тақырыпта сұрақтар қойылады)

 

1) Әліппеде жоқ, қаламда бар; Әріптерде жоқ, ғаламда бар(А)

2) Тағада бар, тұяқта жоқ; Жағада бар, құлақта жоқ(Ғ)

3) Ахметте бар, Айшада жоқ; Шахматта бар, Ғайшада жоқ(Х)

4) Қоюда бар, сұйықта жоқ; Тоюда бар, тұйықта жоқ(Ю)

5) Допты алып қолға, дәл түсірген торға(баскетболшы)

6) Екі мықты «мен» дескен, бір-бірімен белдескен(палуан)

7) Ала таяқ қолында, Ағайлар тұр жолыңда(автоинспектор)

8) Ойынды бұзсаң, күш қылып, тоқтатады ысқырып(төреші)

9) Әлем-жәлем киінген, көрерменді күлдірген(клоун)

10) Асығыспын қаншалық, күтіп отыр, жол бер деп, келе жатыр жар салып(жедел-жәрдем)

11) Бірінші түбір сөз- Адам- ыммен айтар керегін.

Екінші түбір сөз- бір мүшесі дененің,

Екеуін қосып оқысаң-орманнан оны тересің(саңырау+құлақ)

12) Бірінші түбір сөз- аузыңа алмас зат мұны.

Екінші түбір сөз- үлкен өзеннің бірі,

Екеуін қосып оқысаң-спорттың бір түрі(у+шу)

 

13) Бірінші түбір сөз- сан.

Екінші түбір сөз- ас үйдің заты,

Екеуін қосып оқысаң-құстың аты(бір+қазан)

 

14) Бірінші түбір сөз- бояу жағатын.

Екінші түбір сөз- сүттен жасайтын тағамың,

Екеуін қосып оқысаң- улы жәндік шағатын(қара-құрт)

 

15) Жыланды іннен қалай шығарамыз?

16) Қар қай кезде жанады?

 

 

V кезең: «Ой толғау»(оқушылар тіл туралы өз ойларын қорытып, шағын мәтін құрастырады)

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы,

Құтты болсын мереке шашулары.

Бар өнер,ән биіміз сіздер үшін,

Сіздер үшін әншінің асыл әні,- дей отыра, әділқазылар алқасы шешімін шығарғанша, әсем әнін қабыл алыңыздар!

 

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталды

Сөз кезегі қазылар алқасында.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік(жеңімпаздарды марапаттау)

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?

Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!-дей келе, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

 

 

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша Назираның орындауында."Аққу"биі.
Сайыс соңында әділқазылар өз шешімін айтып, оқушыларды марапаттайды.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 808 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Інші галузі тваринництва| Утворення держави з центром у Києві

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)