Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс тақырыбы: Класс жетекші жұмысындағы диагностика.

Дебиеттер тізімі | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ | ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ | Дәріс тақырыбы: Тәрбие жұмысының түрлері | Дәріс тақырыбы: Сынып жетекші жұмысы | Дәріс тақырыбы: Класс жетекшінің тәрбие жұмысын жоспарлауы. | Дәріс тақырыбы: Ұжымдық тәрбиелік істер | Дәріс тақырыбы: Оқушылардың тәрбиелік ұжымын ұйымдастыру әдістемесі. | Дәріс тақырыбы: Еңбек тәрбиесі бойынша ұжымдық тәрбиелік істерді ұйымдастыру | Дәріс мазмұны: Біртұтас педагогикалық процестегі базалық мәдениеттің тұлғада қалыптасуы. |


Читайте также:
  1. II. Классификация мероприятия
  2. II. Классификация производственных затрат
  3. II. Сюита эпохи классицизма (сюита второй половины XVIII века).
  4. N-арная ассоциация (n-ary association) - ассоциация между тремя и большим числом классов.
  5. peremena: Никита, а почему на казане сначала говорят одно, делают другое, а получается все-равно классно?
  6. VI класс. Сексуальный осадок
  7. АВС-классификация
  1. Класс жетекші жұмысындағы диагностикалық әдістері.
  2. Класс жетекші жұмысының диагностикалық ұйымдастырылуы.
  3. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін және класс ұжымының даму деңгейін зерттеу әдістемесі.
  4. Класс жетекші жұмысы нәтижесін безендіру және қолдану.

1. Қазіргі таңда қоғамдық өмірдің салаларында болып жатқан түбірлі өзгерістер халық ағарту жүйесіне де ұшан-теңіз жаңалықтар әкелуде. Солардың бірі мектеп өміріне диагностикалық зерттеу әдістерінің жаппай енгізілуі. Қазірде диагностиканың маңызы зор.

Біріншіден диагностиканы мектептің жұмысын жан-жақты зерртеп білуге кемшілік болжауға тиянықты жоспар нақты мүмкіндіктер береді.

Оқу тәрбие үндісін жоспарлау үшін қазіргі жетістіктермен кемшіліктерді толық айқындау үшін қажет болса, диагностика – осының таптырмайтын құралы.

Бұрын мектептің жұмысына жан-жақты талдау жасап, көп зерттелмеген болса, қазіргі кезең өз шаруашылығымен өзіміз басқарып, жетілдіруімізді талап етеді. Сондықтан бұл міндеттерді диагностикалық талдау жасамай атқару мүмкін емес болып отыр.

Екіншіден, мектептің жалпы халық ағарту саласындағы бағыты мен мұғалімдердің еңбегіне баға беруде диагностикалық зерттеу әдісі шындықты дәл көрсетіп әділ баға береді.

Сондықтан бұл қазіргі уақыттың талабына сай бағалау әдісі ретінде қолданылып жүр. Бұрын мектеп жұмысын бағалауда субьективтік әдіс басым болды, тексерушінің басшылық немесе халық ағарту саласынан хабары, мамандығы мүлде басқа нұсқаушыларының айтқан пікірі мектептің жалпы оқу-тәрбие жұмыстарына берілген баға ретінде қабылданды.

Сөйтіп бүкіл жүйе біртіндеп шындықтан алшақтай беріпті, мұндай бағалау әдісіне мұғалідерде бейімделіп, қай уақытта болсын тексерушіге жақсы істерін көрсетіп, мектептің кемшіліктерін, бүркемелеп келді.

Ал диагностиканың зерттеу әдісі барлық саланы бірдей қамтып, бағалауда неғұрлым обьективтік шындықты негізіне алды.

Үшіншіден, диагностикалық әдістер мұғалімнің талдай зерттеу қабілетін арттырып, оларды өз еңбегінің түпкі нәтижесіне жұмыс сапасына көңіл бөлуге бейімдейді. Өз еңбегінің осыған бағыттай келе өзінің жеке басының табиғи ерекшеліктерінен бастап шәкіртінің білімі мен нәтижесіне дейінгі аралықтары барлық мәселелерді түгел қамтып жұмыс істеуге тырысады. Қазіргі таңда мектептерде оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда халық ағарту саласын жан-жақты жетілдіруде бүкіл әлем мойындаған диагностикалық зерттеу кеңінен енді.

