Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 125 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 114 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 115 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 116 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 117 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 118 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 119 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 120 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 121 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 122 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 123 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 124

 

Стр. 126

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Тегі, біз көпірді бұзу әрекетін жасап жатпағанымызды аңдаған соң, маршал шоферіне иек

қақты да, машина ілгері жүріп кетті.

Сонау бір жылдары, сонау Батай қаласынан шығып қылышын жарқылдата шапқан бойы

құрметті қолбасы осы Ростовтан немістерді құйындай қуып шығарған екен. Қазір сол

Ростовтан сол Батайға қарай өтіп барады. Кез қарасындағы болмашы бір жабырқау реңіне

қарағанда, әлде өз ойына да сол түсіп кетті ме екен деген ой келеді. Ардақты қолбасым,

Ростов қаласына қайта оралғанда тағы да баяғыдай, қанатыңнан жеңіс желі есіп, қырандай

шүйілуіңді тілеймін!

Мен қайтадан темекі орай бастадым. Қасыма Зонин келді. Жүзінде ерекше бір жылылық

бар. Ол бәрімізді де жақсы көреді. Сөзге сараң Семен жақсы мінездерге бай, керекті жерде

жолдас достығын жұрттың бәрінен бұрын көрсетуге тырысады. Нина әңгімесінен кейін

оны өзіміз де ерекше жақсы көріп кеттік. Семен өзі айтқан әңгімесінің бас кейіпкеріндей

болып, сол қуыршақтай Нинасымен бір бейне сияқтанып та кететін болды. Мен оған

темекі ұсындым. Семен темекі орап жатқанда манағы газеттен қырқып алған қиық тағы да

түсіп кетті.

Әлі сақтап жүр екенсіз...— деді Семен түсіп кеткен қағазды еңкейіп ала беріп.

Менің болмашы бір жасырынымды жолдастарым аңдамаған шығар деуші ем. Әсіресе,

сұңғылалықпен жұмысы жоқ Семен аңдамаса керек еді. Бірақ үлкен Семен онымды аңдап

қойған екен.

Осы күні менің ойымда да ылғи Сталинград жүреді. Не халде екен?— деп күрсініп

қойып,— Сталинград танкылері келсе керек еді, әлі көре алмай жүрмін,— деді.

Келеді әлі! Қазіргі үлкен қауіп Москва жайы ғой. Сонда жіберіліп жатқан шығар,—

дедім мен.

Әрине, түсінем ғой. Бізге қай жерде жасалған танкіні жіберсе де бәрі бір ғой. Тек

танкы болсын. Бірақ әлде не үшін Сталинград танкыларын көргім келеді, — деп жымиды

да,— туысқаным келердей күтемін,— деп аяқтады.

Семенның ойына мен де түсіне қалдым. Сталинград танкысын көрсе, ол өзінің қаласын

көргендей болар еді. Туып ескен қаланың таныс заводтары мең таныс үйлері, таныс

адамдары көз алдына келер еді. Мүмкін, соның арасында Нинасы да көрініп кетер еді...

Туған жер, өскен ел, жақын жандарыңды сағынғанда, әр кезде жақсы жағдайда көргің

келеді. Семен де Сталинград қаласын лек-легімен танкы шығарып жатқан жағдайда

сағынады.

Алдыңғы күні барлаудан қайтып келіп, Семен маған былай деді:

Санитар машинасымен кетіп бара жатқанда бір қазақ қызын көрдім. Құдай біледі,

сол сенің Ақботаң,— деді.— Мұндай ұқсамас! — деп, қызып бастады да, артығырақ кетіп

бара жатқанын өзі де аңдап қалып, тоқтай қойды.

Семен қанша ажарлап айтқанмен көрген қызының сырт пішіндерінің бірі де Ақботаға

ұқсамайды. Менің көңілімді аулағысы келіп, Семен өзі сүйетін көркем пішіннің апарып

сол қызға жапсырып жатыр. Мөлдір қара әдемі қыр мұрын, маржандай тізілген ақ тістер...

тұрған балғын жас... қалтаңа сала қойғандай кішкене дене...

Семеннің айтқан қызы Ақботаға ұқсамай тұрса да — майданда кездесіп қалуымыз мүмкін

ғой деген ой келеді. Неге мүмкін емес!.. Соғыстың тоқсан торап жолдарының бірімен бір


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 42 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 124 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 126 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)