Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабак № 1

Алгоримдер | Пульс жиiлiгiн санау. | Бала гемограммасы | МЕТЕОРИЗМ | Сабак № 4 | Сабак № 5 | Есептеу жолы | Сабак № 6 | Ескерту | Сабак № 7 |


Читайте также:
  1. Сабак №
  2. Сабак № 14
  3. Сабак № 2
  4. Сабак № 4
  5. Сабак № 5
  6. Сабак № 6

Сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы Кіріспе балалар ауруханасы жұмысын ұйымдастырылуымен және негізгі принциптерімен танысу. Баланың физикалық дамуы. Бала өмірінің кезеңдері. Балалардың нерв жүйесінің, терінің, тері асты шелмайының, лимфа түйіндерінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

Сабақ мақсаты

1.Дидактикалық

Осы тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру, тереңдету, нығайту.

Оқылған тақырыптың игеру дәрежесін анықтау

2. Дамытушылық

Логикалық ойлануды талап ететін тапсырмаларды қолданып, оқушылардың парасаттық қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік

Науқас баланы көре тұра оқушылардың адамгершілік, мейірімділік сезімін ояту.

Болашақ нәтижені сипаттау

Білім:

1. Педиатрия сау және науқас бала туралы ғылым және оның жалпы медицина жүйесінде алатын орны.

2. балалар ауруханасы жұмысын ұйымдастырылуымен және негізгі принциптерімен танысу

3. Сау және науқас баланың анамнезін жинау және оларды қарап тексеру әдістемесі. Медициналық этика мен деонтологиянын негіздері.

4. Баланың физикалық дамуы.

5. Бала өмірінің кезеңдері.

6. Балалардың нерв жүйесінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

7. Бала терісінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

8. Бала тері асты шелмайының анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

9. Бала лимфа түйіндерінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

Икемділік:

1. балалардың бойы мен салмағының көрсеткіштерін анықтау

2. бала салмағын, бойын, бас және кеуде шеңберін өлшеу

3. антропометрия көрсеткіштеріне байланысты баланың физикалық дамуын бағалау теріні қарап тексеру, пальпациялау, тері серпімділігін және қалындығын тексеру, жасқа байланысты баланың нерв- психикалық дамуын бағалау

4. тері асты шелмайдың қалыңдығын бағалау

5. жұмсақ тіндердің тығыздығын тексеру

6. балаларда лимфа түйіндерін пальпациялау

Дағды:

1. бала салмағын, бойын, бас және кеуде шеңберін өлшеу

2. баланың физикалық дамуын бағалау

3. теріні қарап тексеру, пальпациялау, тері серпімділігін және қалындығын жасқа байланысты тексеру

4. баланың нерв- психикалық дамуын бағалау

5. тері асты шелмайдың қалыңдығын бағалау

6. жұмсақ тіндердің тығыздығын тексеру

7. балаларда лимфа түйіндерін пальпациялау

Сабақ типі

Білімнің, икемділіктің және дағдылардың жетілдіру сабағы

Әдіс – тәсілдер: Практикалық

Сабақтың түрі: КСО, ЖИГСО - методикасы

Материалдар, оқу-әдістемелік әдебиет, анықтамалық әдебиет

С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

Лекция конспекті.

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар

Жөргектер, бала киімі, қуыршақтар, мақта домалақшалары, сантиметрлік таспа, салфетка, 70% этил спирті, қағаз, қалам, табақшалы таразы; резеңке бессаусақты қолғап; дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

Пәнаралық байланыс: Терапия, латын тілі, физиология, анатомия, патологиялық физиология, ішкі аурулар прпедевтикасы

 

 

Сабақ бөлімінің атауы Уақыты - 180 мин.
  Ұйымдастыру кезеңі 5 мин.
  Ұй тапсырмасының актуализациясы 20 мин.
  Эксперттік топшалармен жұмыс істеу 20 мин.
  Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу 85 мин.
  Жаңа практикалық дағдаларды, іскерлікті бекіту 45 мин.
  Рефлексивті бағалау кезеңі: · Сабақты қорытындылау · Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру 5 мин. 2 мин. 3 мин.

