Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету

Бап. Қинау | Бап. Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу | Бап. Сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергi жасау | Бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу | Бап. Экоцид | Бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру | Бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау | Бап. Қарулы бүлiк | Бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз алу, жария ету, тарату | Бап. Мемлекеттiк құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту |


Читайте также:
  1. A) Материалдық немесе процессуалдық құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы
  2. B) талаптың мәнін немесе негізін өзгерту
  3. B) шешім шығарған соң мәлім болған, сотпен зерттелген актілерді мақұлдайтын немесе жоққа шығаратын дәлелдемелер
  4. D) басқа қаланың немесе ауданның сотына белгілі іс жүргізу әрекеттерін жасау туралы тапсыру
  5. E) талапкер немесе уәкілеттігі берілген оның өкілі
  6. Бап. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру
  7. Бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау

1. Иеленiп алу немесе ысырап ету, яғни кiнәлi адамға сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ұрлау -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) қызмет бабын пайдаланып жасалған нақ сол әрекеттер -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды:
а) алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
б) iрi мөлшерде жасаған болса –
в) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
г) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса -
мүлкi тәркiленiп және үш жылға дейiнгi, ал г) тармағында көзделген жағдайларда - жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкi тәркiленiп және белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айырып, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 176-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2003.09.25 N 484, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

177-бап. Алаяқтық

1. Алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алу -
екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Мынадай:
а) алынып тасталды - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
б) iрi мөлшерде жасалған алаяқтық –
в) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
г) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам жасаған алаяқтық, егер ол өз қызмет бабын пайдаланумен ұштасса, -
мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды ұйымдасқан топ жасаса;
б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 177-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 218 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару| Бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)