Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гипертермия

Алгоримдер | Туберкулез | Миокардиттер | Сабак № 14 | Сабак №15 | Алгоримдер | Алгоримдер | КОЛЛАПС |


Гипертермия – ең жиі кездесетін бала ауруларының белгісі.

Біріншіден, ол қорғаныш-компенсаторлық реакция, гипертермияға байланысты ағзаның ауруға деген иммунды жауабы күшейе түседі:

1) қанның бактерицидтік қасиеті артады

2) лейкоциттердің белсенділігі жоғарлайды

3) эндогендік интерферонның бөлінуі артады

4) зат алмасу жылдамдығы күшейе түседі.

Екіншіден, ол ағзада патологиялық процесс бар екендігінің белгісі.

Қызба өзінің қорғаныш қызметін тек белгілі бір деңгейге дейін ғана орындайды. Дене қызуының про­грессивті жоғарлау барысында тыныс алу жүйесіне және қан айналымына салмак түсу артады (37°С-тан астам әрбір градусқа - тыныс алу жиілігі минутына 4 дем алыс қозғалысына артады, ал пульс - минутына 10 соғуға артады), бұл қанға оттегінің түсуін арттырады. Бірақ оттегі молшерінің қанда бұлай артуы тіндердің оттегіге деген қажеттілігін қанағаттандыра алмайды, сондықтан қанда гипоксия пайда болады. Бұл кезде бірінші кезекте орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады да фебрильді құрысып - тырысулар дамиды. Көбіне бұл жағдай дене температурасы 39°- 40°С көтерілгенде байқалады.

Гипертермия кезіндегі көмек алгоритмі

 

Кезеңдері Негіздемесі
1 Баланы төсекке жатқызу.   • дене қызуы көтерілуі - уыттанудың (интоксикация) белгісі
2. Қысып түрған тар киімнен босату.   • өкпе экскурсиясын жеңілдету
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.   •дене қызуы көтерілгенде гипоксиялық жағдай пайда болады
4.Гипертермияның түрін анықтау: • ақ түрінде - қызыл түріне ауыстыру (жылыту, жылы сүйықтык беру, спазмолитиктер: но-шпа, никотин қышқылы, папаверин енгізу) • қызыл гипертермияда - қызу түсірудің физикалық әдістерін қолдану, көп молшерде сүйықтық беру, ыстық түсіретін дөрілер беру • ақ гипертермия перифериялық тамырлардың тарылуымен байланысты, сондықтан жылу бөлу процесстері бұзылады
5. Температураның корсеткішіне сәйкес шаралар еткізу: а) 37-37,5 С- көп сүйықтық беру б) 37,5-38° С- физикалық әдістер қолдану в) 38-38,5° С- ауыз арқылы ыстық түсіретін дәрілер беру (парацетамол, панадол, аспирин) немесе цефекон балауызы тік ішекке енгізу.  
6. Оттегі беру.   • тіндерде пайда болған гипоксиялық жағдайды жою үшін
7. Шара өткізуден 20-30 мин өткеннен кейін баланың зәрге отыруын және дене температурасын кадағалау. • ағзадағы уыттарды шығару үшін

М ҰЗДЫ МҰЙЫҚ КӨМЕГІМЕН ДЕНЕНІ САЛҚЫНДАТУ АЛГОРИТМІ

· мұзға араналған мүйық; су 14-16°С; ағаш балға; мұз кесектері; жөргектер - 3-4; мұзы бар флакондар; сағат.

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету
2.Керекті құралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию • жұқпалық ќауіпсіздікті қамтамасыз ету
4. Мұз кесектерін жөргекке салу, ағаш балғамен ұсақтап бөлу. • Ұсақталған мұз мұзды мұйықта біркелкілей жайғасады
5. Мұйықтың 1/3 бөлігін мұз кесектерімен толтыру және 2/3 бөлігіне дейін сумен толтыру. • еріп жатқан мұз су температурасын 10-12° деңгейде болуына қолдайды
6.Мұйықты қатты тегіс жерге салып қолмен ақырын басу арқылы ауасын шығару. • мұз еріп жатқанда пайда болатын су үшін бос кеңістікті қамтамасыз ету
7.Мұйықтың қақпағын жауып төмен қарай төңкеріп жабылуын тексеру. • герметикалық (саңылаусыз) жағдайды қамтамасыз ету және тексеру
8. Мұйықты жөргекке орау • терінің жергілікті үсуінің алдын алуы
9.Мұзды мұйықты баланың бас жағына 2-3 см қашықтықта бекітіп ілу, мұйық пен бала басының аралығында алақан отетіндей болу қажет. • терінің жергілікті үсуінің алдын алуы •жылылықтың беруін жақсарту
10.Мұзы бар флакондарды салфеткамен (жөргекпен) орау және ірі тамырлар маңына орналастыру. • терінің жергілікті үсуінің алдын алуы  
11.20-30 минут уақытқа қалдыру, 10-15 минут үзілістен кейін қайталап өткізуге болады. 12.Мұздың еруіне байланысты мұйықтан суды төгіп жаңадан мұз кесектерін салып отыру қажет. • қан тамырлардың жергілікті тарылуына байланысты патологиялық жағдайлардың пайда болу мүмкіндігінің алдын алуы
13.20-30 минуттан кейін мұйық пен флакондарды алып тастап баланың дене температурасын өлшеу. • шараның өткізу қорытындысын анықтау үшін •шара дұрыс өткізілсе дене қызуы 0,2 градусқа төмендеуі керек
Ескерту: дене қызуы 20-30 минуттан кейін 0,2-0,3°С дейін төмендесе - өткізіліп жатқан шаралар тоқтатылады, шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдісіне көшу