 

 

Сабақтың барысы

 

Сабақ кезеңдері Оқытушы іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар
1. Үйымдастыру-мақсаттық кезеңі
  · Ұйымдастыру кезеңі · Сабақ мақсатын қою · Оқу жұмысының мотивациясы · Сабақта оқу жұмыстарын ұйымдастыру · Студенттер білімін тексеруге психологиялық дайындық · Эмоциялық күй жасау · Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру · Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу · Сабаққа әзірленген жабдықтар барысын тексеру Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру · жұмыс орынында уақытында болу · жұмыс орынын сабаққа дайындау · сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен танысу · сабаққа дайын болу Ежова Н.В., Педиатрия С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия Кестелер, аурудың презентациясы, курация өткізу үшін науқас балалар
2. Операция-танымдық кезеңі
2.1 Үй тапсырмасын тексеру.   · студенттерді бірнеше топшаларға бөліп, әр топшаға бөлек-бөлек тапсырма береді · берілген тапсырманың ұғу деңгейі бойынша тексеруді өткізеді · оқушылардың орын алмастыру жағдайын тексереді · әр топшалардың мүшелері бір біріне өз білімдерін жеткізеді · бір бірін оқытуды, бір бірін және өз өзін тексеруді қалыптастырады   өз бетімен жұмыс істеу үшін оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер
2.2 Жаңа материалды белсенді меңгеруге студенттерді даярлау кезеңі Сабақтың алдында студенттерге өздігінен жұмыс істейтін өндеулерді ашқызып, жұмыс кезінде қандай моменттерге назар аудару керектігін түсіндіреді. Жұмыс үшін керек материалдармен танысып, жаңа іскерлікке үйрену кезеңіне дайындалады Оқулықтар, міндеттер, тесттер, тақырып бойынша кестелер, қуыршақтар, жөргектер, бала киімі, мақта домалақшалары, сантиметрлік таспа, салфетка, 70% этил спирті, қағаз, қалам, табақшалы таразы; резеңке бессаусақты қолғап; дезертіндісі бар ыдыс, орамал
2.3 Жаңа білімді меңгеру кезені Үйрету кезеңінде студенттер жұмысының сапасын, дұрыстығын тексереді, жіберілген қателерін дұрыстайды Алгоритмдерді сапалы,дұрыс істеуге тырысады
2.4 Жаңа білімді бекіту кезеңі Оқушыларға екі түрлі тапсырма беріледі: · Әрбір студенттің үйренген алгоритмдерін тексереді · Тесттерге жауап бергізеді Студенттер жауап беріп жатқан студенттің іскерлігін, білімін сынап бағалайды. Тесттер жазып, бір бірінің жауаптарын тексереді
3. Рефлексивті бағалау кезеңі
3.1 Үй тапсырмасы бойынша мәлімет беру кезеңі Оқытушы келесі сабаққа тапсырма береді, қиын жерлеріне назар аударады, оқулықтың авторын, оқитын беттерін белгілендіреді Практикалық дәптерлеріне берілген тапсырманы жазып алады Сүйек - бұлшықет және тыныс алу жүйелерінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері. Балалардың қанайналым және қан түзу жүйелерінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері. Зақымдану семиотикасы.
3.2 Сабақты қорытындылау ең үздік оқушыларды мақтайды, әр студентті бағалайды және жұмысының артықшылықтары мен кемістігін айтады әрбір студент сабақтың өтуі бойынша, кездескен қиыншылықтар туралы, оң және теріс моменттері туралы пікірімен бөліседі    

І. Операция-танымдық кезеңі

Ұй тапсырмасының актуализациясы - 20 мин.

№1 қосымша

Эксперттердінбірінші тобы тапсырмасы

1. Бала өмірінің кезеңдері.

2. Баланың физикалық дамуы.

Эксперттердің екінші тобы тапсырмасы

1. Балалардың нерв жүйесінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

2. Бала терісінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

Эксперттердін үшіншітобы тапсырмасы

1. Тері асты шелмайының анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

2. лимфа түйіндерінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы

 

 

№2 қосымша

ІІ.Эксперттік топшалармен жұмыс істеу – 20 мин.

 

алгоримдер

Баланың САЛМАҒЫН элекТронды таразымен ӨЛШЕУ АЛГОРИТМІ

(2 ЖАСҚА ДЕЙІН)

Көрсеткіші:

1. баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

2. баланың физикалык дамуын бағалау.

Керекті құралдар: электрондық таразы; резеңке бессаусақты қолғап; дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш; қағаз, қалам.

Кезеңдер Негіздемесі
1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Таразыны тегіс тұрақты жерге орналастыру. 3.Керекті құралдарды дайындау. өлшеудің дұрыстығына жету шараның айқындығын қамтамасыз ету
4.Таразының дұрыс тұрғандығын тексеру. шараның айқындығын қамтамасыз ету
5.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
6.Табақшаны дезерітіндімен сүртіп, залалсыздандыру. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
3. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу. бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру
4. Таразыны нөлдік көрсеткішке қою.  
5. Баланы таразыға жатқызу.  
6. Салмақ көрсеткіштерін нақтылау және баланы таразыдан алу. нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету
7. Бала салмағының көрсеткіштерін жазып алу. тексеру қорытындысын құжаттандыру
8.Таразыдан жөргекті алып тастау. таразының дұрыс реттелуін сақтау
9.Таразының табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
10. Бессаусақты қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  

Ескерту. Баланы ашқарында, бір мезгілде, үлкен дәретке отырғаннан кейін өлшеу керек.