Мектеп зерттеуді қажет ететін педагогикалық мәселелер өте көп

Оның бәрін жүйелеп меңгеріп толық қамту үшін негізгі үш ортада-мұғалімдер, оқушылар,ата-аналар арасында зерттеу жұмыстары арнаулы жоспармен жүргізіледі.

Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге қатысуы түгел қамтылады. Мектепте сынып жетекшісі диагностикалық бағытта жұмыс істейтін болса, өз сыныбындағы балаларды зерттеп табиғи қабілетіне қарай топтайды (журналдағы бағасы бойынша емес) мұнда оқушылардың аты-жөні теориялық, нақтылы сарамандық ойлау қабілетіне қарай тігінен бір бағанға, келесі бағандарға оқу үлгерімі, оның себептері, не істеу керек екені жазылады. Егер оқушының қабілеті жоғары бола тұра, оқу үлгерімі төмен болса, сынып жетекшісі себебі деген бағанға не себепті бұлай болып тұрғанын, не істеу керек деген бағанға осы баланың үлгерімін жоғарылатудың жолдарын қысқаша жазады. Оқушының қабілетін және оқу үлгеріміндегі кемшіліктің себебін, оны жоюдың жолдарын анықтау үшін де тестік, сауалнамалық немесе бақылау сияқты зерттеу әдістерін қолданамыз.

Шығармашылық топтағы сынып жетекшілерінің ата-анамен байланысы оқушылармен өткізетін тәрбие сағаты, ата-аналар жиналысы сияқты негізгі жұмыстарының бәрі

диогностикалық негізде жүргізіледі. Олар өте көп диогроммалар, гистограммалар, тестер, сауалнамалар әзірлейді, талдау арқылы қорытынды шығарады. Олардың жалпы сыныпқа жасайтын тоқсандық үлгерім көрсеткіштеріде гистограмма түрінде дайындалады, осы үлгіде шығармашылық есеп береді. Өзі жетекшілік ететін сыныбына сабақ беретін мұғалімдермен де талдау негізінде жұмыстар жүргізеді. ”Мұғалімнің сабағын талдау”,
”мұғалімнің жаплпы кәсіптік деңгейі”, ”мұғалім оқушы көзімен, “мұғалім ата-ананың көзімен ”, сияқты әрқайсысы 20-30 мәселені қамтитын диогностикалық карталар әзірлейді. Топ мүшелерінің жұмысы диогностикалық орталықтан сарапшылар арқылы басқарылады. Олар жалпы бағыт- бағдар беріп, зерттеу мәселелерін қояды, ал сынып жетекшілері зерттеу мәліметтерін орталыққа (әкімшілікке) беріп отырады.

Мектеп –гимназия жанынан қабілетті оқушыларды жекелеме пәндер бойынша даярлайтын сырттан оқу мектебі жұмыс жасайды.

Мұндай жетістіктерінің сыры мектеп басқару проблемаларының ең негізгі мәселелері ретінде:

- педогогикалық ұжымның кәсіптік шеберлігін арттыруды;

- Әр мұғалімнің шығармашылық дамуына жағдай туғызды;

- Озат тәжрибені игеруді қарастыруда болса керек.

 

Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін әрбір ұстаздың қаблетімен қызығуына назар аударудың маңызы зор. Яғни мұғалім еңбегін диогностикалық тұрғыдан зерттеу қажет.

Диогностиканың міндеті- әрбір мұғалімнің мүмкіндігін мен қажеттілігін айқындай отырып, оған практикалық көмек беру, мұғалім тәжірибесін насихаттауды дәстүрге енгізу.

Бұл -мұғалімдерді жақсы немесе нашар деп бөлу деген сөз емес, әр мұғалімнің мықты және осал жақтарын нақты саралай біліп, кемшілікті жоюға жәрдемдесу деген сөз.

Біздің тәжірибемізде озық үлгіні табу, оны зерттеу жеткіліксіз. Озат тәжірибенің соңғы нәтижесімен байланысына көңіл бөлуіміз аз, өйткені жаңалықты қабылдау да өте күрделі процесс.

Әрине, жаңашылдардың да идеялық ұсыныстары, ой базистері, тірек сызба -нұсқалары жаттанды үлгі бола алмайды. Олардың өзі тың әдістерін әр сабақта тақырыпқа лайықтап өзгертіп отырады. Олай болса, әр ұстаз жаңалықты негізгі бағытқа ала отырып, өз жұмысында оқушыларының оқу мүмкіндігін, психологиялық ерекшеліктерін ескере пайдаланғаны жөн болады.