СПИРТТІҢ КӨМЕГІМЕН ФИЗИКАЛЫҚ САЛҚЫНДАТУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: дене температурасын түсіруге қол жеткізу.

Керекті кұралдар:

· 70° этил спирті; су 14-16°С; мақта домалақшалары; лоток; сағат.

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • баланың дұрыс күнделік күтімін қамтамасыз ету
2.Керекті құралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
4. 70 градус С этил спиртін 2:1 қатынасымен сумен араластыру (40-45°). • бала терісінде химиялық күйік пайда болмас үшін
5.Спирт ерітіндісіне малынған мақта дома-лақшаларымен ірі қан тамырлары орналасқан жерлерді сүрту: самай, үйқы артериясының маңы, қолтық асты, тізе асты және шат қыртыстары. •жылылықтың беруін жақсарту
6. Мақта домалақшаларын лотокқа тастау. • қоршаған ортаны ластамау үшін
7. Қолды жуу және қүрғату.   • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
8. 20-30 минуттан кейін дене температурасын өлшеу. • шара дұрыс өткізілсе дене қызуы 0,2 градусқа төмендейді
Ескерту: 1. Сүртуді әр 10-15 минут сайын қайталап отыру қажет. Шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдісіне көшу қажет.

ГИПЕРТЕРМИЯ КЕЗІНДЕ СІРКЕ ҚЫШҚЫЛЫМЕН ОРАУДЫ ҚОЛДАНУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: дене температурасын түсіруге қол жеткізу.

Керекті күралдар:

· резеңке қолғап; су35-36°С; ас сірке қышқылы; ерітіндіні дайындауға арналған ыдыс; жұқа жөргектер - 2; памперс; салфетка; сағат.

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. • анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Керекті құралдарды дайындау.   • шараның жылдамдығы мен айқындығын қамтамасыз ету
3. Қолды гигиеналық өдіспен өңдеу, қүрғату, резеңке қолғап кию. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
4. Баланы шешіндіріп тері қабатын мүқият тексеру. • бала терісінде өзгерістер, жарақаттанулар болмау қажет
5. 0,5 литр суға 1 ас қасық сірке қышқылын қосу арқылы ерітінді дайындау. •Бала терісінің күюінен сақтау.
6. Жүқа жөргекті сірке қышқылы ерітіндісіне салып сулау, сығып алып тегіс қатты жерге жаю. • шараның айқындығын қамтамасыз ету
7. Баланың қүлақ үшы жөргектің үстіңгі шетіне келетіндей етіп жөргекке жатқызу.  
8. Баланың қолдарын жоғары көтеріп жөргектің бір жақ шетімен кеудесін, ішін орау және жөргекті баланың аяқтарының ортасына салу. Баланың қолдарын төмен түсіріп денесіне жанастыра орналастырып жөргектің екінші шетімен орау. • бала денесімен салқын жөргектің тікелей түйісуін қамтамасыз ету •бұтаралығын тітіркендіруден сақтау
9. Екінші жүқа жөргектен валик жасап баланың мойнын орау. • тыныс алу жолдарына сірке қышқылының тітіркендіру әсерінің алдын алуы
10. 20-30 мин көлемінде жылып кетуіне байланысты, жөргекті сірке қышқылы ерітіндісінде қайталап сулау және баланы қайталап орау. • шараның айқындығын қамтамасыз ету
11. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру. • жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  
12. 20-30 минуттан кейін баланың дене температурасын өлшеу. • шараның өткізу қорытындысын анықтау үшін •шара дұрыс өткізілсе дене қызуы 0,2 градусқа төмендеуі керек
Ескерту:Шара тиімсіз болған жағдайда гипертермиямен күресудің басқа әдісіне көшу қажет.

