Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

И.Фихте мен Ф.Шеллинг философиясы.

Сущность принципа | Обоснование 1 страница | Обоснование 2 страница | Обоснование 3 страница | Обоснование 4 страница |


Читайте также:
  1. Синергетика философиясы.

Біреуі субективті, біреуі объективті идеолисть, Біреуі дүниенің негізі мен дейді, екіншісі обсалюттік идея дейді. Екуінің іліміне сүйеніп яғни Канттка сүйеніп Гегель өзінің философиясын дамытты және үш заңын ашты

Йоһанн Готтлиб Фихте (1762 жылғы мамырдың 19-ы — 1814 жылғы қаңтардың 27-сі) — неміс пәлсапашысы. Ол Иммануел Канттың теориялық және этикалық еңбектерінен бастау алған неміс идеализмі атты пәлсапалық ағымның бастаушыларының бірі болған. Фихтенің пәлсапалық ойлары көбінесе Кант пен Һегелдің пәлсапаларын өзара қосып тұратын көпірмен салыстырылады. Кейінгі кездері Фихте өзіндік сана мен өзіндік сезім туралы тың ойлар айтқан пәлсапашы ретінде өзінің қосқан үлесіүшін де бағалана бастады. Өзінен бұрынғы Декарт пен Кант сияқты, Фихте де субъективтілік пен сана сияқты мәселеге көп көңіл бөлді. Фихте саяси пәлсапа (саясаттану) тақырыбына да бағыштап еңбектер жазды; кейбіреулер оны неміс ұлтшылдығының әкесі деп қарастырады.

Фихте Рамменау қаласында туған. 1780 жылы ол Йена семинариясында оқуынбастады. 1784 жылы оқуын дәреже алмастан аяқтады. Фихте жеке мұғалім ретінде Цүрихте жұмыс істеп, 1790 жылы атақты ақын Клопштоктың немере қызы Йоһанна Ранмен атасты. 1790 жылы Фихте Канттың еңбектерін зерттей бастады, бұл зерттеу оның өмірі мен ізденулерінің жалпы бағытына зор әсер етті. Көнигсбергте Кантпен кездескен соң көп ұзамай Фихте өзінің ең алғашқы «Бар аянның сынына деген талпыныс» деген еңбегін жариялады. Онда ол құдайлық аян мен Канттың сыни пәлсапасының арасындағы байланыстарды табуға тырысады. Бұл кітаптың алғашқы басылымы жарыққа шыққанда, бұл туралы Канттың да, Фихтенің де де еш хабары жоқ еді. Ол кітаптың авторының да кім екені айтылмады. Сондықтан оқырмандар оны Канттың бір жаңа еңбегі екен деп шешті.[2] Барлығы, тіпті әдеби сыншылар да бұл кітаптың авторы Кант болар деп шешті. Канттың өзі мәселенің анық-қанығын айтып, кітапты және оның авторын мақтаған мақала шығарғаннан кейін Фихтенің атағы кең жайылып кетті: «... өте таңғалдырарлық жаңалық... бұл кітапты Канттың өзінен басқа ешкім жаза алмас еді... пәлсапаның аспанында үшін Фихтенің зердеге айрыөша назар аударған философиясы неміс жерінде үлкен қолдау тапты. Оныі таным туралы, субъектінің қызметі туралы концепциясы көптеген философтарды ойландырды. Солардың ішінде классикалық неміс философиясының ірі өкілі Ф.И. Шеллингтің (1775-1854) еңбегі ерекше бағалы.
Бірақ Шеллинг Фихтенің шәкірті болғанымен, көп кешікпей ұстазының көзқарасынан бас тартты. Өйткені тым субъективтік негізде құрылған Фихтенің философиясы практикалық өмірде, әсіресе, ғылым саласында өзінің дәрменсіздігін байқатып қалды. Екіншіден, XVIII ғасырдың аяғында жаратылыстану ғылымдарның ерекше алға озып кетуі сол кездегі философтарға, әсіресе, жас Шеллингке қатты әсер етті. Ол физика, химия, биология, тағы басқа да жаратылыстану салаларымен айналыса жүріп, табиғаттың ішкі заңдылықтарын ашуға барынша назар аударды. Мұның өзі оның философиясын объективтік бағытқа қарай бұрды. Сөйтіп, классикалық неміс философиясында табиғат туралы философиялық ілім болған натурфилософия ағым ретінде дүниеге келді.
Шеллинг жаратылыстану саласын философиямен тығыз байланыстыра қарай отырып, табиғатты субстанция ретінде айқындауға тырысты. Бірақ, оның табиғатты субстанция деген көзқарасы өзіне дейінгі ұлы ойшыл Спинозаның көзқарасынан өзгешелеу еді.Мұндағы өзгешелік әрбір дәуірдің тарихи экономикалық, саяси жағдайына байланысты. Егер Спиноза табиғатты субстанция деп қарай отырып, өз заманындағы тарихи, тар өрісті пантейстік идеядан шығып кете алмаған болса, Шеллинг табиғатты зерттеуде Кант тудырған класикалық неміс филасофиясының негізгі принціптеріне, яғни субъектінің рөлі деген принципке сүйенеді. Сондықтан Шеллинг қарастырған және жан жақты талдаған табиғат сонау Спиноза зерттеген субстанцияның мәнініен өзгеше еді. Өйткені Спинозаның кезінде өріс алған механикалық, метафизикелық ілім ұлы философқа табиғаттың мәнін жан жақты ашуға мүмкіндік туғызбады. Ал Шеллинг болса, 17-18ғасырларда ғылымда өріс алған механикалық көзқарастан бас тартып, классикалық неміс философиясындағы жаңа қалыптасып келе жатқан диалектиканың негізіне сүйенеді. ші жарқын тұлға пайда болды...

135. Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикмет» поэмасы.

Ол 62 жасқа келгенде мен пайғамбар жасына келдім, енді одан ары өмір сүруге менің қақым жоқ деді, бірақ өзімді өзім өлтіре алмаймын, ол ислам дініне қарсы деп, жер астынан маган уй жасап беріңдер мен қалған өміріді жер астында өткізем деді. Ол жердің астына барып май шам жағып қойып өзінің « Диуани Хикмет» поэмасын жазды. Ол ең соңында айтады, мен жер бетінде неше өмір сүрдім, жер астында да сонша өмір сүрдім деген, бірақ негізінде жер астында бір жыл өмір сүріп, 63 жасында қатыс болған.

Қожа Ахмет Йассауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы. ожа Ахмет Йассауи – түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Йассауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.Қожа Ахмет Йассауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады.

Диуани Хикмет»

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.

Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына 14 ғ. аяғында атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана орнаттырады.Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Йассауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Йассауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Йассауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам “жаратылған – мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір – жол” болу екендігін ұғынады.

136. Ғылыми ілімнің көптүрлі тұрпаттары.Ғылымдағы теориялық және эмприкалық фундаменталдык және қолданбалылық.

137. Махмуд Қашқари «Диуани Лұғат ат- Түрк».

Бұл энцоклапедя, негізінде тіл, түркі тілінің түсіндірмесі, 1030-1126.96 жылдың жартысын қазақ жерін аралаумен өткізген. Самарқанға, бұқараға. 60 жыл бағдатта тұрып сол еңбегін жазады, түркі тілінің ішіндегі ең жақсы тіл көшпелілер тілі, өздері батыр халық, сол тілде жаздым деген.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 1550 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Обоснование 5 страница| Синергетика философиясы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)