Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жұмысшылардың жалақы қорын есептеу

Білік тіреуін берілуі | Көлденең күштің тапсырмасы | Білік материалдардың параметрлерінің берілуі | Есептеу нәтижелерін қарастырылуы | Цилиндрлі секциясын құру | Көлденен күштердің берілуі | Білік материалдың параметрлерінің берілуі | Ндірістік үй мен құрылыстар | Зіндік құнды есептеу | Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері |


Читайте также:
  1. Автоматты басқару жүйесін ендірудің экономикалық тиімділігін есептеу
  2. Айналым қаражатты есептеу
  3. Арматура қосылыстарындағы фланецтерге түсетін күштерді есептеу
  4. Есептеу нәтижелерін қарастырылуы
  5. Есептеулер
  6. Жұмысшы және тіреу біліктерді есептеу әдістемесі
  7. Жұмысшы және тіреу біліктерін есептеу

 

Кәсіпорында орындалатын жұмыстардың күрделілігіне сәйкес түрлі разрядқа жататындығынан жұмысшылар негізінде алты разрядқа бөлінеді.Жалақыны есептеу үшін жұмысшылардың разрядын есептеп шығару керек.Мысалы,кәсіпорында негізгі жұмысшылардың орта разряды - төртінші разряд,көмекші жұмысшылардың разряды - екінші разряд болсын.

Разряд коэффициенттері:

Төртінші разрядтікі - 2,06;

Екінші разрядтікі - 1,47.

Әр уақытта халықшаруашылығы бойынша минималдық еңбек ақының мөлшері туралы статистикалық мәлімет бойынша ай сайындық минималдық сағаттық еңбек ақының мөлшері мына формула бойынша есептеліп отырады:

 

Асма мин/Жқ·Кс, (5.2)

 

мұндағы Асм - минималдық сағаттық еңбек ақының мөлшері,тенгемен;

Еа – елдегі минималдық еңбек ақы,тенгемен;

Жқ – бір айдағы жұмыс күндерінің саны;

Кс – бір жұмыс күніндегі сағаттардың саны.

Мысалы,елдегі минималдық еңбек ақы 9750 теңге болса,айдың ішіндегі жұмыс күні – 22,жұмыс күніндегі сағаттың саны 8,онда минималдық сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері:

 

Асм=9750/22·8=55,4 теңге,

 

Төртінші разряд бойынша сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері:

 

Еа=55,4·2,06=114,124 теңге,

 

Екінші разряд бойынша сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері:

 

Еа=55,4·1,47=81,438 теңге,

 

Негізгі жұмысшылардың еңбек ақылары-жалақылардың кесімді нысаны бойынша есептеледі,былайша айтқанда,өндірілген өнімнің көлемі бойынша.Есептеу формуласы:

 

Етк=Q·Тт·Ст, (5.3)

 

мұндағы Q – өнімнің бағдарламасы,данамен (40000);

Тт– технологиялық процестің ұзақтылығы,сағатпен (6,4);

Ст– разряд бойынша сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері,теңгемен (114,124).

Онда:

 

Етк=40000·6,4·114,124=29215744 тг.

 

Кәсіпорында жұмысшыларға тарифтік еңбек ақымен қатар бірнеше түрлі төлемдер жасалады,сол төлемдердің мөлшері тарифтік еңбек ақыдан орта есеппен негізгі жұмысшыларға 6-7 пайыз шамасында болсын,сонымен қатар сыйлықтың шамасы 30 пайыз болсын.Жұмысшыларға демалысқа шыққанда қосымша еңбек ақы төленеді,оның мөлшері жылдық жалақысынан 9 пайыз болсын.Сонда негізгі жұмысшылардың айлық еңбек ақылары:

 

Жнжтк+0,07Етк+0,30Етк+0,09Етк=1,46Етк, (5.4)

 

Жнж=1,46·29215744=42654986,24тг.