СТЕНОЗДАУШЫ ЛАРИНГИТ (ЖАЛҒАН КРУП)

Стеноздаушы ларингит - көмей тұсында тыныс жолдары өткізгіштігінің бұзылуымен және тыныс жетіспеушіліктің дамуымен сипатталатьш жедел ауру.

Даму механизмы:

· Дыбыс саңылауының тарылуы

· Байланыс асты аймағың ісінуі

· Көмей қуысында қақырықтың жиналуы Клиникалык белгілері:

· дауыстың қарлығуы

· дөрекі, «ит үрген» тәріздес жөтел

· тыныс тапшылық белгілері (бала мазасыз, тесекте тыныш жата алмайды, цианоз, инспираторлы ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшық еттер қатысады (мұрын қанаттары, қабырға аралық, көк ет және т.б.).

 

Жедел комек алгоритмі

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланы тегіс жерге басын жоғары көтеріп жатқызу немесе отырғызу немесе қолға алу.   • Байланыс асты аймағыңың ісінуі азаяды • тыныс алуы жеңілдейді
2. Қысып түрған тар киімнен босату.   • өкпе экскурсиясын қамтамасыз ету
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету. • оттегі тапшылығы дамымас үшін
4. Тыныштық жагдай жасау.   • бала мазасыз
5. Алдандыру шараларын өткізу (сирақ бұлшық еттеріне қыша қағазын қою немесе қыша аяқ ванналарын жасау).   • дененің төменгі жағына қан құйылады, ісіктер мен экссудаттың пайда болуы азаяды
6. Эуфиллин, ас содасы, қақырық түсіргіш шөптер қосылған бу ингаляцияларын өткізу (алмастырып отыру қажет). Бұл шара тиімді болмаған жағдайда - көк тамырға 2,4% эуфиллин ерітіндісі, тамшы түрінде енгізген тиімді болады - 1 мл/жасына 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде.   • жылу мен эуфиллин дабыл саңылауының ісінуін төмендетеді • ас содасы қақырықты сұйықтатады • шөптер қақырықтың шығуына себепкер болады  
7. Ауыр жағдайларда - гормонотерапия - преднизолон 1-2 мг/кг тәулігіне. • қабынуға, аллергияға қарсы әсеріне байланысты  
8. Десенсебилизациялық ем - тавегил, диазолин және т.б.   • аллергияға қарсы әсеріне байланысты
9. Муколитиктер - ацетилсистеин, бромгексин.   • қақырықты сұйықтатады
10. Оттегі беру • оттегі жетіспеушіліктің алдын алуы

Қ¥РЫСЫП - ТЫРЫСУ СИНДРОМЫ

Құрысулар - дене және аяқ-қолдардың түр-сипатының өзгерісін тудыратын еріктен тыс болатын бүлшық еттердің жиырылуы.

Фебрильді қүрысулар - жоғары температура кезінде жаңа туған және ерте жастағы балаларда пайда болады.

Афеб рильді - туылу кезіндегі жарақаттарда, бас миының зақымдануында болады. Құрысулардың жергілікті және жайылған түрлері бар.

Қурысу синдромының кезеңдері:

1 фазасы - тоникалық 2 фазасы - клоникалық
1. сыртқы ортамен байланыстың кенет жоғалуы 2.көз қарасы бір орында тұрмайды, одан әрі жоғары және бір жақка тігіледі 3. басын артқа шалқайту 4. қолдары бүгілген және аяқтары тік жазылған 1. басында бет, аяқ-қолдарының бүлшық еттері жиырылады және жылдам одан әрі барлық денесінің бұлшық еттеріне жайылады   2. тері қабаттары бозарған

 

 

Жедел көмек алгоритмі

Кезеңдері Негіздемесі
1. Баланы тегіс, жүмсақ жерге жатқызу, жарақаттайтын заттарды алып тастау.   • зақымданудың алдын алу
2. Қысып түрған тар киімнен босату.   • өкпе экскурсиясын жеңілдету
3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.   • құрысулар кезінде қолданылатын оттегі көлемі көбейеді
4 Күрек тістерінің арасына шиыршықталған салфетка немесе мақтамен (бинтпен) оралған шпатель салу.   • тілді тістеп алмау үшін  
5. Құрысуға қарсы препараттар енгізу (көк тамырға немесе бүлшық етке): - реланиум (седуксен) - 0,1 мл/жасына (0,3-0,5 мг/кг) немесе - дроперидол - 0,2мл/кг немесе - 25% магний сульфат - 0,2мл/кг немесе - ГОМК 50-100 мг/кг (1 мл - 200 мг)    
6. Оттегі беру.    
7. Құрысудың себебін анықтау және жою.   • құрысу - аурудың себебі. Себеп анықталмаса, құрысу қайталай береді

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 1128 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Алгоримдер| ЕСТЕН ТАНУ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)