Ал іске диогностикалық дәстүрмен келудің тиімділігі неде?

Ол мұғалімдер үшін:

-Әр құбылысқа өзіндік талдау жасай білуге;

-Өзіне-өзі сын көзбен қарауға;

-Мақсатты тақырыбын айқындауға;

-Оқушы қабілетін зерттеу арқылы сабақ әдістері мен түрлерін іскерлікпен таңдауға;

-Озат тәжірибені орынды пайдалану арқылы кәсіптік шеберлігін шыңдауға;

-Олимпиадаға оқушы әзірлеуде өз пәніне қабілетті оқушыны жеке әзірлеуге зор мүмкіндік туғызады.

Бұл дәстүр жалпы ұжым үшін де аса қажетті.Мұнда:

-Ұжым ізденісі мен мақсатты тақырып айқындалады;

-Ұжымда жалпы қалыпты психологиялық ахуал туғызуға ықпал жасайды;

-Көмек карталары жүзеге асады;

Ал мектеп басшылығы үшін;

-Мұғалім жұмысын бағалауда нақты әділ бағасын бере алады;

- Мектепшілік бақылау басшылығы жоспарын қағазбастылыққа салынбай сызба құрылым диогроммалары арқылы жасай алады;

-Атқарылатын жұмыстар тасада жатқан тігіндіде емес, мұғалімнің көз алдында айлық, апталық, жоспар түрінде тұрады;

-Мұғалімдерге нақты көмек беру қолға алынады

-Озат тәжірибиенің иелері дәл анықталады

-Әрбір пән бойынша жеке оқушылар мен жалпы сыныптық үлгірім сапасын анықтауға мүмкіндік туады

Осының бәрі мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының ілгеруіне игі әсерін тигізеді

2. Жалпы, диагностикалау жұмысын үш бағытта жүргізу тиімді

1. Мұғалімнің қызметін диагностикалау.

2. Оқушы білімі сапасын диагностикалау.

3. Жеке оқушының дамуын диагностикалау.

Мектептегі зерттеу жұмыстары нәтижесін сүйене, әдіскерлер тобы бірінші бағыт бойынша мұғалімдердің жетістіктері мен кемшіліктерін картаға түсіріп осы негізде көмекке келу жолын іздестіреді.Ол мектепшілік семиналар топ жұмыстарының зерттеу нәтижесіне негізделіп жоспарланады. Ал әдістемелік орталықтың міндеті.

- Әр әдіскер өз саласы бойынша мақсатты шаралар әзірлейді. Яғни әдістемелік-практикалық көмектер, озат тәжірибиені тарату мұғалім

білітілігін көтеру жұмыстары диогностикалық зерттеу нәтижесімен сараланады.

Екінші бағыт бойынша әрбір пән мұғалімі жұмысты тақырыптық есеп арқылы оқушы біліміндегі оқулықтарды ескере ұйымдастырады.

Үшінші бағыт бойынша оқушы мүмкіндігін терең зерттеп міндеттейді. Ерекшеліктері мен қабілетін, оның белсенділігі мен талап-тілегін ескерген жағдайда ғана педагогикалық білім мен психология өз үйлесімін табатына жылдар тәжірибиесі көз жеткізіп келеді.

Диагностиканың бүгінгі нәтижесі ертеңгі істелетін жұмысқа негіз, сондықтан мұны басқа зерттеу әдістері сияқты үздіксіз үрдіс деп білеміз.

Оқушылардың жеке жас ерекшеліктеріне байланысты психологиясын зерттегенде,олардың білімін есепке алу басты мақсат.

Осы сияқты үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізгенде де мынадай ұйымдастыру шаралары бар:

1.Сыныптағы балаларға зерттеу дәптерін арнау: дәптерге сыныптағы балалар жөніндегі жалпы мәліметтерді көрсету, оқушының психологиялық ерекшеліктерін және алдағы уақытта әр тоқсан сайын сабақ үлгерімі туралы көрсеткіш бағаналарын жазу.

2. Сыныпты топқа бөлу әдісі:

1-ші топ «өте жақсы»,

2-ші топ «жақсы»,

3-ші топ «үлгерімі төмен» оқушылар.

Мектеп өмірінде мұғалім -басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды. Оқытып қана қоймайды, сонымен бірге,оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшысы, кеңесшісі болып саналады.