 

Көмекші жұмысшылардың еңбек ақылары– жалақылардың мерзімді нысаны бойынша есептеледі,былайша айтқанда,неше сағат жұмыс атқарғанына сәйкес төленеді:

 

Етмк·Уқ·Ст, (5.5)

 

мұндағы Жк – көмекші жұмысшылардың саны,(1);

Уқ– уақыттың жылдық нақты қоры,сағатпен (2030);

Ст– разряд бойынша сағаттық тарифтік еңбек ақының мөлшері,теңгемен (81,438).

 

Етм=·81,438·2030=165319,14тг.

 

Көмекші жұмысшыларға тарифтік еңбек ақыларына қосымша түрлі төлемдер жасалады.Үстеме төлемдердің мөлшері жылдық тарифтік еңбек ақыларынан 4-5 пайыз шамасында,сыйлық -25 пайыз мөлшерінде болады.Демалысқа шыққан кезде қосымша еңбек ақы төленеді,оның мөлшеріжылдық тарифтік еңбек ақыдан 9 пайыз шамасында.Сонда көмекші жұмысшылардың айлық еңбек ақылары мына формула бойынша есептеледі:

 

Еажтм+0,05Етм+0,25Етм+0,09Етм=1,39Етм, (5.5)

 

Еаж=1,39·165319,14=229793,6 тг

 

Еаж=229793,6/12=19149,5 тг

 

Қызметкерлердің еңбек ақылары - олардың жалақылары орындап отырған жұмыстарының күрделілігіне қарай төленеді,былайша айтқанда берілген категорияларымен байланысты болады.Мысалы,кәсіпорында техника инженерлері мамандықтарына қарай орта есеппен бірінші категорияға жататын болсын,инженер–экономистер және есеп шот қызметкерлері – екінші категорияға жатсын,сонда:

- техника инженерлердің тариф бойынша жылдық еңбек ақылары мына формуламен есептеледі:

 

Еитжитж·U, (5.6)

 

мұндағы Ти – техника инженерлерінің саны (1);

U – орта разряд бойынша орта айлық тарифтік еңбек ақыларының мөлшері;

Сонда:

 

U=9750·3,53=34417,5

 

Еитж=1·34417,5=34417,5тг.

 

Техника инженерлерінің 1 жылдық еңбек ақылары:

 

Еитж=34417,5·12=413010 тг

 

Қызметкерлердің басқа топтарының жалақылары да осы әдіспен есептеледі,есептеуде ең бірінші мәселе – қызметкерлердің әр тобының орта категорияларын анықтап,осы категорияның сағаттық тарифтік еңбек ақыларын мәліметтер бойынша есептеп шығару керек.

Кәсіпорындарда мамандарға да сыйлық төленеді,ол сыйлықтардың мөлшері алып отырған еңбек ақыларынан 30-40 пайыз мөлшерінде болады,сонда:

- техника инженерлерінің жылдық еңбек ақылары мына мөлшерде болады:

 

Wитжитж(1+40%/100)=1,40Еитж, (5.7)

 

Wитж=1,4·413010=578214тг.

 

- кіші қызметкерлер – вахтерлер,тазалаушылар т.б.,олардың разрядтары бірінші разрядқа жатады,сондықтан тарифтік коэффициенттері 1,18.Бірінші разрядтың сағаттық тарифтік еңбек ақысының мөлшері:

 

Стсм·1,18, (5.8)

 

мұндағы Асм – елдегі сағаттық минималдық еңбек ақы (55,4 теңге).

 

Ст=55,4·1,18=65,372

 

іші қызметкерлердің жылдық жалақыларының мөлшері мына формуламен есептеледі:

 

Wкккс·Ае·12, (5.9)

 

мұндағы Ккс – кіші қызметкерлердің саны (1);

Ае– орта айлық еңбек ақылары (9750·1,18);

12–жылдағы айлардың саны.

 

Wкк=1·9750·1,18·12=138060 тг.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 1749 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Айналым қаражатты есептеу| Жабдықтарды күту мен пайдаланудағы шығындарды есептеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)