Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі

Батальон командирінің орынбасары | Батальон штабының бастығы | Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Техникалық бөлім) орынбасары | Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары | Батальон сержанты | Рота (4-дәрежелі кеме) командирі | Рота командирінің орынбасары | Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Рота сержанты |


Читайте также:
  1. Бөлімшелердің (командалардың) орнын ауыстыру
  2. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі
  3. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  4. Батальон командирінің орынбасары
  5. Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары
  6. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі

165. Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі бейбіт және соғыс уақытында: бөлімшенің жауынгерлік әзірлігі; бағыныстылардың оқуы, әскери тәрбиесі, тәртібі және моральдық-психологиялық жай-күйі, саптық жинақылығы мен сыртқы пішіні; қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, жарақтарды, киім-кешекті, аяқ киімді дұрыс пайдалану мен сақтау және оларды тәртіпте және ақаусыз жай-күйде ұстау; бөлімшенің (экипаждың, есептоптың) жауынгерлік міндеттерін табысты орындауы үшін жауап береді.

Ол взвод командиріне, взвод сержантына (взвод командирінің орынбасарына) бағынады және бөлімше (экипаж, есептоп) жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

166. Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі:

бөлімшенің (экипаждың, есептоптың) сарбаздарын оқытуға және тәрбиелеуге, ал жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде оларды шебер басқаруға;

әрбір бағыныстының тегін, атын, туған жылын, жеке қасиеттерін, әскери қызметке дейін айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен кемшіліктерін білуге;

бөлімшенің (экипаждың, есептоптың) материалдық бөлімін, қару-жарағын (әскери және басқа техникасын), басқа да мүлкін пайдалану ережелерін білуге, олардың болуын қадағалауды жүзеге асыруға, күн сайын қарауға, тәртіпте және ақаусыз жай-күйде ұстауға;

бөлімшенің (экипаждың, есептоптың) сарбаздарын қызметін құрметтеуге, өз қару-жарағына, әскери және басқа техникаға ұқыпты қарауға дағдыландыруға;

бөлімшенің (экипаждың, есептоптың) сарбаздарының саптық жинақылығы мен дене төзімділігін қалыптастыруға;

бағыныстыларға қамқорлық жасауға және олардың мұқтаждықтарын жете түсінуге;

взвод сержантына (взвод командирінің орынбасарына) барлық сырқаттанғандар, бағыныстылардың ұсыныстары, арыздары мен өтініштері туралы, олардың теріс қылықтары мен олардың алдын алу жөнінде қолданылған шаралар туралы, оларды көтермелеулер мен салынған жазалар туралы, қаруды, жарақты және басқа да мүлікті жоғалту немесе ақаулық жағдайлары туралы баяндауға;

бөлімшедегі күн тәртібінің (қызмет уақыты регламентінің), тазалық пен ішкі тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, бағыныстылардың әскери тәртіпті сақтауын талап етуге;

рота командирінің шешімі бойынша ротада ұйқыдан тұрғызуға, таңертеңгі тексеруге, кешкі тексеруге кезең-кезеңмен қатысуға;

бағыныстылардан киім-кешегі мен аяқ киімін таза, ұқыпты күйде ұстауын, жабдықтарды шақтап пішуді, олардың жеке және қоғамдық гигиенаны, әскери киім нысанын кию ережелерін сақтауын талап етуге;

күн сайын аяқ киімнің, киім-кешектің тазалығын, шұлғауларын, ұйықтарын кептіруін, жарақтардың металл бөліктерін тазалауын, сондай-ақ аяқ киім мен киім-кешекті уақтылы жөндеуді бақылауды жүзеге асыруға;

оқ атулар, оқу-жаттығулар мен сабақтар аяқталғаннан кейін бөлімшенің барлық жеке құрамының оқ-дәрілер мен гильзаларды тапсыруын, бағыныстыларда жауынгерлік және бос патрондардың, гранаталардың, тұтандырғыштар мен жарылғыш заттардың қалмауын тексеруге;

бағыныстылардың қай жерде жүргенін және немен айналысатындығын ұдайы білуге міндетті.

 

Сарбаз (матрос)

 

167. Сарбаз (матрос) бейбіт және соғыс уақытында оған жүктелген міндеттер мен оған қойылған тапсырмалардың нақты және уақтылы орындалуы, өз қаруының, оған сеніп тапсырылған әскери, басқа техниканың ақаусыз жай-күйі және оған берілген жабдық пен мүліктің сақталуы үшін жауап береді.

Ол бөлімше (экипаж, есептоп) командиріне бағынады.

168. Сарбаз (матрос):

өзінің Қарулы Күштер жауынгері конституциялық міндетін жете түсінуге, әскери қызмет міндеттерін үлгілі орындауға;

әскери істі сапалы түрде оқып-үйренуге, оған командирлер (бастықтар) оқытатынның бәрін ұқыпты және нақты меңгеруге; өзінің қызметтік міндеттерін үлгілі орындауға; жалпыәскери жарғылардың талаптарын нақты білуге және адал ниетпен орындауға;

командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарын мүлтіксіз, нақты және мерзімінде орындауға:

батыл және тәртіпті болуға; өзін абыроймен және қадір-қасиетпен ұстауға, қоғамдық тәртіптің бұзылуына, лайықсыз теріс қылықтарға жол бермеуге және жолдастарын олардан тоқтатуға;

мемлекеттік құпияларды қатаң сақтауға;

командирлер (бастықтарға) мен үлкендерге құрмет көрсетуге, басқа әскери қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге, әскери әдептілік, мінез-құлық және әскери сәлемдесу ережелерін сақтауға:

қаруды (қару-жарақты, әскери және басқа техниканы) білуге және ол әрқашанда ақаусыз, тазаланған, ұрысқа әзір болуға;

бригада командирін қоса, өзінің тікелей бастықтарының лауазымын, әскери атағы мен тегін білуге;

мемлекет мүлкін сақтауға, киім мен аяқ киімді ұқыпты киюге, оларды уақтылы және ұқыпты жөндеуге, күн сайын оларды тазалауға және көрсетілген жерде сақтауға;

өзін күн сайын шынықтыруға, өзінің дене дайындығын жетілдіруге, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауға;

қаруды ұстаған, қару-жарақпен және әскери техникамен жұмыс істеген кезінде және басқа да жағдайларда қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауға;

бригаданың орналасу шегінен тыс шығу қажет болған кезде бұған бөлімше командирінен рұқсат сұрауға, ал келгеннен кейін оған келгендігі туралы баяндауға;

әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін сақтауға міндетті.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерудегі сарбаз (матрос) одан басқа, взвод командирінің (взвод сержантының) шешімі бойынша ротадағы таңертеңгі тексеру мен кешкі тексеруде жиі болуға міндетті.

169. Сарбазға қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен үлгілі әскери тәртібі үшін ефрейтор әскери атағы, ал матросқа аға матрос атағы берілуі мүмкін.

Ефрейтор (аға матрос) бөлімше командиріне сарбаздарды (матростарды) оқыту мен тәрбиелеуде көмектесуге және әскери міндет қызметтерін орындаудың үлгісі болуға міндетті.

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 2102 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Рота старшинасы| Тарау. Ішкі тәртіп

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)