Баланың ДЕНЕ САЛМАҒЫН Табақшалы таразЫмен ӨЛШЕУ АЛГОРИТМІ

(2 ЖАСҚА ДЕЙІН)

Көрсеткіші:

• баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

• баланың физикалык дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

• табақшалы таразы; резеңке бессаусақты қолғап; дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш; қағаз, қалам.

 

 

Кезеңдер Негіздемесі
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2. Таразыны тегіс орнықты жерге орналастыру. 3. Керекті құралдарды дайындау 4. Таразы күршегінің жабық тұрғандығын тексеру өлшеудің дұрыстығына жету үшін шараның айқындығын қамтамасыз ету
5. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. 6. Таразы табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
7. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру үшін
8.Таразы тастарын нөлдік бөлікке қою. 9.Күршекті ашып таразыны қарсы салмағымен теңестіру. 10.Күршекті жауып баланың басын таразының кең жағына қаратып жатқызу өлшеудің дұрыстығына жету шараның айқындығын қамтамасыз ету  
11.Күршекті ашып таразының төменгі бөлігінде орналасқан килограммдық тасты штанга төмен түскенше дейін жылжыту, одан кейін тасты солға қарай бір бөлікшеге ауыстыру. 12. Тепе-теңдік орналасканға дейін үстіңгі штангада орналасқан граммды анықтайтын тасты ырғақтап жылжытады нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету  
13.Күршекті жауып, баланы анасына беру таразының дұрыс реттелуін сақтау
14. Бала салмағының көрсеткіштерін жазып алу тексеру қорытындысын құжаттандыру
11. Жөргекті таразыдан алып тастау 12. Жөргектеу үстөл үстін дезерітіндімен сүрту 17. Саусақты қолғапты шешіп, қолды жуып, құрғату жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  

Ескерту. Баланы ашқарында, бір мезгілде, үлкен дәретке отрғаннан кейін өлшеу керек.

 

Баланың КЕУДЕ ШЕҢБЕРІН ӨЛШЕУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

• баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар: сантиметрлік таспа, салфетка, 70% этил спирті, қағаз, қалам

Кезеңдер Негіздемесі
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2. Керекті құралдарды дайындау шараның айқындығын қамтамасыз ету
3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. 4.См таспаны спиртпен дымдалған салфеткамен екі жағынан сүрту. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  
5.Баланы отырғызу немесе жатқызу бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру
6. Сантиметрлік таспаны бала кеудесі торының келесі бағыттары бойынша салу: - артқы жағында - жауырынның астыңғы бұрышы - алдыңғы жағында – емшек ұшы маңы айналасының астыңғы шеті (пубертатты жастағы қыз балаларда сүт бездері үлкейгенде- 4 қабырға). нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету  
7.Қорытындысын жазып алу тексеру қорытындысын құжаттандыру
8. Салфетканы бой өлшегіштен алып тастау жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Баланың бойЫН өлшеу АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

• баланың физикалық дамуын бағалау.

Керекті құралдар:

• көлденең бой өлшегіш; жөргек; резеңке бессаусақ қолғабы; дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш, қағаз, калам.

Кезеңдер Негіздемесі
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2. Көлденең бой өлшегішті тегіс тұрақты жерге «өзіне» қаратып орналастыру өлшеудің дұрыстығына жету  
3. Керекті құралдарды дайындау. шараның айқындығын қамтамасыз ету
4. Қолды гигиеналық әдіспен өндеу, қүрғату. 5.Керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. 6. Бой олшегіш үстін дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
5. Өлшегіш үстіне жөргек төсеп баланың басын жылжымайтын жактауға тақап жаткызу. бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру
6. Баланың тізесінен сәл басып, аяқтарын түзеп жатқызу 7. Бой өлшегіштің жылжымалы жақтауын баланың өкшесіне тіреп жақындату 8. Шкала бойынша бала денесінің бой ұзындығын анықтау шараның айқындығын қамтамасыз ету  
11. Баланы бой өлшегіштен алу баланың кауіпсіздігін сақтау
12. қорытындысын жазу және кортындысын анасына хабарлау. бала анасының (туыстарының) құқықтарын сақтау
13. Өлшегіштен жөргекті алып тастап, бой олшегіштін үстін дезерітіндімен сурткіш арқылы залалсыздандыру. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
14. Қолғапты шешіп қорапқа тастау, қолды жуу және қүрғату. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Ескерту. Баланың бойын таңертенгі уақытта өлшеген жөн, бөлме температурасы 22–240 С.

