Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Бас бостандығын шектеу

Бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы | Бап. Қылмыстардың жиынтығы | Бап. Қылмыстың қайталануы | Бап. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы | Бап. Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы | Бап. Қылмысқа қатысушылардың түрлерi | Бап. Қылмысқа қатысу нысандары | Бап. Қажеттi қорғану | Бап. Айыппұл | Бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру |


Читайте также:
  1. Бап. Қолжетімділігі шектеулі электрондық ақпараттық ресурстарды құқыққа сыйымсыз тарату
  2. Бап. Бас бостандығынан айыру
  3. Бап. Шектеу шарттары

1. Бас бостандығын шектеу соттың сотталған адамға оның бас бостандығын шектейтiн белгiлi бiр мiндеттер жүктеуiнен тұрады және қоғамнан оқшауламай бiр жылдан жеті жылға дейiнгі мерзiмге мамандандырылған органның қадағалауымен оның тұрғылықты жерi бойынша өтеледi. Өзге жаза (қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту) бас бостандығын шектеуге ауыстырылған жағдайда, ол бiр жылға жетпейтiн мерзiмге тағайындалуы мүмкiн.
Сот бас бостандығын шектеу түрiнде жаза тағайындай отырып, сотталған адамға: мамандандырылған органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс iстейтiн және оқитын жерiн өзгертпеу, мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгiлi бiр жерлерге бармау, оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерiнен кетпеу, басқа да жерлерге бармау мiндеттерiн орындауды жүктейдi. Сот, бас бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуiне ықпал ететiн басқа да мiндеттердi орындауды: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтудi, отбасын материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады.
2. Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудiң өтелмеген мерзiмiн нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен ауыстыра алады. Бұл ретте бас бостандығын шектеудi өтеу уақыты бас бостандығын шектеудiң бiр күнi үшiн бас бостандығынан айырудың бiр күнi есебiнен бас бостандығынан айыру мерзiмiне есептеледi.
3. Бас бостандығын шектеу ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталғандығы бар адамдарға, әскери қызметшiлерге, сондай-ақ тұрақты тұратын жерi жоқ адамдарға қолданылмайды.
4. Бас бостандығын шектеу түрiндегi жазаны өтеу кезеңiнде сот сотталған адамның мiнез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сотталған адамға бұрын белгiленген мiндеттердiң күшiн толық немесе iшiнара жоя алады.
Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.12.21. N 363 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 122 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту| Бап. Бас бостандығынан айыру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)