Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Шартты түрде соттау

Бап. Айыппұл | Бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру | Бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту | Бап. Бас бостандығын шектеу | Бап. Бас бостандығынан айыру | Бап. Өлiм жазасы | Бап. Мүлiктi тәркiлеу | Бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар | Бап. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар | Бап. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау |


Читайте также:
  1. Бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату
  2. Бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе сынақ мерзiмiн ұзарту
  3. Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс.

1. Егер түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда сот сотталған адамның жазаны өтемей түзелуi мүмкiн деген қорытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады.
2. Шартты түрде соттау қолданылған жағдайда сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн, айыптының жеке басын, соның iшiнде жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайларды ескередi.
3. Шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот сотталған адам мiнез-құлқымен өзiнiң түзелгенiн дәлелдеуге тиiс сынақ мерзiмiн белгiлейдi. Сынақ мерзiмi бiр жылдан үш жылға дейiнгi, ал кәмелетке толмағандарға алты айдан бір жылға дейінгі ұзақтықта тағайындалады.
Шартты түрде сотталғандағы сынақ мерзімі кезеңінде ауыр емес немесе орташа ауыр қылмысты қайталап жасаған кезде де кәмелетке толмағандарға шартты түрде соттау қолданылуы мүмкін.
4. Шартты түрде соттау кезiнде шектеулердің және жазаның мүлiктi тәркiлеуден басқа қосымша түрлерi қолданылуы мүмкiн.
4-1. Шартты түрде соттау кезінде кәмелетке толмаған балаға осы Кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін.
5. Күші жойылды - ҚР 2002.12.21 N 363 Заңымен.
5-1. Сот шартты түрде соттауды тағайындағанда пробациялық бақылауды белгілейді және сотталған адамға белгілі бір міндеттерді орындауды: шартты түрде сотталған адамның жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған мемлекеттік органға хабарламай тұрақты тұрғылықты жерін, жұмыс, оқу орнын өзгертпеуді, белгілі бір орындарға бармауды, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, венерологиялық аурудан немесе АИТВ/ЖИТС-тен емделу курсынан өтуді, отбасына материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктейді. Сот шартты түрде сотталған адамға оның түзелуіне ықпал ететін өзге де міндеттерді жүктей алады.
6. Шартты түрде сотталған адамның мiнез-құлқын бақылауды оған уәкiлдiк берiлген мамандандырылған мемлекеттiк орган, ал әскери қызметшiлер жөнiнде әскери бөлiмдер мен мекемелердiң командованиесi жүзеге асырады.
7. Күші жойылды - ҚР 2002.12.21 N 363 Заңымен.
8. Қылмыстардың қауiптi немесе аса қауiптi түрде қайталануы кезінде не адамды ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында жасалған қылмыс үшін соттаған кезде адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.
Ескерту. 63-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2007.01.08 N 210, 2009.07.10 N 177-IV, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 382 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Жаза мерзiмдерiн есептеу және жазаны есепке алу| Бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе сынақ мерзiмiн ұзарту

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)