 

Баланың бас ШЕҢБЕРІН өлшеу АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: баланың дене дамуын анықтау

Керекті құралдар:

• сантиметрлік таспа, салфетка, спирт, қағаз, қалам

Кезеңдер Негіздемесі
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2. Керекті кұралдарды дайындау шараның айқындығын қамтамасыз ету
3.Қолды гигиеналық әдіспен өндеу, қурғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  
4.Сантиметрлік таспаны спиртпен дымдалған салфеткамен екі жағынан сүрту. жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету  
5.Баланы отырғызу немесе жатқызу бала үшін ыңғайлы жағдай тудыру
6. Сантиметрлік таспаны баланың басына келесі ориентирлер бойынша салады: а) артынан –шүйде дөңесі бойынша, б) алдында – қабак үсті доғасы. 7. Қорытындысын баланың даму тарихына жазып алу 8. қорытындысы туралы анасына хабарлау нәтижесінің айқындығын қамтамасыз ету   тексеру қорытындысын құжаттандыру анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету

Ескерту. 1. Бөлменің температурасы 22 – 240 С төмен болмау керек. Өлшемдерді тәуліктің бірінші жартысында өткізген жөн.

2. Баланың әр түрлі бөліктер айналымын баланың тыныш кезінде, мұқият өлшейді.

Жүйке жүйесін зерттеу әдістері

I. Ш а ғы м д а р – әр түрлі болады:

- бас ауруы және бас айналуы (айқындалуы, ұзақтығы, уақыты және пайда болуының себептері, дене жағдайымен байланысы);

- әлсіздік, дімкәстік, ұйқы бұзылыстары;

- сезімталдықтың өзгеруі (ауырсыну, жанасу сезімінің бұзылуы, гиперестезия, анестезия);

- сөз өзгеруі (баяулауы, кекештену), сөз дамуының қалуы;

- тырыспа, спазмдар, сана сезімінің бұзылыстары, парездер, құсу, жүрек айну);

- қимылдар үйлесуінің бұзылыстары (жүрісі, жазуы, тамақты қабылдау);

- вегетативтік бұзылыстар (тершендік, жүрек соғуы, ыстықтау, канның тасуы, тымырсықты кµтере алмау);

II. А н а м н е з (сыртарқы). Анамнез жинағанда баланың анасынан жүктілігінің ағымы және босану туралы мәліметтер (патология, асқынулар), тұқым қуалаушылық аурулар, ерте жасындағы психикалық даму ерекшеліктері, ауырған жұқпалар, мектептегі тәртібі туралы мәліметтер алу;

III. қа р а у кезінде бағалауға болады:

- аурудың жағдайын, өзін-өзі сенуін;

- төсектегі жағдайын: (белсенді, пассивті, мәжбүрлі), аяғында тұрғанындағы кейіпін;

- санасын (ашық, күңгірт, ступор, сопор, бала санасыз);

- көңіл-күйін (бірқалыпты, көтерінкі, тыныш);

- бет кескінін;

- үлкен енбектің көлемін, жағдайын

- бетінің симметриясын және ымын;

- психикалық және физикалық дамуын

- жаңа туған баланың шартсыз рефлекстерін:

а. Б а у э р р е ф л е к с і (еңбектеу) – баланы ішіне жатқызып, бүктетілген аяқтарының табандарына алақанды жолатса, бала еңбектегендей қозғалыс жасайды;

б. М о р о (құлаштау) р е ф л е к с і - бала басынан 15-20 см қашықтықта үстел үстін соқса, бала әуелі қолдарын екі жаққа жаяды да, сосын оларды бұрынғы қалпына келтіреді;

в. Р о б и н с о н р е ф л е к с і (жармасу рефлексі)- баланың қолына салынған затты бала жармасып ұстай алады да, жібермейді;

г. Б а б к и н р е ф л е к с і (алақанды-ауыз рефлексі) – үлкен саусақтармен баланың алақанына басса, ол аузын ашып, басын еңкейтеді;

Бауэр рефлексі

 

 

Робинсон рефлексі

 

 

Бабкин рефлексі

 

менингеалдық белгілер:

а. ж е л к е б ұ л ш ы қ е т т е р і н і ң р и г и д т ы ғ ы арқасында жатқанбала желкесіне қолды салып, бала иегімен кеудесіне жетсін деген мақсатпен басын алға бүккізу, жауабы оң болса – желкесінде ауырсыну сезім пайда болады;

б. Б р у д з и н с к и й б е л г і с і – қолдарды желке мен кеудеге қойып, баланың басын тез бүккен кезде оң реакция кезінде екі аяғын да тізе буындарында бүгеді және арқасында ауырсыну сезім пайда болады.

Брудзинский белгісі

 

в. К е р н и г б е л г і с і тізе және жамбас буындарда бүгілген аяқты тізе буынында жазуға тырысу, реакциясы оң болғанда – арқасында қатты ауырсыну сезім пайда болады да, бала аяғын жаза алмай қалады;

- Р о м б е р г д е н е қ а л п ы н д а ғ ы т ұ р а қ т ы л ы қ (ауру бала аяқтарын бір біріне тығыз тақап, кµздерін жұму керек, ауру кезінде – зақымдалған жағына құлайды);

- б а с і ш і л і к қ ы с ы м ы ж о ғ а р л а у ы н ы ң б е л г і с і (мазасыздық, солғындық, бас ауруы, бір қалыпты шынғыру, үлкен енбектің шығып тұруы, құсу, бас тітістерінің айырылуы).