Сондықтан да ол қиын әрі жауапты міндетті іс. Бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекет ретінде қарастырады. Сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әректін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді нақтылы көмектесуге және оларды тартымды, әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сыныпта дәріс беретін пән мұғлімнің оқушылардың ата-аналардың және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, олардың балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.

Сынып жетекшінің міндеті -сан алуан сол себепті ол жүргізетін

тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі,

әрі көп ізденісті талап етеді. Сынып жетекшінің негізгі міндетттері:

1.Сыныптағы оқушылардың талап тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басынының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігінін анықтап, олардың ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға

ұйымдастыру.

3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушығалардың, ата-аналардың тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптарының бірлігін

қамтамасыз ету.

4.Тәрбие үрдесінде мектептің жанұя мен жұртшылықтың

тығыз қарым-қатынастарын қамтамасыз ету.

5. Оқушының ата-анамен үнемі байланыс жасап, жанұядағы

бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу,насихат жұмысын жүргізу.

6.Оқуларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі

тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9.Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттың тәлім тәрбиесі сынып

жетекшіні қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру.т.б.

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін жалпы психологиялық зерттеулер жасау, онда балаларға байланысты мына мәселелер:

-Оқушылардың ұжымдық ортамен қарым-қатынасы.

-Оқу -тәрбие процесіне жанұяның ықпалы.

-Қоғамдық және үй жұмысына араласуы.

-Сабаққа қатысуы.

-Өзіндік ерекшеліктері.

-Ойлау қабілетінің деңгейі.

- Зейіні мен есте сақтау дәрежесі.

-Ерік-жігері, табандылығы, қызығушылығы.

-Жеке пәндер бойынша үлгерімі.

-Үлгермеу себептері.

Осы мәселелер анықталғаннан кейін, баланың жеке пәндер бойынша

білім мен дағдыларын есепке ала отырып, ондағы негізгі оқулықтарын анықтау. Жеке жұмыстар сол кемшіліктерді жоюға бағытталып жүргізледі. Зерттеу жұмысының қортындыларына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстарды белгілеу.

Мысалы: зерттеу нәтижелеріне орай оқушыға мынадай педагогикалық жұмыстар жүргізу керек.

1. Ата-анамен тығыз байланысты нығайту,

2. Оқушының ұжымымен байланысын нығайту,

3. Баланың зейінің, қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру,

4. Есте сақтауын дамыту мақсатында тілге жеңіл, көркем мәтіндер, мақал-мәтел, жұмбақтар ұсынып отыру,

5. Оқушының еңбектерінің жақсы жақтарын дер кезінде байқап, өзіне деген сенімін ояту,

6. Топпен жұмыс істеу әдіс- тәсілдерін пайдалану, оқушының өзіндік қажеттілігін, белсенділігін арттыру.

Қорытындылау кезеңінде оқушылармен жеке жұмыс нәтижелері, үлгерім деңгейі, өз бетінше жұмыс жасау толық есепке алынады. Келесі сыныпта осы кемшіліктердің болмауын қадағалайды.

Соңында оқушы біліміне жүргізілген диагностикалық есеп дайындайды. Олар:

1.Диагностикалық зерттеу және сабақты диагностикалық картамен байланысты оқыту.Мұның құрамдас бөліктері: 1.қойылған сұрақтың оқушыларға түсінікті болуы,2. сурет бойынша нақты жауап алуға дағдыландыру, 3.оқушы жауабының дәл болуына бағыт беру, 4. ойының жүйелі болуы, 5. бейнелеп сөйлеуге баулу, 6.творчестволық жұмысқа баулу, 7. техникалық құралдарды қолдану.

2. Оқу сабағы бойынша: 1. Өмір шындығын оқушыларға көркем әдебиет құралдары арқылы көрсету, соның негізінде оқушының ой- өрісін, қиялын, эстетикалық, адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, ана тіліне сүйіспеншілігін арттыру.2. Оқыған әңгіме мазмұнын өз сөзімен қысқаша немесе толық айтып беру,сюжетті бейне, таратпа, жазба жұмыстарын орындауға бейімдеу. 3. Сөздік қорын көбейту, өзінің ой-пікірін, көргенін, оқығанын мазмұндау арқылы ауызша сөйлеу тілін дамыту. 4. Мәнерлеп оқуға, кітаппен жұмыс істеуге үйрету.

Осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері бағдарлама көлемінде берілген білім, дағдының орындаулы, дайындық дәрежесі, жеке кемшіліктердің орын алу себептері, оны өткізу бағыттарын белгілеп, тексеру қорытындысының есебі шығарылады.Осылайша жүйелі жүргізілген жұмыс оқушының білім шеберлігін, дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сонда сынып көлемінде қандай кемшіліктер жіберілгені, қандай мәселелерге көбірек көңіл аудару керектігі анықталады.

3. Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Оқушының тұлғасын өзін-өзі тәрбиелеуге қозғау салу мақсатында зерттеу әдістемесі». Бұл тақырыпты ашу үшін ең кем дегенде 3 сұраққа жауап беру қажет: нені зерттеу,қалай зерттеу және неге зерттеу.

Бірінші сұраққа жауап тақырыптың өзінде беріліп тұр: оқушының тұлғасын зерттеу қажет. Тұлғаны зерттеу- баланы түсінуге,оған әсер еттетін оның қызығушылығын, оның ұмтылысын, мінез-құлқын, жанұялық жағдайын, т.б. ескеру.

Екінші сұраққа практикалық іс-әрекет негізінде педагогикалық бақылау, педагогикалықт интуиция негізінде, арнайы педагогикалық әдістермен біз іскерлік ойын барысында жауап беруге тырысамыз.

Енді үшінші сұраққа жауап беруге тырысайық- неге зерттейміз.ең жалпы жауап баланың өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеуі үшін.

Бұл жерде нақты сұрақ туындайды- өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?

Тәрбие –тұлғаның дамуындағы маңызды фактор және ол өзін-өзі тәрбиелеуге қатыссыз емес. Тіпті, осы өзін-өзі тәрбиелеуде ол өзінің шын мәніндегі жүзеге асуы мен әсерлілігін алады. Тәрбиені ұйымдастыра отырып, баланың өзіне деген белсенділігін жоққа шығаруға болмайды. Барлық тұлғалық қасиеттер мен сапалардың табиғаты биологиялық емес, әлеуметтік және адамның бүкіл өмірі барысында қалыптасады. Бұл сапалар мен қасиеттердің қалыптасуының жалғыз көзі қоғамдық тәжірибе мен адамдардың өткен тәжірибесінің жинақталуы. Яғни, тұлғаның даму көзі оның сыртында жатқан жоқ, оның ішінде. Бұл тұлға дамуындағы ортаның үлкен орны мен оны қалыптастырушы жағдайлар мен әсерлердің қалыптасуын анықтайды. Адамның тұлғасының дамуының қай қырын алсақ та, ол оның органикалық іс-әрекетімен, оның бұл әрекеттегі белсенділігі мен өзіндік жетілуге ұмтылысымен байланысты. Бұдан шығатыны: балаға оның еркінен, іс-әрекеті мен белсенділігінен тыс ештеңе бере алмайсыз. Оқушыны үйретуге болмайды-ол тек үйрене алады, оны тәрбиелеуге болмайды-ол тек тәрбиелене алады.

Оның өзіндік белсенділігінсіз, қалауы мен өзіндік күш жұмсауынсыз тұлғаның қалыптасуы мүмкін емес. Біз осыны білім беру мен тәрбиелеуде ұмытып кетпейміз бе? Тәрби бұл арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс, өзіндік қолайлы әсер етуді мақсат көздейді. Тұлғаның білімділік, дүние танымдық, адамгершілік-эстетикалық қасиеттерін тәрбиелеу мақсаттылықсыз жүзеге аспайды.

Тәрбиенің мәні тұлғаның белсенділігін дамыту арқылы, жақсы қасиеттерін қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беру. Тұлғаның өзін-өзі дамыту идеясы осындай.

өзін-өзі тәрбиелеуді қалай ұғынамыз? Өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғаның өзін өзгертуге бағытталған адамның іс-әрекеті.

В.А.Сухамлинский былай деп жазды: «Тәрбиенің нәтижесі неден көрінеді? Менің қашан былай деп айтуға моральдық құқым бар:»менің күш-жігерім текке кеткен жоқ»

Өмір менің көзімді жеткізді:Тәрбиенің алғашқы салмақты нәтижесі адам өзі туралы мынадай сұраққа ойлануынан басталады: Менде не жақсы және не жаман бар? Тәрбиенің ең жетілген әдістерімен тәсілдерді бос қалады, егер адам өзіне сын көзбен қарамас, өз өмірі туралы ойламаса, тәрбие менің ең көз жеткен нағыз тәрбие.»

