Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi

Бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар | Бап. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау | Бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу | Бап. Шартты түрде соттау | Бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе сынақ мерзiмiн ұзарту | Бап. Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату | Бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату | Бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату | Бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру | Бап. Айыптау үкiмiнiң ескiру мерзiмi өтуiне байланысты жазаны өтеуден босату |


Читайте также:
  1. Бап. Қылмысқа қатысушылардың түрлерi
  2. Бап. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту
  3. Бап. Кәмелетке толмағандарды саудаға салу

1. Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлерi:
а) айыппұл;
б) белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
г-1) бас бостандығын шектеу;
д) (алынып тасталды)
е) бас бостандығынан айыру болып табылады.
2. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде тағайындалады.
3. Кәмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.
4. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрiн орындауының ұзақтығы күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.
5. Түзеу жұмыстары сот үкiм шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған адамдарға бiр жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.
5-1. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады.
6. (алынып тасталды)
7. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайларда кiсi өлтiргенi үшiн немесе қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстардың бiреуi ауырлататын мән-жайларда кiсi өлтiргенi үшiн - он екi жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасаған немесе орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
8. Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:
а) бас бостандығынан айыруға бiрiншi рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар - жалпы режимдегi тәрбиелеу колонияларында;
б) бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар - күшейтiлген режимдегi тәрбиелеу колонияларында өтейдi.
9. Қоғамдық қауiптiлiк сипатына және дәрежесiне, кiнәлi адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылданған шешiмнiң себебiн көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегi тәрбиелеу колониясында өтеуiн тағайындауы мүмкiн.
10. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмай сотталған адаммен қарым-қатынас кезiнде оның жеке басының белгiлi бiр ерекшелiктерiн ескеру туралы нұсқау беруi мүмкiн.
Ескерту. 79-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 320 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату| Бап. Тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларының мазмұны және оларды қолдану мерзімдері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)