Тері және тері асты майын зерттеу әдістері

І. қ а р а у. Баланы шешіндіріп, жылы жарық бөлмеде тексеру керек: құлақ артындағы, мойынындағы, қолтық астындағы, сандарындағы қатпарларын, саусақ аралығындағы қуыстарын;

- тері түсін, теріде патологиялық өзгерістері бар екендігін (сипаттамасын беру),

- баланыњ ішінде, басында, арқасында тамырлар торы бар немесе жоқтыгын анықтау;

- тері асты майының таралу қалыптығын;

ІІ. Қ о л м е н з е р т т е у (пальпациялау). Зерттеушінің қолдары таза және құрғақ болу тиіс. Пальпацияны ақырындап, баланың бір жерін ауыртып алмай µткізу керек. Зерттеу кезінде терінің серпімділігі, ылғалдығы, қызуы; тері асты майының қалыңдығы (қалыпты жағдайда қалыңдығы 1-1,5 см) белгіленеді; эндотелиалды сынақтар өткізіледі, дермографизм түрі анықталады.

Эндотелиалды сына қ тар:

а) шиыршық белгісі – иықтың ортаңғы үштің біріне шиыршық салынады. Үш -бес минуттан кейін, патологиялық жағдай болса – шиыршық салынған жерде петехийлер пайда болады;

б) шымшу белгісі – кеуденің алдынғы немесе бүйір жағында екі қолдың бірінші және екінші саусақтарының арасына екі-үш см теріні қыртыстап алу және қысу. Шымшыған жерде нүктелі қансырау пайда болады.

Дермографизм – ол механикалық тітіркендіргіштерге тері қан тамырларының жауаптық әсері.

Терінің серпімділігін анықтау – оњ қолдың бірінші және екінші саусақтарымен іштің терісін қыртыстап, саусақтарды тез жазып жіберу. қалыпта тері бірден жазылады.

Тері асты майының қалыңдығын өлшеу. қолдың бірінші және екінші саусақтарымен тері және тері асты майын кіндік жанында қыртыстап жиыру, сонда қыртыстың қалыңдығы 1-1,5 см болады.

Тіндердің тургоры – иықтың немесе санның ішкі жағындағы тері және тері асты майын қысқандағы сезілетін қарсылық.

Тері жамылғысын қарау техникасы

Мақсаты: теріде патологиялық элементтердің барысын анықтау

Кезеңдері Негіздемесі
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Баланы жарық бөлмеде қарау Бала үшін комфорттық жағдай жасау
3.Қолды жуу, жылыту Жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Бала үшін комфорттық жағдай жасау
4.Баланы отырғызу немесе жатқызу Бала үшін комфорттық жағдай жасау
5.Ерте жастағы балаларды толайым шешіндіру Зерттеудің ыңғайлығы үшін
6.Ересек балаларды орау бойынша шешіндіру Ұялу сезімінен құтқару үшін  
7.Қолмен созып, ұқыпты түрде тері қатпарларын қарау Қалыпты жағдайда бала терісі таза, базданбаған, тершендіксіз.
8.Басының, алақандарының, табанының, анус аймағының терісін қарау морфологиялық элементтердің және тамырлар жұлдызшаларының, көк тамыр торының барысын тексеру
9.Тері түсін анықтау  
10.Жаңа туған балада кіндік аймағын қарау Омфалиттің барысын анықтау

 

Тері жамылғысының серпінділігін анықтау

Мақсаты: эксикоз баршылыңын анықтау

Кезеңдері Негіздемесі
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2.Қолды жуу, жылыту Жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Бала үшін комфорттық жағдай жасау
3.Баланы отырғызу немесе жатқызу Бала үшін комфорттық жағдай жасау
Қолдын сыртқы жағындағы теріні, немесе кеуде торы қабырға үстінің алдынғы жағын, немесе кіндік аймағын үлкен және сұқ саусақпен сәл ғана қатпарлау Тексерудің қамтамасыздығы үшін
Тері қатпарының жазылу жылдамдығын бақылай тұра, саусақтарды жіберу. Тері қатпары тез жазылса, онда тері серпінділігі қалыпты болуы.
Қорытындыны жазып алу Зерттеу қорытындысын құжаттандыру
Қолды жуу және құрғату Жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
     

 

Тері асты май қабатының қалыңдығын анықтау алгоритмІ

Мақсаты: тері асты май қабатының қалыңдығын бағалау

Керекті құралдар:

• сантиметрлік таспа, салфетка, 70% этил спирті, қағаз, қалам

Кезеңдері Негіздемесі
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2. Қолды жуу, жылыту Жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Бала үшін комфорттық жағдай жасау
3..Баланы отырғызу немесе жатқызу Бала үшін комфорттық жағдай жасау
4. Баланы шешіндіру Зерттеу үшін шарттарды тудывру
5. Үлкен және сұқ саусақпен тері мен тері асты май қабаттарын қатпарлау Тері асты май қабатының қалыңдығын анықтау мақсатымен қатпарлау
Тері асты май қабатының қалыңдығын анықтау үшін, оны әуелі ішінде, кіндіктің сыртқы аймағында, сонан соң кеудесінде –төс сүйегінің жанында, арқасында – жаурын астында, аяғында – санының ішкі артқы үстінде, бетінде – иек аймағында. Тері асты май қабатының қалыңдығын осы кезекпен тексергенде қалыңдығының өзгерістерін бірден тануға болады.  
Тері асты май қабатының консистенциясын анықтау. Ісіктер барысын, олардың орналасуын анықтау үшін
Қатпар қалыңдығын см таспамен өпшеу Қатпар қалыңдығының төмендеуі қоректенудің бұзылуының белгісі
Қорытындыны жазу Зерттеу қорытындысының құжаттандыруы
Қолды жуу және құрғату Жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
См таспаны спиртпен залалсыздандыру Жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
     

Жұмсақ тіндердің тығыздығын тексеру

Мақсаты: қоректенудың сапасын немесе сусызданудың белгілерін анықтау

Кезеңдері Негіздемесі
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. Анасының (туыстарының) ақпаратты білуіне құқығын қамтамасыз ету
2. Қолды жуу, жылыту Жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Бала үшін комфорттық жағдай жасау
3. Баланы отырғызу немесе жатқызу Бала үшін комфорттық жағдай жасау
4. Оң қолдын үлкен және сұқ саусақтарымен иықтың немесе санның барлық жұмсақ тіндерін қысу Осы жерлерде бұлшық ет қабаты әлсіз болып дамыған
5.Жұмсақ тіндердің тургорын немесе тығыздығын бағалалау Сусызданғанда жұмсақ тіндердің қарсылығы нашарлайды
6.Қорытындыны жазу Зерттеу қорытындысының құжаттандыруы
7.Қолды жуу және құрғату Жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

 

ІV.Жаңа практикалық дағдыларды бекіту

1. балалардың бойы мен салмағының көрсеткіштерін анықтау

2. бала салмағын, бойын, бас және кеуде шеңберін өлшеу

3. антропометрия көрсеткіштеріне байланысты баланың физикалық дамуын бағалау теріні қарап тексеру, пальпациялау, тері серпімділігін және қалындығын тексеру, жасқа байланысты баланың нерв- психикалық дамуын бағалау

4. тері асты шелмайдың қалыңдығын бағалау

5. жұмсақ тіндердің тығыздығын тексеру

6. балаларда лимфа түйіндерін пальпациялау

тесттерге жауап беру:

1.Адам өмiрiнiң даму сатысына жатпайды:

1 құрсақта даму шақ

2.балалық шақ

3.ересектiк шақ

4.жасырын шақ

2.Туғаннан кейiн 4 аптаға дейiн созылатын кезең:

1.жаңа туған кезеңде:

2.еметiн немесе бөбектiк кезең:

3.алғашқы балалық шақ

4.естиярлық шақ

3.Еметiн кезең созылады:

1. 1-4 жұма

2.1-12 ай

3.10-12 ай

4.1-3 жас

4.Жаңа туған кезеңде:

1.Сүт тiстерi пайда болады

2.Бөбек жаңа қоршаған ортаға үйренiсе бастайды

3.Тұрақты тiстер пайда болады

4.iшкi мүшелер құрылысы аяқталады

5.Жаңа туған кезеңде кездесетiн аурулар:

1.туа бiткен даму ақаулары

2.жұқпалы аурулар

6.Еметiн кезеңнiң ерекшелiгi:

3.тыныс жүйесiнiң аурулары

4.аллергиялық аурулар

1.қарқынды егу жүргiзiледi

2.сәбидiң мiнез-құлқы,тәртiбi анықталады

3.эндокрин бездерiнiң функциясы өзгередi

4.бала интеллектi қарқынды дамиды

7.Еметiң кезеңде сәбидi бақылау жиiлiгi:

1.айына бiр рет

2.кварталға бiр рет

3. 6 айда бiр рет

4.жылына бiр рет

8.Бiр жастан екi жасқа дейiн бақылау жиiлiгi

1.айына бiр рет

2.кварталға бiр рет

3. 6 айда бiр рет

4.жылына бiр рет

9.Денсаулық топтарының саны:

1.2 2.3 3. 4 4. 5

10.Жылына 6-8 рет жедел аурулармен ауыратын балалар.... топқа жатады:

1. 2-i 3. 4-i

2. 3-i 4. 5-i

11.Үшiншi денсаулық тобына жататын балалар:

1. қауып-қатер тобынан

2. фукциялық бұзылыстармен

3. комненсациялық жағдайдағы созылмалы аурулармен

4. субкомпенсациялық жағдайдағы созылмалы ауруларымен

12. Сымбаты бұзылыстары бар балалар жататын топ:

1.5 2.3 3. 2 4.1

13. Декомпенсациялық сатыдағы туа бiткен жүрек ақауы бар балалардың денсаулық тобы:

1.5 2.3 3. 2 4.1

14.Екiншi денсаулық тобына келесi ауыруы бар бала жатады:

1. бадамшалары гипертрофиясы

2. дискинезия

3. ревматизм

4. сколиоз

15.Мүгедек балалар жататын денсаулық тобы:

1.2-i 2.3 3. 4 4.5

16.Бiрiншi айда бала қосатын дене салмағы:

1. 600 г 2.800 г 3.1000 г 4.300 г

17.Екiншi айда бала қосатын дене салмағы:

1. 600г 2.800 г 3.1000 г 4.300 г

18.Бiр жастағы бала салмағы:

1. 10 кг 2.3 кг 3.15 кг 4.20 кг

19. Туғандағы бөбектiң орташа салмағы:

1. 2000 г 2.3000 г 3.5000 г 4.6000 г

20 .Жаңа туған баланың бойы:

1. 46-52 см 2.42-45 см 3.38-42 см 4.60-64 см

21.Бiр жаста дейiн жаңа туған баланың салмағы:

1. үш есе көбейедi

2. 3 кг қосылады

3. екi есе көбейедi

4. 5 кг қосылады

22.Бiр жасқа дейiн бала өседi:

1. 10 см-ге

2. 3 см-ге

3. 25 см-ге

4. 50 см-ге

23.Бiрiншi айда жаңа туған баланың бойы өседi:

1. 3 см-ге

2. 5 см-ге

3. 2 см-ге

4. 1 см-ге

24.Баланың дене салмағы 1 жастан 10 жасқа дейiн өседi жыл сайын:

1. 1кг-ға

2. 2кг- ға

3. 3 кг-ға

4. 4 кг-ға

25.Бала басын жақсы ұстайды:

1. 1 ай

2. 2 ай

3. 3 ай

4. 4 ай

26.Бала ерiктi отырады:

1. 4 ай

2. 6 ай

3. 8 ай

4. 10 ай

27.Бала гулей бастайды:

1. 2 ай

2. 4 ай

3. 6 ай

4. 8 ай

28.Бала буындар айта бастайды:

1. 3-4 ай

2. 9-10 ай

3. 6-7 ай

4. 10-12 ай

29 .Бiр жаста бала бiледi:

1. 2-4 сөз

2. 6-7 сөз

3. 8-10 сөз

4. 14-20 сөз

30.Бала еңбектейтiн кез:

1. 4 ай

2. 6 ай

3. 7 ай

4. 9 ай


 

Баланың нерв – психикалық және физикалық дамуы

1. Сәби бас миының ерекшiлiгi:

1. Iрi салалары және қатпарлары жақсы дамыған

2. Мишығы жетiлген

3. Мидың сұр заты ақ затынан жақсы бөлiнген

4. Мидың үлкен қыртысы жақсы дамыған.

2. Бас мидың ерекшiлiгi:

1. Мидың қанмен қамтамасыз етуi жақсы

2. Гематоэкцефалиялық тосқауылдың өткiзгiштiгi нашар

3. Мидағы су көлемi аз

4. Нерв жасушалары бiр бiрiнен қашық

3. Бiр айда бала:

1. Шамалы уақыт қөзқарасын жылтыр заттарда тоқтатады.

2. Анасын таниды

3. Қимылдап тұрған заттарды көредi

4. Жат адамдарды таниды.

4.Екi айда бала:

1.Ересек адамның сөзiне жымияды 3. Iшiнен арқасына аударылады

2.Ұзақ күледi. 4. Дауыстап күледi

5.Үшiншi айда:

1. Гүлей бастайды. 3. Ойыншықтарды қолына ұстайды

2.Қатты дыбысқа селк етедi 4. Арқасынан iшiне аударылады

6.Төртiншi айда:

1.Ұзақ гүлейдi 3. Буындар айта бастайды

2.Басын жақсы ұстайды 4. Отырады

7.Бесiншi айда:

1.Арқасынан iшiне аударылады 3. Еңбектейдi.

2.Iшiнен арқасына аударылады 4. Басын дауысқа бұрады

8.Алты айлық баланың қимылы:

1.Басын ұстайды. 3.Еңбектейдi

2.Iшiнен арқасына аударылады. 4.Өз бетiмен аяғына тұрады.