Ресейдің танымал ғалымы А.В.Мудрин: «Тәрбиенің маңызды нәтижесі - өһзін-өзі тәрбиелеуге даярлық пен қабілеттілік» деп санайды.

Бұл үшін оның ата-анасы мен мұғалімдері, тәрбиешілері оны өзін-өзі талдауға, өзін бағалау мен талдауға, өз қызметі, мінез-құлқы, қылқы мен дағдылары, талдауға үйрету қажет.

Оның өзінің тәрбиесіне, өзіне жетілуге, өзін дамытуға дағдарлануы оған не береді? Бұл оның тәрбиесін деңгейін бағалау.

Тәрбиелік деңгейі деп (оның жасына сай) маңызды тұлғалық қасиеттердің қалыптасуын түсінеміз. Әр тіршілік көрсеткіші оның қалыптасу деңгейі бойынша бағаланады: жоғары, жақсы, орта, төмен. Бұл жағдайда қандай да бір оқушының мінез-құлқық қоғамдағы мінез-құлқық нормалары мен адамгершілікке сәйкес келмесе, онда басқа бағалардан тәуелсіз оның жалпы тәрбиелік деңгейі төмендеп кетеді.

Тағы бір нәрсені есте ұстау қажет. Оқушының тәрбиелік деңгейін анықтауда оқушының өзін бағалатуының педагогикалық тартылу жолын ескру қажет.

Өзін бағалау мен бағалаудың үйлесімділікте оқушыға әлеммен қарым-қатынасиа, өзін басқаруды, өзін тәрбиелеуде жақсы нәтижелермен сәттіліктерге жетуге мүмкіндік береді.

Тұлғаны зерттеу бағдарламасы

  1. оқушы туралы жалпы мәлімет

· қайда тұрады, ата-анасы кім болып жұмыс жасайды, жанұя құрамы, материальдық жағдайы.

· Ата-анасының мәдени деңгейі. Жанұядағы өзара байланыс.

· Жанұядағы тәрбие сипаты. Жанұядағы ата-ана мен үлкендердің баланың оқу әрекетіне әсері. Мадақдау мен жазалау шараларының қолданылуы.

· Оқушының күн тәртібі. Оның бос уақытты пайдалануы. Үй жұмысына қатысуы.

· Оқушының мектептегі және мектептен тыс достары. Олардың әсері мен өзара байланыс сипаты.

· Оқушының денсаулығы.

  1. оқушының жалпы даму деңгейі

· оқушының жалпы дамуы мен дүниетанымы. Тіл мәдениеті,оқығандығы, қызығушылық көлемі мен деңгейі, театрға, музейге баруы, теледидар қарауы.

· Оқу еңбегіне қарым-қатынасы. Оқу еңбегіне қарым-қатынасы. Сабақтағы зейінділігі. Үй тапсырмасына даярлану деңгейі.оқу еңбегін ұйымдастыра ала ма.оқудағы сәтсіздіктер мен жетістікке қалай қарайды./басқалардың және өзінің/.

· Дене еңбегіне қарым-қатынасы. өзіне-өзі қызмет көрсетуге қалай қарайды. Еңбек сипатындағы қоғамдық тапсырмаларға қарым-қатынасы. Мектептен тыс жерлердегі сәтсіздіктерге қарым-қатынасы.

· Тәртіптілік деңгейі қандай. өзіне-өз қызмет көрсетуге қалай қарайды. Оқушылардың ережесін біле ме,оны орындау деңгейі. Мәдени мінез-құлық дағдысы мен әдетібарлығы. Сабақтағы ұйымдасу деңгейі. Үлкендер мен жолдастарының арасындағы қарым-қатынас сипаты. Тазалығы мен мұқияттылығы.

· Оқушының қызығушылығы мен қабілеті. Оқуға қызығушылығы. әдебиет, өнер, техника, спорт аймақтарына қызығушылығы. Қандай үйірмелерге, қандай мектептен тыс шаралаға қатысады. Қандай мамандыққа қызығады.

  1. оқушының қоғамдық жұмысы мен келбеті

· қоғамдық сана. Оның қоғамдық жұмысқа белсенділігі мен класс өміріне қызығушылығы.

· Қоғамдық жұмысты орындауы. Арлылығы. Бастаған істі аяқтауы.


Дата добавления: 2015-07-16; просмотров: 1769 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс тақырыбы: Оқушылармен сыныптан тыс жұмыс істеу| Дәріс тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеудегі отбасының ролі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)