Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi

Бап. Сотты құрметтемеу | Бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту | Бап. Айғақтарды және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалау | Бап. Көрiнеу жалған жауаптар беру, сарапшының, маманның жалған қорытындылары немесе қате аудару | Бап. Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету | Бап. Хатталған немесе иелiк етуге тыйым салынған не тәркiлеуге жататын мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер | Бап. Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау | Бап. Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамау | Бап. Қылмысты жасыру | Бап. Қылмыс туралы хабарламау |


Читайте также:
  1. Азақтар «Шаңды жорыққа» қатысты: 1771 ж.
  2. Бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы
  3. Бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану негiздерi
  4. Бап. Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері
  5. Бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргiзуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi
  6. Бап. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және оларды қолдану мерзімдері

1. Бастықтың әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде немесе осы мiндеттердi атқаруына байланысты оған қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл зиян келтiру немесе өзге күш қолдану -
екi жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге, не үш айға дейінгі мерзімге абақтыда ұстауға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл осы әрекеттер:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) қару қолданып жасаса;
в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе өзге ауыр зардаптар келтiрсе -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұрыс жағдайында жасалған әрекеттер -
бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер -
он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 369-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 175-IV, 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Бап. Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу

1. Бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл зиян келтiру немесе өзге күш қолдану, не ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн кемсiту немесе жәбiрленушiнi масқаралауға байланысты бұзу -
екі жылға дейiнгi мерзiмге әскери қызметi бойынша шектеуге не үш айға дейiнгi мерзiмге абақтыда ұстауға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) екi немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;
в) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
г) қару қолданып жасаса;
д) денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 370-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2009.07.10 N 177-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 127 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау| Бап. Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)