9.Бала буындарды қайталайды:

1.4 ай. 2. 7 ай 3. 2 ай. 4.9 ай.

10.Бала бiрiншi айда қосады:

1.600 г 2.800 г 3.700 г 4.900г.

3. Баланың бойы бiрiншi айда қосылады.

1.3 см. 2. 2,5 см 3.1,5 см 4. 1 см.

11.Баланың бойы бiрiншi тоқсанда қосылады.

1. 9 см 2.7,5 см 3.4,5 см 4.3 см.

12.Бала салмағы екiншi айда қосылады:

1. 600г 2. 800 г 3.700 г 4.900г.

13.1-2 жас аралығындағы балаларды бақылау:

1. айына бiр рет 3.3 айда бiр рет

2. 6 айда бiр рет 4. жылына бiр рет.

14.Бiр жастағы бала салмағы

1. 8 кг. 2. 10кг 3.12 кг. 4. 14кг.

15.Бiр жастағы баланың бойы:

1. 50 см. 2. 75 см. 3. 90 см 4. 100 см

16.1 жастан 10 жасқа дейiнгi бала салмағы қосылады:

1. 1 кг жылына 3. 3 кг жылына

2. 2 кг жылына 4. 4 кг жылына.

17.Өз бетiмен тiрек қосында тұрады және бөгеттен ұстап жүредi.

1. 8 ай 2. 6 ай. 3. 10 ай 4. 12 ай.

18.Өз бетiмен тұрады:

1. 8 ай 2. 6 ай 3. 10ай 4. 12 ай

4. Бала еңбектейдi:

1. 7 ай. 2. 9 ай 3. 10 ай 4. 12ай.

5. Жаңа туған кезеңнiң ұзақтығы:

1. 28 күн 2. 3 ай 3. 6 ай 4. 12 ай

6. Бала жүрiп кетедi:

1. 7ай 2.9 ай 3.10 ай 4.12 ай.

7. Сәбидiң кеуде айналымы:

1. 34-36 см 2. 40-42 см 3. 20-25 см 4.32-34 см.

8. Сәби тұрақты басын ұстайды:

1. 1 ай 2. 2 ай 3. 6 ай 4. 12 ай

9. Бiр жасында бала бiледi:

1. 8-10 сөз 2. 10-15 сөз 3. 30-35 сөз 4. 20 сөз.

10. Еметiн шақ ұзақтығы:

1. 1 ай 2. 6ай 3. 12 ай. 4. 2 жас.

 

11. Алғашқы балалық шақ:

1. 1-12ай 2. 1-3 жас 3. 4-7 жас 4. 8-12 жас.

12. Бiрiншi не естиярлық шақ:

1. 1-12 ай 2. 1-3 жас 3. 4-7 жас 4. 8-12 жас

13. Балаларда сымбаттарының бұзылыстары пайда болады:

1. 1-12 ай 2. 1-3 жас 3. 1-3 жас 4. 4-7 жас

14. Созылмалы, компенсациялық жағдайдағы аурулар жататын топ:

1. Бiрiншi 2. Екiншi 3. Үшiнші Төртiншi

15. III денсаулық тобына жататын балалар:

1. қауын-қатер тобы

2. Компенсациялық жағдайдағы созылмалы аурулар

3. Декоменсациялық жағдайдағы созылмалы аурулар

4. Денi сау балалар.

16. Екiншi денсаулық тобына жататын балалар диагнозы:

1. Бадамшалар гипертрофиясы

2. Дискинезиялар

3. Ревматизм

4. Сколиоз.

17. Декоменсациялық жағдайдағы туа бiткен жүрек ақауы бар балалар жататын денсаулық тобы:

1. 2 топ 2. 4 топ 3. 5 топ 4. 3 топ

32. Екiншi денсаулық тобына жататын бала диагнозы:

1. бадамшалар гипертрофиясы. 3. Ревматизм.

2. Дискинезиялар. 4. Сколиоз.

34 Даму тарихының нөмірі:

1. 058-у 2.063-у 3.112-у 4.030-у

 

Үй тапсырмасы: С. Х. Аюпова, Клиникалық педиатрия

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«ПАВЛОДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

 

 

 

 

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНДЕУІ

 

Пән: «Балалар аурулары»

 

Тақырыбы

Сүйек - бұлшықет және тыныс алу жүйелерінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері. Балалардың қанайналым және қан түзу жүйелерінің анатомия - физиологиялық ерекшеліктері. Зақымдану семиотикасы.

 

Құрастырған Ажаева А. С.

 

Павлодар, 2012 ж


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 1195 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ПРАКТИЧЕСКИЕ ЗАДАНИЯ НА САМОПОДГОТОВКУ к ПЗ-2.| Сабак № 2

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.13 сек.)