Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экстрасистолия

Экстрасистолия (ЭС) – жүрекшелерден, АВ-бірікпелерден немесе қарыншалардан шығатын кезектен тыс импульстермен шақырылған жүректің толығымен немесе оның бөліктерінің уақытынан бұрын қозуы.

 

Механизмі:

1) миокард аймағына қозушы қайталамалы (re-entry) толқындардың енуі немесе бір бағытта өтетін тосқауылдармен дамитын және біркелкі емес жылдамдықпен сипатталатын жүректен өтетін импульстердің өтуі;

2) АВ-бірікпелердің немесе қарыншалардың, жүрекшелердің жеке бөліктеріндегі клеткалық мембрананың осцилляторлы белсенділігінің жоғарлауы. ЭС морфологиялық субстраты (ырғақтың кейбір басқа бұзылыстары) әртүрлі генездегі жүрек бұлшықеттерінің электрлік гомогенді еместігі болып табылады.

 

Себептері:

Функциональды сипаттағы (дисреттегіштік) ЭС – эмоциональды жүктемедегі вегетативті реакция нәтижесі, шылым шегі, зиянды заттарды, соның ішінде кофені, алкогольді пайдаланатындар және т. б. вегетоқантамырлық дистониясы бар науқастар немесе кейбір дені сау адамдарда кездеседі.

Органикалық типтегі ЭС – некрозды ошақ түріндегіжүрекбұлшықеттеріндегі өзгерістер, дистрофиялар, кардиосклероздар немесе метаболикалық бұзылыстар (ЖИА, жіті МИ, гипертониялық жүрек, миокардиттер, миокардиодистрофиялар, кардиомиопатиялар, қанайналымның тоқыраулық жетіспеушілігі, дигиталисті дұрыс мөлшерлемеу және т. б.).

 

ЭС жалпы ЭКГ- көріністері:

Қысу аралығы (интервалы) – алдыңғы ЭС мен негізгі ырғақтан ЭС дейінгі аралықтағы кезекті P – QRST циклы (57-сурет).

Компенсаторлы үзіліс ЭС бастап одан кейінгі кезеңдегі негізгі P-QRST дейінгі аралық. Толық емес компенсаторлы үзіліс – жүрекшелік ЭС кейін пайда болатын немесе АВ-бірікпеден шығатын негізгі ырғақтағы қалыпты Р-Р (R-R) аралығынан біраз ұзағырақ үзінді. (57, а-сурет).

Толық емес компенсаторлы үзіліс эктопиялық импульстіңСА-түйінге жеткенге дейінгі уақыт, сондай-ақ кезекті синусты импульске дайындықты қажет ететін уақыт.

Толық компенсаторлы үзіліс қарыншалық ЭС кейін пайда болатын үзіліс. Екі синусты QRS комплекстің аралығы (алдыңғы экстрасистола мен одан кейінгі экстрасистоланың аралығы) негізгі ырғақтағы екі еселенген R-R аралықтарына тең (57,б-сурет).

57 – сурет. Жүрекшелік (а) және қарыншалық (б) экстрасистолия кезіндегі компенсаторлы үзіліс ұзақтығы мен қысу аралығын өлшеу.

Аллоритмия қалыпты қысқару мен экстрасистоланың дұрыс кезектесуі (58-сурет):

1) бигеминия (әрбір қалыпты қысқарудан кейін кездесетін ЭС),

2) тригеминия (әрбір екі қалыпты қысқарудан кейінгі ЭС),

3) квадригимения және т. б.

Монотонды ЭС – бір эктопиялық ошақтан шығатын экстрасистола.

Политопты ЭС – әртүрлі эктопиялық ошақтан шығатын экстрасистола.

Топтық экстрасистолия – Э КГ-да қатарынан үш және одан да көп экстрасистола.

 

58-сурет. Аллоритмиялық қарыншалық экстросистолиялардың әртүрлі нұсқалары (дұрыс қайталанып отыратын)

а - бигеминия, б, в – тригеминия, г - квадригеминия

 


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 131 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СУПРАВЕНТРИКУЛЯРЛЫ ЫРҒАҚ ЖҮРГІЗУШІСІНІҢ МИГРАЦИЯСЫ| Старик и море 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)