Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Іскерлік мансап түрлері

Басшылық: билiк пен жеке ықпал | Кадрлардың қызметі және оның қызмет етуіне қойылатын талаптар | Емтихан билеті | Басқару қызметiнiң этикасы мен мәдениетi. | Йымда персоналмен жұмыс істеуді жоспарлау | Адам қызметiн басқару және топты басқару | Кәсіпорынның кадрлық саясаты | Персоналды басқару жүйесінің құрылымы | Йымда кадрларды іріктеу процесі және оның сипаттамасы | Іріктеудің тәсілдері мен әдістері |


Читайте также:
  1. АХЕ-10 жүйесінің басқару қондырғысы. Процессорлар түрлері.
  2. Бап. Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері
  3. Болат құбырларының негізгі түрлерінің жіктелуі.
  4. Демалыс уақытының ұғымы және түрлері
  5. Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру.
  6. Жұмыс уақытының ұғымы және оның түрлері

Мансап - бұл адамның өз еңбегі жайлы субъективті түрде ұғыну бейнесі, өзін-өзі көрсетудің үміт жолдары және өз іс-әрекетіне канағаттангандық білдіру әсерлері. Бұл қызметтік сатыда үдемелі жоғарылауы, дағдылардың, қабілеттіліктердің, біліктілік мүмкіңдіктердің және адамның іс-әрекетіне байланысты сый-сыяпаттар көлемінің өзгеруі. Адамның өмірі жұмыстан тыс кезде де мансапқа айтар-лықтай әсері болады, сөйтіп ол мансаптың бір бөлігі болады. Бұл бір кездегі таңдап алынған іс-әрекет ету жолының алға қарай дамуы. Басқаша айтқанда, мансап - бұл адамның бүкіл өмір бойы жұмыс істеу кезіндегі еңбек тәжірибесі мен іс-әрекетіне байланысты өзі ұғынған көзқарасы және мінез-құлқы.

«Мансапты жасау» - демек, қоғамда жаңа беделді деңгей мен үлкен мүмкіндіктерге жету, жоғары мәртебе, абырой, билік, көп көлемдегі ақшаға ие болу деген сөз. Бұл жердегі абырой - кең қоғам ішінде кең тараған көзқарас.

Еңбек нарығы жағдайында мансап жасай отырып, біздің әрқайсымыз өзіндік жұмыс күшімізді құраушы да, сатушы да боламыз. Нарықтың конъюнктурасы мен оның заңдылықтарын біле отырып табысқа жетуге болады.

Әрбір адам өз өмірінде лайықты мансапты таңдау мәселесіне көп көңіл бөледі. Сонымен қатар әр адам өмірде белгілі бір табыстарға жеткісі келеді:

- қандай да бір шыңдарды алу;

- ең жақсы нәтижелерге жету;

- қандай да бір салада жетістіктер мен кәсіпқойлыққа ұмтылу;

- орындалған жұмыстан қанағаттанган сезім алуға ұмтылу.

Менеджерлерді шартты түрде үш категорияға бөледі:

- төменгі, машықтанушы деңгей;

- орта шеп;

- жоғары буын.

«Менеджер» деген түсініктің өзінде мансаптың үш кезеңі жатыр. Егер орта шенге жұмыстың басынан бастағандардың көбісі ие болатын болса, онда менеджменттің шыңына тек бірен-саран жақсының жақсысы ғана жете алады.

Әлемдік менеджмент тарихында табысты мансаптың ең ашық мысалы: Ли Якоккидің «Форд моторс» компаниясының инженер-стажерынан оның президенті қызметіне дейін жеткен жолы куә бола алады. Қазір ол әлемдегі ең ірі «Крайслер» автогигантының жетекшісі.


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 1903 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Персоналды басқарудың мақсаттары мен әдістері| Персоналды дамытудың әдістері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)